Аптаның тақырыптары
-
-
Тақырып: Адам тіршілік ортасы түрлері мен ерекшеліктері
Мақсаты: Жалпы адамның тіршілік орталары, олардың түрлері мен ерекшеліктері жайында білім беру.
Тапсырмалар:
1. Адамның тіршілік ортасы пәні мақсат міндеттерін сипаттаңыз.
2. Қазіргі кездегі адамның өмір сүру орталары бойынша кесте, сызбанұсқа тұрғызу.
3. Адамдардың табиғат пен өзара қарым-қатынастарының тарихы туралы баяндау.
Адамды қоршаған ортаның төрт компанентін бөліп көрсетуге болады. Оның үшеуі антропогенді факторлардың әсерінен белгілі бір дәрежеде өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі – тек адамзат қоғамына тән әлуметтік орта. Н.Ф. Реймерс бойынша адамды қоршап тұрған орта өзара байланысқан төрт құрауыш-жүйешелерден тұрады:
а) табиғи ортаның өзінен,
ә) туындалған агротехникалық ортадан–«екінші табиғаттан» немесе квазитабиғи ортадан,
б) жасанды ортадан–«үшінші ортадан» немесе артетабиғи ортадан,
в)әлеуметтік ортадан.
«Екінші табиғат» немесе квазитабиғи орта–табиғи ортаның адам қолымен жасалған жүйелі, өзін өзі қолдаушы қасиетінің болмауымен сипатталатын, барлық түрленулері (жыртылған жерлер, мәдени ландшафтар және т. б.; ыза жолдар; жасыл желектер). Бұл түзілімдердің бәрінің тегі табиғи, бұлар табиғатта жоқ жасандылар емес, тек түрлендірілген табиғи орта болып келеді.
«Үшінші табиғат» немесе артетабиғи орта–адамның қолымен жасалған барлық жасанды, табиғи ортада заттық-энергетикалық ұқсастығы жоқ, оған жат және жаңартып отырмаса, тез арада қирайтын әлем. Бұларға заманауи қалалардың асфальт жолдарын, бетонды, тіршілік пен қызмет орындарының ішкі кеңістігін, технологиялық құрылғыларды, көлік нысандарын, жиһаздарды және басқа заттарды, барлық синтетикалық заттарды және т.б. жатқызуға болады.
Адамзаттың тарихи – адамдардың табиғат пен өзара қарым-қатынастарының тарихи болып табылады. Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының тарихында 1 қатар ерекше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.
Бірінші кезеңді палеолит дәірі деп атайды. Палеолиттің узақтағы 2 млн жылдам астам уақытты алып жатар және ол адам мен табиғаттың өзара әсерлерінде ең көп уақытты алып жатқан кезең.
Екінші агралық кезеңге адамның мәдени жер өңдуге көшуінен басталған неолит дәуірі жатады. Неолит дәуірінен бастап, егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына байланысты қоғам биосфераға күшті әсер ете бастады.
Үшінші индустриалды кезең қоғам мен табиғаттың өзара қатынасындағы техногенді дәуірдің шарықтау шыңы болды. Кен өндіру салалары мен металлургия қарқынды түрде.
Бақылау сұрақтары:
1. Адамның тіршілік ортасы пәнін оқытудың маңызы қандай?
2. Адамның тіршілік орталарының бөлінуі.
3. Адам мен қоршаған ортаның өзара байланыстары қандай?
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Асқароваова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы, 2009
2. Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы: Эверо, 2011
3. Степановских А.С. Прикладная экология: охрана окружающей среды: Учебник для Вузов. М: ЮНИТИ-ДАНА. 2003. 751 с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Губайдуллина Т.Н. Методологические проблемы развития Эколого-экономических отношений в современных условиях.- Казань, 1999 г.
2. Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.
3. Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г.
Шилов И.А. Экология. – М., 2000 г
-
Opened: дүйсенбі, 6 қыркүйек 2021, 12:00 AMDue: жексенбі, 12 қыркүйек 2021, 12:00 AM
-
-
Тақырып: Адам және табиғат
Мақсаты: Адамның өмір сапасы мен табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы білім беру.
Тапсырмалар:
1. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас тарихын баяндау.
2. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас бойынша сызбанұсқа әзірлеу.
3. Өмір сүру сапасы мен табиғаттың байланысы бойынша пікір алмасу.
Қоршаған орта (ҚО) - адам мен басқа да тірі ағзаларды қоршап тұрған табиғи орта, адам қолымен жасалған материалдық құрамдас бөліктер,құбылыстар мен үдерістер, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық құрауыштар. ҚО келесі қызметтерді орындайды:қор өндіру, орта түзу, табиғат қорғау және медициналық-географиялық,санитарлық-гигиеналық, эстетикалық-психологиялық.
ҚО сапасының өзара байланыстылығын заманауи экологиялық дағдарыс нәтижесінде пайда болған адамның биологиялық болмысын жеңу көзқарасынан қарастыру қажет. Ол түсініктердің өзара байланыстылығын әлеуметтік тұрғыдан адам биологиялық деңгейде қалыптасқан (және дамып келеді) және оны қоршаған табиғи ортадан (ҚТО) бөліп әкетуге болмайд. Өмір сапасы-адам сұранысының белгілі бір қоғамдық жағдайда қамтамасыздандырылуы. Заманауи адамға ғылыми-техникалық төңкеріс нәтижесінде пайда болған сыртқы ортаның зиянды және жоғары уытты факторларының күшті легі басына төнді. Көптеген ағзаға жат қосылыстардан адамның ішіне тамақ пен, ауамен және сумен шамамен 100 мың улы немесе керексіз заттар түседі екен. Ішкі ортаның ластану көздері болып келетіндері тұрмыстық химияның дамуы, ауылшаруашылығын қарқынды химияландыру және, ең соңында, саны күннен-күнге алып қарқынмен өсіп келе жатқан дәрі-дәрмектер.
