ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС № 9 Тақырып: Техносфераның адамға әсері
Setup phase
- Setup phaseCurrent phase
- Task info The workshop is currently being set up. Please wait until it is switched to the next phase.
- Submission phase
- Assessment phase
- Grading evaluation phase
- Closed
Тақырып: Техносфераның адамға әсері
Мақсаты: Техносфера ұғымы әсері, қауіптілік деңгейі және адам арасындағы байланыс туралы білім қалыптастыру.
Тапсырмалар:
1. Қазіргі жағдайдағы техносфераның пайда болуына себепкер аспектілерді сипаттау.
2. Техносфераның жағымсыз көрсеткіштерінің сызбанұсқасын салу.
3. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі.
Техносфера – адамның материалдық, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатына жету үшін техникалық құралдардың көмегімен тікелей немесе жанама әсерінен түрленген биосфера аймағы.
Қазіргі жағдайдағы техносфераның пайда болуына келесідей аспектілер әсер етті:
- Жер бетіндегі тұрғындар санының қарқынды түрде артуы және олардың урбанизациялануы;
- энергетикалық ресурстарды тұтынудың және шоғырының артуы; - өндірістік және ауылшаруашылық өнеркәсіптердің қарқынды дамуы; - транспорттық құралдарды жаппай қолдану;
- әскери бағыттағы шығындардың артуы және т.б.
Техносферадағы ең жоғарғы қауіп төндіретіндер транспорттық авариялар, жарылыс пен өрт, радиациялық авариялар, химиялық және биологиялық қауіпті заттармен ластайтын апаттар, гидродинамикалық апаттар, тазалау және электроэнергетикалық объектілердегі апаттар.
Бақылау сұрақтары:
1. Техносфера дегеніміз не?
2. Техносфераның пайда болуына негізгі аспектілерін атаңыз?
3. Қауіптің сыртқы көздеріне жатады?
4. Техносферадағы ең жоғарғы қауіп төндіретіндер?
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Өндіріс факторлары- Уикипедия — ашық энциклопедиясынан мәліметтер
2. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2009. – 109 б.
3. ҚР-ның "Еңбек" Кодексі,Астана 2007 ж
4. ҚР-ның "Қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпсіздік туралы" Заңы,Астана 2002 ж
5. ҚР-ның еңбек қорғау бойынша нормативтік актілерінің жиынтығы.
6. Техносфера-Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет.
Қосымша әдебиеттер:
1. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, Оқу құралы/ Дюсебаев М.К., Абдимуратов Ж.С. – Алматы, АЭжБУ-2013.- 84 б.
2. Безопасность технических процессов и производств. Охрана труда: уч. пособие. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высшая школа, 2002.
3. Авалиани С.Л., А.А.Голуб, Н.Г.Давыдова, Е.Б.Струкова, Г.В.Сафонов. Управление окружающей средой на основе методологии анализа риска. Учебное пособие. – М.: 2006. – 186 б