Weekly outline

  • 2 September - 8 September

    • Мақсаты: Физикалық географияның қолданбалы міндеттерді шешудегі табиғатты қорғаудағы рөлі туралы айтып,  материк ішіндегі географиялық орнының оның осы заманғы физикалық географиялық жағдайындағы маңызын түсіндіру.

      Дәріс мазмұны:

      1. Қазақстан физикалық географиясы курсының  міндеттері мен мазмұны.

      2. Қазақстан Республикасының географиялық орны мен шекаралары.

      3. Саяси әкімшілік бөлінуі.

      1. Қазақстан физикалық географиясы курсының  міндеттері мен мазмұны. Курстың мақсаты: Қазакстанның физикалық географиясы– біздің республиканың табиғат кешенінің зандылықтарын оқытатын негізгі региональдық курс. Қазіргі заманғы физикалық-географиялық жағдайларын оқу маңызды қолданбалы зерттеулер жүргізудің басты негізі.

      Қазақстан Республикасы физикалық географиясы-географиялық ғалымдардың ішіндегі ең негізгілерінің бірі бола отырып, географиялық білім беру жүйесінде басты роль атқарады. Республика физикалық географиясының халық шаруашылығы міңдеттерін шешудегі, табиғатты қорғауды ұйымдастырудағы, табиғат ресурстарын орынды пайдалану және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етудегі ролі. Қазақстанның табиғи ортасының жайы, оның физика-географиялық ерекшелігі туралы білім. Қазақстан территориясының физика-географиялық зерттелуінің жалпы бағасы. Физикалық географияның локальды және регионалды мәселері.

      Курстың міндеті: Білімділікті дамыту:География ғылымдары жүйесінде Қазақстанның физикалық географиясының алатын орнымен студенттерді таныстыру.

      Табиғатының зерттелу тарихы. Табиғатының ерекшелігі, физикалық-географиялық аймақтары мен облыстары, физико-географиялық аудандастырудың принциптері, қорғалатын территориялары, экологиялық проблемалары, пән аралық байланыстарды қамту, сонымен бірге студенттерді табиғи ортада айналасын бағдарлауға, жергілікті жердің табиғат жағдайларына сипаттама беруге дағдыландыру.

      2. Қазақстан Республикасының географиялық орны мен шекаралары. Қазақстан республикасы Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан. Республика жерінің ауданы — 2724,9 мың км². Республика қоңыржай белдеуінің орта және оңтүстік ендігін алып жатыр және шамамен 55°26’-тан 40°56’ с.е., 45°27’-тан 87°18’ ш.б. бойынша созылып жатыр. Жер шарының халық мекендеген кұрлық бөлігінің 2%-ы және Еуразия ауданының 5%-ы елдің үлесіне тиеді. Аумағының өлшемі жөнінен ол әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді және ішкі құрлықтық мемлекеттердің ең ірісі болып саналады. Жерінің көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-орын алады. Жалпы аумағы бүкіл жер шары көлемінің 2%-ын, Азияның 6,1 %-ын құрайды. Еуразия құрлығында РесейҮндістанҚытайдан кейін төртінші орында, ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында тұр. Территориясы бойынша Қазақстан Франциядан бес есе үлкен және шамамен ел аумағына Франция, Испания, Швеция, Германия, Финляндия, Италия және Ұлыбритания сыйып кетеді.

      Территорияның 19,65%-ы Еуропаға кіреді (Батыс Қазақстан – Ембі мен Мұғалжар жотасынан батысқа қарай). Қазақстанның географиялық ортасы анықталған, ол 48°11’ с.е. пен 66°22’ (Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 100 км-де орналасқан Ұлытау жотасы аумағы). Ел аумағы батыстағы Еділ өзенінің төменгі ағысынан шығыстағы Алтайға дейін 3000 км-ге және Батыс-Сібір жазығынан оңтүстіктегі Тянь-Шань тауларына дейін 1650 км-ге созылып жатыр. Ол ендік бойымен қарағанда Шығыс Европа жазығының орталық бөлігі мен Ютландия түбегі, Ұлыбритания ендігіне, ал Республиканың оңтүстігі  Кавказ сырты мен Жерорта теңізі ендіктеріне сәйкес келеді.  Атлант мұхитымен оның теңіздерінен 2000-3000 км, Солтүстік Мұзды мұхиттан 1800-2000 км, Тынық мұхиттан 4000-5000 км қашықтықта жатыр. Ең биік нүктесі Хан Тәңірі (6995 км) және ең төменгі нүктесі – Қарақия ойысы (-132 км).

      Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км, теңізбен (Каспий) 2000 км-ден астам. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 км Ресеймен шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға (Хантәңірі массивіне) дейінгі 1782 км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тәуелсіз мемлекеттер: Түрікменстанмен - 426 км, Өзбекстанмен - 2354 км және Қырғызстанмен - 1241 км шектеседі. Республиканың шекарасы батысында - Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін; оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыс бөлігінің, СауырТарбағатай жоталарының, Жетісу (Жоңғар) Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді.

      Республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің екінші шетінен айырмашылығы үлкен.

      Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде алма мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен қапырық Орта Азия тоғысып жатады. Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды даладалашөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиканың батыс шеті (45°27' ш.б.) Эльтон және Басқұншақкөлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87°18' ш.б.) Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай, материк ішіне тереңдеген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның географиялық орнына байланысты барлық өңірлерінде жылдың төрт мезгілінің ауысуы айқын байқалады.

      Қазақстан Каспий теңізі арқылы ӘзірбайжанИран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздергешыға алады. Жердің көп бөлігі жазықүстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.

      3. Саяси әкімшілік бөлінуі.  Республика 2 сағаттық белдеуде орналасқан (GMT +5, +6). Республика территориясы 14 облысқа бөлінеді (Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды) және орталыққа бағынған 3қала (Астана, Алматы, Байқоңыр).

       

      Бекіту сұрақтары:

      1.                  Қазақстан табиғат жағдайының қалыптасу заңдылығын және ерекшелігін үйрету бұл пәннің қандай міндеті?

      2.                  Қазақстан территориясы жер шарындағы құрлықтың қанша пайызын алып жатыр?

      3.                  Азияның қанша пайызын  Қазақстан алып жатыр?

      4.                  Астана қаласы қай облысқа жатады?

      5.                   Көкшетау қаласы қай облыстың орталығы?

      6.                  ҚР қай материкте орналасқан?

      7.                  1200 шақырымға жуық Қазақстан республикасының қай бөлігіндегі шекараның ұзындығы?

      8.                  «Жоңғар қақпасы»  қандай қазаншұңқырды кесіп өтеді?

      9.                  Физикалық географияның зерттеу объектісі:

      10.              Қазақстан территориясы қанша сағатты белдеуде орналасқан?

      11.              ҚР қандай климаттық белдеуде орналасқан?

       

       

      Әдебиеттер: 

      1.      В. М. Чупахин Физическая география Казахстана, А., 1968

      2.      Н. А. Гвоздецкий, В. А. Николаев, Казахстан. М., 1971

      3.      Общая физико-географическая характеристика. Казахстан, М – Л., 1950

      4.      Е.Н.Вилесов, А.А.Науменко, Л.К.Веселова, Б.Ж.Аубекеров Физическая география Казахстана , Алматы: «Қазақ университеті», 2009

       


  • 9 September - 15 September

    • Мақсаты: Территориямызды б.з.д. және орта ғасырлардағы Араб, Қытай, Европа  мен  жергілікті зерттеушілер туралы айту.

       

      Дәріс  мазмұны: 

      1.Ежелгі заманнан ХУІІІ ғ-ң 30-шы жылдарға дейінгі аралық.

      2.ХУІІІ ғасырдың 30-шы жылдарынан ХІХ ғасырдың 60- жылдарына дейін.

      3.ХІХ ғасырдың 60- жылдарынан 1917 жылға дейінгі уақыт.

      4.ІУ кеңес үкіметі жылдарындағы зерттеулер

       

      Еуропа мен Азия елдерi арасындағы қарым-қатынастың көпшiлiгi (керуен жолдары, елшiлiк көштерi, т.б.) ежелгi заманнан-ақ қазiргi Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты Қазақстанның кейбiр табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгiлi болған. Мысалы, Геродот (б.з.б. 5 ғ.) Каспий теңізінiң шығысында шексiз жазық өңiр жатқандығын және оны массагеттердiң мекендейтiндiгiн баяндаған. Птолемей (б.з. 2 ғ.) өз еңбектерiнде Жайық (Dаiх), Жем (Rhymmus) және Сырдария (Jаxаrtеs) өзендерi туралы мәлiметтер келтiрген. 9 — 10 ғ-ларда араб ғалымдары Арал т-не толық сипаттама берiп, картаға түсiрдi және гректердiң Әмудария мен Сырдария өзендерi Каспий теңізіне құяды деген топшылауын терiске шығарып, Арал т-не құятынын анықтаған. Арабтардың сол кездегi деректерiнде Жайық, Жем, Сағыз өзендерi аталған. 13 ғ-да Моңғолияға Италия саяхатшысы Плано Карпини және фламанд саяхатшысы Виллем Рубрук бастап барған елшiлер өздерi жүрген Қазақстан аумағындағы шөл, шөлейт аймақтардың қысқаша сипаттамасын берген. Олар өздерiнiң жеке бақылаулары негiзiнде Каспий теңізінiң тұйық алап екендiгi туралы маңызды геогр. мағлұматтарды жаңартып толықтырған және Алакөл, Балқаш көлдерi, Тарбағатай, Жетiсу Алатауы (Еренқабырға) жайында алғашқы деректер келтiрген. 15-17 ғасырлардағы Қазақстан туралы географиялық мәлiметтер Ресей әдебиеттерiнде жинақтала бастаған. Бұл мәлiметтер Мәскеу мемлекетiн және оған iргелес аумақтарды бейнелеген “Большой чертеж” (“Үлкен сызба”) картасында жүйеленген. 1627 ж. шыққан “Книга большого чертежа” (“Үлкен сызба кiтабы”)атты еңбекте қазiргi республиканың батыс, оңт. және орт. бөлiктерiнiң бiршама жерлерiне нақтылы сипаттама берiлген. 17 ғасырда Қазақ ордасына және Орта Азия хандықтары жерiне жасалған орыс саяхатшыларының зерттеулерi жиiлей түскен. Олардың Жайық өз. сыртындағы дала туралы мәлiметтерi жинақталып, “Чертеж всей земли безводной и малопроходной каменной степи” (“Бүкiл жерi сусыз, өтуге қиын тастақты дала сызбасы”) деген атпен жарық көрген (1697). Бұл туынды С.Ремезов жазған “Чертежная книга Сибири” (“Сiбiрдiң сызба кiтабы”) атты орыстың тұңғыш геогр. атласы құрамына енген. Мұнда Қазақстан аумағының көпшiлiк бөлiгi қамтылған. 18 ғ-дың 30-жылдарынан 19 ғ-дың 60- жылдарына дейiн созылған Ресейдiң Қазақстанды отарлау үрдiсi оның аумағының геогр. зерттелуiнiң сипаты мен барысына әсерiн тигiзбей қоймады. Бұл кезеңде жаңа қосылған аумақтарда орыс мемлекетi билiгiн орнату және нығайту мақсатына сай көптеген арнаулы әскери және ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды.

                 Ертiс өзенінің бойында бекiнiстер салуға және Жоңғар хандығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнауына байланысты Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанды тұңғыш топогр. картаға түсiру iсi жүргiзiлдi. Сонымен қатар Қазақстанның батысында, Каспий мен Арал теңіздерi жағалауында, Сарысу, Шу өзендерiнiң алаптарында картаға қарапайым түсiрулер iске асырылды. Бұл түсiрулердiң нәтижесiнде, бiр жағынан, Қазақстанның жеке өңiрлерiнiң тұңғыш iрi масштабты карталары жасалса, екiншi жағынан, табиғат ерекшелiктерi туралы ғыл. мәлiметтер жиналды. Қазақстан географиясы туралы алғашқы ғыл. еңбек П.И. Рычковтың 1762 ж. шыққан “Топография Оренбургская” (“Орынбор топографиясы”) атты кiтабы болды. Қазақстанның геогр. зерттелу тарихында 1768 — 74 жылдардағы экспедициялар ерекше орын алды. Ресейдiң Ғылым және көркемөнер академиясының академиктерi Қазақстанның Едiл мен Жайық өзендерi аралығындағы бөлiгiн, Маңғыстау түбегiн, Ырғыз бен Торғай өзендерiнiң алабын, Есiл даласын, Ертiс маңы ойпатын, Кендi Алтайды және Қалба жотасын зерттедi. 1820—21 ж. экспедициялық зерттеулер нәтижесiнде “Естественная история Оренбургского края” (“Орынбор өлкесiнiң табиғат тарихы”) атты 3 томдық еңбек жарияланды. Оның 1-бөлiмiнде Батыс Қазақстанның табиғат жағдайларына жалпы сипаттама берiлдi. 19 ғ-дың 1-жартысында қазiргi Қазақстан аумағын зерттеушi экспедициялардың саны артты. 1827 жылдан 1872 жылға дейiнгi аралықта Г.С. Карелин өлкенi картаға түсiрумен бiрге әр түрлi аймақтардың (Каспий т. жағалауы, Алтай, Тарбағатай, Жетiсу Алатауы тауларының) жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнен коллекциялар жинады. Атақты немiс ғалымы А.Гумбольдт өзiнiң Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесiнде “Центральная Азия” (“Орталық Азия”) деген көлемдi еңбегiн шығарды. 19 ғ-дың 30-жылдарына дейiн Қазақстан туралы жиналған географиялық деректер А.И. Левшиннiң “Описание киргиз- казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей” (“Қырғыз-қазақ не қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының сипаттамасы”) деген кiтабында (1832) қорытындыланды. Бұл кiтап Қазақстанның жерi туралы берiлген алғашқы толық географиялық сипаттама болды. 1840—50 ж. аралығында Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Орталық  Қазақстан өңiрлерiне Ресей ботанигi Л.И. Шренк саяхат жасады. Ол Жетiсу Алатауына, Балқаш—Алакөл ойысының шығыс бөлiгiне физ.-геогр. сипаттама бердi. 19 ғ-дың орта шенiнде Арал (А.И. Бутаков) және Каспий (К.М. Бэр, Н.А. Ивашинцов) теңiздерi жан-жақты зерттелдi. 1857 ж. Арал-Каспий атырабына императорлық Санкт-Петербург ҒА-сы ұйымдастырған экспедицияға И.Г. Борщов пен Н.А. Северцов қатысты. Экспедиция жұмыстарының қорытынды деректерiнiң маңызы өте зор болды. Экспедиция жүмысының нәтижесiнде Бат. Қазақстанның жер бетi, геол. құрылысы, климаты, флорасы және фаунасы туралы нақты деректер кеңейдi. Борщов “Материалы для ботанической географии Арало-Каспийского края” (“Арал-Каспий өлкесiнiң ботаникалық географиясына арналған деректер”) деген классик. монографиясында Батыс Қазақстанды ландшафтылық-геогр. облыстарға бөлдi. 1856—57 ж. П.П. Семенов (Семенов-Тян-Шанский) Тянь-Шань тауына өзiнiң әйгiлi саяхатын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында таулы өлкенiң орографиясына (таулы жер бедерi) жаңаша сипаттама берiп, тұңғыш рет биiк тау ландшафтын анықтады. П.П. Семеновтың бұл сапарда ашқан аса маңызды жаңалықтарының бiрi — Орта Азиядан тау мұздықтарының табылуы. Ғалымның осы жолғы еңбегi Орта Азия мен Қазақстанның Тянь-Шань сияқты таулы өлкелерiн жан-жақты зерттеудiң ғыл. негiзiн жасағандығы болды. 19 ғ-дың 50—60-жылдарында Жетiсу Алатауы мен Iле өңiрiн қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов зерттедi. Жетiсу және Тянь-Шаньның табиғатына ғылыми сипаттама бердi. Балқаш к. мен Алакөлдiң пайда болу және қалыптасу тарихының өте ұқсастығын дәлелдедi. Жетiсу Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань тауын жануарлардың таралуына қарай биiк таулық белдеулерге бөлдi. Сонымен бiрге осы зерттелген өңiрлердiң маршруттық және жалпы шолулық карталарын жасады. 19 ғ-дың алғашқы жартысында кен байлықтарын iздеуге байланысты физ.-геогр. сипаттағы бiрқатар жаңа деректер алынды. Әсiресе, Орталық Қазақстан мен Тарбағатай тауының және Маңғыстау түбегiнiң геол. құрылысы, орографиясы туралы нақтылы деректер жиналды. 19 ғ-дың 60-жылдарында Ресейдiң Қазақстанды отарлаудың тарихи үрдiсi аяқталды. Соған орай кен байлықтары пайдалануға, темір жолдардың салынуына және егiстiк жер қорының кеңеюiне көп көңiл бөлiне бастады. Жалпы геогр. зерттеулермен бiрге арнаулы геология, топырақтану, ботаника, гидрология, т.б. салалар бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. 1865—79 ж. аралығында А.Татаринов Оңт. Қазақстаннан Ленгер, Келтемашат, Боралдай, т.б. қоңыр көмiр кен орындарын ашты. Бұрын Маңғыстау түбегiнен көмiр кенiнiң ашылуына байланысты мұнда одан әрi барлау жұмыстары жүргiзiлдi. Қазан төңкерiсiне дейiн Маңғыстау түбегiн зерттеу жұмыстарының ең көрнектiсi — Н.И. Андрусовтың “Мангышлак” (“Маңғыстау”) атты еңбегi. Мұнда автор түбектiң тектоникасы, стратиграфиясы туралы белгiлi болған барлық деректердi тұжырымдады. 1865— 79 ж. И.В. Мушкетов пен Г.Д. Романовский Арал маңын, Қаратауды, Тянь-Шаньның солт-н, Балқаштың оңт-н, Тарбағатайды зерттеп, Түркiстан аймағының алғашқы геол. картасын (1881) жасады. Онда бүкiл Оңт. Қазақстан өңiрi камтылды. И.В. Мушкетов Орта Азияның физ. географиясы мен геологиясына арналған “Туркестан” (“Түркiстан”) еңбегiн жазды (1886—1906). Ол сонымен бiрге 1887 ж. Верныйдағы (қазiргi Алматы) зiлзаланың себебiн және зардаптарын зерттедi. 19 ғ-дың 90-жылдарында Сiбiр темір жолын салуға байланысты Солтүстік Қазақстанда көрнектi геолог К.И. Богдановичтiң жалпы басшылығымен бiрнеше экспедициялық зерттеу жүргiзiлдi. Осының нәтижесiнде Солт. және Орт. Қазақстанның геологиялық құрылысының негiзгi сипаты анықталып, бiрнеше көмiр кен орындары (Екiбастұз, т.б.) ашылды. А.Н. Замятин, Н.Н. Тихонович және С.И. Мироновтың зерттеулерi нәтижесiнде Ембi мұнайлы өңiрiнiң стратиграфиясы мен тектоникасының жалпы сұлбасы жасалды, мұнайдың жер асты тұз күмбездерiмен байланыстылығы анықталды. Қоныстандыру басқармасының Н.Г. Кассин, А.А. Козырев, П.В. Матвеев басқарған экспедициялары Қазақстанның бiрқатар аудандарының жер асты сулары туралы тұңғыш мәлiметтер бердi. Геология, топырақтану, ботаника, т.б. экспедициялар өз жүмыстарына қосымша Қазақстанның жер бедерi және оның ерекшелiктерiнiң жалпы сипаттамасы туралы зерттеулер жүргiздi. Мыс., Мушкетов өзiнiң геол. зерттеулерiнiң нәтижесiнде Тянь-Шаньның қазiргi жер бедерiнiң қалыптасу заңдылықтарын ашты және орогр. құрылысының негiзгi белгiлерiн анықтады. Оның Арал Қарақұмында жүргiзген бақылаулары Қазақстан мен Орта Азиядағы қуаң өңiрлер жер бетiнiң өзгеруiне эолдық факторлардың күштi әсер тигiзгенiн дәлелдедi. Д.Л. Иванов Батыс Тянь- Шаньнның iрi масштабты гипсометриялық картасын жасады. М.В. Баярунас Маңғыстаудың оңт-не жүргiзген геол. зерттеулерi кезiнде қосымша геоморфол. бақылаулар жүргiзiп, Қарақия, Қауынды, т.б. тұйық ойыстарға жан-жақты географиялық сипаттама бердi. Санаулы ғана арнаулы геоморфологиялық зерттеу жұмыстарының iшiнде Л.С. Бергтiң еңбегi ерекше. Ол алғашқы болып Солт. Арал шөлдерiнiң жер бедерi пiшiндерiне геоморфол. сипаттама бердi. 19 ғ-дың 70-жылдарынан Қазақстан аумағында метеорол. бақылаулар жүргiзiлдi, бiрақ мұнда метеорол. ст-лардың саны өте аз болды және аумақ бойынша орналасуы бiркелкi болмады. 1898 — 99 ж. Берг, П.Г. Игнатьев және В.Д. Елпатьевский Орыс Географиялық қоғамының Бат. Сiбiр бөлiмшесiнiң тапсырмасымен Солт. және Орт. Қазақстанның iрi көлдерiне зерттеу жүргiздi. 1899 — 1902 ж. аралығында Берг Арал теңізінiң гидрологиясын зерттедi. Нәтижесiнде Арал т. туралы бұрынғы түсiнiктер түбiрiмен өзгертiлдi. Бұрын бүкiл Тұран ойпатын жауып, шығыста Балқаш к-не дейiн созылып жатқан бiртұтас Арал — Каспий алабы болды деген ұғым терiске шығарылды. Өз зерттеулерiнiң нәтижесiн Берг “Аральское море” (“Арал теңiзi”) монографиясында (1908) қорытындылады. Бұл еңбек өз деректерiнiң нақтылығымен, ғыл. қорытындыларының маңыздылығымен бүгiнгiкүнге дейiн маңызын жойған жоқ. Осыдан кейiнгi жылдары Берг Балқаш көлін жан-жақты зерттедi. 20 ғ-дың басында қазiргi Қазақстан жерiнде топырақтану зерттеулерi етек жайды. Қоныстандыру басқармасы ұйымдастырған экспедицияларға топырақ зерттеушiлер С.С. Неуструев, Л.И. Прасолов, А.И. Безсонов, т.б. басшылық еттi. Қазақстанның өсiмдiгiн зерттеуге ботаник және географ А.Н. Краснов үлкен еңбек сiңiрдi. Оның экспедициясы Алтайды, Каспий ойпатын, Шу-Iле тауларын, Iле өзені алабын, Iле Алатауын қамтыды. Ол алғашқылардың бiрi болып Тұран шөлiн жiктеп, онда шөлдiң саздақты, құмайтты, тастақты, сортаң түрлерiнiң бар екендiгiн анықтады. Геоботан. зерттеулердiң iшiнде В.В. Сапожников Тянь- Шаньда, Жетiсу Алатауында, Алтайда ботан. және геогр. зерттеулер жүргiздi. Ол бұл тау жүйелерiндегi өсiмдiктердiң таралуының бiрқатар заңдылықтарын ашты. В.М. Савич Бат. Қазақстанда жүргiзген геоботаникалық зерттеу нәтижелерiне сүйенiп, шөл және дала белдемiнiң ауыспалы сипатта екендiгi туралы пiкiр айтты. 1908 жылғы Торғай экспедициясынан бастап И.М. Крашенинников 30 жыл бойы Қазақстанды геоботан. тұрғыдан зерттедi. Ол өз еңбектерiнде, әсiресе, өсiмдiк ассоциациясының жер бедерiмен және топырақпен өзара қатынасын терең талдады. 19 ғ-дың соңы — 20 ғ-дың басында Қазақстан фаунасын зерттеуге көңiл бөлiне бастады. Iрi зоологиялық зерттеулердi Арал — Каспий экспедициялары жүргiздi. Жаратылыс зерттеушiлердiң Петербург қоғамы өлкенiң жаратылыс тарихын анықтау мақсатында экспедиция ұйымдастырды және Каспий мен Арал теңіздерiнiң фаунасын зерттеуде бай материал жинақтады. Экспедицияның ихтиол. коллекциясын зерттеу нәтижелерiне сүйенiп, К.Ф. Кесслер жаңа геологиялық уақытта Каспий мен Арал т-дерi арасында болған байланыстылық туралы пiкiрге алғашқылардың бiрi болып өз күмәнiн айтты. Северцовтың, А.М. Никольскийдiң зерттеулерi геогр. тұрғыда жүргiзiлуiмен ерекшеленедi. Северцов “Вертикальное и горизонтальное распределение туркестанских животных” (“Түркiстан жануарларының таулы және жазық өңiрде таралуы”) деген күрделi еңбегiнде (1873) Орта Азияны геогр. аудандастырудың негiзiн қалады (Оңт. Қазақстанды қоса). Қазақстанның орнитофаунасын алғаш талдап зерттеушiлер: Н.А. Зарудный, П.П. Сушкин, В.Н. Бостанжогло. Бұл ғалымдар өздерiнiң тiкелей бақылаулары мен бұрынғы мәлiметтердi пайдаланып Қазақстан аумағында кұстардың географиялық таралуын жете түсiндiрдi. Сондай-ақ, олардың еңбектерiнде Қазақстанның жазық бөлiгiн аудандастыру мәселесi қамтылған. Северцов, Краснов, Берг, Неуструев, Крашенинниковтың еңбектерiнде табиғат кешендерiнiң әр түрлi құраушылары аралығындағы байланыстылық талданып, физ.-геогр. заңдылық тұжырымдалып, табиғи аудандастыру мәселелерi көтерiлдi. Қазақстан аумағының қазiргi физ.-геогр. бөлiнуiнiң негiзi Бергтiң “Опыт разделения Сибири и Туркестана на ландшафтные и морфологические области” (“Сiбiр мен Түркiстанды ландшафтық және морфол. аймақтарға бөлу тәжiрибесi”) мақаласында (1913) қаланды. Осыжұмысында Берг нақтылы деректер негiзiнде Қазақстан аумағын ландшафтылық белдемге және морфол. облыстарға бөлдi. Бергтiң аудандастыру туралы еңбегiнiң Қазақстан аумағы үшiн қазiрге дейiн ғыл. маңызы күштi. Қазақстан жерiнiң кеңестiк дәуiрде зерттелуi Қазақстанның өндiргiш күштерiн соц. негiзде дамыту мәселелерiмен тiкелей байланыстырылды. Өнеркәсiп пен а. ш-ның дамуы табиғи қорлардың зерттелуiмен ұштастырылды. Әрбiр iрi құрылысқа байланысты геогр. ортаның элементтерi — жер қойнауы, топырақ қабаттары, су қорлары, климаты, т.б. зерттеле басталды. Кен байлықтарын табу және оларды игеру мақсатында геол. барлау кеңiнен етек алды. Топырақ және өсiмдiк түрлерiн зерттеу экспедицияларының жұмысы жандандырылды. Жаңа қалалар мен елдi мекендердiң пайда болуына және одан әрi дамуына байланысты Қазақстанның көпшiлiк бөлiгiнiң климаттық жағдайы зерттелдi, су қорларын iздеу жұмыстары кең көлемде жүргiзiлдi. Дегенмен, республика жерiнiң геогр. зерттелу барысы әр кезеңде әр түрлi болды. Бұл жағдай ең алдымен республикадағы табиғи ресурстардың игерiлу қарқынына, ғыл. мекемелердiң жұмыс көлемiне байланысты болды. Осы шаралардың барлығын жүзеге асыру үшiн Қазақстан аумағы геогр. жағынан жан-жақты зерттеле бастады. Зерттеу, әсiресе, 20 ғ-дың     