Бақылау сұрақтары:
1. Адам үшін табиғаттың маңызы .
2. Табиғи орта мен адамның бірлесе даму тарихы.
3. Адамның өмір сүру сапасының қоршаған ортамен байланысы.
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Акимова, Т.А. Экология. Человек-экология-биота-среда: учебник для вузов / Т.А. Акимова, В.В. Хаскин.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ, 2008.- 495 с.- (Золотой фонд российских учебников).
2. Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқулық / К.Б. Булекбаева.- Алматы: Эверо, 2011.- 152 б.
3. Сатова К.М.,Ширимбекова М.Ж.,Бекназарова А.С.
Қосымша әдебиеттер:
1. Губайдуллина Т.Н. Методологические проблемы развития Эколого-экономических отношений в современных условиях.- Казань, 1999 г.
2. Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.
3. Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г.
Шилов И.А. Экология. – М., 2000 г
-
Opened: дүйсенбі, 13 қыркүйек 2021, 12:00 AMDue: жексенбі, 19 қыркүйек 2021, 12:00 AM
-
-
Тақырып: Қолайсыз тіршілік орталары олардың санаттары
Мақсаты: Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз жағдайлар оларды аудандастыру мәселесі бойынша білім беру.
Тапсырмалар:
1. Экологиялық қолайлы аудандар түсінінгін сипаттау.
2. Қазақстанның экологиялық қолайлылық аудандары бойынша карта жасау.
3. Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шараларға тоқталу.
Республика аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады:
· экологиялық жағдайы нашар аудандар;
· экологиялық жағдайы орташа аудандар;
· экологиялық жагдайы салыстырмалы жақсы аудандар.
Экологиялық жағдайы нашар аудандарға мұнай-газ өндірілетін және металлургия, көмір кен орындары, өнеркәсіптік қалалар, Арал маңы, ядролық полигон аймағы кіреді. Экологиялық аудандардың екінші тобына ауыл шаруашылығы дамыған аудандар жатады.
Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар:
-қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;
-табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану;
-мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ экологиялық аудитті жетілдіру;
-қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;
-жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының алдын алу;
-Жердің озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді азайту;
-биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану;
-ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ел аумағының кемінде 10%-ына дейін кеңейту;
-табиғи жүйенің тұтастығын сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде гидротехникалық құрылыстарды, автомобиль және темір жолдарды, газ және мұнай құбырларын, электр тарату және басқа да желілік құрылыстарды салу кезіндегі шаруашылық қызмет процесінде оларды бөліп-жаруды болдырмау;
-антропогендік іс-әрекеттен бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру;
-өндірістік объектілердің жұмыс істеу циклі аяқталысымен табиғи ландшафтарды толық қалпына келтіруді міндетті түрде талап етуді қолдану;
-экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ кешендерін оңалту;
Каспий теңізі қайраңы мен оған іргелес жатқан аумақтардың ластануының алдын алу;
-өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу мен кәдеге жарату көлемін біртіндеп ұлғайту;
-халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен іске асырылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Республика аумағын қандай экологиялық аудандар тобына бөлуге болады?
2. Экологиялық жағдайы нашар аудандарға қандай жерлерді жатқызуға болады№
3. Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шараларды атаңыз?
4. Қолайсыз экологиялық факторлардан халықтың денсаулығын қорғауға арналған шараларды атаңыз?
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Акимова, Т.А. Экология. Человек-экология-биота-среда: учебник для вузов / Т.А. Акимова, В.В. Хаскин.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ, 2008.- 495 с.- (Золотой фонд российских учебников).
2. Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқулық / К.Б. Булекбаева.- Алматы: Эверо, 2011.- 152 б.
3. Сатова К.М.,Ширимбекова М.Ж.,Бекназарова А.С.
Қосымша әдебиеттер:
- Губайдуллина Т.Н. Методологические проблемы развития Эколого-экономических отношений в современных условиях.- Казань, 1999 г.
- Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.
- Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г. Шилов И.А. Экология. – М., 2000 г
-
Opened: дүйсенбі, 20 қыркүйек 2021, 12:00 AMDue: жексенбі, 26 қыркүйек 2021, 12:00 AM
-
-
Тақырып: Қоршаған ортаның аса қауіпті әсерлері
Мақсаты: Адам денсаулығына әсер ететін қоршаған ортаның негізгі факторлары мен тәуекелділік деңгейлері жайында білім беру.
Тапсырмалар:
1. Қоршаған ортаның аса қауіпті әсерлерін жіктеу, сызбанұсқаға түсіру.
2. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайының ауру деңгейімен байланысын сипаттау, мысалдар келтіру.
3. Аурулар туғызатын негізгі заттар мен факторларды жіктеу.
Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады.
Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.
Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топқа бөлінеді.
1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс – тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі. Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.
2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.
3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б.
Бақылау сұрақтары:
1. Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторларды атаңыз?
2. Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар неше топқа бөлінеді?
3. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру дегеніміз не?
4. Дұрыс тамақтана білу.
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Акимова, Т.А. Экология. Человек-экология-биота-среда: учебник для вузов / Т.А. Акимова, В.В. Хаскин.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ, 2008.- 495 с.- (Золотой фонд российских учебников).
2. Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқулық / К.Б. Булекбаева.- Алматы: Эверо, 2011.- 152 б.
3. Сатова К.М.,Ширимбекова М.Ж.,Бекназарова А.С.
Қосымша әдебиеттер:
1. Губайдуллина Т.Н. Методологические проблемы развития Эколого-экономических отношений в современных условиях.- Казань, 1999 г.
2. Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.
3. Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г.Шилов И.А. Экология. – М., 2000 г
-
Opened: дүйсенбі, 27 қыркүйек 2021, 12:00 AMDue: жексенбі, 3 қазан 2021, 12:00 AM
-
-
-
Тақырып: Қала ортасының тұрғындар денсаулығына әсері
Мақсаты: Қала ортасының тұрғындар денсаулығына әсері жайында жан-жақты білім беру.
Тапсырмалар:
1. Қаланың химиялық ластануының негізгі көздерін жіктеп баяндау.
2. Қалалық ортаның физикалық ластану факторлары мен көздерін сипаттау.
3. Қалалардың биологиялық ластанулары және оның эпидемиологилық қауіптілігін байынша пікір сайыс..
4. Қазақстан қалалары тұрғындарына тән ауру түрлері мен оны тудыратын фактарларды сипаттау.
Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады.
Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Соңғы 45 жылда қала халқының саны 729 млн-нан 2540 млн. адамға дейін өсті, яғни 3,5 еседей, ал олардың халықтың жалпы санындағы үлесі 29-дан 44%-ға дейін артқан. Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп отыр. 1995 жылдың соңына қарай дүние жүзінде халқының саны 1 млн.-нан астам халқы бар 320 қала және 5 млн.-нан астам халқы бар 48 қала болған.
Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе - бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі.
Қала ортасы адамның басты сапасы - оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транснорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы - осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қала экологиясына әсер ететін басты факторларды атаңыз?
2. Қазақстан қалаларының экологиялық жағдайы төмен қалаларды атаңыз?
3. Бүгінгі таңдағы қала тұрғындарының денсаулық ерекшеліктері.
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
- Акимова, Т.А. Экология. Человек-экология-биота-среда: учебник для вузов / Т.А. Акимова, В.В. Хаскин.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ, 2008.- 495 с.- (Золотой фонд российских учебников).
- Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқулық / К.Б. Булекбаева.- Алматы: Эверо, 2011.- 152 б.
- Сатова К.М.,Ширимбекова М.Ж.,Бекназарова А.С.
Қосымша әдебиеттер:
- Губайдуллина Т.Н. Методологические проблемы развития Эколого-экономических отношений в современных условиях.- Казань, 1999 г.
- Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.
- Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г.Шилов И.А. Экология. – М., 2000 г
-
Opened: дүйсенбі, 4 қазан 2021, 12:00 AMDue: жексенбі, 10 қазан 2021, 12:00 AM
-
-
-
Тақырып: Өндіріс және табиғи орта
Мақсаты: Өндірістік ірі қалалардың, және өндіріс орындарынан шығатын улардың организмге әсері туралы білім қалыптастыру.
Тапсырмалар:
1. Ірі өндірістік қалалардың қоршаған ортаға әсерлерін сипаттау.
2. Өндіріс орынарынан шығатын негізгі ластаушы көздер мен олардың қоршаған ортаға әсерін баяндау.
3. Өндірістік улардың түрлері және оның адам ағзасына әсері конспект жасау, баяндау.
Өнеркәсіптік улар организмге әр түрлі және күрделі әсерлерін тигізе отырып, жалпы патологияларда белгілі: қабыну, аллергия, қызба, қатерлі ісік процестері, ұрық дамуының бұзылуы сияқты патологиялық процестерді тудырады (А.А. Летавет, 1973).
Тері қабатына тікелей түскенде немесе ішкі ортаға өткеннен кейін у барлық тіндерге (протоплазмалық улар, есірткілер) немесе олардың тек кейбіреулеріне ғана әсерін тигізеді.
Улардың әсері:
Орталық нерв жүйесінің
Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы.
Жүрек - тамыр жүйесіндегі (ЖТЖ) өзгерістер.
Қан жүйесіндегі өзгерістер.
Асқорыту жүйелеріндегі өзгерістер.
Зәр шығару және жыныс жүйелерінің зақымдануы.
Бақылау сұрақтары:
- Тыныс алу мүшелерінің зақымдануының себептерін қалай түсіндіресіз?
- Жүрек–тамыр жүйесіндегі (ЖТЖ) өзгерістерді қалай түсіндіресіз?
- Өндірістік улардың асқорыту жүйелеріне әсерін сипаттаңыз?
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
- Акимова, Т.А. Экология. Человек-экология-биота-среда: учебник для вузов / Т.А. Акимова, В.В. Хаскин.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ, 2008.- 495 с.- (Золотой фонд российских учебников).
- Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқулық / К.Б. Булекбаева.- Алматы: Эверо, 2011.- 152 б
- Сатова К.М.,Ширимбекова М.Ж.,Бекназарова А.С.
Қосымша әдебиеттер:
- Губайдуллина Т.Н. Методологические проблемы развития Эколого-экономических отношений в современных условиях.- Казань, 1999 г.
- Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.
- Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г.
-
Opened: дүйсенбі, 11 қазан 2021, 12:00 AMDue: жексенбі, 17 қазан 2021, 12:00 AM
-
-
Тақырып: Ксенобионттар
Мақсаты: Улардың организмдегі енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы жайында білім беру.
Тапсырмалар:
1. Улардың тыныс алу жолдары арқылы енуі және ағзаларға әсерін баяндау сызбанұсқа жасау.
2. Улы заттардың асқазан-ішек жолдары арқылы түсуі және ағзаларға әсері баяндау сызбанұсқа жасау.
3. Улы заттардың тері арқылы енуі және ағзаларға әсері баяндау сызбанұсқа жасау.
Өнеркәсіптердегі процестер барысында уытты заттар адам организміне тыныс алу жолдары, тері және асқазан-ішек жолдары арқылы түседі.
Аталғандардың ішінен тыныс алу жолдары арқылы түсудің маңызы зор. Өйткені барлық уытты қоспалар газ, бу түтін және аэрозол күйінде болуы мүмкін.
