ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС № 13 Тақырып: Қоғам және табиғи орта
Setup phase
- Setup phaseCurrent phase
- Task info The workshop is currently being set up. Please wait until it is switched to the next phase.
- Submission phase
- Assessment phase
- Grading evaluation phase
- Closed
Тақырып: Қоғам және табиғи орта
Мақсаты: Әлеуметтік ортаның адам тіршілігіндегі маңызы мен бүгінгі таңдағы әлеуметтік қауіп-қатерлер туралы білім беру.
Тапсырмалар:
1. Әлеуметтік орта ұғымына түсініктеме беріңіз?
2. Қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайдың байланысын түсіндіріңіз.
3. Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторларды сипаттаңыз
4. Әлеуметтік қауіптің түрлері және мысал келтіре түсіндіріңіз.
Әлеуметтік орта - адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық (материалдың және рухани) жағдайларын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі.
Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.
Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топқа бөлінеді.
1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі.
2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру.
3. Дұрыс тамақтана білу.
Әлеуметтік қауіптің түрлері
Бопсалау, Алаяқтық, Бандитизм, Қарақшылық, Зорлық, Аманат, Террор, Нашақорлық, Алкоголизм, Темекі тарту, Венериялық науқастар, Суицид.
Бақылау сұрақтары:
1. Әлеуметтік орта дегеніміз не?
2. Биологиялық (генетикалық) факторлар дегеіміз не?
3. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастырудың денсаулыққа әсері.
4. Нашақорлық дегеніміз не?
5. Генофонның өзгеруі дегеніміз не?
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқулық / К.Б. Булекбаева.- Алматы: Эверо, 2011.- 152 б.
2. Алексеев, В.П. Очерки экологии человека: учеб. пособие / В.П. Алексеев.- М.: Изд-во МНЭПУ, 1998.- 233 с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.
2. Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г.