Лекция
Шығыс елдеріндегі урбанизация үдерісі. Демографиялық саясат
Шетелдердегі демографиялық ахуал
Шетелдерде ұлттың қартаюы және өмір ұзақтығы проблемасы айрықша өзекті болып отыр. Өмір ұзақтығы барынша жоғары елдер рейтингінде Андорра (Франция мен Испания аралығындағы Пернейде орналасқан мемлекет, орташа өмір ұзақтағы 83,5 жылға дейін) көш бастап келеді. Ел екінші дүниежүзілік соғыстан кейін айтарлықтай жылдам дамыды, бұған дейін ол оқшау және кедейшілік жағдайында болған еді. Жапония, Макао (Қытайдың айрықша әкімшілік ауданы), Сан-Марино, Сингапурда өмір ұзақтығы жоғары.
Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан Африка елдеріндегі адамдар ең аз өмір сүреді. СПИД (ЖҚТБ) ауруының таралуы, аштық пен елдегі азамат соғыстары халықтың 35 жасқа жетпей өлуіне әкелді. Свазиленде елінде адамдар тым ерте өледі, ондағы орташа өмір сүру жасының ұзақтығы 34,1 жылды құрайды. Замбия, Ангола, Либерия және Зимбабвадағы ахуал бұдан сәл жақсы.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап қазіргі кезге дейін Ресейде халық санының күрт төмендеуі байқалып отыр. РФ Мемлекеттік статистика комитеті мен демограф Е.Андреевтің болжамы бойынша халық санының азаю серпіні мынадай: 2010 ж. – 138,7 млн. адам; 2020ж –131,2; 2030 ж. – 121,1; 2040 ж. – 108,3; 2050 ж. – 93,8 млн. адам.
РФ денсаулық сақтау министрінің мәлімдемесі бойынша 2011 жылға халық санының құлдырауын 143 млн. деңгейінде ұстап тұру жоспарлануда. Әр жыл сайын Ресей халқы 700–750 мың адамға азайып отыр. Халық санын 2011 жылы 143 млн. адам деңгейінде ұстау арқылы тұрақтандырудың негізі жоқ. Бірқатар себептер бойынша, ең бірінші Ресей халқы санының мониторингі деректері бойынша қазіргі кездегі халық саны 143 млн. адам, яғни 2011 жылы азаю саны және 3 млн. адамды құрайды. Осылайша, үміттене отырып есептегеннің өзінде 2011 жылы Ресейліктер саны 140 млн. адамды құрайды.
2050 жылға дейінгі Ресей халқының өсім серпінін болжаудың барлық нұсқалары, тіптен бала туудың және халықтың өлімінің ең ілгерінді өзгерісі кезінде оның жастық құрылымының ерекшеліктері салдарынан (халық құрамында жастар үлесінің аз болуы және жасы үлкендердің жоғары болуы) халықтың табиғи өлімінің болмай қоймайтынын көрсетіп отыр.
Сондықтан Ресей халқының санын 143 млн. адам деңгейінде сақтау үшін халықты шетелден тарту есебінен халықтың көші-қон санын айтарлықтай ұлғайтуды қажет етеді.
РФ Федералдық мемлекеттік статистика қызметінің болжамдық бағаларына сәйкес, халықтың табиғи қозғалысы болжамының көрсеткіші бойынша 50 жыл ішіндегі иммиграциялық сальдо кемінде 43 млн. адамды құрауы тиіс, яғни ілгерінді демографиялық серпінді сақтау үшін жыл сайын Ресейге 900 мың адам келуі тиіс.
Қазіргі кездің өзінде еңбек ресурсі Ресейде ең маңызды мәселе болып отыр. 2010 жылға дейін жинақталған жұмыссыздықтың (жасырын жұмыссыздықты қоса алғанда) қысқаруы және зейнеткерлік жасты ықтимал арттыру есебінен еңбек ресурстарының азаюы күшті сезілмеуі мүмкін.