                20-жылдарының ортасында елiмiзде халық шаруашылығын қайта құру және соц. экономиканың негiзiн қалау кезеңiнде кең өрiс алды. Жеке облыс аумағын жүйелi және жан-жақты зерттейтiн ғыл. экспедициялар ұйымдастырыла бастады. Минералдық шикiзаттардың кеңiнен iздестiрiле барлануына байланысты Қазақстан жерiн зерттеушi ин-ттардың, геол. партиялардың және трестердiң (Сiбiр к-тi, Орт. геол. ин-ттың Сiбiр бөлiмi, Алтай полиметалл, Атбасар полиметалл және Қазақ геол. барлау трестерi, Ауыр өнеркәсiп халкомының Қазақ геология-гидрогеол. басқармасы, т.б.) саны көбейе түстi. 1926 ж. КСРО ҒА жанында құрылған одақтас және автон. республикаларды зерттеушi арнаулы комитет Қазақстанның жер қойнауын зерттеу жұмысын қолға алды. 1933 ж. Қазақ гидрометеорол. басқармасы ұйымдастырылды. 1932 ж. КСРО ҒА-нда Қазақстанның өндiргiш күштерiн зерттеуге арналған конференция өттi. Бұл жағдай республикада жүргiзiлген көптеген зерттеу жұмыстарының бастамасы болды. Сол жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды (1939 ж. КСРО ҒА-ның бөлiмшесiне айналды). Геол. зерттеулердiң басты мақсаты — елiмiздiң өнеркәсiбiне аса қажет кен орындарын табу және оларды барлау болды. Бұл бағытта В.К. Котульский (Алтайда), В.П. Нехорошев, Н.Н. Горностаев, А.К. Мейстер (Шығ. Қазақстанда), М.П. Русаков, Н.Г. Кассин, Д.С. Коржинский (Орт. Қазақстанда). Замятин (Жем алабында), т.б. еңбек еттi. Кен орындарының өнеркәсiптiк маңызын анықтай түсу үшiн Әулиеата уезiнде, Мұғалжарда, Қызылқұмда (И.П. Герасимов, П.К. Чихачев), Солт.-Шығыс Қазақстанда (А.А. Козырев), Орт. Қазақстанда (Қ.Сәтбаев) геол. зерттеулер iске асырылды. Геоморфол. байқаулар Үстiртте (Н.Л.Благовидов), Каспий ойпатында (Герасимов) жүргiзiлдi. Н.А. Копыловтың 1927 ж. шыққан “Материалы по гипсометрии Казахстана” (“Қазақстан гипсометриясы бойынша деректер”) кiтабында Қазақстан геоморфологиясы туралы алғашқы маңызды мағлұматтар берiлдi. Оңт. Қазақстан облыстарының климатын зерттеуде Түркiстан метеорол. ин- ты елеулi үлес қосты. Түркiстан (1924) және Қазақстанның (1925) климаттық жағдайлары туралы еңбектер жарық көрдi. Республика аумағын климаттық аудандастыру алғашқы қадамы [1927 ж. шыққан М.Д. Пономарев пен В.Н. Барсуктың “Климатический очерк Казахстана” (“Қазақстанның климаттық очеркi”) еңбегi] жасалды. Қазақстандағы алғашқы гидрол. кешендi зерттеу жұмысы ретiнде М.М. Давыдовтың (1925) және Б.X. Шлегельдiң (1926) еңбектерiн атауға болады. Бұлар Оңт. Қазақстан өңiрiнiң су шаруашылығы жағдайын сипаттады. КСРО ҒА-ның басшылығымен Қазақстан гидрографиясының жоспарлы зерттелуi жолға қойылды, осы мақсатпен республиканың батыс бөлiгiне бiрнеше экспедициялар шықты. Бұлардың материалы бойынша 1928 ж. П.Н. Лебедевтiң “Краткий гидрографический очерк Казахстана” (“Қазақстанның қысқаша гидрографиялық очеркi”) және “Гидрометеорологический очерк Казахстана” (“Қазақстанның гидрометеорологиялық очеркi”) еңбектерiн баспадан шығарды. Шу, Талас, Сырдария өзендерiнiң төм. ағысындағы көлдер зерттелдi. КСРО Геогр. коғамының Верный және Түркiстан бөлiмдерi Кiшi және Үлкен Алматы өзендерiмен өтетiн лай тасқындардың себебiн анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра бастады. Қоныстандыруға және жер қорын есепке алуға байланысты Қазақстан өңiрлерiнiң топырағын зерттеу кең өрiс алды. Республика аумағы топырақ жамылғысының алғашқы сипаттамаларын Р.И. Аболин (1922), К.Д. Глинка (1923) және Л.И. Прасолов (1925) бердi. Олардың жұмыстарында топырақ-өсiмдiк белдемдерiнiң сұлбасы жасалып жiктелдi. Қостанай (В.И. Баранов), Орал (И.И. Фелимонов, И.В. Ларин), Ақтөбе (М.И. Рожанец) және Жетiсу (А.Мухли) облыстарының аумағына экспедициялар шықты. КСРО ҒА-ның экспедициялары құрамында Герасимов Үстiрттiң, Неуструев Каспий ойпатының топырақ жамылғысын зерттедi. Әсiресе, Герасимовтың еңбектерiнде (1928—30) бұл өңiрлердiң топырақ қабаттарының қалыптасу жағдайлары және бұған байланысты өңiрдi физ.-геогр. аудандастыру жөнiнде құнды деректер берiлдi. Геоботан. зерттеулердiң де өзiндiк қолданбалық мақсаты белгiлендi. Бұлардың алдына жайылымды, шабындықты және жыртуға жарамды жердi анықтау әрi оларға сипаттама беру мiндетi қойылды. Алғашқы жылдары геоботан. жұмыстың көпшiлiгi Бат. Қазақстанда жүргiзiлдi (И.В. Ларин). КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы құрамындағы топырақ-ботаника отряды бұл өңiрдiң өсiмдiгiн зерттеуге елеулi үлес қосты. Республиканың Жер Халкомы Семей және Павлодар обл-тарына экспедициялар жiбердi. Бұл саладағы зерттеудiң алғашқыжиынтық қорытындыларын (1923—25) Крашенинников жариялады. Ол өз еңбегiнде өсiмдiк жамылғысы географиясын түсiндiруге генетик. принциптi пайдалануды және физ.-геогр. аудандастырудың алғашқы сұлбасын ұсынды. Осы кезеңде республика фаунасын зерттеуде Д.Н. Кашкаров, В.Н. Шнитников, Б.С. Виноградов, т.б. елеулi үлес қосты. Өндiрiстi тиiмдi де дұрыс орналастырудың маңыздылығы экономиканы қайта құру жоспарын жасау кезiнде айқындала түстi. Алғашқы бесжылдық (1929—32) жоспарларында Қазақстанда өнеркәсiп және а. ш-ның барлық салаларының тех. базаларын жасау қарастырылды; ол үшiн республикадағы геогр. зерттеулердi кеңiнен және жан-жақты жүргiзу керек болды. Бұл кезеңде (1928— 40) экспедициялық зерттеулер кең етек алды. Республикада тұрақты ғыл.-зерт. мекемелерiнiң және жергiлiктi ғыл. кадрлардың көбеюiнiң нәтижесiнде Қазақстан жерiнде тұрақты бақылаулар жүргiзу жолға қойылды. Геол. барлау жұмыстары түстi және сирек металдар, көмiр, т.б. кен байлықтарының қоры жөнiнен Кеңес Одағы бойынша Қазақстанды жетекшi орындардың бiрiне шығарды. Алтайдың, Орт. Қазақстанның кентастық кен орындарын және Тянь-Шань, Жетiсу (Жоңғар) Алатауы, Арал маңы, Мұғалжар тауы, т.б. өңiрлердiң геол. құрылысын зерттеу қарқынды түрде жүргiзiлдi. Климаттық және гидрол. жұмыстар метеорол. және гидрометеорол. ст- лардың көбеюiне негiзделе жүргiзiлдi. Су қорларын зерттеу өрiстедi. Өндiрiс қажеттерiн өтеу және салынуға тиiстi гидротех. құрылыстардың геогр. жағдайларын анықтау үшiн кейбiр жеке алаптарға кешендi зерттеулер жүргiзiлдi. Бұлардың нәтижесiнде И.И. Фелимоновтың Жайық-Көшiм каналы, Орт. Қазақстанды суландыру перспективасы, Б.К. Терлецкийдiң Балқаш-Алакөл алабы жөнiнде, Солт. және Орт. Қазақстан туралы “КСРО су қорларының анықтамасы” жинағының 13-томы, т.б. еңбектерi жарық көрдi. Арал т. мен Балқаш к-н жаңадан зерттеу басталды. Iле Алатауына Н.Н. Пальгов гляциол. бақылаулар жүргiздi. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында (1941—45) жалпы геогр. зерттеулер бiршама қысқарды, негiзiнен майдан мен тыл мұқтажын өтеу ғана ескерiлдi. КСРО ҒА-ның Геогр. ин-тының көпшiлiк қызметкерлерi Алматыға көшiрiлiп, Топырақ тану және Ботаника ин-ттарымен және басқа жергiлiктi ғалымдармен бiрлесе отырып, а. ш-н өркендетудiң қорларын табу және зерттеумен шұғылданды. Дәл геоморфол. карталар жасалды, су және топырақ жамылғысының қорлары түбегейлi зерттелдi. Солардың нәтижесiнде жердi тиiмдi пайдалануға нақты ұсыныстар берiлдi. Республика алғашқы рет табиғи мал азығының қоры бойынша аудандастырылды (Л.Г. Соболев), геоморфология бойынша (И.П. Герасимов), агроклиматологиядан (П.Н. Колосков) iрi қорытындылар шығарылды, топырақты зерттеудiң геохим. тәсiлi жасалды (М.А. Глазовская), су ш. қажетiн өтеуге катысты табиғат жағдайларының бiрнеше карталары (Б.А. Федорович, С.Л. Кушев) құрастырылды. Бұл материалдарды қорытындылай келе А.А. Григорьев өзiнiң Қазақстан табиғаты туралы очерктерiнжариялады. Осы жылдары КСРО ҒА Қазақ бөлiмшесiнiң Геогр. секторын белгiлi ғалым Н.Н. Баранский басқарды. Ол республика экономикасын мамандандыруды жетiлдiре түсу мақсатында Қазақстанды 5 экон. ауданға бөлдi. Соғыстан кейiнгi жылдары (1945 жылдан бастап) Қазақстандағы геогр. зерттеулерге баса көңiл бөлiндi. Халық ш-н қалпына келтiру және одан әрi дамыту үшiн табиғи ресурстарды көптеп табу және оларды шұғыл шаруашылыққа пайдалану керек болды. 1946 ж. ҚазКСР ҒА құрылды. Оның кұрамында бiрнеше экспедициялар ұйымдастырылып, Арал т-ндегi Барсакелмес аралының, Балқаш к-нiң оңт-ндегi шөлдiң, Жетiсудың геогр. жағдайлары зерттелдi. Республика аумағын физ.-геогр. аудандастырудың алғашқы сұлбасы құрастырылды (Н.Г. Рыбин, 1948). Бұрынғы жүргiзiлген зерттеу материалдары негiзiнде республика табиғатының басты кешендерiне тұжырымды сипаттама берiлген “Қазақстанның физика- географиялық очерктерi” (1952) жарыққа шықты. Қазақ КСР ҒА-ның Геогр. ин-ты Қазақстан табиғатын зерттеудi одан әрi жалғастыра бердi, “Қазақстан. Физика-географиялық сипаттама” (1950) жинақ кiтабын шығарды. КСРО ҒА-ның өндiргiш күштердi зерттеу кеңесi игерiлуге тиiстi жаңа аудандарда кешендi экспедициялық зерттеулер ұйымдастырды. Осы мақсатпен Торғайдың шикiзат қоры, Солт. және Орт. Қазақстанның минералдық шикiзат, гидроэнергет. және ормандық қорларын зерттедi. Тянь-Шаньда биiк таулық физ.-геогр. ст. құрылды. Республика жерiн геоморфол. зерттеу, әсiресе геоморфол. картаға түсiру iсi өрiстедi. Жер қойнауын зерттеу тәсiлдерiнiң бiрi — геол. картаға түсiру жалпы зерттеу процестерiнiң құрамына енгiзiлдi. Сөйтiп геоморфол. карта табиғи аудандастыру мен ландшафтын зерттеудiң негiзiне айналды. Суландыру, орман алқаптарын отырғызу, тың және тыңайған жердi игеру шараларына байланысты республиканың жеке аудандарының микроклиматы және жылу балансы зерттелдi. Аңызақ жел, атмосф. қуаңшылық, жел эрозиясы, топырақ борау, топырақ бетiнiң тоңдануы сияқты құбылыстар және климаттың өзгеру заңдылықтары зерттелдi. Осы зерттеулердiң деректерi негiзiнде “Қазақстан климаты” (1959) атты жинақ шықты. Гидрол. зерттеулердiң iшiнде республика көлдерiнiң жете тексерiлгенiн аңғаруға болады. Бұл жұмысты кейiннен КСРО ҒА-ның Көлтану ин-тына айналған көлтану лаб. мен Қазақ КСР ҒА-ның геогр. секторының қызметкерлерi бiрлесе жүргiздi. Зерттеу жиынтығын А.В. Шнитников қорытындылады. Көлдердiң физ.-геогр. жағдайымен қоса олардың гидробиол. және экон. жақтары да зерттелдi. Көлдердiң жалпы кадастры құрастырылды. Жер бетi суы қорларын зерттеу нәтижелерi тың және тыңайған жерлердi игеруге байланысты бiршама толықтырылды. Бiрнеше iрi гидрол. кешендiк зерттеулер жүзеге асырылды және бұлардың деректерi “Ресурсы поверхностных вод районов освоения целинных и залежных земель” (“Тың және тыңайған жердi өңiрлерiнiң беткi ағын қоры”), “Ресурсы поверхностных вод СССР” (“КСРО жер бетi ағынының қоры”) жинақтарына енгiзiлдi.Топырақ жамылғысын зерттеген әр саланың ғыл. және өндiрiстiк мекемелердiң қорытындылары көп томдық “Почвы Казахской ССР” (“Қазақ КСР- iнiң топырағы”) басылымында және бiрнеше жалпы шолулық карталарда жарияланды. Геоботаника және зоогеография зерттеулердiң жиынтық деректерi жарық көрдi. Экономикалық география саласында Қазақстанның табиғатын, халқын, экономикасын және мәдениетiн бейнелейтiн кешендiк еңбектер (И.Т. Тәжиев, М.Ш. Ярмұхамедов, К.Б. Ахмедова, т.б.), өндiргiш күштердi тиiмдi орналастыруға, экон. аудандастыруға және экон. аудандарды мамандандыруға, аумақтық-өндiрiстiк кешендердiң қалыптасу мәселелерiне, еңбек және табиғи қорларға баға беруге арналған жұмыстар (В.А. Адамчук, Б.Я. Двоскин, Е.Н. Гладышева, С.Әбдiрахманов, т.б.) жарық көрдi. Республика жерiн жан-жақты зерттеу нәтижесiнде Қазақстанның және оның жеке аймақтарының кешендiк атластары құрастырылды. Тың өлкесiнiң, Қарағанды, Қостанай, Солт. Қазақстан облыстарының бiрнеше ландшафтылық карталары шықты. Ландшафтылық зерттеулердiң кеңiнен етек алуына ландшафт танушы ғалымдардың бүкiлодақтық 6-кеңесiнiң (1963) Алматыда өтуi әсер еттi. Арал маңы мен Жезқазған өңiрiнiң, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау обл-тарының ландшафтылық жағдайы зерттелдi.

       

      Бекіту сұрақтары:

      1.      Қазақстан территориясының зерттелу тарихы неше кезеңге бөлінеді?

      2.      ХVIII ғасырдың 30 жылдарынан ХIХ ғасырдың  60 жылдарына дейінгі Қазақстан табиғатының зерттелуі нешінші кезеңге сәйкес келеді?

      3.      Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпалары туралы жазылған «Музалар» деген еңбектің авторы?

      4.      Птоломейдің қазақ жері туралы мәліметтер берген еңбегі қалай аталады?

      5.      Каспий теңізіне  Бекович – Черкасский басқарған экспедиция қай уақытта экспедиция қай уақытта зерттеу жүргізді?

      6.      Каспийдің шығыс жағалауын сипаттап теңіздің картасы қай жылы жасалды?

      7.      Қазақстан географиясы туралы алғашқы еңбек «Орынбор топографиясының» авторы кім?

      8.      Үстірттің геологиялық құрылысы туралы еңбек жазған ғалым?

      9.      Алтай мен Каспий маңы далаларына  саяхат жасап,  «Орта Азия» деген еңбекті жазған неміс географы кім?

      10.  ХХ ғасырдың 2-жартысына дейін негізінен Қазақстанның қандай территориялары зерттелді?

