Setup phase

Workshop timeline with 5 phasesSkip to current tasks
Setup phase
Current phase
  • Task info The workshop is currently being set up. Please wait until it is switched to the next phase.
Submission phase
Assessment phase
Grading evaluation phase
Closed
Description

Тақырып:  Адам тіршілік ортасы түрлері мен ерекшеліктері

Мақсаты: Жалпы адамның тіршілік орталары, олардың түрлері мен ерекшеліктері жайында білім беру.

Тапсырмалар:

1.                  Адамның тіршілік ортасы пәні мақсат міндеттерін сипаттаңыз.

2.                  Қазіргі кездегі адамның өмір сүру орталары бойынша кесте, сызбанұсқа тұрғызу.

3.                  Адамдардың табиғат пен өзара қарым-қатынастарының тарихы туралы баяндау.

 

Адамды қоршаған ортаның төрт компанентін бөліп көрсетуге болады. Оның үшеуі антропогенді факторлардың әсерінен белгілі бір дәрежеде өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі – тек адамзат қоғамына тән әлуметтік орта. Н.Ф. Реймерс бойынша адамды қоршап тұрған орта өзара байланысқан төрт құрауыш-жүйешелерден тұрады:

а) табиғи ортаның өзінен,

ә) туындалған агротехникалық ортадан–«екінші табиғаттан» немесе квазитабиғи ортадан,

б) жасанды ортадан–«үшінші ортадан» немесе артетабиғи ортадан,

в)әлеуметтік ортадан.

«Екінші табиғат» немесе квазитабиғи орта–табиғи ортаның адам қолымен жасалған жүйелі, өзін өзі қолдаушы қасиетінің болмауымен сипатталатын, барлық түрленулері (жыртылған жерлер, мәдени ландшафтар және т. б.; ыза жолдар; жасыл желектер). Бұл түзілімдердің бәрінің тегі табиғи, бұлар табиғатта жоқ жасандылар емес, тек түрлендірілген табиғи орта болып келеді.

«Үшінші табиғат» немесе артетабиғи орта–адамның қолымен жасалған барлық жасанды, табиғи ортада заттық-энергетикалық ұқсастығы жоқ, оған жат және жаңартып отырмаса, тез арада қирайтын әлем. Бұларға заманауи қалалардың асфальт жолдарын, бетонды, тіршілік пен қызмет орындарының ішкі кеңістігін, технологиялық құрылғыларды, көлік нысандарын, жиһаздарды және басқа заттарды, барлық синтетикалық заттарды және т.б. жатқызуға болады.

Адамзаттың тарихи – адамдардың табиғат пен өзара қарым-қатынастарының тарихи болып табылады. Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының тарихында 1 қатар ерекше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.

Бірінші кезеңді палеолит дәірі деп атайды. Палеолиттің узақтағы 2 млн жылдам астам уақытты алып жатар және ол адам мен табиғаттың өзара әсерлерінде ең көп уақытты алып жатқан кезең.

Екінші агралық кезеңге адамның мәдени жер өңдуге көшуінен басталған неолит дәуірі жатады. Неолит дәуірінен бастап, егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына байланысты қоғам биосфераға күшті әсер ете бастады.

Үшінші индустриалды кезең қоғам мен табиғаттың өзара қатынасындағы техногенді дәуірдің шарықтау шыңы болды. Кен өндіру салалары мен металлургия қарқынды түрде.

 

Бақылау сұрақтары:

1.      Адамның тіршілік ортасы пәнін оқытудың маңызы қандай?

2.      Адамның тіршілік орталарының бөлінуі.

3.      Адам мен қоршаған ортаның өзара байланыстары қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.      Асқароваова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы, 2009

2.      Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау.     Алматы: Эверо, 2011

3.      Степановских А.С. Прикладная экология: охрана окружающей среды: Учебник для Вузов. М: ЮНИТИ-ДАНА. 2003. 751 с.

Қосымша әдебиеттер:

1.    Губайдуллина Т.Н. Методологические проблемы развития Эколого-экономических отношений в современных условиях.- Казань, 1999 г.

2.    Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.

3.    Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г.

Шилов И.А. Экология. – М., 2000 г