Улы қоспалардың тыныс алу жолдары арқылы енуі улардың организмге неғұрлым тез түсуін қамтамасыз етеді. Бұл өкпе альвеолары беткейінің өте ауқымдылығымен (шамамен 100-120 м2) және өкпе капиллярлары арқылы қанның үздіксіз айналуымен түсіндіріледі.
Уытты заттардың өндіріс жағдайында организмге түсуі шаңдарды жұту, темекі шегу, тамақ ішу кезінде, т.б. өтеді.
Кейбір улы заттардың (липоидта ерігіш) ауыз қуысынан бірден қанға сорылуы мүмкін. Бұл жағдайда олар бауырға соқпай бірден үлкен қан айналым шеңберіне түседі.
Терінің құрылысының ерекшеліктеріне байланысты, химиялық қоспалардың одан өту процесі өте күрделі. Эпидермис құрылымы әртүрлі бес клетка қабаттарынан тұрады: мүйізді, жылтыр, дәнді, түкті және базальді. Соңғысы, қан және лимфа тамырларының тармақтарына өте бай дермамен шекараласады. Дерманың келесі торшалы қабатында тері бездері мен шаштың тамырлары орналасады.
Әртүрлі заттардың тері арқылы түсуінің үш түрлі жолы бар: эпидермия арқылы (трансэпидермалды сорылу):
- шаш фолликулалары арқылы;
- май бездерінің шығару жолдары арқылы. Эпидермисті газдармен липидтерде еритін органикалық заттар ғана тез өтетін, липопротеинді тосқауыл ретінде қарастыруға болады.
- улардың енуінің бірінші фазасы – эпидермалдық сорылу, екінші фазасы – енген заттардың теріден қанға көшуі.
Бақылау сұрақтары:
1. Улардың тыныс алу жолдары арқылы енуі қалай өтеді?
2. Улы заттардың асқазан-ішек жолдары арқылы түсуі қалай жүреді?
3. Улардың организмде тасымалдануы дегеніміз не?
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
- Акимова, Т.А. Экология. Человек-экология-биота-среда: учебник для вузов / Т.А. Акимова, В.В. Хаскин.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ, 2008.- 495 с.- (Золотой фонд российских учебников).
- Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқулық / К.Б. Булекбаева.- Алматы: Эверо, 2011.- 152 б.
- Сатова К.М.,Ширимбекова М.Ж.,Бекназарова А.С.
Қосымша әдебиеттер:
- Губайдуллина Т.Н. Методологические проблемы развития Эколого-экономических отношений в современных условиях.- Казань, 1999 г.
- Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.
- Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г.
Шилов И.А. Экология. – М., 2000 г
-
Opened: дүйсенбі, 18 қазан 2021, 12:00 AMDue: жексенбі, 24 қазан 2021, 12:00 AM
-
-
-
Тақырып: Ауыл шаруашылықтары және қоршаған орта
Мақсаты: Қоршаған ортаның ауыл шаруашылығы әсерінен ластану жолдары жайында білім беру.
Тапсырмалар:
1. Ауыл шаруашылығының қоршаған ортаға әсері сызбанұсқа жасау.
2. Әлемдегі және Қазақстанның ауыл шаруашылығының ерекшеліктері және олардың қоршаған ортаға әсер деңгейлерін бағалау, талдау.
3. Ауыл экологиясына байланысты ауылдық тұрғындар денсаулығының ерекшеліктері
4. Қала-ауыл: 2001 және 2010 жылдағы әлеуметтік дәлелдердің призма арқылы салыстырма талдау кезеңі.
- топыраққа химияландыру, механикаландыру, мелиорациялау секілді агротехникалық шаралар кешенін қолдану жолымен;
- ауылшаруашылық өндірісін химияландыру және индустрияландыру есебінен атмосфералық ауаға;
- ауылшаруашылығының шайынды сулары мөлшерін күрт ұлғайту арқылы су қоймаларына.
Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіруге байланысты малшаруашылығы және құс шаруашылығы кешендері ауылдық жерлерде қоршаған ортаны аса мол ластау.
Ресми статистикалық деректер бойынша ауылдық тұрғындар денсаулығын сипаттайтын көп көрсеткіштер қалалық тұрғындар көрсеткіштерінен біршама жақсырақ.
Мәселен, ауылдық жерде туушылық қаладағыдан жоғары; өлім-жітім қалалық тұрғындар арасында шамалы жоғары; орташа болашақ өмір ұзақтығы ауыл тұрғындарында қалалық тұрғындардан жоғары.
Қалалық тұрғындардың жалпы аурушандылығы ауылдық тұрғындар аурушандылығынан біршама асады (мың тұрғынға шаққанда қалада 3800-4500 аурушандьшықтың кездесу жағдайы, ауылда 1500— 1800 кездесу жағдайы болады).
Бақылау сұрақтары:
- Ауылдық елді мекендер урбанизациясының қандай мәселелері бар?
- Ауылдың экономикалық жағдайын анықтайтын қандай факторлар бар?
- Ауылдың қоршаған ортасының қандай ластану көздері бар?
- Ауылдық тұрғындар денсаулығының қандай ерекшеліктері бар?
- Ауылды қоршаған орта сапасын бақылау бойынша қандай шаралар қажет?
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Сидоренко Г. И. Гигиена окружающей среды. М., 1985. 283 с.
2. Никитин Д. П., Новиков 10. II. Окружающая среда и человек. М., 1985. С. 117-156.
3. Сидоренко Г. И., Литвиное М. А. Современные проблемы гигиены окружающей среды и се место в системе наук о биосфере. М., 1986. 72 с.
4. Буштуева К. А., Случанко И. С. Методы и критерии оценки состояния здоровья населения в связи с загрязнением окружающей среды. М., 1979.150 с.
5. Сидоренко Г. И., Пинигии М. А. Методические указания по оцеже степени загрязнения атмосферного воздуха. М., 1982. 25 с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Губайдуллина Т.Н. Методологические проблемы развития Эколого-экономических отношений в современных условиях.- Казань, 1999 г.
2. Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.
3. Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г. Шилов И.А. Экология. – М., 2000 г
-
-
-
Тақырып: Техносфераның адамға әсері
Мақсаты: Техносфера ұғымы әсері, қауіптілік деңгейі және адам арасындағы байланыс туралы білім қалыптастыру.
Тапсырмалар:
1. Қазіргі жағдайдағы техносфераның пайда болуына себепкер аспектілерді сипаттау.
2. Техносфераның жағымсыз көрсеткіштерінің сызбанұсқасын салу.
3. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі.
Техносфера – адамның материалдық, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатына жету үшін техникалық құралдардың көмегімен тікелей немесе жанама әсерінен түрленген биосфера аймағы.
Қазіргі жағдайдағы техносфераның пайда болуына келесідей аспектілер әсер етті:
- Жер бетіндегі тұрғындар санының қарқынды түрде артуы және олардың урбанизациялануы;
- энергетикалық ресурстарды тұтынудың және шоғырының артуы; - өндірістік және ауылшаруашылық өнеркәсіптердің қарқынды дамуы; - транспорттық құралдарды жаппай қолдану;
- әскери бағыттағы шығындардың артуы және т.б.
Техносферадағы ең жоғарғы қауіп төндіретіндер транспорттық авариялар, жарылыс пен өрт, радиациялық авариялар, химиялық және биологиялық қауіпті заттармен ластайтын апаттар, гидродинамикалық апаттар, тазалау және электроэнергетикалық объектілердегі апаттар.
Бақылау сұрақтары:
1. Техносфера дегеніміз не?
2. Техносфераның пайда болуына негізгі аспектілерін атаңыз?
3. Қауіптің сыртқы көздеріне жатады?
4. Техносферадағы ең жоғарғы қауіп төндіретіндер?
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Өндіріс факторлары- Уикипедия — ашық энциклопедиясынан мәліметтер
2. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2009. – 109 б.
3. ҚР-ның "Еңбек" Кодексі,Астана 2007 ж
4. ҚР-ның "Қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпсіздік туралы" Заңы,Астана 2002 ж
5. ҚР-ның еңбек қорғау бойынша нормативтік актілерінің жиынтығы.
6. Техносфера-Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет.
Қосымша әдебиеттер:
1. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, Оқу құралы/ Дюсебаев М.К., Абдимуратов Ж.С. – Алматы, АЭжБУ-2013.- 84 б.
2. Безопасность технических процессов и производств. Охрана труда: уч. пособие. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высшая школа, 2002.
3. Авалиани С.Л., А.А.Голуб, Н.Г.Давыдова, Е.Б.Струкова, Г.В.Сафонов. Управление окружающей средой на основе методологии анализа риска. Учебное пособие. – М.: 2006. – 186 б
-
Opened: дүйсенбі, 1 қараша 2021, 12:00 AMDue: жексенбі, 7 қараша 2021, 12:00 AM
-
-
Тақырып: Табиғи және тұрмыстық негативті факторлардың көздері
Мақсаты: Адамның негізгі тіршілік ортасының қауіптілік деңгейлері мен көздері туралы білім беру.
Тапсырмалар:
1. Табиғи негативті факторлардың көздері мен әсер деңгейлерін жіктеу.
2. Тұрмыстық ортадағы негативті факторлардың көздері мен әсер деңгейлерін жіктеу.
3. Өмір сүру ортасына және адам ағзасына негативті факторларды анықтап кесте құру.
Табиғи негативті факторлардың көздері
Органикалық әлемнің толық құбылысынан Күн белсенділігінің тәуелділігі туралы куәландыратын 20 ғасырдың ортасына мәліметтер жиналды: астықтың өнімі, өсімдіктердің өсуі және ауруы, жануарлар және балықтар аулаудың көбеюі, адамдағы инфекционды науқастардың және келеңсіз жағдайлардың көп болуы.Жер өміріне күн радиациясы үлкен әсер етеді. Күн айналымы кезінде белсенді аудандар Жерде көрінеді де жоғалады, ол жер айналасындағы кеңістікте магнитті дауылды туғызады.Магнитті дауыл кезінде жүрек-тамырлы және жүйке-психикалық науқастар жоғарлайды, көлік апаттардың саны 30 % өседі, сонымен қатар эпедемияның жоғарлауы көрінеді.
Тұрмыстық ортадағы негативті факторлардың көздері
Тұрмыстық орта деп тұрмыстағы адамға әсер жасайтын элементтер мен факторлардың жиынтығын айтады. Қазіргі үйлер экология жағынан онды деп айтуға болмайды: құрылыс және өндеу материалдарымен қоса жабдықтар және жиғаздармен ағза үшін зиянды физикалық және химиялық факторларды енгізеді; желдетпе жүйелері пәтерлер ауаның тазалау міндеттеріне жауап бермейді; микроклимат және шу режимі бұзылады; қоқыстың эффективті жою сұрақтары шешілмеген.
Зиянды – анықталған жағдайларда науқасқа, қауіпті – анықталған жағдайларда жарақаттануға әкелетін негізгі себебі болып табылады.
Табиғатының әсері бойынша қауіпті және зиянды факторлар бөлінеді:
- физикалық – барлық қозғалатын, кесетін, қулайтын; барометрикалық қысымның, температураның жоғарлауы-төмендеуі; жоғарғы – түтіндеуі, газдануы, шу, діріл, ультродыбыс, инфрадыбыс, ионды, электромагнитті сәулелену, ультрокүлгін және инфрақызыл радиация; жарық ағымының пульсациясы, жарқылдылығы, жарықтылығы; жарық түсудің аздығы, жарықтану қарсыластығының төмендеуі.