      11.  Табиғат құбылыстарын аймақтарға аудандастырудың кешенді әдісін  жасаған ғалым?

      12.  Жетісу мен Тянь-Шань табиғатына ғылыми сипаттама беріп, Балқаш пен Алакөлдің жаратылысындағы ұқсастықтарды дәлелдеген ғалым?

      13.  Қазақстан территориясын зерттеген ғалымдардың еңбегіндегі дұрыс көрсетілмеген нұсқаны тап.

      14.  Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында табиғатты зерттеумен негізінен Орыс географиялық қоғамының бөлімдері шұғылданды, ал Қазақстанды зерттеу қоғамы қашан құрылған?

      15.  Іле Алатауындағы жануарлардың таралуының биіктік схемасын жасаған зерттеуші?

      16.  Әл Фарабидің туған қаласы Отырар Қазақстанның қай облыстың территориясында  орналасқан?

      17.  Балқаш көлінің батыс бөлігінің суы тұщы, ал шығыс бөлігінің  суының ащы екендігін қай ғалымдар қай жылы анықтаған?

      18.  Арал теңізін зерттеген ғалымдар тобын көрсет.

      19.  Бірінші рет Қаратаудың Тянь-Шаньға жататындығын  дәлелдеген ғалым?

      20.  Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіндегі зерттелулері үшін география қоғамының жоғары сыйлығын алған ғалым?

      Әдебиеттер:  Қазақ энциклопедиясы 5,7 том

       

       

       

       

       

       

       


  • 16 September - 22 September

    • Мақсаты: Қазақстанның тектоникалық-геологиялық даму этаптарына тоқталып, қатпарлы және платформалық облыстарын қарастыру.

       

      Дәріс  мазмұны:

      1. Қазақстанның даму этаптары.

      2.  Осы заманғы табиғатының қалыптасуындағы неоген-төрттік дәуірдің ролі.

      3. Тектоникалық аудандастыру.

       

                  Жердің даму тарихы ғаламшарлық және геологиялық даму кезеңі деп бөлінеді. ғаламшарлық даму кезеңі оның алғаш планета болып қалыптасуынан бастап жер қыртысының құрылуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Жер қыртысының алғашқы нышандары пайда бола бастағаннан жердің геологиялық даму кезеңі басталады. Осы аралықта тау жыныстары түзіледі. Жердің жасын және оның геологиялық даму тарихын анықтау үшін салыстырмалы және абсолюттік есептеу әдістерін пайдаланады. Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтауда шөгінді тау жыныстарын құрайтын қабаттарының ретті орналасу заңдылығына сүйенеді. Бұл заңдылық бойынша, тау жыныстарының бұзылмаған қабаттарының жоғарғысы төменгісімен салыстырғанда жасырақ болады. Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтау ісі ғалымдар жиырмасыншы ғасыр басында радиоактивті элементтердің ыдырау заңын ашқаннан кейін басталды. Әр элемент әр түрлі, бірақ тұрақты жылдамдықпен ыдырайтынын ғалымдар дәлелдеген. Радиоактивті ыдырау нәтижесінде уақыт өткен сайын радиоактивті алғашқы элементтердің атомдары азайып, одан ыдырамайтын тұрақты атомдар мөлшері көбейе берді. Радиологиялық әдістерді қолдану нәтижесінде жер қабаттарын құрайтын көптеген тау жыныстарының жасын анықтауға мүмкіндік туды. Геохронологиялық жержылнамалық кесте 1900 жылы Дүниежүзілік геологиялық конгресте бекітілді. Жер қыртысының даму тарихындағы ұзақ кезеңдерге топтастырылған эралар. Жер қыртысы бес эраға бөлінді: архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой.  Кезең атаулары шөгінді жыныстардың алғашқы табылған жерлеріне, халық атына, жыныс құрамына қарай аталды. Хронологиялық кесте жүйелерін ажырата білу үшін шартты белгілер қабылданған. Геологиялық карта индекстері, оның латынша аттарының алғашқы әріптері арқылы белгіленеді.

              Геологиялық даму барысында Қазақстан жерін су басып, кейіннен теңіз табаны құрлыққа айналған. Соның нәтижесінде теңіз бен құрлықтың табиғат жағдайлары өзгерген. Палеозойға дейін республика аумағын тұтас су басып жатқан геосинклинальды аймақ болды. Батысында ғана жер қыртысының тынышталып тұрған бөлігі Шығыс Европа платформасының шағын аймағы қалыптасты. Палеозой басынан біртіндеп төмен иіліп, бетін теңіз cу басты. Теңіз түбіне жиналған шөгінділер платформаның қазіргі шөгінді жамылғысын құрайды. Палеозой эрасында екі рет тау түзілістері болды: каледондық және герциндік.Каледондық тау түзілісі кезінде таулар қалыптаса бастады. Күшті тектоникалық қозғалыстар әсерінен геосинклиналь орнына Сарыарқаның солтүстік батысы мен Тянь-Шань солтүстігіндегі тау жүйелері қалыптасты. Герциндік тау түзілісі кезінде Алтай, Жоңғар Алатауы, Сарыарқаның солтүстік батысы, Мұғалжар өңірлері қалыптасты. Осы кезде Сібір платформасы көтеріле бастады. Мезозой эрасында теңіз тек Батыс Қазақстанды басып жатқан. Шығанақтар пайда болып, теңіз Сарыарқаға дейінгі аралықты қамтып жатты. Бұл эра жер қыртысының салыстырмалы тыныш кезеңі болып саналады. Кайнозой эрасының неоген дәуірінде теңіз суы тартылуы нәтижесінде Қазақстан бірте құрлыққа айналды. Альпілік тау түзілісі кезінде жер қыртысында жарықтар пайда болып, қатпарлы аймақтар төмендеп, көтеріліп отырған. Осы қозғалыстар нәтижесінде қатпарлы-жақпарлы биік таулы жүйелер қалыптасты. Қазақстанда мынадай геотектоникалық құрылымды аймақтар ажыратылады: платформалар өте ескі - Шығыс Европа, Батыс Сібір, Тұран және қатпарлы облыстар - Тянь-Шань, Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Мұғалжар, Сарыарқа.

               Палеозойға дейінге жыныстар ең ежелгі кезеңдерде қалыптасты. Ол күшті үгілу нәтижесінде таулы аудандардың таулы қырқаларында жер бетіне шығып жатты. Кристалды тақтатас пен гнейстердің жер бетіне шығыпжатқан жерлері Солтүстік Тянь-Шань жоталарында, Сарыарқа, Ұлытау мен Көкшетауда байқалады.

      Палеозой жыныстары Сарыарқа, Солтүстік Тянь-Шань жоталарында, Тарбағатай, Алтай таулары осы жыныстардан тұрады. Оған әктас, қызғылт құмтас, сазды тақтатас жатады. Мысалы қорғасын, темір, марганец, қалайы кен орындарының пайда болуы палеозойлық жыныстарға байланысты.

              Мезозой жыныстары сирек кездеседі. Олар Маңғыстаудағы Қаратау жотасында, Жем үстіртінде, Іле және Торғай ойыстарында көп таралған.

              Кайнозой жыныстары барлық жерде кездеседі. Олар палеогендік, неогендік және антропогендік болып бөлінеді. Палеогендік шөгінділер Шу, Іле, Зайсан жиектерінде, Үстірт, Арал маңында, Торғай жазығында таралаған. Неогендік шөгінділер қызыл түсті, тығыз қабатты сары саздауыттан тұрады. Олар биік тау бөктерлерінде кездеседі. Антропогендік шөгінділер әр түрлі жолмен пайда болған. Каспий маңы ойпатында, Қарақұм және Торғай үстіртінде теңіздік шөгінділер тараған. Олардан көлдік және теңіздік террасалар мен жағалай бойындағы жазықтар түзілген. Мұздық шөгінділер қазіргі мұз басқан Алтай, Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйелерінің аңғарларында кездеседі.

       

      Бекіту сұрақтары:

      1. Неогеннің аяғында қандай тау түзілісі болды?
      2. Мұғалжар, Сарыарқаның шығыс бөлігі, Тянь-Шаньның батыс жоталары, Жоңғар Алатауы, Сауыр-Тарбағатай, Алтай тауы қандай тектоникалық құрылымға кіреді?
      3. Қазақстанның жас палеозой платформасының  ерекшелігі неде?
      4. Қазақстан территориясының қай жеріне ежелгі кембрийге дейінгі платформа енеді?
      5. Палеозойдың алғашқы жартысында қай тау түзілісі болды?
      6. Қазақстан территориясы палеозойға дейін ...
      7. Девонның басында  теңіз Қазақстанның қандай жерлерінде  ғана қалған?
      8. Қазақстандағы триас кезіндегі ыстық климат ...
      9. Қазақстанда төменгі төрттік дәуірде табиғат ...
      10. Тянь-Шань сырттары қашан түзілген?

      Әдебиеттер:  1. 5-11 бет, 20-21 бет.

       


  • 23 September - 29 September

    • Мақсаты: Қазақстанның тектоникалық-геологиялық даму этаптарына тоқталып, қатпарлы және платформалық облыстарын қарастыру.

       

      Дәріс  мазмұны:

      1. Қазақстанның даму этаптары.

      2.  Ежелгі Шығыс Еуропа платформасының Қазақстандағы бөлігі

      3. Тектоникалық аудандастыру.

       

      Негізгі түсініктер:

      ž    Геосинклиналь - жер қыртысының ұзынынан созылып жатқан тектоникалық қозғалмалы ойпаң үлескісі. Мұнда сейсмикалық процестер күшті байқалады.

      ž    Платформа жазығы - іргетасы қатпарланған қатты жыныстардан түзіліп, жер бедері жазық болып келген тектоникалық тұрақты аймақ.

      ž    Плиталы жазық — шөгінді жамылғысы қалың жазық.

      ž    Синеклиза — жыныс қабаттары ойысты болып келетін аймақ (мысалы, Каспий маңы ойпаты).

      ž    Тектоника - геотектоника жердің қыртысы мен жоғарғы мантиясының (тектоносфера) құрылымдарын ғаламшардың (Жердің) уақыт пен кеңістікке жартылай бағыттала дамуымен байланыстыра зерттейтін ғылым.

      ž    Тектоникалық жарық - жердің ішкі күшіне байланысты жер кыртысының жарылуынан пайда болған жарық.

      ž    Тектоникалық қозғалыс - жердің ішкі күшіне байланысты болатын жер қыртысының қозғалысы.

      Жер кыртысының қозғалысы мен өзгерісін тектоника ғылымы зерттейді. Жер қыртысы қозғалмалы және салыстырмалы түрде тынышталып тұрактаған бөліктерінен тұратынын білесіңдер. Құрылысы, даму тарихы және пайдалы қазбалары жағынан олардың бір-бірінен үлкен айырмасы бар. Қазақстанда төмендегідей негізгігеотпектоникалық құрылымды аймақтарды ажыратады: платформалар (өте ежелгі - Шығыс Еуропаның және жяс Батыс Сібір мен Тұран) және қатпарлы облыстар(Тянь-Шань, Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Мүғалжар, Сарыарқа).

       

      Ежелгі Шығыс Еуропа платформасының Қазақстандағы бөлігі. Республика аумағына көне платформаның оңтүстік-шығыс бөлігі ғана кіреді. Бұл Қазақстанның ежелгі бөлігі, ол архей және ерте протерозойда қалыптасқан. Платформа ауқымында Каспий маңы ойпаты мен Орал алды (Жем) үстірті орналасқан. Платформа екі қабаттан тұрады. Платформаның төменгі қабатын құрайтын кристалдық катты жыныстардан тұрса, оның үстінде палеозой, мезозой және кайнозой шөгінді жыныстары жауып жатыр, оның калыңдығы 22 км-ден асады.

      Жас платформаларҚазақстанда ежелгі платформадан баска жас платформалар (плиталар) да бар (кітаптағы тектоникалық картадан Батыс Сібір және Тұран плиталарын табыңдар). Палеозойда, бұрынғы жазықтардың орнында таулар пайда болған. Ол таулар үгіліп, шайылып, тау жыныстары басқа жаққа тасымалданып, ойыстарды толтырып жазыққа айналған. Осының нәтижесінде жас платформалар қалыптасады. Палеозойдың көне жыныстары жас платформалардың іргетасын кұрайды. Оның бетін кейінгі мезозой мен кайнозойдың шөгінді жыныстары жауып жатыр.

      Қазақстан жеріндегі Батыс Сібір плитасы шөгінділерінің калыңдығы 200-1000 м ғана болады. Түран пли- тасының қүрылысы күрделірек. Оның кейбір жерлерінде шөгінді кабаттардың қалыңдығы 4 км-ге жетеді, ал енді бір жерлерде жер бетіне өте жақын орналасқан.

      Палеозой қатпарлығының аймақтары. Алғашқы кезде бұл аймақтардың даму дәрежесі ұзак уақыт бір деңгейде болып, теңіз суы басып жатқан. Кейін ұлан-байтак теңіз орнында таулар пайда бола бастады.

      Каледон (ерте палеозой) қатпарлы аймағы Сарыарканың солтүстік-батысы мен Тянь-Шаньның солтүстік бөлігін камтыған. Герцин (кейінгі палеозой) қатпарлы аймағына Мүғал- жар, Сарыарканың шығыс бөлігі, Тянь-Шаньның батыс жоталары, Жетісу Алатауы, Сауыр мен Алтай таулары кірген. Бұл аймақтардың негізін құрайтын тау жыныстары көп жерлерде жер бетіне шығып жатады, ал ойыс жерлері мезозой және кайнозойдың борпылдақ жыныстары жауып жатыр.

      Кайнозойлық құрылымдар. Кайнозой эрасында, яғни ең жас альпілік қатпарлықта Балқаш-Алакөл және Жайсан тауаралық ірі қазаншұңқырлары қалыптасты. Олар палеоген, неоген және антропогенкезеңдерінде өзен түбінде түзілген шегінді жыныстардың қалың қабатымен толтырылған. Кейін болған тауқүрылулар тау рельефін «жасартуға» үлкен әсерін тигізді. Каледон және герцин қатпарлықтарындағы көтеріліп үгіліп қираған таулар енді қайта көтерілді. Неоген мен антропогенде дүркін-дүркін жүрген күшті жаңатектоникалық қозғалыстар нәтижесінде Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тауларының қайта жаңғыруы басталды. Тау жасалу қозғалыстары қазір де жүріп жатыр.

      Қазақстан Еуразия материгінің ауқымды бөлігін құрай отырып,  континенттік жер қыртысына тиесілі ең ірі геологиялық-құрылымдық элементтер болып табылатын үш типінің үшеуінің де шет-пұшпақтарын (фрагменттерін) өз ауқымына кіріктіреді. Континенттік қыртыстың бұл ең ірі (бірінші дәрежелі) құрылымдық типтері – «көне платформалар», «қатпарлы белдеулер» және «орогендік белдеулер» деп аталады. Қазақстан аумағындағы көне платформа Шығыс Еуропаның Қазақстандағы шет-пұшпағы – Каспий маңы синеклизасы; эпипалеозойлық Орал–Моңғол қатпарлы белдеуінің шығыс бөлігі түгелімен Қазақстан ауқымында, ал Тянь-Шань және Жонғар Алатаулары мен Алтай таулары әлпілік Әлпі–Гималай жалпыпланеталық жанышталу белдеуі (немесе жерортатеңіздік қатпарлы белдеу) деп аталатын алып қүрылымның шет-пұшпақтары болып табылады.

      Шығыс Еуропа көне платформасы Қазақстан ауқымында. Шығыс Еуропа көне платформасы Қазақстан ауқымында Каспий маңы синеклизасы түрінде көрініс береді. Бұл синеклиза республиканың батыс аймағын қамти отырып, шығысында Орал–Мұғалжар жоталарының батыс жапсарымен шектеледі. Синеклиза көне платформаның Орыс тақтасының құрамдас бөлігі ретінде екі құрылымдық қабаттан – кристалдық іргетастан және платформалық тыстан тұрады. Іргетас архей және протерозой таужыныстарынан тұрады, оның беті өте терең орналасқан. Жоғарғы құрылымдық қабат – платформалық тыс – нашар деформацияланған, яғни көлбей көсілген рифей, палеозой, мезозой және кайнозой шөгінділерінен құралған. Синеклизаның орта тұсында платформалық тыс қатқабатының қалыңдығы 23 км-ге жетеді.

      Орал- Моңғол қатпарлы белдеуі. Бұл белдеу Қазақстан жерінде өзінің батыс бөлігі түрінде көрініс береді. Белдеудің бұл бөлігі батысында Мұғалжар жоталарынан бастап, республикамыздың шығыс мемлекеттік шекарасына дейінгі аралықты алып жатыр. Қазақстан жеріндегі Орал–Моңғол қатпарлы белдеуінің қүрамында бірнеше каледондық және герциндіқ қатпарлы жүйелер дараланады.

      Каледондық қатпарлы жүйелер – Көкшетау–Солтүстік Тянь-Шань, Шыңғыс-Тарбағатай және Алтай-Саян жүйелерінен тұрады. Бұл жүйелер олардың аралықтарында орналасқан герциндік жүйелер арқылы бір-бірінен бөлінген, тек республиканың солтүстігіндегі шағын бөліктері (Майқайын және Баянаул аймақтары) бір-бірімен тікелей жапсарласады.

      Көкшетау – Солтүстік Тянь-Шань каледондық қатпарлы жүйесі республиканың солтүстігінен оңтүстігіне дейін созыла сағаланатын алып жүйе, соның өзінде оның солтүстік және оңтүстік жалғастары Қазақстан аумағынан шығып кетеді (солтүстігінде Ресей Федерациясы жерінде, оңтүстікте Қырғызстан және Қытай жерлеріне). Көкшетау – Солтүстік Тянь- Шань қатпарлы жүйесінің өзіне тән ерекшеліктерінің бірі оның ауқымында докембрийлік орталық массивтер мен блоктардың біршама жиі ұшырасатындығы (Көкшетау, Ұлытау–Қарсақпай докембрийлік орталық массивтері) немесе олардың палеозой жаралымдарының табанында біршама саяз орналасатындығы.

      Шыңғыс–Тарбағатай каледондық қатпарлы жүйесі республиканың шығыс өңірінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созыла сағаланады. Ол герциндік Жоңғар-Балқаш және Зайсан қатпарлы жүйелерінің аралығына орналасқан. Шынғыс–Тарбағатайдың Көкшетау–Солтүстік Тянь- Шань жүйесінен бір айырмашылығы оның ауқымында докембрийлік массивтер мен блоктардың ұшыраспайтындығы.

      Қазақстанның қиыр шығысында каледондық Алтай–Саян қатпарлы жүйесінің шағын ғана шет-пұшпағы көрініс береді (Таулы Алтай ауқымында). Холзун-Шу құрылымдық-формациялық белдемі деп аталатын бұл шағын бөлікше қарқынды қатпарланған кембрийдің, ордовиктің және силурдың терригендік таужыныстарынан құралған. Шағын ғана ашылым түрінде докембрийдің рифейіне тиесілі метаморфталған таужыныстар ұшырасады.

      Герциндік қатпарлы жүйелер. Мұғалжар (Оралдың оңтүстіктегі жалғасы), Жоңғар–Балқаш және Зайсан жүйелері түрінде ошарылады.

      Мұғалжар герциндік қатпарлы жүйесі меридианға бойлас бағытталған созылмалы жүйе. Оның құрылымдық-формациялық белдемдері солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла сағаланатын бірнеше белдемдерден тұрады. Бұл белдемдердің солтүстік жалғасы Ресей Федерациясының жерінде (бұл өңірде ендік бағытта ағатын Жайық өзенінің солтүстігінде) Оңтүстік Орал тауларына ұласады. Мұғалжар жоталарын құрайтын палеозойлық жаралымдар оңтүстікте Туран тақтасының платформалық тыс қабаттарының астына қарай сұғынып кетеді. Созылмалы Мұғалжар герциндік қатпарлы жүйесі батыстан шығысына қарай бір-бірінен терең жарылымдар арқылы оқшауланатын бірнеше құрылымдық-формациялық белдемдерден тұрады, олар: 1) Зілайыр белдемі (нақты Мұғалжар мен Каспий маңы синеклизасының бір-бірінен оқшаулайтын батыстағы шеткі белдем); 2) Сақмар синклинорийі; 3) Ор-Елек антиклинорийі; 4) Жасылтасты синклинорий; 5) Шығыс Мұғалжар антиклинорий; 6) Ырғыз синклинорийі; 7) Орал сырты антиклинорийі. Мұғалжар белдемдерінің палеозойлық кешендері қарқынды қатпарланған, бұл қатпарлық палеозойлық мұхиттық құрылымдардың (Сақмар және Жасылтасты белдемдер) «ашылып-жабылуы» салдарынан туындаған.

      Жоңғар - Балқаш герциндік қатпарлы жүйесі карта бетінде ромб тұрқылас пішінді иемденген. Бұл ромбтың өлшемдері 660х700 км, оның нақ орта тұсында Балқаш көлі орналасқан. Бұл күрделі құрамды жүйе ондаған антиклинорийлер мен синклинорийлердің жиынтығынан құралған, мұндағы палеозойлық кешендер карбон-пермнің үстемеленген мульдаларымен көмкерілген. Жүйе палеозойда өткен қарқынды қозғалыстар нәтижесінде қалыптасқан, мұндай қозғалыстар палеозой эрасының аяқ шенінде толастаған.

      Зайсан герциндік қатпарлы жүйесі де солтүстік-батыстан оңтүстік- шығысқа қарай созыла сағаланатын бірнеше құрылымдық-формациялық белдемдерден тұрады, ол батысында Шыңғыс–Тарбағатай каледондық қатпарлы жүйемен шектеседі, шығыс шекарасы республиканың мемлекеттік шекарасы өңірінде. Кенді Алтайдың бүкіл құрылымдары осы жүйенің ауқымында.

