Фаза настройки

Сроки проведения семинара с фазами (5)Перейти к текущим задачам
Фаза настройки
Текущая фаза
  • Информация о задаче В настоящее время семинар настраивается. Пожалуйста, подождите, пока он перейдет в следующую фазу.
Фаза представления работ
Фаза оценивания
Фаза оценивания оценок
Закрыто
Введение

Тақырып: Қоршаған ортаның аса қауіпті әсерлері

Мақсаты: Адам денсаулығына әсер ететін қоршаған ортаның негізгі факторлары мен тәуекелділік деңгейлері жайында білім беру.

Тапсырмалар:

1.                  Қоршаған ортаның аса қауіпті әсерлерін жіктеу, сызбанұсқаға түсіру.

2.                  Қоршаған ортаның экологиялық жағдайының ауру деңгейімен байланысын сипаттау, мысалдар келтіру.

3.                  Аурулар туғызатын негізгі заттар мен факторларды жіктеу.

 

Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады.

Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.

Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топқа бөлінеді.

1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс – тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі. Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.

2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.

3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б.

 

Бақылау сұрақтары:

1.        Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторларды атаңыз?

2.        Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар неше топқа бөлінеді?

3.        Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру дегеніміз не?

4.        Дұрыс тамақтана білу.

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.        Акимова, Т.А. Экология. Человек-экология-биота-среда: учебник для вузов / Т.А. Акимова, В.В. Хаскин.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ, 2008.- 495 с.- (Золотой фонд российских учебников).

2.        Булекбаева, К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқулық / К.Б. Булекбаева.- Алматы: Эверо, 2011.- 152 б.

3.        Сатова К.М.,Ширимбекова М.Ж.,Бекназарова А.С.

Қосымша әдебиеттер:

1.        Губайдуллина Т.Н. Методологические проблемы развития Эколого-экономических отношений в современных условиях.- Казань, 1999 г.

2.        Зарубин Г.П. Окружающая среда и здоровье. – М, 1997 г.

3.        Лосев А.В. Социальная экология /под ред. Жукова / - М., 1998 г.Шилов И.А. Экология. – М., 2000 г