- химиялық – технологиялық процестерде қолданылатын зиянды заттар; өнеркәсіп улары; у химикаттары; тағайындауы бойынша дұрыс қолданылмайтын дәрі-дәрмектер құрылғылары.
Биологиялық – бактериялар, вирустар, микроағзалардың ерекше түрлері және олардың өмір тіршілігі үшін қажетті тағамдары; өсімдіатер және жануарлар; қоршаған ортаның биологиялық ластанулары.
Психофизикалық – еңбекті ұйымдастыру және сипаттама ерекшеліктерімен ескертілген өндірістік факторлар; ой жоғары кернеулігі, анализаторлардың аса кернеулігі, еңбектің бірқалыпта болуы, эмоционалды шаршауы. [3, с. 153-156]
Бақылау сұрақтары:
1. Табиғи негативті факторлардың көздерін атаңыз?
2. Тұрмыстық ортадағы негативті факторлардың көздерді сипаттаңыз?
3. Табиғатының әсері бойынша қауіпті және зиянды факторлар нешеге бөлінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
- Акимова, Т.А. Экология. Человек-экология-биота-среда: учебник для вузов / Т.А. Акимова, В.В. Хаскин.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ, 2008.- 495 с.- (Золотой фонд российских учебников).
- Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқулық / К.Б. Булекбаева.- Алматы: Эверо, 2011.- 152 б.
- Сатова К.М.,Ширимбекова М.Ж.,Бекназарова А.С.
Қосымша әдебиеттер:
1.Губайдуллина Т.Н. Методологические проблемы развития Эколого-экономических отношений в современных условиях.- Казань, 1999 г.
2.Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.
3.Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г.
Шилов И.А. Экология. – М., 2000 г
-
Opened: дүйсенбі, 8 қараша 2021, 12:00 AMDue: жексенбі, 14 қараша 2021, 12:00 AM
-
-
Тақырып: Тіршілік ортасына физикалық факторлар
Мақсаты: Адам тіршілік ортасындағы қауіп-қатерлер түрлері мен әсер деңгейлері жайында білім қалыптастыру.
Тапсырмалар:
1. Механикалық тербелістер пайда болу себептері, әсер деңгейлерін сипаттау.
2. Электромагнитті өріс пайда болу себептері, әсер деңгейлері баяндау.
3. Лазерлі сәулелену пайда болу себептері, әсер деңгейлері.
4. Электрлік ток пайда болу себептері, әсер деңгейлері.
5. Ионизацияланған сәулелену
6. Физикалық факторлардың гигиеналық нормативтері.
Механикалық тербелістер:
-діріл – серпінді заттарда пайда болатын кішігірім механикалық тербелістер.
-шу – газды, қатты, сұйық ортада жайылатын механикалық құбылыстарды айтады.
Электромагнитті өріс
Электромагнитті өріс пен сәулеленудің табиғи көздері атмосфералық электр тогы, күн мен галактикалардың радиосәулеленуі, Жердің магниттік және элекирлік өрісі болып табылады. Табиға электрлік өрістерімен қатар адам техносфера мен тұрмыс жағдайларында жасанды электрлік өрістердің әсеріне ұшырайды.
Лазерлі сәулелену – үлкен интенсивтілігі бар электромагнитті сәулелену. Лазер – оптикалық диапазонның электромагниттік сәулеленудің бағытталған шоғын генерациялайтын құрылғысы. Лазерлер байланыс, навигация, медицина, бақылау-өлшегіш техникада және т.б. қолданылады.
Электрлік ток
Адам ағзасы арқылы электрлік ток өткен кезде термикалық, электролиттік, сонымен қатар биологиялық әсер етеді.
Ионизацияланған сәулелену
Радиация – сәулеленудің бүкіл түрлері (жарық, радиотолқындар, күн энергия және бізді қоршайты сәулеленулердің басқа түрлердің жиыны). Иондалған сәулелену – ионизацияна тудыратын, оның атом ядросымен байланыстағы энергиясынан көп энергияны электронға береді, нәтижесінде кейбір химиялық элементтерінің (урана, тория, радия және т.б.). атом ядроның өздік өзгеруі (ыдырау) болады. Осындай элементтер радиобелсенді деп аталады. Радиобелсенді ыдырау тоқтатылмайды және иондалған сәулеленудің бөлінуімен жүреді: α, β, γ бөлшектері және нейтронды сәулелену. Иондалған сәулелену жасанды жолымен – рентгенді және позитронды алыну мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
1. Діріл дегеніміз не?
2. Шу дегеніміз не?
3. Лазерлі сәулелену дегеніміз не?
4. Радиация дегеніміз не?
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Акимова, Т.А. Экология. Человек-экология-биота-среда: учебник для вузов / Т.А. Акимова, В.В. Хаскин.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ, 2008.- 495 с.- (Золотой фонд российских учебников).
2. Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқулық / К.Б. Булекбаева.- Алматы: Эверо, 2011.- 152 б.
3. Сатова К.М.,Ширимбекова М.Ж.,Бекназарова А.С.
Қосымша әдебиеттер:
1.Губайдуллина Т.Н. Методологические проблемы развития Эколого-экономических отношений в современных условиях.- Казань, 1999 г.
2.Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.
3.Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г.Шилов И.А. Экология. – М., 2000 г
-
Opened: дүйсенбі, 15 қараша 2021, 12:00 AMDue: жексенбі, 21 қараша 2021, 12:00 AM
-
-
Тақырып: Тіршілік ортасы және биологиялық ластану
Мақсаты: Адам тіршілік ортасындағы биологиялық және экологиялық қауіп қатерлердің түрлері және олардан сақтану жолдары бойынша білім мен тәрбие қалыптастыру.
Тапсырмалар:
1. Биологиялық қауіптің түрлерін сипаттаңыз?
2. Микроағзалар туғызатын қауіп қатерлердің түрлері мен әсерлері.
3. Қауіпті жануарлар олардан қорғану жолдары.