      Эригерциндік тақталар. Эпигерциндік тақталарға Батыс Сібір тақтасының оңтүстік бөлігі және Тұран тақтасы жатады. Батыс Сібір тақтасының Қазақстан жеріндегі оңтүстік бөлігін Ертіс маңы синеклизасы деп атайды, ол батысында Солтүстік Торғай ойысымымен ұштасып кетеді. Солтүстік Торғай ойысымы Тұран тақтасымен ұштасатын Оңтүстік Торғай ойысымынан Қостанай ер тұрқылас құрылымы арқылы оқшауланады; ендік бағытта созылған бұл ер тұрқылас құрылым Арал теңізінің солтүстік шығысында орналасқан, ол Торғай ойысымын қақ бөледі. Ертіс маңы синеклизасы өңірінде платформалық тыс рөлін МZ-KZ шөгінділері құраса, Солтүстік Торғай аймағында осындай тыс қимасына жоғарғы палеозой түзілімдері де кіреді. Платформалық тыс астындағы кристалдық іргетас рөлін Қазақ қалқанына тиесілі палеозойлық қатпарлы жаралымдар атқарады.

      Тұран тақтасы Каспий теңізінің шығыс жағалауларынан бастап Арал теңізі алабына дейін созылған ауқымды аймақ, оның біршама ірі бөлігі Өзбекстан және Түрікменстан жерлерінде. Бұл құрылым ауқымын қазақ жерінде Үстірт үстірті, Маңғыстау өңірі, Арал маңы, Сырдарья өзендерінің төменгі ағыстары кіреді. Тұран тақтасы солтүстігінде және шығысында Оңтүстік Торғай ойысымымен және Шу-Сарысу ойысымен ұштасады. Алайда Тұран тақтасындағы платформалық тыс рөлін MZ-KZ түзілімдері атқарса, Оңтүстік Торғай мен Шу-Сарысу ойысында платформалық тыс қимасына MZ-KZ түзілімдерімен қатар жоғарғы палеозой шөгінділері де кіреді.

      Бекіту сұрақтары:

      1. Неогеннің аяғында қандай тау түзілісі болды?
      2. Мұғалжар, Сарыарқаның шығыс бөлігі, Тянь-Шаньның батыс жоталары, Жоңғар Алатауы, Сауыр-Тарбағатай, Алтай тауы қандай тектоникалық құрылымға кіреді?
      3. Қазақстанның жас палеозой платформасының  ерекшелігі неде?
      4. Қазақстан территориясының қай жеріне ежелгі кембрийге дейінгі платформа енеді?
      5. Палеозойдың алғашқы жартысында қай тау түзілісі болды?
      6. Қазақстан территориясы палеозойға дейін ...
      7. Девонның басында  теңіз Қазақстанның қандай жерлерінде  ғана қалған?
      8. Қазақстандағы триас кезіндегі ыстық климат ...
      9. Қазақстанда төменгі төрттік дәуірде табиғат ...
      10. Тянь-Шань сырттары қашан түзілген?

      Әдебиеттер:  1. 5-11 бет, 20-21 бет.

       

       

       

       


  • 30 September - 6 October

    • Мақсаты: Қазақстанның пайдалы қазбаларының кен орындарымен таныстырып, олардың потенциялдық мүмкіндіктері мен оларды қорғау туралы айту.

       

      Дәріс  мазмұны:

      1. Қазақстанның орографиялық ерекшеліктері.

      2.Рельефтің ерекшелігі оның геологиялық - тектоникалық құрылымы мен байланысы.

      3. Рельефтің генетикалык типтері: тектоникалык - денудациялық.

      4. Денудациялык, аккумулятивті -аккумулятивті денудациялық. Геоморфологиялық аудандастырылуы. Морфомүсіні. Қазіргі кезеңдегі рельефті қалыптастырушы процесстер. 4. Негізгі рельеф түрлері ойпаттарға, үстірттерге, қыраттарға, ойыстарға және тауларға сииаттама беру

      5. Пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтары.

      6. Олардың геологиялық құрылымы.

       

      Негізгі түсініктер:

      Ø Геоморфология – (гректің geo-жер, morfo-пішін, logos-тану) кез-келген жер бедерінің құрылысын, жаралуын, даму тарихын зерттейтін ғылым. Жер бедері негізінен екі күштің эндогендік жəне экзогендік əрекеттестігінен пайда болатын нысана. Геоморфология бірнешеге бөлінеді: жалпы геоморфология жəне аймақтық геоморфология. Аймақтық геоморфология құрлық, мұхит, теңіз немесе т.б. нысандардан тұрады. Геоморфологияның тағы бір саласы қолданбалы геоморфология. Ол жер бедерінің өндіріс жəне шаруашылық жүйесінде қолдануымен шұғылданады.

      Ø Орография (гр. oros – тау, grapho – жазу) – жоталардың, қыраттардың, өзен аңғарларының, қазаншұңкырлар мен бедердің басқа түрлеріңің сырт бейнелерін және өзара орналасуын зерттейтін геоморфология ғылымының бір саласы.

      Ø Жер бедері , рельеф (фр. relіef, лат. relero — көтеремін деген сөзінен шыққан) — жер бетіндегі құрлықтардың, мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы.

      Жер бедері тау, жазықойпаттаулы үстірттөбеқырқааңғаржыра, т.б. болып келеді. Жер бедері эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Әрбір аймақтың бедері оның геологиялық құрылысына, ішкі және сыртқы процестердің біреуінің басым болуына байланысты. Жер бетінің бұдырлылығы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан мөлшеріне (масштабына) қарай Жер бедерін планеталық пішінді (құрлықтар, мұхит табаны) мегапішінді (тау жүйелеріаумақты жазық жерлермұхит ойпаттары), макропішінді (жоталар, тауаралық аңғарлар), мезопішіндер (төбелераңғарларсай-жыралар), микропішіндер (шұқанақтардала бидайықтары) және нанопішіндер (түбіршіктертөбешіктер) деп бөледі. Осы заманғы Жер бедері шамамен бұдан 150 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазіргі кезде бүкіл құрлықтардың 55%-і таулы және 45%-і жазық өлкелер. Жер бедерін геоморфология ғылымы зерттейді.

      2.Қандай кеңістікте болмасын сол аймақтың өзіне тəн алуан түрлі жер бедері кездеседі. Қазақстанның кең байтақ жазира даласында жер бедерінің атауы өте көп: тау, жота, қырқа, үстірт, қырат, бел, төбе, адыр, т.б.

      Ойпаттар

      Каспий маңы ойпаты солтүстігінде Жалпы Сырт қыраты, шығысында Орал алды үстірті, оңтүстігінде Каспий теңізінің аралығында жатыр. Оңтүстік-шығысында ойпат өзен шөгінділерінің құм, саз жəне тұнба қабаттарынан түзілген. Каспий теңізі жағасындағы ойпат мұхит деңгейінен 27 м төмен жатыр. Теңізден қашықтаған сайын оның биіктігі бірте-бірте көтеріліп, 100 м-ге дейін барады. Каспий маңы ойпатының жалпы жер бедері тегіс. Ол бірнеше рет теңіз табаны болғандықтан, кейде ондаған шақырым бойы көтеріңкі жер көре алмайсың. Ойпатта көбінесе тегіс сазды жазықтар мен құм жондары кездеседі. Ойпатта Нарын, Батпайсағыр, Бозанай, Қосдəулет, Мыңтеке, Тайсойған, Қарақұм құмдары бар. Аумағы жағынан ең үлкені – Жайық өзенінің батысындағы Нарын құмы. Беті ойлы-қырлы құм төбелер жайпақ ойыстармен алмасады. Өсімдіктер өсіп бекіген құм жондарының кей жерлерінде көлдері мен сорлары бар кішігірім тайыз қазаншұңқырлар ұшырасады. Каспий маңы ойпатында күмбез тəрізді қыраттар да кездеседі. Олардың кейбіреулерінің биіктігі 100 м-ге көтеріліп, тегіс жазықтардың арасынан тау сияқтанып көрінеді. Мұнай, гипс, ас тұзы т.б. пайдалы қазбалардың кен орындары ас тұз күмбездерімен тікелей байланысты. Ойпаттың оңтүстік бөлігінде 10-15 м-лік бар төбешіктері кеңінен таралған. Жер бедерінің бұл пішінін ашқан академик К. М. Бэрдің пікірінше, төбешіктер теңіз деңгейінің күрт төмендеуінен пайда болған.

      Тұран ойпаты Орта Азияның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында едəуір жерді алып жатыр. Қазақстанға оның тек солтүстік бөлігі ғана кіреді. Ойпат, негізінен, Орта Азия республикалары жерінде орналасқан. Ойпаттың шеткі жағалаулары теңіз деңгейінен 200 м-ге дейін биіктейді де, ортасындағы ойыс Арал теңізіне қарай төмендейді. Тұран ойпаты көлденең орналасқан көл, теңіз жəне өзендердің шөгінді жыныстарынан (лесс тəрізді саз, саздауыт, құм мен құмайт) түзілген. Тұран ойпаты солтүстікте Торғай қолаты арқылы Батыс Сібір жазығымен жалғасады. Сырдария өзені Тұран ойпатын Қазақстан жерінде солтүстікке жəне оңтүстікке бөледі. Оңтүстігін Қызылқұм, солтүстігін Қарақұм (Арал маңы), Үлкен жəне Кіші Борсық құмдары алып жатыр. Қызылқұмның жер бедерінде құмды төбелер мен қырқалар басым, ара-тұра тақырлар да кездеседі. Өсімдіктер өскеннен кейін құмдар бекіген, əйтсе де кей жерлерде сусыма шағыл түзетін құмдар да бар.

      Жазықтар

      Солтүстік Қазақ жазығы республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысында Орал тауларынан Алтайға дейін созылған ұзынша өңірді қамтиды. Бұл жазықтың жер бедері бірыңғай тегіс. Кей жерлерінде ғана солтүстік-шығыс бағытта 2-8 км-ге созылған 5-15 м-лік аласа жалдар мен жондар бар. Олардың арасында ұсақ көлдер тізбегі таралған. Бір кезде теңіз түбі болғандықтан, горизанталь бағытта орналасқан теңіз шөгінді жыныстарынан (саз, саздауыт, құм) тұрады. Солтүстік Қазақ жазығы оңтүстіктен солтүстікке қарай еңістеу келеді. Оңтүстікте Сарыарқаға тірелген жерінде мұхит деңгейінен 200 м-ге дейін көтеріледі де, солтүстік, солтүстік-шығыс бағытта (Петропавл маңында) 130-140 м-ге дейін төмендейді. Бұл еңістікті өзендердің өте баяу ағуынан да байқауға болады. Солтүстік Қазақ жазығы Ертіс маңы жəне Есіл-Тобыл жазықтары болып екіге бөлінеді.

      Балқаш маңы жазығы – Балқаш көлінің жағында, оңтүстік- 233 шығысында Жетісу Алатауы, оңтүстігінде Іле Алатауы мен батысында Шу-Іле тауларының аралығында жатқан аймақ. Жазықтың құрылысына тəн өзіндік ерекшелігі-өзін қоршап тұрған тауларға қарай 350 м-ден 600-700 м-ге дейін биіктейтіндігінде. Балқаш маңы жазығында көптеген құрғақ арналар (Бақанас) кесіп өтетін құмды шөл Тауқұм, Сарыесік Атырау құмы жəне Бақанас тақырлы, сазды, құмды жазығы созылып жатыр. Балқаш маңы жазығында қырқалар мен бекіген құмды жалдар басым, төбелі құмдар

      Үстірттер

      Торғай үстірті шығыстағы Сарыарқа, батыстағы Мұғалжар жəне Оңтүстік Оралдың аралығында жатыр. Солтүстігі Батыс Сібір жазығына, оңтүстігі Шалқар теңіз ойысына жалғасады, орташа биіктігі 200-300 м. Үстірттің орталығында солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқан ойыс Торғай қолаты бар, оны Торғай бұғазы немесе Торғай қақпасы деп те атайды. Ол Солтүстік Қазақ жазығын Тұран ойпатымен жалғастырады. Бұғаз аталу себебі, ежелгі Арал-Каспий теңіз алабы сол кездегі Солтүстік Қазақ жазығыныңорнындағы теңіз алабымен осы жер арқылы жалғасқан. Торғай үстірті мен Торғай бұғазының көп жері көлденең бағытта орналасқан теңіздік жəне континенттік шөгінділерден (саз, саз кремнийлі мергель, құм) түзілген. Торғай үстірті арқылы Есіл жəне Тобыл өзендері жəне Торғай қолатының шағын өзендері өтеді. Үстірттің тегіс бетінде аласа төбелер, жондар, бұйратты қыраттар, көл-көлшік ойыстар, сайжыралар кездеседі.

       Орал алды (Жем) үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тау аралығында жатыр. Үстірттің орташа биіктігі 100 м-ден 300 м-ге жуық. Ол солтүстік-шығысында біраз биіктейді де, солтүстікке, батысқа жəне оңтүстікке қарай аласарып, төбелі-жонды жазыққа ұласып кетеді. Үстірт кей жерлерінде фосфориттер кездесетін саз, құм шөгінділерінен түзілген. Орал алды үстіртін Жем өзені сағалары мен бірнеше ұсақ өзендер кесіп өтеді.

       Бетпақдала үстірті – шығысында Балқаш көлі, батысында Сарысу жəне оңтүстігінде Шу өзені, солтүстігінде Сарыарқа аралығында жатқан аймақ.

      Қыраттар

      Қазақстан жер бедерінің биігірек үлкен бөлігін қыраттар алып жатыр.

      Үстірт қыраты солтүстік жəне солтүстік-батысында Каспий маңы ойпаты мен батысында Маңғыстау жазығымен шектеседі. Қазақстанға оның солтүстік-батыс бөлігі ғана қарайды.

      Үстірт теңіз деңгейінен биіктігі 200 м-ге жуық биіктік үстіндегі жазық. Қазақстан жеріндегі ең биік тұсы – Мұзбел жоны, биіктігі 340 м. Солтүстік-шығысқа қарай аласара береді. Үстірт саз, құмтас жəне əктасты шөгінді жыныстардан түзілген. Үстірт салыстырмалы биіктігі 150 м-ге дейін жететін тік жарлармен шектеледі. Сондай-ақ бұлар маусымдық су тасқынынан пайда болған құрғақ жыралармен тілімденген.

      Жалпы Сырт – Орал тауы мен Еділ өзені аралығындағы үлкен қырат. Қазақстанға оның қиыр оңтүстік шағын бөлігі ғана кіреді. Жалпы Сырт солтүстік-батыс бағытта жатқан аласа қысқа қатпарлар түзетін əктастан, бордан, т.б. шөгінді жыныстардан түзілген. Қыраттың жер бедері тілімделген, Қазақстанға қарайтын бөлігі тегістеу келеді. Жалпы Сырт арқылы Жайық өзенінің көптеген ұсақ салалары ағады.

       Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы Орталық Қазақстанның көп жерін алып жатыр. Ол батысында Торғай үстірті мен Тұран ойпатына дейін жетіп, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйелерімен, оңтүстігінде Балқаш көлі жəне Бетпақдаламен, солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен шектесетін ұлан-ғайыр аумақты құрайды. Батыстан-шығысқа қарай 1200 км-ге созылған. Батысында ені 900 км-ден астам, ал шығысында 350 км-ге жуық. Сарыарқа – Қазақстан жеріндегі ең ежелгі мүжілген аласа таулы өлке. Орташа биіктігі 500-600 м. Оған миллиондаған жылдар бойы жел менжаңбыр, ыстық пен аяз, қар мен ағын су күшті əсер еткен. Бір кездегі биік таулар сыртқы күштердің əсерінен мүжіліп, алуан түрлі жер бедері қалыптасқан. Аласа таулар, қырқалар, ұсақ шоқылар, жазықтар пайда болды. Сарыарқа орталығы мен шығысында биіктеп келіп, солтүстігінде оңтүстікке жəне батысқа қарай бірте-бірте аласарады. Ол Солтүстік Мұзды мұхит алабы мен ішкі тұйық алаптардың арасындағы суайрық болып саналады. Қазақ қатпарлы өлкесі архей мен протерозойдың гранит, порфирит, кварцит, құмтас жəне тақтатас басым болып келетін ежелгі жыныстарынан түзілген. Сарыарқаның ең биік таулары қатарына шығыс бөлігіндегі Ақсораң (1566 м), Қарқаралы (1403 м), Қызыларай (1565 м), Шыңғыстау (1305 м) таулары, батыс бөлігіндегі Ұлытау (1133 м) жатады. Сарыарқаның Қарқаралы, Баянауыл жəне Көкшетау таулары өте көрікті (23, 24, 25- суретте). Жел мен жаңбырдан мүжілген жартастар өзінің ғажайып пішіндерімен таң қалдырады. Мұнда əдемі «Мұнаралар», «Қорған», «Жеке батыр», «Салт аттыны» жəне көл түбінен көтеріліп тұрған əдемі «Жұмбақтасты» атауға болады. Тау аралықтарында көгілдір мөлдір көлдер жарқырайды. Сыңсыған қарағай мен қайың, əйгілі «Жұмбақтас», «Көкшенің шоқылары» ерекше сұлу болғандықтан, жұрт оны «Қазақстан Швейцариясы» деп атайды. Сарыарқаның көп жерінде түрлі үңгірлер де баршылық.

      Таулар

      Республиканың шығысында Алтай тау жүйесі (Оңт. Алтай мен Кенді Алтай ғана Қазақстан жерінде) созылған. Алтай жер бедерінің құрылысы сатылы келеді; жұмыр жоталары мен тау массивтерінен сеңгір жалдары және тік шыңдары оқшаулана жеке-дара тұрады. Жүйенің орташа биікт. 2500 – 3500 м, биік жері Мұзтау – 4506 м. Бұл шың бейне бір жүйелік торап сынды: одан солт.-батысқа және оңт-ке қарай Алтайдың ірі жоталары тарайды. Алтайдың жағасы – Қалба жотасы Ертістің сол жағалауында жатыр. Алтайдан Зайсан ойысымен бөлінген Тарбағатай тауының Қазақстан жеріне тек батыс бөлігі кіреді, ал шығыс жартысы Қытай аумағында. Бұл жотаның ұз. 300 км-дей, орташа биікт. 2000 – 2200 м, ең биік жері 2992 м. Тарбағатайдың шығыстағы жалғасы Сауыр жотасы (3816 м). Тарбағатай жотасы Алакөл ойысы арқылы Қазақстанның оңт.-шығыс бөлігіндегі ірі тау жүйелерінің бірі – Жетісу (Жоңғар) Алатауына ұласады. Ұз. 450 км, ені 100 – 250 км. Көксу аңғары тау жүйесін 2 жотаға (Солт. және Оңт. Жетісу жоталары) бөледі. Солт. Жетісу жотасының орт. бөлігінде бүкіл тау жүйесінің ең биік жері – Бесбақан шыңы (4464 м) бар. Тау батысқа қарай біртіндеп аласарып, Баянжүрек, Қойтас, т.б. жоталарға тарамдалып кетеді. Оңт. Жетісу жотасы негізінен ірі Тоқсанбай, Мұзтау, Бежінтау, Тышқантау жоталарынан құралады. Жетісу Алатауының басты ерекшеліктері – мұнда терең аңғарлар мен шатқалдар көп, шыңдары үшкір, сеңгір келеді, көпшілік бөлігін мұз басқан. Жетісу Алатауы оңт-нде Іле ойысымен шектеседі. Ойыстың батыс бөлігі Қараой үстіртін қамтиды. Қазақстанның оңт-нде және оңт.-шығысында Тянь-Шань жүйесіне жататын көп жылдық қар мен мұздықтар басқан аса ірі тау жоталары жатыр. Осындағы Хантәңірі шыңынан батысқа және солт-ке қарай Солт. және Орт. Тянь-Шаньннің жоталары тарайды. Хантәңірі шыңы – бүкіл Тянь-Шаньдағы мұзданудың негізгі торабы. Қазақстанның оңт.-шығыс бөлігіне сонымен қатар Теріскей Алатау жотасының шығыс сілемдері, Күнгей Алатаудың шығыс бөлігінің солт. беткейі және Кетпен (Ұзынқара) жотасы кіреді. Солт. Тянь-Шаньннің ірі әрі биік тау жотасы – Іле Алатауы; ұз. 350 км, ең биік жері – Талғар шыңы 4951 м. Жотаның солт. беткейі тік сатылы, жалдары үшкір келеді. Беткейлері терең шатқалдармен және аңғарлармен тілімделген. Іле Алатауы – сейсмик. өңір және мұнда ірі мұздану ошақтары (393 мұздық) көп. Шығысында Шарын шатқалымен шектеліп, батысында Кіндіктас тауына ұласады да, одан солт.-батыста аласа таулы, төбешікті Шу-Іле таулары жалғасады. Қазақстанның оңт-не Қырғыз Алатауының солт. беткейі, ішінара Талас Алатауы, сонымен қатар Қаратау жотасы кіреді. Алдыңғы екеуінің дені Қырғызстанда орналасқан. Ұсақ шоқылы Сарыарқа өз алдына жеке геоморфол. облыс. Ең биік жері – Қызыларай тауындағы Ақсораң шыңы (1565 м). Таулық жер бедеріне осындағы Көкшетау, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы таулары және Шыңғыстау жотасы жатады. Сарыарқаның оңт.-батысы оқшауланған аласа таулы, қырқалы келген кең аумақты шөлді Бетпақдала үстірті орналасқан. Бат. Қазақстандағы Мұғалжар тауы Орал тау жүйесінің тікелей жалғасы саналады және оңт-нде біртіндеп жекелеген қырқалар мен шоқыларға бөлініп кетеді. 

      Пайдалы қазбалар

      —     Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм (өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.

      —     Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.

      —     Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады.

      —     1919—1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геолиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

      ПҚ аты

      Кен орындары

      ПҚ ерекшелігі

      Мұнай, газ

      Эмбі, Доссор, Мақат, Өзен, Жетібай, Қаражамбас, Қаламқас, Теңіз, Кеңқияқ, Жаңажол, Қарашығанақ, Құмкөл

      Жылына 45 млн мұнай, 7,5

      млрд мгаз өндіреді. 14 алап және 207 кен орны бар.

      Көмір

      Қарағанды, Екібастұз, Майкүбі, Торғай.

      10 алабы, 300 кен орны бар. Жалпы көмір қоры 162 млрд т. Көмір қоры 248 жылға жетеді.

      Темір

      Соколов-Сарыбай, Қашар, Әйет, Кентөбе, Қаратас, Атансор.

      1948 ж Сургутанов ашты. 30 м тереңдікте

      Mn

      Атасу, Жезді, Ұлытау, Сарыарқа, Қаратау, Маңғыстау.

      Д\ж 3 орында. Қоры 408 млн

      100 мың т.

