Лекция №13 Дәріс тақырыбы: Қазақстанның жануарлар дүниесі.
Мақсаты: Республикада кездесетін жануарлар түрлері туралы айтып, оларды қорғау шараларымен таныстыру.
Дәріс мазмұны:
1. Жануарлар дүниесінің қалыптасу, таралу ерекшелігі.
2. Кәсіптік маңызы бар жануарлар, эндемик жануарлар.
3. Фаунаның экологиялық проблемалары.
Қазақстанның жануарлар дүниесі барынша бай. Ол қазіргі уақытта сүтқоректілердің 158 түрі мен құстардың 485 түрінен (оның 350 түрі Қазақстанда ұялайды). Қазақстанда жануарлар түрлері палеоарктикалық аймақтар сияқты пайда болуы мен қалыптасуы жағынан жас. Мұз басу дәуірінде ертедегі жылу сүйгіш жануарлардың түрлері құрып кеткен немесе жылы жаққа қарай ауысқан. Мұз басу дәуірінде солтүстіктен суыққа төзімді жануарлар өткен. Бұлар тундра кекілігі, ржанка, сивка қазір Алтай, Сауыр-Тарбағатайда жекелеген аудандарды мекендейді. Жоңғар және Тянь-Шанның солтүстік тармақтарының биік тау зоналарына Арктикалық түрлер тән. Солтүстік Қазақстанның орманды дала алқаптарына европалық түрлер, сазды қиыршық тасты шөлдерде монғолдық түрлер, Оңтүстік Шығыс Қазақстанның биік таулы аймақтарында Тибет және Үнді Гималайлық түрлер негізінен Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы жазық жерлерде мекендейтіе тұрандық және жергідікті Қазақстандық түрлерден тұрады. Қазақстан үшін қосаяқтардың кейбір түрлері сексеуіл жорға торғайы, қараторғай т.б. эндемиктер. Жануарлар таралуында орманды дала мен дала арасындағы шекара айқын байқалмайды. Шөлейт пен шөл арасындағы шекараны айыру тіпті қиын. Ол Қостанай облысында айқын көрінеді. Жануарлардың географиялық және түрлік таралуына адамның әсері күшті. Қазақстан жерін мекендеген ертедегі жануарлардың кейбір түрлері мүлдем құрып кеткен, кейбіреуі өте азайған. Орталық Азиядан келген жабайы түйе, тоғай бұғысы жойылған. Шөл жануарлары табиғаттың қолайсыз жағдайына бейімделген.
Қазақстанның қазіргі жануарлар дүниесінде сүт қоректілердің 172, құстардың 490, бауырымен жорғалаушылардың 51, қосмекенділердің 12, балықтардың 100 ден аса түрлері бар. Омыртқасыздар 40 мың түрден асады. Тек қана жәңдіктердің 30 мыңнан аса түрі тіркелген.
Орманды дала зонасында орман жануарларының өкілдері ақ қоян, ор қоян, бұлан, түлкі, ақкіс, ақ тышқан, құстардан құр, саңырау құр, тоқылдақ, көкек басым ұшырасады. Алтайдың орманды даласында марал бағылады. Көлдерде құстардан - аққу, қаз, үйрек, шағалалар кездеседі. Далалық жерлерді тышқандар, саршұнақ, қосаяқ, суырлар, дала алақоржыны, құстардан - дуадақ, безгелдек, бүркіт, дала және шалғын құладыны мекендейді.
Дала зонасының жануарлар дүниесі жаппай жерді жырту барысында өте жұтаңданған. Нағыз дала құстары дуадақ пен безгелдек, бөдене жойылуға жақын. Суыр сирек кездеседі. Ертеректе үйір-үйірімен жүріп, жер қайыстыратын ақбөкендер оңтүстікке шөлейт пен шөл зонасына ығысуда. Кемірушілер - жертесерлер, дала тышқандары мен алақоржындары, эверсман саршұнақтары көбеюде. Бұл кемірушілер егіндікке көп зиянын тигізуде. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, борсық, күзен, ақкіс мекендейді. Оңтүстікке қарай тек қатты ыстық мезгілде түнде ғана інінен шығатын шағын түлкі — қарсақ кездеседі.
Құстардан бұлдырық, құр, тырна, балықшы, бозторғай, үкі, жыртқыш құстардан дала бүркіті, бөктергі, дала құладыны, кезқұйрық бар.
Көптеген көлдердің жағалауында батпақ құстары — қаз, қоқиқаз үйрек, тырна, қызғыш құс, қамыс торғайлары ұя салады.
Шөлейт зонада дала мен шөл жануарлары аралас кездеседі. Орталық Қазақстанның аласа тауларында сирек кездесетін жануарлар қатарындағы арқар, қарақұйрық елік, мәлін мекендейді. Саны жағынан ерекше көп деп есептелетін жануарлар — кемірушілер. Сонымен қатар дала күзені, қарсақ, түлкі, дала бүркіті, шіл, бұлдырық, бозторғай да көп таралған. Кесірткелер (агама, геккон) мен жыландар да өте көп.
Шөл зонасының жануарлар дүниесі өзгеше. Олар жазғы қатты ыстық пен құрғақшылыққа өте төзімді. Олардың біразы қолайсыз мезгілдерде ұйқыға кетеді немесе көп жағдайда түнгі тіршілікке бейімделген. Жертесер — кемірушілер саны өте көп, әсіресе кұм тышқаны, саршұнақ, қосаяқ, көртышқандар басым. Ірі тұяқты жануарлардан ақбөкен мен қарақұйрық мекендейді. Кірпілер, тасбақалар барлық жерлерде кездеседі. Өзен жайылмаларындағы тоғайларда қабан, елік, ор қоян, қырғауылдар, жайра болады. Сонымен қатар жыртқыштардан қасқыр, дала мысығы, шұбар күзен, шағыл мысығы бар.
Бекіту сұрақтары:
1. Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы жазық жерлердегі жануарлар типі.
2. Жабайы қой – муфлон Қазақстанның қай жерінде мекендейді?
3. Қазақстан үшін эндемик құсты ата.
4. Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар және Тянь-Шанның солтүстігінде биік тау зоналарына тән жануарлар түрі:
5. Солтүстік Қазақстанның орманды дала алқаптарындағы жануарлап түрлері.
6. Шөлейт пен шөл зонасының жануарларының таралу шекарасын айыру қиын, ол тек қай облыс территориясында аның көрінеді?
7. Жер бетінің жануарлар мен өсімдіктердің белгілі-бір түрлері тіршілік
ететін бөлігі.
8. Геологиялық уақытта жер-жерде қалыптасқан жануарлар түрлерінің
және одан да жоғары таксондардың жиынтығы.
9. Эндемиктер дегеніміз ...
10. Өсімдіктер мен жануарлардың бір түріне жататын жекелеген
организмдердің белгілі бір территорияға шоғырланған жиынтығы.
Әдебиеттер: 1. 131-139 б.