Setup phase

Workshop timeline with 5 phasesSkip to current tasks
Setup phase
Current phase
  • Task info The workshop is currently being set up. Please wait until it is switched to the next phase.
Submission phase
Assessment phase
Grading evaluation phase
Closed
Description

Тақырып: Табиғи және тұрмыстық негативті факторлардың көздері

Мақсаты: Адамның негізгі тіршілік ортасының қауіптілік деңгейлері мен көздері туралы білім беру.

Тапсырмалар:

1.       Табиғи негативті факторлардың көздері мен әсер деңгейлерін жіктеу.

2.       Тұрмыстық ортадағы негативті факторлардың көздері мен әсер деңгейлерін жіктеу.

3.      Өмір сүру ортасына және адам ағзасына негативті факторларды анықтап кесте құру.

 

Табиғи негативті факторлардың көздері

Органикалық әлемнің толық құбылысынан Күн белсенділігінің тәуелділігі туралы куәландыратын  20 ғасырдың ортасына мәліметтер жиналды: астықтың өнімі, өсімдіктердің өсуі және ауруы, жануарлар және балықтар аулаудың көбеюі, адамдағы инфекционды науқастардың және келеңсіз жағдайлардың көп болуы.Жер өміріне күн радиациясы үлкен әсер етеді. Күн айналымы кезінде белсенді аудандар Жерде көрінеді де жоғалады, ол жер айналасындағы  кеңістікте  магнитті дауылды туғызады.Магнитті дауыл кезінде жүрек-тамырлы және жүйке-психикалық науқастар жоғарлайды, көлік апаттардың саны 30 %  өседі, сонымен қатар эпедемияның жоғарлауы көрінеді.

Тұрмыстық ортадағы негативті факторлардың көздері

Тұрмыстық орта деп тұрмыстағы адамға әсер жасайтын элементтер мен факторлардың жиынтығын айтады. Қазіргі үйлер экология жағынан онды деп айтуға болмайды: құрылыс және өндеу материалдарымен қоса жабдықтар және жиғаздармен ағза үшін зиянды физикалық және химиялық факторларды енгізеді; желдетпе жүйелері пәтерлер  ауаның тазалау міндеттеріне жауап бермейді; микроклимат және шу режимі бұзылады; қоқыстың эффективті жою сұрақтары шешілмеген.

Зиянды – анықталған жағдайларда науқасқа, қауіпті – анықталған жағдайларда жарақаттануға әкелетін негізгі себебі болып табылады.

Табиғатының әсері  бойынша қауіпті және зиянды факторлар бөлінеді:

- физикалық – барлық қозғалатын, кесетін, қулайтын; барометрикалық қысымның, температураның жоғарлауы-төмендеуі; жоғарғы – түтіндеуі, газдануы, шу, діріл, ультродыбыс, инфрадыбыс, ионды, электромагнитті сәулелену, ультрокүлгін және инфрақызыл радиация; жарық ағымының  пульсациясы, жарқылдылығы,   жарықтылығы; жарық түсудің аздығы, жарықтану қарсыластығының төмендеуі.

- химиялық – технологиялық процестерде  қолданылатын зиянды заттар; өнеркәсіп улары; у химикаттары;  тағайындауы бойынша дұрыс қолданылмайтын дәрі-дәрмектер құрылғылары.

Биологиялық – бактериялар, вирустар, микроағзалардың ерекше түрлері және олардың өмір тіршілігі үшін қажетті тағамдары; өсімдіатер және жануарлар; қоршаған ортаның биологиялық ластанулары.

Психофизикалық – еңбекті ұйымдастыру және сипаттама ерекшеліктерімен ескертілген  өндірістік факторлар; ой жоғары кернеулігі, анализаторлардың аса кернеулігі, еңбектің бірқалыпта болуы, эмоционалды шаршауы. [3, с. 153-156]

Бақылау сұрақтары:

1.      Табиғи негативті факторлардың көздерін атаңыз?

2.      Тұрмыстық ортадағы негативті факторлардың көздерді сипаттаңыз?

3.      Табиғатының әсері  бойынша қауіпті және зиянды факторлар нешеге бөлінеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

  1. Акимова, Т.А. Экология. Человек-экология-биота-среда: учебник для вузов / Т.А. Акимова, В.В. Хаскин.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ, 2008.- 495 с.- (Золотой фонд российских учебников).
  2. Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқулық / К.Б. Булекбаева.- Алматы: Эверо, 2011.- 152 б.
  3. Сатова К.М.,Ширимбекова М.Ж.,Бекназарова А.С.

Қосымша әдебиеттер:

1.Губайдуллина Т.Н. Методологические проблемы развития Эколого-экономических отношений в современных условиях.- Казань, 1999 г.

2.Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.

3.Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г.

Шилов И.А. Экология. – М., 2000 г