ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС № 3 Тақырып: Қолайсыз тіршілік орталары олардың санаттары
Setup phase
- Setup phaseCurrent phase
- Task info The workshop is currently being set up. Please wait until it is switched to the next phase.
- Submission phase
- Assessment phase
- Grading evaluation phase
- Closed
Тақырып: Қолайсыз тіршілік орталары олардың санаттары
Мақсаты: Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз жағдайлар оларды аудандастыру мәселесі бойынша білім беру.
Тапсырмалар:
1. Экологиялық қолайлы аудандар түсінінгін сипаттау.
2. Қазақстанның экологиялық қолайлылық аудандары бойынша карта жасау.
3. Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шараларға тоқталу.
Республика аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады:
· экологиялық жағдайы нашар аудандар;
· экологиялық жағдайы орташа аудандар;
· экологиялық жагдайы салыстырмалы жақсы аудандар.
Экологиялық жағдайы нашар аудандарға мұнай-газ өндірілетін және металлургия, көмір кен орындары, өнеркәсіптік қалалар, Арал маңы, ядролық полигон аймағы кіреді. Экологиялық аудандардың екінші тобына ауыл шаруашылығы дамыған аудандар жатады.
Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар:
-қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;
-табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану;
-мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ экологиялық аудитті жетілдіру;
-қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;
-жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының алдын алу;
-Жердің озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді азайту;
-биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану;
-ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ел аумағының кемінде 10%-ына дейін кеңейту;
-табиғи жүйенің тұтастығын сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде гидротехникалық құрылыстарды, автомобиль және темір жолдарды, газ және мұнай құбырларын, электр тарату және басқа да желілік құрылыстарды салу кезіндегі шаруашылық қызмет процесінде оларды бөліп-жаруды болдырмау;
-антропогендік іс-әрекеттен бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру;
-өндірістік объектілердің жұмыс істеу циклі аяқталысымен табиғи ландшафтарды толық қалпына келтіруді міндетті түрде талап етуді қолдану;
-экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ кешендерін оңалту;
Каспий теңізі қайраңы мен оған іргелес жатқан аумақтардың ластануының алдын алу;
-өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу мен кәдеге жарату көлемін біртіндеп ұлғайту;
-халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен іске асырылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Республика аумағын қандай экологиялық аудандар тобына бөлуге болады?
2. Экологиялық жағдайы нашар аудандарға қандай жерлерді жатқызуға болады№
3. Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шараларды атаңыз?
4. Қолайсыз экологиялық факторлардан халықтың денсаулығын қорғауға арналған шараларды атаңыз?
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Акимова, Т.А. Экология. Человек-экология-биота-среда: учебник для вузов / Т.А. Акимова, В.В. Хаскин.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ, 2008.- 495 с.- (Золотой фонд российских учебников).
2. Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқулық / К.Б. Булекбаева.- Алматы: Эверо, 2011.- 152 б.
3. Сатова К.М.,Ширимбекова М.Ж.,Бекназарова А.С.
Қосымша әдебиеттер:
- Губайдуллина Т.Н. Методологические проблемы развития Эколого-экономических отношений в современных условиях.- Казань, 1999 г.
- Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.
- Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г. Шилов И.А. Экология. – М., 2000 г