4. Экологиялық қауіптің көздері
Биологиялық қауіп тірі объектілерден пайда болады. Биологиялық қауіп тасымалдаушы бүкіл өмір сүру ортасы (ауа, су, топырақ), өсімдік пен жануарлар әлемі, адамдардың өздері, адаммен және басқа объектілерімен жасалынған жасанды әлем болып табылады. Тірі әлемнің бүкіл объектілерін бірнеше әлемге бөлуге болады: микроағзалар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар, адамдар.
- улы жануарлар – қоңыздың кейбір түрлері (алагүлік, майкалар), кейбір көбелектің шынжыр табаны (жібек құрты), кене – кененің өзі улы емес , бірақ олардың қансорғыш түрі кене энцефалитының, кене бөртпелі тифтың, марсельды безгектің, Ку-безгектің, туляремияның және т.б. аурулардың тасымалдаушысы болып табылады.
- улы балықтар - (теңіз таутаны және т.б), сонымен қатар медузалар және актиниилер. Мысалы, маринок уылдырығы, сонымен қатар мариноктың қарын бөлігін шығаратын қара қабықша (Қазақстан өзендерінде болады) ауыр улануды туғызады
- улы жыландар – сұр жылан (эфа, гюрза, қарапайым сұр жылан және т.б.);
- бұнақ аяқтының көптеген түрлері (сколопендра, өрмекшілер, шаяндар, соналар, аралар);
- улы өсімдіктер – меңдуана, красавка, болигол, наперстянка, улы белес, қарапайым еліртпе, жонғарлы аконит және т.б.;
- саңырауқұлақтар – поганка, мухомор, сатанинский саңырауқұлақ, опёнок. Паразитті саңырауқұлақ – фитофтора . Саңырауқұлақ қауіпті - спорынья паразиты.
Экологиялық қауіп-қатер
Көптеген экологиялық қауіп – антропогенды шаруашылықтың өнімі.
Бақылау сұрақтары:
1. Патогенді ағзаларға жатады.
2. Әлеуметтік маңызға ие микроағзалар туғызатын ауруларды атаңыз?
3. Улы жануарларға жатады?
4. Экологиялық қауіптің негізгі көздерін атаңыз?
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Акимова, Т.А. Экология. Человек-экология-биота-среда: учебник для вузов / Т.А. Акимова, В.В. Хаскин.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ, 2008.- 495 с.- (Золотой фонд российских учебников).
2. Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқулық / К.Б. Булекбаева.- Алматы: Эверо, 2011.- 152 б.
3. Сатова К.М.,Ширимбекова М.Ж.,Бекназарова А.С.
Қосымша әдебиеттер:
1. Губайдуллина Т.Н. Методологические проблемы развития Эколого-экономических отношений в современных условиях.- Казань, 1999 г.
2. Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.
3. Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г.
Шилов И.А. Экология. – М., 2000 г
-
Opened: дүйсенбі, 22 қараша 2021, 12:00 AMDue: жексенбі, 28 қараша 2021, 12:00 AM
-
-
Тақырып: Қоғам және табиғи орта
Мақсаты: Әлеуметтік ортаның адам тіршілігіндегі маңызы мен бүгінгі таңдағы әлеуметтік қауіп-қатерлер туралы білім беру.
Тапсырмалар:
1. Әлеуметтік орта ұғымына түсініктеме беріңіз?
2. Қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайдың байланысын түсіндіріңіз.
3. Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторларды сипаттаңыз
4. Әлеуметтік қауіптің түрлері және мысал келтіре түсіндіріңіз.
Әлеуметтік орта - адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық (материалдың және рухани) жағдайларын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі.
Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.
Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топқа бөлінеді.
1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі.
2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру.
3. Дұрыс тамақтана білу.
Әлеуметтік қауіптің түрлері
Бопсалау, Алаяқтық, Бандитизм, Қарақшылық, Зорлық, Аманат, Террор, Нашақорлық, Алкоголизм, Темекі тарту, Венериялық науқастар, Суицид.
Бақылау сұрақтары:
1. Әлеуметтік орта дегеніміз не?
2. Биологиялық (генетикалық) факторлар дегеіміз не?
3. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастырудың денсаулыққа әсері.
4. Нашақорлық дегеніміз не?
5. Генофонның өзгеруі дегеніміз не?
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқулық / К.Б. Булекбаева.- Алматы: Эверо, 2011.- 152 б.
2. Алексеев, В.П. Очерки экологии человека: учеб. пособие / В.П. Алексеев.- М.: Изд-во МНЭПУ, 1998.- 233 с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.
2. Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г.
-
Opened: дүйсенбі, 29 қараша 2021, 12:00 AMDue: жексенбі, 5 желтоқсан 2021, 12:00 AM
-
-
Тақырып: Метеорологиялық қауіпті құбылыстар
Мақсаты: Адам тіршілік ортасындағы төтенше жағдайлар түрлері, қауіптілік деңгейлері мен алдын-алу жолдары және құтару шаралары бойынша білім мен дағды қалыптастыру.
Тапсырмалар:
1. Төтенше жағдайлар ұғымынна түсініктеме беру.
2. Табиғи төтенше жағдайлар түрлері мен деңгейлерін сызбанұсқа мысалдар арқылы түсіндіру.
3. Қазақстанға тән метеорологиялық қауіпті құбылыстар және олардың қауіптілік деңгейлерін сипаттау.
4. Төтенше жағдайларда әрекет жасау және алдын-ала ескерту бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесі.
Төтенше жағдай - адам және қаражат шығынға әкелетін апаттармен, катастрофамен, стихиялы мен экологиялық апатпен, сонымен қатар инфекционды науқастармен пайда болған анықталған территорияда адамдардың жағымды жағдайының бұзылуы.
