Setup phase

Workshop timeline with 5 phasesSkip to current tasks
Setup phase
Current phase
  • Task info The workshop is currently being set up. Please wait until it is switched to the next phase.
Submission phase
Assessment phase
Grading evaluation phase
Closed
Description

Тақырып: Ксенобионттар

Мақсаты: Улардың организмдегі енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы жайында білім беру.

 

Тапсырмалар:

 

1.      Улардың тыныс алу жолдары арқылы енуі және ағзаларға әсерін баяндау сызбанұсқа жасау.

2.      Улы заттардың асқазан-ішек жолдары арқылы түсуі және ағзаларға әсері баяндау сызбанұсқа жасау.

3.      Улы заттардың тері арқылы енуі және ағзаларға әсері баяндау сызбанұсқа жасау.

 

Өнеркәсіптердегі процестер барысында уытты заттар адам организміне тыныс алу жолдары, тері және асқазан-ішек жолдары арқылы түседі.

Аталғандардың ішінен тыныс алу жолдары арқылы түсудің маңызы зор. Өйткені барлық уытты қоспалар газ, бу түтін және аэрозол күйінде болуы мүмкін.

Улы қоспалардың тыныс алу жолдары арқылы енуі улардың организмге неғұрлым тез түсуін қамтамасыз етеді. Бұл өкпе альвеолары беткейінің өте ауқымдылығымен (шамамен 100-120 м2) және өкпе капиллярлары арқылы қанның үздіксіз айналуымен түсіндіріледі.

Уытты заттардың өндіріс жағдайында организмге түсуі шаңдарды жұту, темекі шегу, тамақ ішу кезінде, т.б. өтеді.

Кейбір улы заттардың (липоидта ерігіш) ауыз қуысынан бірден қанға сорылуы мүмкін. Бұл жағдайда олар бауырға соқпай бірден үлкен қан айналым шеңберіне түседі.

Терінің құрылысының ерекшеліктеріне байланысты, химиялық қоспалардың одан өту процесі өте күрделі. Эпидермис құрылымы әртүрлі бес клетка қабаттарынан тұрады: мүйізді, жылтыр, дәнді, түкті және базальді. Соңғысы, қан және лимфа тамырларының тармақтарына өте бай дермамен шекараласады. Дерманың келесі торшалы қабатында тері бездері мен шаштың тамырлары орналасады.

Әртүрлі заттардың тері арқылы түсуінің үш түрлі жолы бар: эпидермия арқылы (трансэпидермалды сорылу):

-                     шаш фолликулалары арқылы;

-                     май бездерінің шығару жолдары арқылы. Эпидермисті газдармен липидтерде еритін органикалық заттар ғана тез өтетін, липопротеинді тосқауыл ретінде қарастыруға болады.

-                     улардың енуінің бірінші фазасы – эпидермалдық сорылу, екінші фазасы – енген заттардың теріден қанға көшуі.

 

Бақылау сұрақтары:

1.      Улардың тыныс алу жолдары арқылы енуі қалай өтеді?

2.      Улы заттардың асқазан-ішек жолдары арқылы түсуі қалай жүреді?

3.      Улардың организмде тасымалдануы дегеніміз не?

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

  1. Акимова, Т.А. Экология. Человек-экология-биота-среда: учебник для вузов / Т.А. Акимова, В.В. Хаскин.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ, 2008.- 495 с.- (Золотой фонд российских учебников).
  2. Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқулық / К.Б. Булекбаева.- Алматы: Эверо, 2011.- 152 б.
  3. Сатова К.М.,Ширимбекова М.Ж.,Бекназарова А.С.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Губайдуллина Т.Н. Методологические проблемы развития Эколого-экономических отношений в современных условиях.- Казань, 1999 г.
  2. Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.
  3. Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г.

Шилов И.А. Экология. – М., 2000 г