Лекция№10 Дәріс тақырыбы: Қазіргі заманғы мұзбасу және көпжылдық тоң
Мақсаты: Жер асты суларының таралу ерекшеліктеріне тоқталу, климаттың
мұздықтарға әсері туралы айту.
Дәріс мазмұны:
1. Жер асты суларының классификациясы.
2. Осы заманғы мұздану.
3. Батпақтар
Қазақстандығ жер беті ағын суы қорының негізгі көзі – мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033,3 км2-лік 2724 мұздық анықталды (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км2-ден астам) Жетісу Алатауында (мұздық аумаңы 1369 км2), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км2), Теріскей (144,9 км2) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км2), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км2). Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады: аңғарлық мұздықтар, беткейлік мұздықтар және денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжіле тегістелген шыңдарда). Осылардың ішінде көбірек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын (әсіресе таулы өңірлерін) зерттеуге аса зор ұлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Іле Алатауындағы Талғар массивімен байланысты күрделі аңғарлық Корженевский мұздығы – Қазақстандағы аса ірі мұздық болып саналады: ұз. 11,7 км, ауданы 38,0 км2, мұзының жалпы көл. 6,32 км3. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшілігінің қалыңдығы 50 – 100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі мұздықтардікі 10–30 м.
Мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 100 км3. Мұз басудың төменгі шекарасы мен фирн (мұзқар) сызығының (мұз шоғырының көбеюі кезіндегі жоғарғы және еріп азаюы кезіндегі төменгі бөліктері арасындағы шегі) абсолюттік биіктігі солт-тен оңт-ке және батыстан шығысқа карай арта түседі. Егер де Алтайда бұл көрсеткіш 2500–2800 м болса, Тянь-Шань тауында 3500–3800 м. Бұның өзінде оңтүстік беткейлерге қарағанда солтүстік беткейлердің шекарасы 200–250 м төменірек жатады. Қазақстан мұздықтары негізінен тым төмен температуралы болып келеді. Әсіресе, мұздың үстіңгі 12–15 м қабаты қыс кезінде қатты суынады. Жаз маусымында мұздың 1 м-ге дейінгі беткі қабаты 0°С-ка дейін ғана жылынады. Мұз қабатының жұқалығына, температурасының төмендігіне және жылдық жауын-шашынның шамалы түсуіне байланысты мұздықтар жылына 50–70 м-ге дейін төмен қарай баяу жылжиды. Мұздықтардың абляциялық (еру және булану процесінің) маусымы қалыпты жағдайларда 2–2,5 айға созылады. Абляцияның көп жылдық орташа мөлш. 1 м шамасында. Мұздық суы – тау өзендерінің толығу көзі. Әр тау өзені ағынының басталар жеріндегі суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегінің 35%-ы мұздық суының үлесіне тиеді.
Республика мұздықтары тартылуда. Кейбіреуінің ұзындығы жылына 5–20 м-ге, ауданы 1000 м2, мұз қоры 0,05– 0,1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлігінде ауданы 20000 км2-дей көп жылдық тоң белдемі қалыптасқан; оның төменгі шегі Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жетісу Алатауында 2800 м және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейін төмендейді.
Тың игеруге байланысты кезеңде «Водные ресурсы Казахастана» монография шықты. Қазақстанның болжанған артезиан бассейнінің картасы 1950-1960 жылы шықты.Нәтижесінде бұрын тұщы суға тапшы деп келген аудандарда ауданы 1,5 млн ш.ш. 70 артезиан алабы сипатталып кейін барлау нәтижесі дәлелденді. Алаптар бойынша артезиан суының 5 трлн м3 ғасырлық қоры анықталды. Үлкен деректі материалдарға негізделген 1970 жылы тұңғыш Қазақстанның 1:1500000 масштабты гидрологиялық картасы шықты. Артезиан және грунт суларының қорының қалыптасуы мен классификациясына байланысты пайдалану қоры 1960 м3/сек болып анықталды. Аридтік гидрологияда Қазақстан Республикасының жер асты су қорының таралуы мен жер асты суының пайдаланудың регионалдық пайдалануға жарайтын болжам картасы маңызды болды. Жер асты суларының типтері 1) жарықтардағы тип. Ол оңтүстік пен шығыстағы таулы және ұсақ шоқылы региондарға тән. Бұл сулар интрузивтік, иффузивтік, жанартаулық, метаморфтық кембрийге дейінгі және палеозой жыныстарында онша терең емес (30-50 м). 2) Жарықшақты-қат-қабатты палеозой мен мезозойдың терригенді және карбонатты жыныстарында. Маңғыстауда Қазақтың ұсақ шоқыларының кейбір аудандарында аздап Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда кездеседі. 3) Қат-қабатты тип барлық жазықты региондарда палеозойдан антропогендік қабатты қосы кездеседі. Онда қабаттардың қуаты өзен аңғарларында бірнеше метрден 0,5-1,5 км-ге дейін тау алды мен тауаралық жазықтарда, Қазақтың ұсақ шоқысы солтүстік батысы және солтүстік шығысындағы шеткі майысуларда. Ал Шу-Сарысуда, арал маңының солтүстік шығысында және Маңғыстау-үстіртте 5-6 км болса. Каспий маңы ойпатында 10-19 км-ге дейін. Осыған байланысты жер асты суларының тереңдігі әр түрлі. Беткі қабатта арыны жоқ еспе су, ал терең қабатта арынды су.
Бекіту сұрақтары:
- Қазақстанда жер асты суы қай аудандарда өте маңызды?
- Қазақстанда жер асты суының неше типі бар?
- Кейбір өсімдіктерге қарап жер асты суының бар екенін білуге болады, мысал келтір.
- Қапал – Арасан минералды суы қай облыста орналасқан?
- Сарыағаш минералды суы қай таудың қай бөлігінде орналасқан?
- Қазақстанда шымтезекті батпақ қай жерде кездеседі?
- Корженев мұздығы қай тауда орналасқан?
- Қазақстан тауларында барлығы қанша мұздық бар?
- Қазақстанның барлық мұздықтарының ауданы қанша?
- Қазақстан атласына таулардағы мұздану картасы қай жылы енгізілді?
Әдебиеттер: 1. 59-64 б., 9, 11.