      Cr

      Мұғалжар тауы 99%, Кемпірсай, Дөң

      ТМД елдеріндегі 97% ҚР өндіріледі

      Никель

      Мұғалжар тауы, Кемпірсай, Бұрақтал, Аққара, Ақтау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан.

      Al

      Торғай, Ақмола

      ТМД елдері арасында алдыңғы орындарыдың бірін алады.

      Cu

      Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл

      Д\ж ІІ орында,

      ТМД І орында

      Полиметалдар

      Риддер, Зырян, Текелі, Қаратаудағы Ащысай, Мырғалымсай, Қызылеспе, Қасқаайғыр.

      Au

      Алтай, Қалба жотасы, Жітіқара, Степняк, Ақсу, Майқайың

      190 алтын кен орны бар.

      Сирек кездесетін металдар: вольфрам, молибден, ванадий, висмут, сүрме

      Орталық ҚР, Жоңғар Алатауы  мен Алтай.

      Алдыңғы

      қатарда

      Асбест

      Жітіқара, Жезқазған, Бөгетсай, Шу-Іле тауларында, Хантау.

      Фосфорит

      Шолақтау, Ақсай, Жаңатас, Ақтөбе облысы, Жем өзенінің жоғары ағысы.

      Қоры жөнінен д\ж 2 орында.

      Тұз

      Каспий маңы ойпаты

      Құрылыс материалдары: әктас, мергель, бор, мәрмәр, гипс, отқа төзімді саз, кварцты құм, минералды бояулар.

      Бекіту сұрақтары:

      1. Пайдалы қазбалардың қайсысының барланған қоры мен жылдық  өнім мөлшерінен Қазақстан дүние жүзінде 1-орында?
      2. Қазақстан қандай пайдалы қазбаның қоры жөнінен ТМД елдері жөнінен Ресейден кейін 2-орын алады?
      3. Шөгінді жыныстарда көбіне қандай пайдалы қазбалар кездеседі?
      4. Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар тұз күмбезімен байланысты?
      5. Мирабилит немесе глаубер тұзына бай Каспий теңізінің шығанағы?
      6. Төменгі палеозой жыныстары және интрузиялармен қандай пайдалы қазбалардың кен орындары байланысты?
      7. Кайнозой эрасының жыныстары Қазақстанда қалай таралған?
      8. Орта төрттік дәуірде Қазақстан тауларында  қандай өзгерістер  болды?
      9. Қазақстанда хромның дүниежүзілік қорының қанша пайызы орналасқан?
      10. Майкүбі көмір кенорны Қазақстанның қай облысында?
      11. Қазақстан территориясының жер бетінің әртүрлілігін немен түсіндіруге болады?
      12. Қазақстандағы ең төмен жер орналасқан  территория?
      13. Қазақстан территоиясына түгел дерлік  кіретін Тянь-Шань тауының бөлігі?
      14. Сарыарқаның ең биік шыңы?
      15. Қарынжарық ойысы қайда орналасқан, тереңдігі қанша?
      16. Қазақстанның ең биік және ең төмен нүктелерінің айырмасы
      17. Үлкен Боқтыбай қай таудың ең биік жері?
      18. Батыс Сібір жазығының Қазақстанға енетін бөлігі?
      19. Қазақстандағы рельефтің  басым формасы?
      20. Б.Ф.Федоровичтің Қазақстанды геоморфологиялық аудандастыруында неше саты бөлінген?

       

      Әдебиеттер:  1. 20-27 бет, 8, 9, 11.


  • 7 October - 13 October

    •  

      Дәріс  мазмұны:

      1. Климат кұрушы факторлар. Атмосфера циркуляциясы, радиациялық режимі, жер бетінің төсеніш беті және рельефі.

      2. Температура, қысым, жел, жауын - шашын буланушылыктың таралу заңдылығы және ылғалдану коэфиценті. Таулы және жазық жерлердің, жаз - кыс айларының климат ерекшеліктері.

      3. Агроклиматтық жағдайы және ресурсы. Климатқа байланысты болатын қауіпті жағдайлар. Климаттық аудандастырылуы. Экологиялық жағдайлардың және адам әрекетінің климаттың өзгеруіне әсері.

                     

      Қазақстанның климаты үш фактормен анықталады: күн радиациясы, атмосфераның алмасуы және жердің төсеніш беті. Күн радиациясы Күннен шығатын сәулелі энергия. Күн радиациясының жер бетіне түсу мөлшері географиялық ендікке байланысты өзгеріп отырады. Күн сәулесінің түсу ұзақтығы Қазақстанда өте үлкен (2000-3000 сағат). Солтүстікте Қостанайда күн сәулесінің түсу ұзақтығы орта есеппен - 2132 сағат. Оңтүстікте Қызылорда қаласында - 3062 сағат. Мұндай көрсеткіштер Қазақстанның оңтүстік ендіктерде орналасуына, жылдың жылы кезінде бұлттылықтың аз болуына байланысты. Күн радиациясы Қазақстандағы ашық және бұлтты күндердің таралу заңдылықтарына байланысты. Солтүстікте жылына орта есеппен 120 ашық күн болса, оңтүстікте 260 күн. Бұлтты күндер саны орта есеппен солтүстікте 60 күн болса, оңтүстікте 10 күн ғана. Қазақстанда жылдық жиынтық радиация мөлшері солтүстікте 100Дж/м, оңтүстікте 155Дж/мЖиынтық радиация жыл маусымдарында біркелкі таралмаған. Оңтүстікте шілде айында жиынтық радиация 15-18Дж/м2 тең болса, қаңтарда 4 есе аз. Қыста жер бетінен жиынтық радиацияның бірт бөлігі кері шағылысады. Бұл құбылыс жаңа жауған қар кезінде күшейеді.

      Климат қалыптастырушы факторлар бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, атмосфералық қысымның таралуына, ауа массаларының сипаты мен мен бағытына және соғатын үстем желдерге ықпал етеді.Республиканың жазық бөлігі мен таулы аймақтарында ауа қысымының таралуы әр түрлі. Қазақстанның жазық бөлігінен жылдың суық мезгілінде шамамен 50с.е. бойымен жоғарғы қысымды алап Воейков белдеуі өтеді. Осы алаптан солтүстікке және оңтүстікке қарай атмосфералық қысым біртіндеп азаяды. Орташа жылдық қысымы Астанада 977 мбар болса, Атырауда 1022 мбар, Қызылордада 1003 мбар. Тауларда қысым өте аз.

      Желдің таралуы, атмосфера қысымының таралуы мен жер бедеріне тікелей байланысты. Қазақстан жерін шығыстан батысқа қарай Воейков белдеуі өтеді. Ол – Сібір антициклонынының оңтүстік-батыс тармағы. Қыста да, жазда да қалыптасатын бұл жоғарғы қысымды белдеу республиканың жазық бөлігіндегі негізгі жел айырығы болып есептеледі. Солтүстікке қарай оңтүстік және оңтүстік-батыс желі, оңтүстікке қарай солтүстік және солтүстік-шығыс басым соғады. Тау аралық аңғарларда және қазаншұңқырларда Жоңғар қақпасы арқылы жергілікті сайқан және ебі желі, Іле аңғарымен шілік желі соғады. Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің аңғарымен Арыстанды-Қарабас желі соғады. Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы Жетіжол жотасы мен Кіндіктас тау аралығындағы Қордай асуының үстінен Қордай желі соғады. Қазақстан жеріндегі жел жылдамдығының географиялық таралуын талдағанда 4м/сек-тан асатын күшті желдерге ерекше көңіл аударылады. Себебі, ондай желдер жел диірмендерін қозғай алатын күші бар.

      Атмосфера әрқашан қозғалыста болады. Атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындары пайда болады. Олардың өзіне тән температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі болады. Ауа ағындарын құрайтын ауа массалары қозғалысқа түскенімен, ұзақ уақыт өз қасиеттерін сақтай отырып, сол келіп жеткен өңірлердің ауа райын қалыптастырады. Қазақстанның жер бетіндегі атмосфералық алмасуы – жалпы алмасудың бір тармағы болып табылады. Респуьлика аумағында негізінен ауа массаларының үш типі әсер етеді: арктикалық, қоңыржай және тропиктік ауа массалары. Арктикалық ауамассалары Солтүстік Мұзды мұхит үстінде және оның жағалық құрлықтар мен аралдарда қалыптасады. Ауа температурасы қыста да, жазда да төмен. Қоңыржай ауа массасы материктің орта ендіктерінде қалыптасады, себебі Қазақстан толығымен қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Батыстан келетін ағындар республикаға түсетін жауын-шашынның көбін әкеледі. Тропиктік Ауа массасы Қазақстанға Орта Азия мен Иран аймағынан келеді. Қазақстанның қиыр оңтүстік аудандарын қамтиды. Жазда континенттік тропиктік Ауа Қазақстан аумағы үстінде қалыптасады. Бұл құрғақ тропиктік Ауа массасының қасиеті бар континенталды тұран Ауасы оңтүстіктен келеді. Бұл типі Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты, Оңтүстік Қазақстан облысы жерінде байқалады. Ол ыстық, құрғақ және қапырық болады, сонымен бірге шаңды дауылдар жиі қайталанады.

      Қазақстан аумағының кең-байтақ болуына және жер бедерінің әркелкі болына байланысты температураның таралуы да әркелкі. Жазық, аласа таулы бқлікте жылдық және айлықорта температура солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай өзгерсе, биік таулы аймақтарда биікке көтерілген сайын өзгереді. Ауаның орташа жылдық температурасы жазық және аласа таулы бөліктерінде жылы, солтүстікте температура +0,4, қиыр оңтүстікте +13,7 болады. Қазақстанның ең суық жері - Атбасар өңірі. Мұнда температура -57 дейін жеткен. Биік таулы аймақтарда қаңтар айының орташа температурасының таралуы жазықтарға қарағанда өзгеше. Қыста Қазақстан аумағында суық әрі құрғақ арктикалық және қоңыржай ендік ауаларымен Сібір антициклоны басым болады. Ауаның төменгі қабатында теріс температуралы жоғарғы қысым орнайды. Тау алдында, тау аралық қазаңшұңқырлар мен өзен аңғарларында құрғақ және ашық ауа райы қалыптасады.

      Биіктеген сайын температураның төмендеу заңдалығының орнына керісінше жоғарылауы жер бетінде ауаның суынуымен байланысты. Жазда жылудың таралуы күн сәулесінің түсу бұрышы мен жер бетін қыздыру қарқыны әсерін тигізеді. Сондықтан оңтүстікке барған сайын температура арта түседі. Жылдық орташа температуралық ауытқу амплитуда республиканың солтүстігінде 38-40 болса, оңтүстікте 30-35 болады. Қазақстанның жылы маусымдағы температуралық режимі оның мезгіл-мезгіл ауытқып отыратынына қарамастан егін шаруашылығына қолайлы.

      Қазақстанның жері негізінен қуаңшылықты болып келеді. Жауын-шашынның таралу мөлшеріне Атлант мұхитынан қашық жатуы және Евразия материгінің орталғында орналасуы зор әсер етеді. Қазақстанда орташа жылдық жауын-шашынмөлшері 130-1600мм аралығында. Әсіресе, Арал теңізінің солтүстік-шығысына іргелес жатқан аудан мен Балқаш көлінің батыс бөлігінде жауын-шашын 100мм, кейбір жерлерде одан да аз түседі. Жауын-шашын ең көп түсетін жері – Батыс Алтай. Республиканың жазық және аласа таулы бөлігінде атмосфералық жауын-шашын солтүстіктен оңтүстікке қарай кемриді. Сотүстікте орташа есеппен 400мм-ден көбірек.

      Қазақстанның жерінде қар жамылғысының жату ұзақтығы мен қалыңдығы әркелкі. Солтүстікте қардың қалыңдығы орта есеппен 20-30см болса, қар жамылғысы жылына 125-165 күн жатады, оңтүстікте қардың қалыңдығы 10-15см болса, 40-60 күн қар жатады. Таулы аудандарда қардың қалыңдығы мен жату ұзақтығы биіктігіне байланысты. Республика жерінің ылғалдылығы тек жауын-шашын мөлшеріне ғана емес, оның булану мөлшеріне де байланысты болады. Қазақстан жерінде 1-ге жақын коэффицент республиканың солтүстік орманды дала зонасында байқалады. Қазақстанның биік таулардан басқа барлық өңірлерінде буланушылық бірнеше есе артық. Ылғалданукоэффиценті табиғат зонасының таралу заңдылығын түсіндіруге мүмкіндік береді. 

       

       Бекіту сұрақтары:

      1. Қазақстанның солтүстігінде  Қостанайда  күн сәулесінің  түсу ұзақтығы 2058 сағат болса, оңтүстіктегі  Шымкентте ол қанша?
      2. Мына анықтама қай ұғымға сәйкес келеді?
      3. «Атмосфераның нақтылы бір мезгілдегі немесе қысқа уақыттағы жай-күйі».

      4.      Күн радиациясының  түсу мөлшері біріншіден неге байланысты?

      5.      Күн радиациясының  түсу мөлшері күн сәулесінің  түсу ұзақтығына  және тағы неге байланысты?

      6.      Қазақстанда жауын-шашынның ең мол түсетін жері?

      7.      Қазақстандағы ең жауын-шашын аз жер?

      8.      Күн сәулесінің шағылысу коэффиценті көктемде қандай?

      9.      Қазақстанда қыста жылдық жауын-шашынның қанша пайызы түседі?

      10.  Республика территориясынан әсер ететін жоғарғы қысым тармағы?

      Әдебиеттер:  1. 66-73 б., 9, 11.

       

       


  • 14 October - 20 October

    • Мақсаты: Қазақстанның климатын түзуші негізгі факторлардың климаттың негізгі элементтеріне тигізетін әсерін түсіну үшін білімді тереңдету.

       

      Дәріс  мазмұны:

      1. Ендік бойындағы зоналық пен биіктік белдеулеріндегі климат жағдайлары.

      2. Экологиялық жағдайлардың климаттың өзгеруіне әсері.

       

      1.                Метеорологиялық құбылыстар — атмосфералык құбылыс, белгілі физикалық процесс, атмосфераның уақытша өзгеретін кезеңі. Бұларға: атмосфералық жауын-шашынкүннің сууы, қарлы боранжойқын желтұман және т.б. тәрізді табиғат құбылыстары жатады.

      Найзағайлар. Найзағайдың аумақтық бөлінуі жылы маусымдардағы жауын-шашынның географиялық бөлінуіне сәйкес келеді. Күн күркіреген күндер саны оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай өседі. Найзағайлардың қайталануы солтүстік өңірлердегі жазық жерлерге тән,  орташа жылдық көрсеткіш 20-25 күн. Конденсация деңгейінің жоғары көрсеткіштеріне сәйкес оңтүстікке қарай бұл көрсеткіш 8 күнге дейін төмендейді. Ең қарқынды күн күркіреуі Алтай, Жетісу және Іле Алатауы тауларында және тау бөктерінде байқалады, онда найзағай болатын күндері 30-35 күннен кейбір жерлерде 55-ке дейін өзгереді. Найзағайдың төменгі жиілігін тау шатқалдарында, Каспий, Арал және Балқаш көлдерінің жағалауларынан байқауға болады. Қыстық найзағайлар тек шөлді және шөлейтті аймақтарда көрінеді.

      Бұршақты күндер. Қазақстанда бұршақты күндер орташа есеппен 1-3 күн, ал таулы аудандарда жылына 5-6 күнге дейін созылады. Бұршақты күндердің қайталануы жылына 8-10 күн, ал кейбір жылдары - 15-28 күнге дейін созылатын Іле Алатауында байқалады. Шөл және шөлейт аудандардағы бұршақты күндер саны азаяды жылын 25-30 жылда 1 рет. Ірі су айдындарның жанында бұршақты күндер саны 1,5-2 есеге азаяды. Елдің басым бөлігінде бұршақты күндер  сәуір айынан бастап қазан айына дейін, ал оңтүстікте наурыз қазан айларында байқалады. Өткен ХХ ғасырдың 60 жылдары Ақмола облысында салмағы 1,3 кг болатын бұршақ жауған деген мәліметтер бар.

      Шаңды дауылдар. Шаңды дауылдардың пайда болуы желдің жылдамдығы мен топырақ жамылғысына байланысты. Солтүстік Қазақстан даласында шаңды дауылдардың  күнделікті саны жылына орта есеппен 20-ден 38 күнге дейін өзгереді, ал Батыс Қазақстанда, әсіресе, Жалпы Сыртта  - 40-тан 46 күнге  дейін созылады. Шаңды дауылды күндердің ең көбі Үлкен Борсық құмдарының маңындағы Шалқарда көрінген, 56 күн. Оңтүстіктегі құмды шөлдерде шаңды дауылды күндер саны 60-қа жетуі мүмкін. Елдің оңтүстік-шығыс өңіріндегі таулы аудандарында шаңды дауылдар іс жүзінде байқалмайды.

      Боран. Боран – күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы. Боран соққан кезде айнала түтеп, ештеңе көрінбей кетеді. Шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Қарлы Боранның Қазақстанда «Арқаның ақ бораны», «ақтүтек», құмды өңірлерде Мойынқұм Бораны деп, тауаралық аңғарлар мен жазықтықтағы Боранды Ебі Бораны, Сөгеті Бораны деп атайды. Қазақ атауларында жаяу борасын, суырынды борасын, ақ боран деп те атай береді.Боранды күндер саны солтүстіктен оңтүстікке қарай азаяды. Қыста боранды күндер солтүстікте орташа алғанда 30-дан 40-50 күнге дейін (кей жерлерде 54-тен 40-50-ке дейін) созылады. Оңтүстік облыстарда боранды күндердің орташа есеппен 1-ден 5 күнге дейін ауытқиды. Оңтүстік және  оңтүстік-шығыс, жергілікті желдері бар таулы аудандарда боранды күндер мүлде болмайды десек те болады ( 10 жылда 6-8 күннен 2 күнге дейін).

      Тұман. Тұмандардың пайда болуы атмосфераның айналымы және физикалық-географиялық жағдайлардың ерекшеліктеріне байланысты. Жиі тұмандар Мұғалжарда (жылына 70 күнге дейін), Іле Алатауында (75-100 күн) болады. Жоғары тұманды күндер өнеркәсіптік аудандарда да байқалады: Қарағанды-37, Ащысай кеніші - 38,Өскемен — 51, Алматы - 56 күн. Тау алқаптары мен Солтүстік Тянь-Шаньда ең қарқынды тұманды күндер  көктемде және күзде, ал таулы Алтайда-қыста болады. Елдің көп бөлігінде тұман күндердің қайталануы желтоқсан-қаңтар айларына сәйкес келсе, ал батыс және орталық Қазақстанда наурыз айына сай.

      Көктайғақ. Көктайғақ - қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың бірі, мал шаруашылығына және мал өлімінің пайда болуына зиян келтіретін құбылыс. Ол температура 0-3 °С-қа дейін төмендеген кезде тұман мен жаңбырдан кейін пайда болады. Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында көктайғақтық құбылыстар сирек кездеседі және көктайғақ қабатының қалыңдығы 5 мм-ден аспайды. Зайсан, Алакөл және Іле ойпаттарында,Оңтүстік Балқаш маңы, Солтүстік Тянь-Шань аңғарлары мен Сырдария жазығында мұз қабатының қалыңдығы 10 мм жетеді. Батыс Қазақстан мен Сарыарқада-15 мм, Орал-Ембі және Торғай үстіртінде -20 мм.Ұлытау, Қаратау жотасы мен Шу-Іле тауларында  (Айтау) көктайғақтық құбылыстардың жиі көрініп қайталануымен ерекшеленеді (қалыңдығы 30 мм дейін).

      Құрғақшылық. Құрғақшылық арктикалық ауаның антициклонға басып кіруі кезінде пайда болады. Далалы аймақтарда  ол тек 5-10 күнге ғана, ал Алтайдың төменгі таулы аймақтарында 1 күн жалғасады. Бірақ шөлейтті  аудандарда жаз мауысым келгенде ауа райы күрт жоғарылауына байланысты құрғақшылық артады. Шөлейт аудандардың жазықты жерлерінде  атмосфералық құрғақшылық 40 күнге дейін болады, ал Қызылқұмда - 100 күнге дейін. Ел аумағында қатты құрғақшылық 1955, 1963, 1965,1975, 1978, 1983, 1997 жылдары оырн алған. Бұл кезеңдерде құрғақшылық-10-20 күннен, максималды – 40 күнге дейін созылған.

      Ел климаттың қалыпты аймағында орналасқан. Жазда ауа-райы ыстық, негізінен жаңбырсыз, ал қыста суық және аз қар (солтүстік және солтүстік-шығыс бөліктерден басқа, қар жамылғысының үлкен биіктігі бар).

      Республикада 4 маусым айқын көрсетілген. Қазақстанда қыс орта есеппен қараша айында басталады және сәуір айына дейін созылады. Қыста ауасы құрғақ және суық. Көбінесе аязды ауа райы, қалыпты және қатты желдер соқтығысады. Арктикалық ауа массасының шабуылы кезінде қатал аяздар пайда болады (кейде -50 ° C-қа дейін). Қыста ерітінділер де мүмкін. Солтүстікте, орман-дала мен дала аймақтарында ол 4-5 айға созылады, қарашадан наурызға дейін салқын. Мұнда қараша айында дерлік барлық жерлерде тұрақты қар жамылғысы пайда болады.Ауа температурасының O ° C-қа тұрақты ауысуы аймақтарда әдетте тек қазан айының үшінші онкүндігінде орын алады, тек батыс аудандарда  (Орал облысы) - қараша айының басында салқындй бастайды. Қаңтарда аяздар айтарлықтай өседі. Қар жамылғысының қалыңдығы 30 см жетеді және 170 күнге созылады.Қаңтардың орташа температурасы -18 ° C, абсолюттік минимум-50 ° C және одан да төмен.

      Елдегі көктем сәуір айының ортасында басталады және мамыр айында аяқталады. Сонымен қатар көктемдегі ауа райы өте тұрақсыз. 1-2 күн бойы жылы, ашық ауа-райы күрт салқындатуға болады. Күнделікті температура айырмасы 10 ° С және одан да көп болуы мүмкін. Сәуір айында дала аймағында жалпы радиацияның ағымы күрт артып, сонымен бірге радиациялық баланстың қарқындылығы, қардың еруі және ауа температурасының көтерілуі байқалады. Ауа температурасының тұрақты O ° C ауысуы 10-15 сәуірде, ал Сарыарқа және Алтайдың етегінде - сәуір айының басында өтеді. Сонымен қатар, тұрақты қар жамылғысы да ериді.