1 Метеорологиялық қауіпті құбылыстар:
– дауылдар, теңіз дауылдары, құйындар, кенет соққан дауыл, торнадо, циклондар;
- iрi бұршақ, жауын, қар жауу, күштi тұман, күштi суыққалар, адам айтқысыз қызу, құрғақшылық;
- төтенше өрт қауіпі, орман өрттері, торфтық өрттер, нан массивтерінің өрттері, жанармай қазбаларының жер асты өрттері.
2 Тектоникалық және теллургиялық қауіпті:
- жер сілкінісі (теңіз сілкінісі);
- жанар таулардың атылуылары.
3 Топологиялық қауіпті құбылыстар:
- су тасу, тасқындар, желдiң айдаулары, су басу;
- көшкiндер, селдер, құлаулар, көшкiн, үйiндiлер, жер бетiнiң құлауы, цунамилер.
4 Ғарыштық қауіпті құбылыстар:
- метеориттер, кометтарлар қалдықтарының құлауы;
- басқа да ғарыштық апаттар.
Табиғи апаттар ішінде өте жиі кездесетін (90%) түрлері: су тасулары - 40%, тайфундар - 20%, жер сілкінісі мен құрғақшылық - 15%-дан.
Төтенше жағдайларда әрекет жасау және алдын-ала ескерту бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесі
Табиғи, антропогенды, техногенды сипаттамасы бар төтенше жағдайы және зардап шегетін қазіргі заттарды қолдануы кезінде Қазақстан Республикасында территорияны, экономика объектілерді, халықты қорғау үшін төтенше жағдайды жою мен алдын-ала ескерту бойынша мемлекеттік жүйесі (Азаматтық қорғау жүйесі) жұмыс жасайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Төтенше жағдай дегеніміз?
2. Метеорологиялық қауіпті құбылыстар дегеніз не?
3. ТЖ қандай түрлерге бөлінеді?
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Степановских А.С. Прикладная экология: охрана окружающей среды: Учебник для Вузов. М: ЮНИТИ-ДАНА. 2003. 751 с.
2. Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқулық / К.Б. Булекбаева.- Алматы: Эверо, 2011.- 152 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Закон Республики Казахстан «О безопасности и охране труда», Астана от 28 января 1993 г.
2. Сборник нормативных актов Республики Казахстан по охране труда /Сост. Адбаев К. А., Спатаев Н. Д., Караганда. - 356с.
3. Гринин А. С, Новиков В. Н. Безопасность жизнедеятельности. - Москва.: ФАИР-ПРЕСС, 2002.- 228с.
-
Opened: дүйсенбі, 6 желтоқсан 2021, 12:00 AMDue: жексенбі, 12 желтоқсан 2021, 12:00 AM
-
-
Тақырып: Адамның тіршілік ортасын жақсартудағы ҚР-саясаты
Мақсаты: Адам тіршілік ортасын жақсартудың әлемдік тәжірибелері мен ҚР –ның саясаты туралы білім беру.
Тапсырмалар:
1. Әлемдегі адам тіршілік орталарының деңгейлеріне сипаттама беру.
2. Адам тіршілік ортасын жақсартудың ғаламдық саясатына шолу жасау.
3. Адам тіршілік ортасындағы төтенше жағдайларды шешудегі халықаралық ынтымақтастықтар бойынша баяндамалар.
Қазіргі уақытта ТЖ проблемаларымен айналысатын бірнеше халықаралық ұйым жұмыс істейді. Азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымы (МОГО-АҚХҰ) 1931 жылы Париждегі құрылтай конференциясында құрылды. АҚХҰ жарғысына сәйкес мақсаты АҚ, бейбітшілік және соғыс уақытында қауіпті алдын-алу немесе төмендету тәсілдер мен техникалық құралдардың дамуы мен жетілдіру болып табылады. 1996 жылдан бастап ҚР АҚХҰ мүшесі болды. 1957 жылдан бастап БҰҰ мамандандырылған ұйымы – Халықаралық атои энериягиясы жөніндегі агенттік (МАГАТЭ) құрылды. Оның міндеті атом энергиясын бейбіт қолданудағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Оның құрамын 120 мемлекет енеді. ТЖ проблемасымен қатысты басқа ұйымдар қатары Еуропалық стихиялық апаттарға дайындық оқу орталығы (АФЕМ), Еуропалық жер сілкінісін болжау мен алдын-алу орталығы (ЕЦПП) Грецияда орналасқан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ). 1993 жылы ТМД деңгейінде «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарын алдын-алу мен жою жөнінде келісім» жасалды. Халықаралық ұйымдар мамандар арасындағы байланысты күшейтуге ынталандыратын және төтенше жағдайлардан қорғаныс құралдары мен тәсілдерін жетілдіру үшін оқулар, кездесулер өткізеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Адам тіршілік орталарының түрлі жағдайларға байланысты бөліну түрлерін атаңыз?
2. Адам тіршілік орталарындағы төтенше жағдайлар бойынша халықаралық ынтымақтастыққа мысалдар келтіріңіз?
3. Адам тіршілік ортасын жақсарту бойынша ҚР саясатын талқылаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Акимова, Т.А. Экология. Человек-экология-биота-среда: учебник для вузов / Т.А. Акимова, В.В. Хаскин.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ, 2008.- 495 с.- (Золотой фонд российских учебников).
2. Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқулық / К.Б. Булекбаева.- Алматы: Эверо, 2011.- 152 б.
3. Сатова К.М.,Ширимбекова М.Ж.,Бекназарова А.С.
Қосымша әдебиеттер:
1.Губайдуллина Т.Н. Методологические проблемы развития Эколого-экономических отношений в современных условиях.- Казань, 1999 г.
2.Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.
3.Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г.Шилов И.А. Экология. – М., 2000
-
Opened: дүйсенбі, 13 желтоқсан 2021, 12:00 AMDue: жексенбі, 19 желтоқсан 2021, 12:00 AM