      Жаз мамырдың аяғында басталады және қыркүйек айының ортасына дейін созылады. Жазда Орталық Азияның құрғақ тропикалық ауасы елдегі ыстық ауа-райының қолайсыздығына алып келеді және температура кейде + 35 ... + 40 ° С дейін көтеріледі. Үнді мұхитының ылғалды жылы ауа массасы Тянь-Шань, Памир, Гималай және Иранның таулы бөліктерінің тау жүйелерімен қоршалған. Күннің күндізгі биіктіктері мен күндізгі жарықтың ұзақтығы айтарлықтай көрінеді және де күн радиациясы көп мөлшерде түседі. Алтай және Тянь-Шань тау бөктерінде біршама артып жатқан бұлтты жамылғымен жеңілдетіледі. Солтүстікте күн сәулесінің ұзақтығы 1500-1600, ал оңтүстігінде - 2200 сағат. Сондықтан жаз солтүстікте жылы (19-20 ° C орташа шілде температурасы), орталық бөлігінде өте жылы (24-25 ° C), оңтүстігінде ыстық (28-30 ° C).

      Күз қыркүйектің аяғында басталады және қарашаның басына дейін созылады. Күзде ауа райы көктемгіден гөрі тұрақты. Түнде аяздар бар. Қыркүйек айының ортасында  орманды-дала және дала аймақтарында, қазан айының басында шөлді аудандарда бірінші күздік аяздар болады. Күздің екінші жартысында ауа температурасы 0 ° С-қа дейін төмендейді. Осыдан кейін көп ұзамай қар жамылғысы орнатылып, климаттық ерекшеліктер қысқы сипатқа ие болады.

                  Ауаның қысымы Республиканың жазық территориясында 977 мб-дан 1022 мб-ға дейін ауытқиды. Абсолюттік биіктігі 353 м Астанада – 977 мб болса, теңіз деңгейінен  -21 м-дегі Атырауда 1022 мб. Қысымның аз мөлшері таулы аудандарда. Алматының биіктігі 848 м, қысым 920 мб. Республикадағы жел режимі территориямен шығысиан батысқа қарай шамамен 50 параллель өтетін барометрлік жоғарғы қысымды ось – А.И.Воейков осі аймақтың жазық-аласа таулы бөлігідегі негізгі жел айрық болып есептеледі. Қыста желдің жылдамдығы жазға қарағанда күштірек болады. Бұл қыста жоғарғы қысымның басымдығына байланысты. Биік таулы аймақтарда қыста да жазда да желдер біршімі күшті болады. Тауаралық аңғарларда және қазаншұңқырларда, мәселен, Жоңғар қақпасында жергілікті жел суық – Сайқан және Ебі желі соғады. Іле аңғары мен Шілік салқын желі соғады. Ауаның орташа жылдық температурасы жазық-аласа таулы бөліктің барлық жерінде оң. Ол Астанада  +1,40 болса, Оралда  +4,70, ал Батыс Қазақстан облысында +5,90. Абсолюттік биіктік 2500-3000 м-де жылдық орташа температура теріс мәнді. Астана қаласында қаңтар  -17,0 болса, Оралда  -140 , Шымкентте 4,30 . Абсолюттік минимум   Республиканың солтүстігінде  -50-550, біздің облыста  40-450. Қазақстанда жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 130 мм-ден 1600 мм аралығында. Әсіресе Арал теңізінің солтүстік шығысына іргелес жатқан ауданда 130 мм. Ал Каспий маңы ойпатында 100 мм-ден аз жерлер бар. Ең жауынды жер Батыс Алтай. Біздің облыстың солтүстігінде 300 мм, оңтүстігінде 190 мм, орташа 263 мм. түседі.  Осы заманғы мұзды зона маңында 700-800 мм түседі. . Тауаралық қазаншұңқырларда жауын аз. Қыста жауын-шашын аз. Жылдық мөлшерінің 35-40% түседі. 

      Бекіту сұрақтары:

      1.      Ылғалдану коэффеценті 1-ге тең табиғат зонасы?

      2.      Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын мөлшері қандай?

      3.      Қазақстанның солтүстік аудандарында жылдың жылы мезгілінде  жауын-шашынның жауу мөлшері?

      4.      Жоңғар Қақапасы арқылы өтетін суық жел?

      5.      Қазақстанның оңтүстік аудандарында қыста  жылдық жауын-шашынның 50-60 % жауатын себебі неде?

      6.      Орал қаласы маңында жылдық жауын-шашынның мөлшері?

      7.      Қазақстанда жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері?

      8.      Жоңғар қақпасы арқылы соғатын жылы жел?

      9.      Осы заманғы таудағы мұздық зона маңында жылдық жауын-шашын?

      10.  Іле аңғарымен соғатын салқын жел?

      Әдебиеттер:  1. 66-85 б., 9,11.

       

       


  • 21 October - 27 October

    • Мақсаты: Қзақстанның ішкі суларының  жер бедері мен климат ерекшеліктеріне байланысты екендігін көрсетіп, оларды қорғау мен ұтымды пайдалану туралы айту.

       

      Дәріс  мазмұны:

      1. Ішкі сулардың таралуындағы негізгі заңдылыктармен ерекшеліктер.

      2. Өзендердің алаптар бойынша таралуы және соған сай өзендерінің қоректену режимі. Өзен торының жиілігі. Негізгі өзендердің экологиялык жағдайы және транс шекаралық өзендердің проблемасы.

      3. Көлдердің таралу ерекшеліктері және қазан шұңкырының шығу тегі. (генезисі). Қоректену режимінің ерекшеліктері. Халық шаруашылығындағы маңызы. Каспий, Арал, Балхаш көлдерінің экологиялык жағдайлары.

      5. Жер асты суларының таралу ерекшелігі және шаруашылықтағы маңызы. Жер асты суларынын экологиялық жағдайы. Минералды және термальды сулар.

      6. Қазакстан таулары оның казіргі кезеңдегі мұздануы. Мұздықтардың жалпы көлемі және алып жаткан ауданы, кар сызығьның биіктігі, климаттың мұздыктарға әсері. Мәңгі тоңдар, мұздыктардың типтері.

       

                  Қазақстан аумағында 85 мың өзен бар. Олардың ішінде ұзындығы 1000км асатын 7 өзен бар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Іле, Шу, Сырдария. Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі. Республика өзендерінің көпшілігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ол ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері – Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Қазақстан өзендірінің ерекшеліктері – жасының әр түрлі болуы мен әркелкі таралуы. Жазық бөлігінің өзендерінің жүйелері ескі, өзінің даму сатысының соңғы кезеңін өтуде. Жазықтарда өзен жүйесінің жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кеми береді. Орманды дала және дала зоналары өзенге бай болып келеді.Қазақстанның жазық аудандарында жылдық ағынды анықтайтын қар жамылғысының таралу сипаты және қардың еру алдындағы алдындағы қоры болып есептеледі. Оңтүстігінде ылғалдану коэффиценті бірдің маңында, оңтүстікте бірден мөлшері аз. Қазақстан өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық және жер асты суымен қоректенеді. Жазық өзендері қар-жаңбыр суымен және қар суымен қоректенеді деп екі типке бөлуге болады. Биік таулы өзендер аралас қоректенетін өзендер типіне жатады, олар қар суымен, мұздықтармен қоректену басымырақ болып келеді.

      Ішкі сулардың маңызды түрі - өзендер. Енді еліміз аумағындағы өзендердің ерекшеліктерімен танысайық. Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олар Солтүстік Мұзды мұхит пен ішкі тұйық алапқа (Каспий және Арал теңіздері, Балқаш көлі алаптары) жатады.

      Өзендер аумақта әркелкі таралған. Биік тауларда өзен торының жиілігі әр 100 км2-ге 16-18 км -ден келсе, оңтүстіктегі шөл зонасында 0,5 км-ді ғана құрайды. Өзен ағыны жыл мезгілдеріне қарай өзгереді. Адамдар бөгендер салу арқылы өзен ағындарын реттеп отырады. Біздің елімізде 168 бөген бар, олардың ең ірілері — Бұқтырма мен Қапшағай.

      Қазақстан өзендерінің қорек көзі әртүрлі. Орманды дала және дала зоналарының өзендері қар-жаңбыр суымен қоректенеді. Бұл типке жататын басты өзендер — Есіл мен Тобыл, олардың тасуы көктемге келеді. Шөлейт және шөл зоналары арқылы ағатын Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай және Сарысу өзендерінің басты қорек көзі — еріген қар суы. Бұл өзендердің ағыны түгелге жуық көктемге келеді, ал жазда мүлдем тартылып қалады. Биік таулы аудандарда қар-мұздықпен қоректененетін өзендер басым, олар көктемнің аяғы мен жазда тасиды.

      Қазақстанның жазық бөліктерінде өзеңдердің ағысы баяу болғандықтан қатты материалдарды аз тасымалдайды, оларда лайлылық әдетте 100-200 г/м3 ғана. Тау өзендерінің лайлылығы жоғары, бұл көрсеткіш Сырдарияда 1200 г/м3-қа жетеді. Батыс Қазақстан өзендері борпылдық жынысты аумақпен ағатындықтан, лайлылығы 500-700 г/м3-қа дейін болады.

      Кең байтақ республикамыз көлдерге бай. Көлдер, әсіресе, Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі тұйық ойпаңдарда жиі орналасқан. Қазақстанда 48 мыңнан астам ірілі-ұсақты көл бар. Олардың басым көпшілігі ұсақ көлдер болғанымен, 21 көлдің ауданы 100 км2-ден асады.

      Республика облыстары бойынша көлдердің орналасуының үлестік коэффициенті 0,0002-ден 4,38 аралығында, ал ландшафт бойынша: орманды дала аймақта 2,83, дала – 1,76, шөлейт – 0,65, шөл (Балқаш көлін қоспағанда) – 0,37 және таулы аймақтарда – 1,13 коэффициент.

      Көлдер бір жерлерде бір-бірінен жүздеген километр қашықтықта, енді бір жерлерде бір-біріне жақын орналасады. Ең ірі көлдер республикамыздың оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде орналасқан. Олар Орталық Қазақстандағы Балқаш пен Теңіз көлдері, Жоңғар қақпасындағы Алакөл мен Сасықкөл, Алтайдағы Марқакөл. Көлдер, әсіресе, орманды дала және дала аймағының солтүстік бөлігінде, сонымен қатар ірі өзен алқаптарында, құмға сіңіп жоғалып кететін тұйық өзен атырауларында жиі кездеседі.

      Су айдындарының көпшілігі борпылдақ кайназой шөгінділері үстінде – теңіз деңгейімен есептегенде 100 метрден 350 метрге дейінгі биіктіктерде орналасқан. Көлдердің су жиналатын алабы әдетте 10 шаршы километрден 320 километрге дейін, ал шөлейт және шөл аймақтарда олардың анағұрлым қомақтырақ. Көлдердің тереңдігі 2 метрден 8 метрге дейінгі аралықта ауытқып отырады, кей жерлерде одан да терең болады. Атап айтқанда, Алакөлдің тереңдігі – 54 метр, Үлкен Шабақты – 37 м, Шортанды – 31 м, Марқакөл – 27 м, Балқаш – 26 метр.

      Көл суының мөлдірлігі 0,3 метрден 18 метр тереңдік аралығында, қыста мөлдірлік артып, жазда еріген судың қосылуына байланысты кемиді.

      Көл суының минералдығы көл суын пайдаланудың маңызды көрсеткіші болып табылады. Тұздылығына қарай көл суы тұщы су, кермек су, ащы су және тұзды су болып бөлінеді.

      Химиялық құрамы жағынан көл сулары сульфатты, гидрокарбонатты және хлорлы болып үш класқа бөлінеді. Көл суларының 87 проценті сульфат класына жатады (Балқаш, Алакөл, Қамыстыбас, Теңіз және көптеген кіші көлдер). Қалғандары гидрокарбонатты және хлорлы көлдер класына жатады, әйтсе де саны жағына хлорлы көлдер көбірек.

      Балығы. Республикамыздағы көлдерде балықтың 35 түрі кездеседі, олардың ішінде ауланатыны – сазан, көксерке, майбалық, ақ балық, алабұға, табан балық. Балқаш, Алакөл, Билікөл, Қамыстыбас және Марқакөлден ауланатын балық мөлшері 0,5-тен 40 килограмға дейін. Осы көлдерден жыл сайын 16-17 мың тонна балық ауланады.

      Су өсімдіктері. Көл қамысы 500 мың гектар жерді алып жатыр, ол негізінен Балқаш, Алакөл көлдерінің және Шу, Нұра, Сырдария өзендерінің жағалауларында өседі.

      Есептеулерге қарағанда, 150 мың гектар жерден 1,5 млн. тонна құрғақ қамыс дайындаға болады.

       Бекіту сұрақтары:

      1.      Шөлейт және шөл зонасының өзендері қандай сумен қоректенеді?

      2.      Сырдария өзенінің суының толысуы қай кезде болады?

      3.      Қай өзеннің ұзындығы 1000 шақырымнан артық?

      4.      Қай өзен қар, жаңбыр суымен қоректенеді?

      5.      Қазақстан жерінен басталмайтын өзенді көрсет?

      6.      Іле өзені қоректенудің қандай типіне жатады?

      7.      Республикадағы ең лай өзен?

      8.      Ұзындығы 1000 шақырымға жетпейтін өзенді көрсет?

      9.      Талғар, Қаскелең, Күрті, Шелек, Шарын қай өзеннің салалары?

      10.  Сырдарияны қашаннан бастап мұз жауып, қай уақытта ери бастайды?

      Әдебиеттер:  14.

          

       

       


  • 28 October - 3 November

    • Мақсаты: Теңіздері мен көлдерінің экологиялық жағдайымен таныстырып, тиімді пайдалану жолдары туралы айту.

       

      Дәріс  мазмұны:

       1. Көлдердің таралу ерекшеліктері және қазаншұңқырының шығуының тегі.

       2. Каспий, Арал, Балқаш көлдерінің экологиялық жағдайы.

       

      1.Қазақстанның кең - байтақ аумағында ірілі - ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Жайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық - ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%- ын алып жатыр (таблицаны қара). Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында ерекшеліктер бар. Оның бірінші ерекшелігі көлдер Қазақстанның табиғат зоналарында біркелкі таралмаған. Әсіресе республиканың солтүстік бөлігінде көлдер көп. Мысалы, солтүстікте орманды дала және дала зоналарында 25 287 көл бар, ал шөлейт және шөл зоналарында 20 000 жуық көлдер кездеседі.

      Көлдер табиғат зоналарының бәрінде де бар, бірақ жылу мен ылғал тепе - теңдігіне байланысты олардың орналасуы, саны және суының сапасы зонаға тікелей байланысты. Ылғалы мол аудандарда көл көбірек және суы тұщырақ болады. Құрғақ климатты аудандарда көлдер аз, су деңгейі төмен әрі ағынсыз, көбісі біразы тартылып қалады, тұзды. Жалғыз ғана ағынды көл - Жайсан көлі Қазақстанның шығыс бөлігіндегі қазаншұңқырда орналасқан. Мысалы, орманды дала зонасында көлемі 1 шаршы км - ден астам 740 көл бар, олардың ішінде тұщы көлдер тұзды көлдерден 6 есе көп. Оңтүстікке қарай тұщы көлдер азайып, тұзды көлдер көбейе түседі. Дала зонасының сондай 1875 көлінің тұщылары тұзды көлдерден 4 есе, шөлейт зонасының 216 көлінің тұщылары 1, 3 есе көп болады. Шөл зонасындағы 142 көлдің көпшілігі тұзды болып келеді. Жазықтағы көлдердің көпшілігі теңіз деңгейінен 100 - 350 м биіктіктегі неоген және антропоген шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан. Көлдердің орналасуында байқалатын тағы бір ерекшелік — олардың топ - топ болып шоғырлануы. Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты және Батыс Сібір жазықтарында, сондай - ақ аласа таулы Сарыарқада және оңтүстік - шығыс таулы аймақтарда да көп.

      Қазақстан көлдерінің тағы бір ерекшелігі - жасының әр түрлі болуы. Көлдер әр кезеңде пайда болған. Орманды дала, дала зоналарының көлдері біртіндеп шөгінді жыныстарға толып, оларда өсімдіктер қаптап өсуде. Шөлейт, шөл зоналарының көлдері тұз тез байланатын көлдерге айналады. Мұнан әрі ол көлдер сорға айналады. Сөйтіп, олардың көпшілігі жойылудың әр түрлі дәрежесіне жеткен. Қазақстанның биік таулы аймақтарының көлдері шығу тегіне қарай жас көлдерге жатады. Олардың өздері де біркелкі таралмаған, негізінен 1400 - 2800 м биіктік аралығында орналасқан. Олардың саны жоғары және төмен қарай кеми түседі. 1400 м - ден төменде су эрозиясының қарқынды болуы көлдердің пайда болуына мүмкіндік бермейді. Көлдеріндегі су деңгейі судың кірісі мен шығысының арақатынасына байланысты. Оларда су балансы жыл ішінде айтарлықтай өзгеріп тұратындықтан, деңгейі жиі ауытқуға ұшырайды Қазақстан көлдерінің көпшілігінің деңгейі көктемгі қар еріген кезде көтеріледі. Жаз бойы олардың деңгейі баяу төмендейді, бірақ нөсер жаңбырлар әсерінен аз уақыт қайта көтеріледі. Кейде су деңгейінің шұғыл өзгеретіні соншалық, тіпті кейбір тайыз көлдер мезгіл - мезгіл кеуіп қалады. XX ғасырда Қазақстанда ең аз сулы кезең 1936 - 1940 жылдары болды. Сол жылдары Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі көлдердің 70%- ы құрғап қалды.

      2.Қазақстан көлдері қазаншұңқырларының пайда болуына қарай бірнеше типке бөлінеді.Тектоникалық көлдер. Төмен түскен ойыстар мен жарықтарда көл қазаншұңқырлары суға толып, көлдер пайда болады. Мұндай көлдер Қазақстанның оңтүстік - шығыс таулары мен Сарыарқада көбірек таралған. Жайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз - Қорғалжың тобы, Көкшетау тобы (Бурабай, Зеренді, т. б.), бұрынғы тектоникалық бөген Есік көлі, т. б. су айдындары осы топқа жатады.

      Марқакөл — Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте орналасқан. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді.Гидрографикасы. Көлдің ұзындығы 38 км, ені 19 км және тереңдігі 27 м. Көлге 100-ге жуық шағын өзендер мен бұлақтар келіп құяды, бірақ одан бір ғана Қалжыр өзені бастау алады. Көлге құятын өзендердің ірілері – Қарабұлақ, Матабай, Жиренбайтал, т.б. Жағасының оңтүстік жағы тік құлама жартасты, ал шағын өзен-жылғалар құятын тұстары батпақты. Қазан – мамыр айлары аралығында көл қатады. Суы тұщы, мөлдір, минералдылығы 0,07 г/л, құрамында: йод, фтор, бром, т.б. бар.

      3.Реликті (қалдық) көлдер Ертеде пайда болған жазықтарға, оның ішінде Каспий маңы ойпатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының Торғай қолатындағы, Балқаш - Алакөл ойысындағы кейбір көлдер қалдық көлдерге жатады. Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері. Бұлар жер қыртысының майысқан бөлігінде тектоникалық көлдер болып қалыптасты.
             Каспий теңізі — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жершарындағы ең үлкен тұйық көл. Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің нсағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне - 29% (2340 км), Ресейге - 9%, Әзірбайжанға - 20%, Түрікменстанға- 21%, Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді.Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар Құнды. Олардың теңізге қүятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 км3. Осы мөлшердің 80%-ы Еділ өзені- нің, 5%-ы - Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%- ын Батыс жағалаудағы өзендер Терек, Сулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5%-ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар жоқ.

      4.Мұздың көлдер типі. Биік тауларда ежелгі мұз басқан аудандарда кездеседі. Оларға мореналық көлдер жатады. Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзенінің бастауы Үлкен Алматы көлі, Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзені бастау алатын Жасылкөл және т. б. мұздық көлдері жатады.

      Үлкен Алматы көлі — Іле өзенінің саласының бірін жанай өтетін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 шақырымға созылған, Іле Алатауындағы көл. Үлкен Алматы көлі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28,5 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2497 м биіктікте Үлкен Алматы өзенінің аңғарында орналасқан. Мұздық суымен нәрленетін көл 500 м ендікте 1 шықырым ұзындыққа созылады. Ең жоғары температурасы 12,8°С-қа жетеді. Көл кең алқаптың соңына орналасқан және алқаптың ежелгі мұздығының шеткі үйінділерінен құралған. Ауа райының салқын болуына орай, бұл жерде тау беткейлеріндегі адамдар мен жануарларды мазалайтын шыбын да, маса да жоқ.

      5.Қар көлдері. Биік тауларда қар сызығы маңында аяздық үгілу нәтижесінде пайда болған шұңғымаларда таралған. Қар ойыстарының пішіні көбінесе дөңгелек болып келеді, олар суға толғанда қар көлдері құралады. Мұндай көлдер өте көп, бірақ олардың көлемі шағын болады.

      Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі салдарынан пайда болған көлдер. Оларды дала табақшалары деп те атайды. Түбі тегіс ойыстар суға толып, шағын көлдерге айналады. Қазақстанның солтүстігінде, Батыс Сібір жазығында мұндай көлдер өте көп.Ескі арна көлдері. Қазақстан өзендерінің ирелеңдеп ағу нәтижесінде негізгі арнадан бөлініп қалған көлдер. Өзен жайылмаларында орналасады.

                  Бөгендер. Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер негізінде халықтың қажетін өтеу үшін жасалады. Бөгендер су айдынының алып жатқан ауданына қарай келесі бөліктерге бөлінеді: 50 км²- ге дейін - кіші, 250 км²- ге дейін - орта, 1000 км ге дейін - ірі, одан үлкендері - аса ірі бөгендер. Қазақстанда қазір 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км². Оларда 90 км3 тұщы су жиналған. Республикада екі өте ірі, бір - ірі және алты орта бөгендер бар, қалғандары кіші бөгендер. Бөгендердің көбі Орталық, Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Олар: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Самарқан, Бөген, Ақкөл, Молодежное, Шерубай - Нұра, Кеңгір, Өскемен, т. б. Осы аймақтың 20 бөгенінің су айдыны (акваториясы) 8, 7 мың км²- ді (барлық бөгендердің 87%) құрайды, ал су көлемі 86 км3 - ден (барлық бөгендердің 95%) артық. Бөгендердің шаруашылық маңызы зор. Оларды энергетикалық, транспорттық, ирригациялық, рекреациялық мәселелерді шешуде, спорт, балық аулау бағдарламаларында пайдаланады.

                  2.Каспий дүние жүзіндегі еңі үлкен көл, көлемі – 371,3 мың ш.ш.шамасында, жағалауының ұзындығы 5383 км, оның 3240 км Қазақстан жерімен өтеді. Каспийдің мұхитпен байланысы жоқ, өзендер келіп құйғанмен бірде бір өзен ағып шықпайды, сондықтан жер бетіндегі ең үлкен ағынсыз көл болып есептеледі. Каспий экологиясын айтқанда «Теңіз» кен орнынан өндірілетін мұнай құрамында 20 процентке дейін күкіртті газ бар, сондықтан ол табиғатына көп зиян тигізуде. Соңғы жылдары Каспий суы деңгейіне көтерілуіне байланысты  көптеген мұнай кәсіп орындарын (Қаламқас, Қаражамбас) су басу қаупі бар.

                  Арал бір кезде көлемі жағынан дүние жүзіндегі 4-көл еді. Аралдарына қоспағанда көлемі 64113 ш.ш. болатын. Мұхит деңгейінен 52 м биіктікте жатқан көл еді. Қазір деңгейі 13 м төмендеп, көл екіге бөлінді. Көлді сақтау мақсатында «Арал – Балқаш» халықаралық ұйымы құрылды.

                  Балқаш көлемі жағынан Қазақстандағы 3-көл. Балқашқа келіп құятын Іле өзеніне Қапшағай су қоймасы салынғалы суының деңгейі 2 м-ге төмендеді. Көлге Балқаш мыс комбинаты көп зиян тигізуде. Ол Балқаш көлінің жылына 59 млн м3 суын өндіріске пайдаланады. Қазір көл суы құрамында мыс 14-54 есе артып кетті. Экологиялық жағдай нашарлағандықтан балықтары ауруға шалдығып жатыр.


      Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


      1. Қазақстан көлдерінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
      Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында. Көлдер Қазақстанның табиғат зоналарында біркелкі таралмаған. Әсіресе республиканың солтүстік бөлігінде көлдер көп.
      2. Көлдердің таралуында қандай заңдылықтар бар?
      Көлдер табиғат зоналарының бәрінде де бар, бірақ жылу мен ылғал тепе теңдігіне байланысты олардың орналасуы, саны және суының сапасы зонаға тікелей байланысты. Ылғалы мол аудандарда көлдер көбірек және суы тұщырақ болады.
      3. Қазақстан көлдерінің су деңгейінің өзгеруі неге байланысты?
      Көлдердегі су деңгейі судың кірісі мен шығысының арақатынасына байланысты.
      4. Көлдер қазаншұңқырларының пайда болуына қарай қандай типтерге бөлінеді?
      Қазақстан көлдері қазаншұңқырларының пайда болуына қарай бірнеше типке бөлінеді. Тектоникалық, реликті, мұздық көлдер, кар көлдер, суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі салдарынан пайда болған көлдер, ескі арна көлдер.
      5. Өзендерді қандай мақсатта бөгейді, олардың қандай маңызы бар?
      Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалынады. Бөгендер негізінен халықтың қажетін өтеу үшін жасалады.
      6. Өздерің тұрған жерлеріндегі көлдер мен бөгендерді атаңдар.

       

      Әдебиеттер:  1, 9, 11.

       


  • 4 November - 10 November

    • Мақсаты: Жер асты суларының таралу ерекшеліктеріне тоқталу, климаттың  

      мұздықтарға әсері туралы айту.

       

      Дәріс  мазмұны:

      1. Жер асты суларының классификациясы.

      2. Осы заманғы мұздану.

      3. Батпақтар

       

      Қазақстандығ жер беті ағын суы қорының негізгі көзі – мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033,3 км2-лік 2724 мұздық анықталды (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км2-ден астам) Жетісу Алатауында (мұздық аумаңы  1369 км2), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км2), Теріскей (144,9 км2) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км2), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км2). Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады: аңғарлық мұздықтар, беткейлік мұздықтар және денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжіле тегістелген шыңдарда). Осылардың ішінде көбірек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын (әсіресе таулы өңірлерін) зерттеуге аса зор ұлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Іле Алатауындағы Талғар массивімен байланысты күрделі аңғарлық  Корженевский мұздығы – Қазақстандағы аса ірі мұздық болып саналады: ұз. 11,7 км, ауданы 38,0 км2, мұзының жалпы көл. 6,32 км3. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшілігінің қалыңдығы 50 – 100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі мұздықтардікі 10–30 м.

      Мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 100 км3. Мұз басудың төменгі шекарасы мен фирн (мұзқар) сызығының (мұз шоғырының көбеюі кезіндегі жоғарғы және еріп азаюы кезіндегі төменгі бөліктері арасындағы шегі) абсолюттік биіктігі солт-тен оңт-ке және батыстан шығысқа карай арта түседі. Егер де Алтайда бұл көрсеткіш 2500–2800 м болса, Тянь-Шань тауында 3500–3800 м. Бұның өзінде оңтүстік беткейлерге қарағанда солтүстік беткейлердің шекарасы 200–250 м төменірек жатады. Қазақстан мұздықтары негізінен тым төмен температуралы болып келеді. Әсіресе, мұздың үстіңгі 12–15 м қабаты қыс кезінде қатты суынады. Жаз маусымында мұздың 1 м-ге дейінгі беткі қабаты 0°С-ка дейін ғана жылынады. Мұз қабатының жұқалығына, температурасының төмендігіне және жылдық жауын-шашынның шамалы түсуіне байланысты мұздықтар жылына 50–70 м-ге дейін төмен қарай баяу жылжиды. Мұздықтардың абляциялық (еру және булану процесінің) маусымы қалыпты жағдайларда 2–2,5 айға созылады. Абляцияның көп жылдық орташа мөлш. 1 м шамасында. Мұздық суы – тау өзендерінің толығу көзі. Әр тау өзені ағынының басталар жеріндегі суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегінің 35%-ы мұздық суының үлесіне тиеді.

      Республика мұздықтары тартылуда. Кейбіреуінің ұзындығы жылына 5–20 м-ге, ауданы 1000 м2, мұз қоры 0,05– 0,1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлігінде ауданы 20000 км2-дей көп жылдық тоң белдемі қалыптасқан; оның төменгі шегі Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жетісу Алатауында 2800 м және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейін төмендейді.

                  Тың игеруге байланысты кезеңде «Водные ресурсы Казахастана» монография шықты. Қазақстанның болжанған артезиан бассейнінің картасы 1950-1960 жылы шықты.Нәтижесінде бұрын тұщы суға тапшы деп келген аудандарда ауданы 1,5 млн ш.ш. 70 артезиан алабы сипатталып кейін барлау нәтижесі дәлелденді. Алаптар бойынша артезиан суының 5 трлн м3 ғасырлық қоры анықталды. Үлкен деректі материалдарға негізделген 1970 жылы тұңғыш Қазақстанның 1:1500000 масштабты гидрологиялық картасы шықты. Артезиан және грунт суларының қорының қалыптасуы мен классификациясына байланысты пайдалану қоры 1960 м3/сек болып анықталды. Аридтік гидрологияда Қазақстан Республикасының жер асты су қорының таралуы мен жер асты суының пайдаланудың регионалдық пайдалануға жарайтын болжам картасы маңызды болды. Жер асты суларының типтері 1) жарықтардағы тип. Ол оңтүстік пен шығыстағы таулы және ұсақ шоқылы региондарға тән. Бұл сулар интрузивтік, иффузивтік, жанартаулық, метаморфтық кембрийге дейінгі және палеозой жыныстарында онша терең емес (30-50 м).   2) Жарықшақты-қат-қабатты палеозой мен мезозойдың терригенді және карбонатты жыныстарында. Маңғыстауда Қазақтың ұсақ шоқыларының кейбір аудандарында аздап Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда кездеседі.   3) Қат-қабатты тип барлық жазықты региондарда палеозойдан антропогендік қабатты қосы кездеседі. Онда қабаттардың қуаты өзен аңғарларында бірнеше метрден 0,5-1,5 км-ге дейін тау алды мен тауаралық жазықтарда, Қазақтың ұсақ шоқысы солтүстік батысы және солтүстік шығысындағы шеткі майысуларда. Ал Шу-Сарысуда, арал маңының солтүстік шығысында және Маңғыстау-үстіртте 5-6 км болса. Каспий маңы ойпатында 10-19 км-ге дейін. Осыған байланысты жер асты суларының тереңдігі әр түрлі. Беткі қабатта арыны жоқ еспе су, ал терең қабатта арынды су.

       

      Бекіту сұрақтары:

      1. Қазақстанда жер асты суы қай аудандарда өте маңызды?
      2. Қазақстанда жер асты суының неше типі бар?
      3. Кейбір өсімдіктерге қарап жер асты суының бар екенін білуге болады, мысал келтір.
      4. Қапал – Арасан минералды суы қай облыста орналасқан?
      5. Сарыағаш минералды суы қай таудың қай бөлігінде орналасқан?
      6. Қазақстанда шымтезекті батпақ қай жерде кездеседі?
      7. Корженев мұздығы қай тауда орналасқан?
      8. Қазақстан тауларында барлығы қанша мұздық бар?
      9. Қазақстанның барлық мұздықтарының ауданы қанша?
      10. Қазақстан атласына таулардағы мұздану картасы қай жылы енгізілді?

      Әдебиеттер:  1. 59-64 б., 9, 11.

       


  • 11 November - 17 November

    • Мақсаты: Қазақстан топырағымен таныстырғаннан кейін топырақ эрозиясы, топырақтың ластануына антропогендік әсер туралы айту.

       

      Дәріс  мазмұны:

      1. Топырақтың таралу заңдылығы. Топырактың негізгі генетикалық типтері.

      2. Топырақ эрозиясы. Азоналды және интрозоиалды топырактар. Азык - түлік проблемасын шешудегі жер ресурсының ролі.

      3. Жарамсыз жерлердін пайда болу себептері және оны шешу жолдары. Топырақтың ластануына антропогендік факторлардың әсері.

       

                  Қазақстан аумағының топырақ жамылғысы алуан турлі, құрамы жағынан күрделі болып келеді. Топырақ түрлерінің таралуында жер бедеріне сәйкес зоналық заңдылық айқын байқалады. Жазықтарда топырақтар ендік зоналар түрінде, ал тауларда биіктік белдеулер бойынша таралған. Топырақ жамылғысының қалыптасуъіна жергілікті табиғат жағдайлары күшті ықпал етеді. Сондықтан Қазақстан жеріндегі топырақ түрлері көршілес аумақтардағы топырақтардан едәуір айырмашылық жасайды.

      Қазақстан аумағында топырақтың үш типі: қара топырақ (52°с.е. солтүстікке қарай), күрең (каштан) топырақтар (52-48°с.е. аралығында) және қоңыр, сұр қоңыр топырақтар (52-48° с.е.-тен оңтүстікке қарай) таралған.

      Қара топырақ республиканың ең солтүстік бөлігінде таралған. Бұл белдем Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көпшілік бөлігін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстігін қамтиды. Қара топырақты алаптың жалпы ауданы 25,5 млн. гектар, бұл республика аумағының 9,5%-ын құрайды. Қара топырақ үш түрге бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала зонасының оңтүстігін алып жатыр; кәдімгі қара топырак, пен оңтүстік қара топырағы дала зонасына тән болады. Құнарлылығына қарай топырақтың алғашқы екі түрі гумусты (құрамындағы гумус мөлшері 6-9%), қара түсті болады, ал соңғысында қарашірік мөлшері аз (4-6%). Қара топырақтар республиканың басты астықты өңірі болып табылатын жақсы ылғалданған далалы жазықтарда таралған. Жер бедерінің ойпаңдау жерлерінде сор мен сортандар кездеседі.

      Күрең (каштан) топырақтар оңтүстік қара топырақтың оңтүстігіне қарай таралған. Бұл алап Орталық Қазақстанның басым бөлігін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстанның жазықтарын қамтиды. Топырақтың бұл типі республиканың қуаң далалары мен шөлейттеріне тән. Күрең топырақты алқаптар ауданы 90,6 млн. гектар, бұл республика аумағының 34%-ын құрайды. Күрең топырақтар қуаң даланың куңгірт күрең және күрең топырағына, шөлейттердің ашық күрең топырағына жіктеледі. Күрең топырақтардың құнарлылығы оңтүстікке қарай азаяды. Күңгірт күрең және күрең топырақтардың құрамында гумус мөлшері 4,5-3% болады, ал ашық күрең топырақта гумус өте аз (3-2%). Қуаң даланың күңгірт күрең және күрең топырақтары астық пенімал шаруашылығына жарамды. Ашық күрең топырақ таралған аумақтарды жайылымдар алып жатыр.

      Күрең топырақтардан оңтүстікке қарай шөл зонасының қоңыр және сұр-қоңыр топырақтары таралған. Олар 120 млн. гектар алқапты алып жатыр, бұл республика аумағының 44%-ын құрайды. Олардың құрамында гумус мөлшері 2,0-1,0%, негізінен мал шаруашылығы үшін жарамды. Суарған жағдайда егіншілікті дамытуға болады. Бұл топырақтар шөлдің құмды және тақырлы алаңқайларымен алмасып отырады.

      Шөлдің сұр-қоңыр топырағы тау алды жазықтарында сұр топыраққа ауысады. Таулы топырақтар Қазақстан аумағының 12,5%-ын алып жатыр. Олар таудың географиялық орнына, биіктігі мен жоталарының орналасу бағытына қарай әркелкі тараған.

      Топырақ құнарлылығы — оның басты қасиетінің бірі. Қоршаған ортада барлық қолайлы жағдай болғанның өзінде қалыңдығы 18 см ғана болатын құнарлы қабаттың түзілуі үшін 1500 жылдан артық мерзім қажет болады екен. Ал бұл қабат тозып, жойылуы үшін кей жағдайда бірнеше ондаған жылдар жеткілікті болады. Оған ең алдымен топырақ эрозиясы (жел және су эрозиясы) ықпал етеді.

      Қазақстанда 70 млн. гектардан астам алқап, ягни ел аумағының 26%-ы эрозияға ұшыраған. Оның 3/4-і жел эрозиясына бейім келеді. Мұны біріншіден, Қазақстанның жазық жөне ашық болып келуімен, екіншіден, күшті желдердің ұдайы соғуымен, үшіншіден, борпылдақ құрылымсыз немесе құмды, құмшауыт жеңіл топырақтардың таралуымен түсіндіріледі. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру барысында эрозияға бейім аудандар да жыртылып тасталды, соның нәтижесінде олар жел эрозиясына ұшырады. Қазақстандағы эрозияға бейім аудандардың 1/4-і су эрозиясынан зардап шеккен. Бұған шамадан тыс суару және нөсер жаңбырлар себепші болады. Бастапқыда ұсақ жыралар пайда болып, суарған сайын олар тереғдеп сайға айналады, топырақтың құнарлы қабаты сумен шайылып кетеді.

      Біздің елімізде топырақты зерттеу мен оны қорғау мәселелерімен айналысатын арнайы ғылыми мекеме - Топырақтану институты жұмыс істейді. Институт ғалымдары солтүстік аудандардағы жел эрозиясы мен оңтүстіктегі су эрозиясымен күресу жөнінде нақты ұсыныстар жасайды:

       

      1) агротехникалық шаралар: тік беткейлерде су ағысы бағытына көлденең жырту; қар тоқтату шараларын жүргізу;

      2) мелиорациялық шаралар: жыра мен сай, өзен жағаларына ағаштар мен бұталар отырғызу;

      3) гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу; каналдар түбін су өткізбейтін бетондалған тақталармен қаптау т.б.

       

      Бекіту сұрақтары:

      1.      Кәдімгі қара топырақтағы қарашіріктің пайыздық мөлшері?

      2.      Қою қызғылт топырақтағы қарашіріктің пайыздық мөлшері?

      3.       

      4.      Оңтүстік қара топырақтағы қарашіріктің мөлшері?

      5.      Қызғылт топырақтың оңтүстік шекарасы  өтетін ендік.

      6.      Мына облыстардың қайсысында  қара топырақ зоналық емес?

      7.      Қара топырақ Республика жерінің қанша пайызын алып жатыр?

      8.      Қоңыр және қоңыр-сұр топырақ Республика жерінің қанша пайызын алып жатыр?

      9.      Қызғылт топырақ Республика жерінің қанша пайызын алып жатыр?

      10.  Қазақстанда құмдар барлық жер көлемінің қанша пайызы?

      Әдебиеттер:  1. 106-118 б., 19.

       

       

       


  • 18 November - 24 November

    • Мақсаты: Қазақстанның өсімдік жамылғысымен таныстырып, оның деградацияға ұшырауы себептері, салдары және шешу жолдары туралы айту.

       

      Дәріс  мазмұны:

      1. Өсімдіктердің таралу ерекшелігімен заңдылықтары. Геоботаникалық аудандастырылуы.

      2. Өсімдіктердің азоналды және зона бойынша таралуы.

      3. Өсімдік ресурстары, олардың шаруашылықтагы маңызы. Дәрілік өсімдіктер.

      4. Өсімдік жамылғысының деградацияга ұшырауы, себсптері, сатдары және шешу жолдары.

      5. Эндемик өсімдіктер. Қызыл кітапка енгізілген өсімдік түрлері.

       

                  Қазақстанның қазіргі өсімдік жамылғысы 6000 өсімдік түрінен тұрады. Олардың 535 түрі тек Қазақстан аумағына ғана тән эндемиктер болып табылады. Өсімдік жамылғысының түрлік құрамы салыстырмалы түрде онша бай емес, оған қолайсыз табиғат жағдайлары және жер бедерінің жас болуы әсер етеді. Мәселен, теңізден неогенде босаған Каспий маңы ойпаты және Тұран ойпаттарында өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгірмеген.

      Солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км-ге созылып жатқан жазық бөлікте дала мен шөлейт, шөл өсімдіктері басым. Таулы аудандарда өсімдік жамылғысы биіктік белдеулікке байланысты таралған. Геоботаникалық жағынан Қазақстанның өсімдік жамылғысы қылқан жапырақты ормандар (Оңтүстік Алтай), Батыс Сібір орманды даласы (Солтүстік Қазақстан), Еуразиялық дала (Еділ-Жайық, Мұғалжар-Торғай, Есіл-Нұра, Қарағанды, Ұлытау-Сарысу, Зайсан маңы), азиялық шөлдерді (Тұран, Солтүстік Тянь-Шань, Қаратау) қамтиды.

      Қазақстанның солтүстігіндегі далалық жерлерде дақылдар және басқа әртүрлі шөптесін өсімдіктер (бетеге, боз, селеу, атқонақ, қызылбояу және өзен жайылымдарында жалбызды арпабас, бидайықты шалғындар) басым. Елдің қиыр солтүстігінде шалғынды-дақылды әртүрлі шөптесін өсімдіктер арасында шоқ-шоқ болып қайыңды-көктеректі ормандар кездеседі. Бұл жерлер Сібірдің нағыз орманды даласына ұқсас. Ертіс және Тобыл өзендерінің құмды жағалауларында және Сарыарқаның гранитті массивтерінде қалың қарағайлы ормандар кездеседі.

      Дала зонасының оңтүстігіндегі құрғақ далада көбінесе бетеге, боз, селеу өсімдіктері кездеседі, тек қана оңтүстігіне таяу жусанның бірнеше түрі қосылады. Дала зонасының табиғи өсімдіктерінің ішінде көптеген дәрі-дәрмекті өсімдіктер кездеседі (жалынгүл, салаубас, шайқурай, тентекмия, итмұрын, шүйіншөп және т.б.). Көктемде және жаздың басында дала қызылды-жасылды түске боялады. Шілденің екінші жартысында шөптесінді өсімдіктер қурап, дала сарғыш-сұр түске айналады. Қазіргі Қазақстанның далалық жерлері түгелдей жыртылып, егістікке айналған.

      Қазақстан жазықтарының оңтүстік бөлігінің барлығын шөл зонасы (құмдауыт, саздақты, тастақты және сортаңды шөлдер) алып жатыр. Құмдауыт шөлдерде жусанның бірнеше түрі, сол сияқты дақылдар (қияқ, бидайық, ебелек, изен және т.б.), эфемер өсімдіктердің бірнеше түрі және аласа бұталар (жүзгін, теріскен, қылша, таспа) өседі. Сарыесік-Атырау, Мойынқұм, Қызылқұмдарда қара сексеуілдер кездеседі. Саздақты шөлдерде баялыш, бұйрығын, көкпек және жусан тараған. Тастақты шөлдерде жыңғыл, тасбұйырғын, жусан өседі. Гранитті жартастарда және шоқыларда арша бұталары, терең шатқалдардағы бұлақ сулары шығып жатқан жерлерде қараған, итмұрын кездеседі.

      Өзен аңғарларында адам өткісіз қалың бұталы шөптесінді-тоғайлы ландшафт (жиде, жыңғыл, тал, терек, шырғанақ) кездеседі. Сырдария, Іле және басқа өзендердің атырауларында қамысты-құрақты тоғайлар, өзен аңғарының террассаларында жыңғылды-қара сексеуілді тоғайлар ұшырасады.

      Тауларда биіктік белдеу өсімдіктері өседі.

      Қылқан жапырақты ормандардың негізін балқарағай, майқарағай, шырша, төменгі бөлігін қарағай, жоғарғы жағын самырсын ағаштары құрайды. Шөл зонасында жатқан Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань тауларының тау алды жазықтары шөлге ұқсас. Соған байланысты эфемерлер (өлең, қоңырбас, көкнәр, қызғалдақ және т.б.) кездеседі. Аласа таулы белдеу далаға ұқсас болып келіп, теректі, қайыңды, жабайы алмалы, өрікті, доланалы ормандардан тұрады. Орташа таулы белдеулерде шалғындар, орманды шалғынды дала өсімдіктері өседі. Әр жерде кездесетін орманды массивтердің дені тянь-шань шыршасы бұған Сібір майқарағайы араласқан. Биік таулы белдеу альпі-субальпі шалғыны мен қара мұздықтардан тұрады. 

       

      Бекіту сұрақтары:

      1.      Қазақстанның бүкіл өсімдігінің қаша пайызы эндемиктер?

      2.      Қазақстан өсімдік дүниесінде көпжылдық шөптесін өсімдіктің қанша түрі кездеседі?

      3.      Батыс Қазақстанда сортаңда жусанның қандай түрі өседі?

      4.      Оңтүстіктегі құмды шөлде өсетін  сантонин дәрісін жасауға пайдаланатын өсімдік?

      5.      Қазақстанның қай өзенінің аңғарында әр түрлі өсімдіктерден тұратын қалың тоғай бар?

      6.      Қою қылқан жапырақты ормандар Қазақстанның қай тауын жауып жатыр?

      7.      Қазақстанда дәрілік өсімдіктің қанша түрі бар?

      8.      Сазды тақырлы топырақта Оңтүстік Балқаш маңында, Сырдария өзені, Шу аңғарында өсетін жартылай ағаш тәрізді өсімдік.

      9.      Қазақстанның Батыс Сібір жазығындағы ағаштардың түрлерін атаңыз.

      10.  Қазақстанның орман массивтерінің қанша бөлігі оның шығыс аймағына

           кетеді?

       

      Әдебиеттер:  "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 1-том. 94-102 б.


  • 25 November - 1 December

    • Мақсаты: Республикада кездесетін жануарлар түрлері туралы айтып, оларды қорғау шараларымен таныстыру.

       

      Дәріс  мазмұны:

      1. Жануарлар дүниесінің қалыптасу, таралу ерекшелігі.

      2. Кәсіптік маңызы бар жануарлар, эндемик жануарлар.

      3. Фаунаның экологиялық проблемалары.

       

         Қазақстанның жануарлар дүниесі барынша бай. Ол қазіргі уақытта сүтқоректілердің 158 түрі мен құстардың 485 түрінен (оның 350 түрі Қазақстанда ұялайды). Қазақстанда жануарлар түрлері палеоарктикалық аймақтар сияқты пайда болуы мен қалыптасуы жағынан жас. Мұз басу дәуірінде ертедегі жылу сүйгіш жануарлардың түрлері құрып кеткен немесе жылы жаққа қарай ауысқан. Мұз басу дәуірінде солтүстіктен суыққа төзімді жануарлар өткен. Бұлар тундра кекілігі, ржанка, сивка қазір Алтай, Сауыр-Тарбағатайда жекелеген аудандарды мекендейді. Жоңғар және Тянь-Шанның солтүстік тармақтарының биік тау зоналарына Арктикалық түрлер тән. Солтүстік Қазақстанның орманды дала алқаптарына европалық түрлер, сазды қиыршық тасты шөлдерде монғолдық түрлер, Оңтүстік Шығыс Қазақстанның биік таулы аймақтарында Тибет және Үнді Гималайлық түрлер негізінен Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы жазық жерлерде мекендейтіе тұрандық және жергідікті Қазақстандық түрлерден тұрады. Қазақстан үшін қосаяқтардың кейбір  түрлері сексеуіл жорға торғайы, қараторғай т.б. эндемиктер. Жануарлар таралуында орманды дала мен дала арасындағы шекара айқын байқалмайды. Шөлейт пен шөл арасындағы шекараны айыру тіпті қиын. Ол Қостанай облысында айқын көрінеді. Жануарлардың географиялық және түрлік таралуына адамның әсері күшті. Қазақстан жерін мекендеген ертедегі жануарлардың кейбір түрлері мүлдем құрып кеткен, кейбіреуі өте азайған. Орталық Азиядан келген жабайы түйе, тоғай бұғысы жойылған. Шөл жануарлары табиғаттың қолайсыз жағдайына бейімделген.

      Қазақстанның қазіргі жануарлар дүниесінде сүт қоректілердің 172, құстардың 490, бауырымен жорғалаушылардың 51, қосмекенділердің 12, балықтардың 100 ден аса түрлері бар. Омыртқасыздар 40 мың түрден асады. Тек қана жәңдіктердің 30 мыңнан аса түрі тіркелген.

      Орманды дала зонасында орман жануарларының өкілдері ақ қоян, ор қоян, бұлан, түлкі, ақкіс, ақ тышқан, құстардан құр, саңырау құр, тоқылдақ, көкек басым ұшырасады. Алтайдың орманды даласында марал бағылады. Көлдерде құстардан - аққу, қаз, үйрек, шағалалар кездеседі. Далалық жерлерді тышқандар, саршұнақ, қосаяқ, суырлар, дала алақоржыны, құстардан - дуадақ, безгелдек, бүркіт, дала және шалғын құладыны мекендейді.

      Дала зонасының жануарлар дүниесі жаппай жерді жырту барысында өте жұтаңданған. Нағыз дала құстары дуадақ пен безгелдек, бөдене жойылуға жақын. Суыр сирек кездеседі. Ертеректе үйір-үйірімен жүріп, жер қайыстыратын ақбөкендер оңтүстікке шөлейт пен шөл зонасына ығысуда. Кемірушілер - жертесерлер, дала тышқандары мен алақоржындары, эверсман саршұнақтары көбеюде. Бұл кемірушілер егіндікке көп зиянын тигізуде. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, борсық, күзен, ақкіс мекендейді. Оңтүстікке қарай тек қатты ыстық мезгілде түнде ғана інінен шығатын шағын түлкі — қарсақ кездеседі.

      Құстардан бұлдырық, құр, тырна, балықшы, бозторғай, үкі, жыртқыш құстардан дала бүркіті, бөктергі, дала құладыны, кезқұйрық бар.

      Көптеген көлдердің жағалауында батпақ құстары — қаз, қоқиқаз үйрек, тырна, қызғыш құс, қамыс торғайлары ұя салады.

      Шөлейт зонада дала мен шөл жануарлары аралас кездеседі. Орталық Қазақстанның аласа тауларында сирек кездесетін жануарлар қатарындағы арқар, қарақұйрық елік, мәлін мекендейді. Саны жағынан ерекше көп деп есептелетін жануарлар — кемірушілер. Сонымен қатар дала күзені, қарсақ, түлкі, дала бүркіті, шіл, бұлдырық, бозторғай да көп таралған. Кесірткелер (агама, геккон) мен жыландар да өте көп.

      Шөл зонасының жануарлар дүниесі өзгеше. Олар жазғы қатты ыстық пен құрғақшылыққа өте төзімді. Олардың біразы қолайсыз мезгілдерде ұйқыға кетеді немесе көп жағдайда түнгі тіршілікке бейімделген. Жертесер — кемірушілер саны өте көп, әсіресе кұм тышқаны, саршұнақ, қосаяқ, көртышқандар басым. Ірі тұяқты жануарлардан ақбөкен мен қарақұйрық мекендейді. Кірпілер, тасбақалар барлық жерлерде кездеседі. Өзен жайылмаларындағы тоғайларда қабан, елік, ор қоян, қырғауылдар, жайра болады. Сонымен қатар жыртқыштардан қасқыр, дала мысығы, шұбар күзен, шағыл мысығы бар.

       

      Бекіту сұрақтары:

      1.      Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы жазық жерлердегі жануарлар типі.

      2.      Жабайы қой – муфлон Қазақстанның қай жерінде мекендейді?

      3.      Қазақстан үшін эндемик құсты ата.

      4.      Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар және Тянь-Шанның солтүстігінде биік тау зоналарына тән жануарлар түрі:

      5.      Солтүстік Қазақстанның  орманды дала алқаптарындағы жануарлап түрлері.

      6.      Шөлейт пен шөл зонасының  жануарларының таралу шекарасын айыру қиын, ол тек қай облыс территориясында  аның көрінеді?

      7.      Жер бетінің жануарлар мен өсімдіктердің белгілі-бір түрлері тіршілік

             ететін бөлігі.

      8.      Геологиялық уақытта жер-жерде қалыптасқан жануарлар түрлерінің

             және одан да жоғары таксондардың жиынтығы.

      9.      Эндемиктер дегеніміз ...

      10.  Өсімдіктер мен жануарлардың бір түріне жататын жекелеген

              организмдердің белгілі бір территорияға шоғырланған жиынтығы.

      Әдебиеттер:  1. 131-139 б.

       


  • 2 December - 8 December

    • Мақсаты: Табиғат зоналарының таралу заңдылығымен таныстыру.

       

      Дәріс  мазмұны:

      1. Табиғат зоналарының таралу заңдылығы. Орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары.

      2. Зоналардың географиялық орны, рельефі, климаты, ішкі сулары, топырақ - өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі.

      3. Биіктік белдеулік зоналардың қалыптасу заңдылыгы, температурасы, ылғатдылығы, топырақ - өсімдік жамылғысы. Жеке таулы аймактардын биіктік белдеуліктері және өзіндік ерекшеліктері.

                 

                  Табиғат зоналарын ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді.

      Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте – бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Қазақстан жерінде орманды дала зонасының тек оңтүстік шеті сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ – шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы батыс сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының азғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан территориясының 0,4 %. 

                  Орманды дала зонасы Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павладар облыстарында таралған. Қазақстан территориясының 0,4 %. Бұл жердің тектоникалық құрылымы жер қыртысының мезозойға дейінгі қатпарлану кезенінде түзілген, мезокайназойлық тарихы жас платформалық жазықты жағдайда өтуде. Казіргі жер бедері тегіс, жазық, ал оңтүстігінде ежелгі таулардың ұсақ шоқылы жұрнақтары сақталған қырат. Жер бедері кешендерінің пішіндері мен топырақ қабатын түзуші жыныстары аллювийлә және көлтабанды-аллвийлі саздақтан ұсақ құмнан тұрады. Топырақ пен грунт қабаты ылғалға көп мөлшерде қаныққан, көбіне гидроморфты болып келеді. Бұл зонаның климаты қоңыржай континентті, 10°с-тан жоғары ауа температурасының жылдық қосындысы 1950-2200°с, жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, ылғалдану коэфиценті 0,77-0,56. Өсіп-өну кезенінің ұзақтығы 120-145 күн, қуаңшылыө жылдардың қайталануы 20-30%. Мұнда Батыс Сібірдің орманды дала зонасының Қазақстандық нұсқасы дамыған. Ол суффозиялық немесе ежелгі көлтабандық дала ойыстарында өсетін орман шоқтары және тегіс жазықтағы дәнді шөптесіннен тұрады.

      Орманды даланың 50-55 % егіске жарамды. Жайылым мен шабындық та баршылық. Мал шаруашылығы сүтті-етті мал өсіруге бағытталған.

                  Қазақстан жеріндегі дала зонасы Каспий маңы ойпаты жазығынан Алтай тауларына дейін 2200 ш-ға созылған. Дала зонасы жердің 77 млн.га тараған, яғни 29% алып жатыр. Олар Каспий маңы ойпатының солтүстігінде, Жалпы Сыртта, Орал тау алдындағы борлы үстіртте, Торғай үстіртінде, Сарыарқада және Батыс Сібір ойпатының Қазақстандық бөлігінде дамыған. Бұл жерлердің геологиялық құрылысы мен тектоникалық құрылымы әртүрлі болып келеді. Орал, Мұғалжар тауларына дейінгі батыс бөлігі ежелгі платформаның плиталық жазығынан тұрады. Мұнда дала зонасы теңіз табанды саз балшықты, борлы жыныстардың негізінде қалыптасқан. Орал, Мұғалжар тауларының шығысында далалар жас платформаның шитті және плиталы жазықтардан дамыған. Олар теңіздік және құрлықтық жағдайда қабаттасып, қаттасқан лесс тәрізді саздақтан, қиыршық тасты саздақтан және сазды жыныстан түзілген. Жер бедері әртүрлі болып келеді. Тектоникалық құрылымына қарай жер бедері ойпатты, қыратты, үстіртті болып ажыратылады. Сарыарқады ежелгі таулардың ұсақ шоқылы жұрнақтары кездеседі. Жер бедерінің барлық денгейінде де қуаң және құрғақ континентті климат қалыптсқан. Солтүстігіндегі қоңыржай қуаң климат, оңтүстігінде құрғақ континентті климатпен алмасады.

                  Дала зонасы 77 млн га жерге тараған Қазақстанның біраз аумағын, дәлірек айтқанда, 29 % -ынан астамын алып жатыр. Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей дерлік, жалпы Сырт сілемдері, Жем үстірті, сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады.

      Қазақстанның шөлейт жерлері дала мен шөл зоналары аралығында орналасып, Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км-ге созылған. Ол республиканың барлық аумағының 14 %-ын алып жатыр. Зонаның оңтүстік шекарасы 48º с.е. бойымен өтеді.

      Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 117 млн га, республика аумағының 44 %-ына жуығын алады. Бұлзонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған.. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі.

                  Шөл зонасы солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік шөлдеде Үстірт және тұран ойпатының солтүстік жартысы, Бетпақдала үстірті, Мойынқұм, Балқаш маңы құмдары жатады. Ал оңтүстік шөлдерге Үстірттің оңтүстігі мен Қызылқұмды қамтитын Тұран ойпатының оңтүстік жартысы жатады. 
                  Қазақстан жерінің 90 % жазық алып жатыр. Олар оңтүстіктен солтүстікке 1600 ш-ға, батыстан-шығысқа 3000 ш-ға созылған. Геологиялық –геоморфологиялық, атмосфералық, циркуляциялық факторлардың зоналық айырма джасап әрекет етуіне қарай орманды дала, дала, шөлейт, шөл зонасы территориялық бөлшектенуге себепші болған. 

                  Тауларда биіктік белдеулердің қалыптасуына: тау жоталарымен олардың әр түрлі беткейлерінің  тауаралық ойыстармен алмасып отыруы, абсолюттік биіктіктің  күрт өзгеруі. Күн радиациясының біркелкі түспеуіне жағдай жасауынан. Қазақстанның ендік бойындағы белгілі бір зонада жатқан тауының өзіне тән биіктік ландшафтылық зонаның белгілі бір саны мен сапасы сәйкес келеді. Бір таудың  солтүстік және оңтүстік беткейлерінде және әр түрлі таудың бір бағыттағы беткейлерінің өзінде биіктік ландшафтылық зоналарында өзгешелік болады. Мысалы, Жоңғар Алатауының басым ауа массаларына оңтайлы орналасқан солтүстік беткейлерінде тау-шалғынды дала ландшафт зонасы жақсы дамыған болса, бұл кезде оңтүстік беткейлерде бұл зона мүлде жоқ, оның орнына таулы дала өсімдіктері кең тараған. Бір жотаның бірдей биіктіктерінде, жотаның ұзындығына, беткейлерінің тіктігіне сол жердің негізіне байланысты өсімдік-топырақ типінде қатты айырмашылық болады.  Мысалы, Іле Сырты Алатауының батыс бөлігінде  дәнді-дақылды әр түрлі шөпті далалар 1800-1900 м-ден 2500-2700 м абсолюттік биіктікке дейін болса, осы беткейдің орталық бөлігінде осындай биіктікте қалың шыршалы орташа биік таудың далалы-шалғынды-орманды зонасы орналасқан. Қазақстан тауларындағы Алтайдан Тянь-Шанға дейінгі биіктік ландшафтылық зонаның құрылымын, барлық зоналар оңтүстікке қарай біртіндеп көтеріле беретіндігін көруге болады.

       

      Бекіту сұрақтары:

      1.           Шөлейт зонасында жылдық жауын-шашын мөлшері 350-300 мм болса, буланушылық қанша?

      2.           Қай табиғат зонасында гумустың жиналуы қарқынды жүреді?

      3.           Қазақстанның орманды дала зонасында топырақтың ұандай түрлері басым?

      4.           Қазақстанның дала зонасында  топырақтың қай түрі басым?

      5.           Шөлейт жерлерде өсімдіктің  қандай түрлері көбірек өседі?

      6.           Дала зонасы үшін қандай жануарлар тән?

      7.           Қазақстан территориясының 44 %-ы қандай табиғат зонасында жатыр?

      8.           Көрсетілген шөлдердің қайсысы сазды  шөл болып табылады?

      9.           Қазақстанның шөлді жерлеріне тән ағашты көрсетіңіз.

      10.       Көрсетілген қорықтардың қайсысы шөлді жерде орналасқан?

      11.              Тауларда  органикалық дүние қандай заңдылықпен таралады?

      12.              Ландшафтының биіктік зоналар типінің Қазақстанда неше тобы бөлінеді?

      13.              Қазақстан таулары үшін әр түрлі биіктіктегі  табиғат жағдайын анықтауда не басты орын алады?

      14.              Биіктік зона неге қарап бөлінеді?

      15.              Табиғи ландшафтылық биіктік зоналылық өсімдіктердің биіктік зоналылығымен сәйкес келе ме?

      16.              Қазақстанның Шығысы мен Оңтүстік шығысындағы биіктік белдеулері қандай типке жатады?

      17.              Биіктік ландшафт белдеуінің Оңтүстік Алтайы  мен Сауыр қандай тобына жатады?

      18.              Биіктік ландшафтылық белдеудің үшінші тобы қалай аталады?

      19.              Континентальды-Қазақстандық-Жоңғарлық топтағы тауларда барлық ландшафтылық белдеулер спекторының кездеспеуі қалай түсіндіруге болады?

      20.              Тянь-Шанның Уган провинциясы ландшафтылық биіктік типінің қай тобына жатады?

       

      Әдебиеттер:  3, 9, 11, 15, 16, 17.

                              1. 140-144., 9, 11.

       

       

       

       

       

       

       

       


  • 9 December - 15 December

    • Мақсаты: Физикалық географиялық аудандастырудың теориялық, практикалық мақсатын түсіндіріп, бұл географияның ең маңызды мәселелерінің бірі екенін ұғындыру.

       

      Дәріс  мазмұны:

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

      2. Қазақстан аумағындағы ерекше қорғалатын территорияларға сипаттама

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлініп қорғауға алынған жер телімдері мен су айдындарының жеке бөлімдері. Қазіргі кезде дүние жүзінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны 13 мыңнан асты, бұл Жер бетінің 8,5 %-ына тең. Халықар. жіктеу бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді: 1. Қатаң түрде қорғалатын табиғи-ғыл. резерваттар; 2. Ұлттық саябақтар; 3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары; 4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар; 5. Қорғалатын ландшафтылар; 6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар; 7. Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау); 8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар; 9. Биосфералық резерваттар; 10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар.Қазақстан Республикасы 2006 ж. 7 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 4-тарауының 4-бабында респ. маңызы бар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы түрлері: мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар; мемл. табиғи резерваттар; мемлекеттік зоология саябақтар; мемлекеттік ботаникалық саябақтар; мемлекеттік дендрол. саябақтар; мемлекеттік табиғат ескерткіштері; мемлекеттік табиғи қорықшалар; мемлекеттік қорықтық аймақтар. Қазақстан бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: 10 мемлекеттік қорықтар, 10 мемлекеттік ұлттық саябақтар; 3 табиғи резерваттар; 49 табиғи қорықшалар, 127 геологиялық табиғи-қорықтық қор, 5 қорықтық аймақ, 6 ботаникалық және 3 зоологиялық бақтар, 26 мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2 ірі резерват (Семей, Ертіс орманы) бар. Бұлардың жалпы аумағы 2 млн. га-дан астам. Бұл көрсеткіш республиканың жалпы жер аум-ның 8%-ына тең. Халықар. стандарт бойынша әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10 – 12%-ы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінуі тиіс.

      Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.

      Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.

      Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.

      Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.

       

      ·        Мемлекеттік ұлттық қорықтар.

      ·        Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.

      ·        Мемлекеттік табиғи резерваттар.

      ·        Мемлекеттік корықтың аймақтар.

      ·        Мемлекеттік табиғи қорықшалар.

      ·        Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.

      ·        Мемлекеттік зоологиялық бақтар.

      ·        Мемлекеттік ботаникалық бақтар.

      ·        Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т.б.

      Биосфералық қорықтар

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне — биосфералық қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген.

      Ақсу-ЖабағылыАлматыМарқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған.

      Мемлекеттік табиғи қорықтар

      Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі — мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді.

      Далалы аймақта ұйымдастырылған НаурызымҮстірт және Барсакелмес қорықтары шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл қорықта 1953 жылы Түрікменстаннан әкелініп құлан жерсіндірілді. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген. Ал Қорғалжын қорығы сулы-батпақты алкаптың табиғат байлығын қорғайды. Келешекте Торғай, Сарықопа жәнө Тарбағатай қорықтарын ұйымдастыру көзделуде.

      Ұлттық табиғи саябақтар

      Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі.

      Шарын шатқалы.

      Елімізде соңғы жылдары Шарын (2004 ж.), Сайрам-Өгем (2006 ж.) және Көлсай көлдері (2007 ж.) ұлттық табиғи саябақтары ұйымдастырылды. Алдағы уақытта елімізде тағы да 5 ұлттық табиғи саябақ (Жоңғар Алатауы, Ақсу-Лепсі, Бұйратау, Зайсан, Ақжайлау) ұйымдастыру қарастырылуда.

      Табиғи қорықшалар

      Табиғи қорықшалар — белгілі бір ерекше табиғи аумақтардағы барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында үйымдастырылады. Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және т. б. деп бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады.

      Табиғат ескерткіштері

      Табиғат ескерткіштері — көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері, үңгірлерсарқырамаларжәне т.б.) қорғауды көздейді. Олардың ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар.

      Табиғи резерваттар

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі — табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді.

       

      Бекіту сұрақтары:

      1. Ерекше қорғалатын аймақ дегеніміз не?
      2. Қазақстан аумағындағы ерекше қорғалатын аймақтар туралы түсінік.
      3. Қазақстан аумағындағы ерекше қорғалатын территорияларды бөліп көрсет.
      4. Табиғи резерваттарға мысал келтір.
      5. Қазақстан аумағында неше қорықтар мен қорықшалар бар?
      6. Ұлттық саябақтарға мысал келтір.

       

      Пайдаланылған әдебиеттер: 3, 9, 11, 15, 16, 17  1. 140-144., 9, 11.