Бірақ, егер Ресейде жұмыс күшіне қажеттілік өсетін болса, онда жақын келешекте еңбек ресурстарын толықтырудың жалғыз, нақты көзі иммиграция ғана болмақ. Бұл жағдайда Ресей үшін әлеуметтік игіліктер Ресеймен салыстырғанда төменгі деңгейдегі бұрынғы кеңес елдері жалғыз демографиялық көз болмақ.
Дамыған Германияда да демографиялық ахуал қиын. Демография жөніндегі мамандардың айтуынша халық санының азаюы себебі бала тууды ынталандыруда емес, қоғамдағы әйелдің әлеуметтік рөлінің өзгеруінен болып отыр. Неміс әйелдерінің ұрпақ қалдыруы тым кейіндеп және сиреп барады. Германияның статистика ведомствосының деректері бойынша 35 жасқа дейінгі неміс әйелдерінің 40%-ының әлі балалары жоқ. Немістер ұлт ретінде қартаю үстінде. Денсаулық сақтау саласындағы ілгерілеушілік және әлеуметтік ахуалдың жақсаруы арқасында өмір ұзақтығы әйелдерде 84 жасқа дейін, ерлерде 78 жасқа дейін ұлғайды. Алайда, сонымен қатар бала туу төмендеп кетті. Германиядағы бала туушылық коэффициенті 1,3 құрайды, бұл халық санын толықтыру үшін жеткіліксіз. Мұндай келеңсіз серпін кезінде болжамдар бойынша ел тұрғындарының саны қазіргі 82 млн адамнан 2050 жылға қарай 67 млн. адамға дейін азаюы мүмкін, яғни елдің әрбір үшінші тұрғынының жасы 60-тан асатын болады. Бүгінде әрбір зейнеткер неміске әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна төлейтін тек үш жұмыс істейтін тиесілі. 20 жылдан кейін бұл қатынас екіге бір болмақ. Кельн Экономикалық зерттеулер институтының директоры Михаэль Хютердің пікірі бойынша Германиядағы бала туудың төмендеуі Германия өнеркәсібінің дамуына, бәсекеге қабілеттігіне соққы беріп, уақыт өте келе экономика өсімін тоқтатады.
Саны жағынан әлемдегі халқы ең көп Қытайда да ұлттың қартаюы мен гендерлік баланстың (гендерлік асимметрия) демографиялық проблемалары бар. Мәселен, неке жасындағы еркектердің саны әйелдерден 18 млн. адамға көп. ҚХР демографиялық саясат және бала тууын жоспарлау жөніндегі мемлекеттік комитеттің деректері бойынша ауылдық аудандардағы ерлер мен әйелдер арасындағы қатынас 122,85:100 құрайды, бұл жалпы ұлттық көрсеткіштен - 119,58:100 астам. 2020 жылы 20-45 жастағы ерлердің саны әйелдерге қарағанда 30 млн. адамға астам болады деп болжануда. Қазіргі кезде орта есеппен Қытай бойынша халық тығыздығы бір шаршы километрге 140 адамды құрайды. Мұндай жағдайда Қытай елден өз азаматтарының кетуін көтермелейтін болады, бұл көрші мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне келеңсіз әсер етуі мүмкін.
Гендерлік баланстың бұзылуы дамыған өңірлердегі ерлер әйелдер санынан астам болып отырған Үндістанда да байқалып отыр. Бұл құбылыстың себебі жыныстық белгі бойынша бала алдыру тәжірибесінің таралуында жатыр.
Lancet белгілі канадалық медицина журналының деректер бойынша жыл сайын Үндістанда 500 мыңға таяу аборт жасалады. Сонымен қатар «Үнді медицина қауымдастығы» бұл құбылыстың шынайы ауқымы канадалық басылымда келтірілген деректерден 10 есе көп деп болжайды, яғни баланың жынысына орай жылына 5 млн. аборт жасалады деген сөз. Мысалы, ультрадыбыстық диагностикаға барынша қол жетімділік басым және ол кеңінен етек алған Нью-Дели қаласында 1000 еркекке 800 әйел келеді.
Жапонияда да ұлттың қартаюы проблемасы алаңдаушылық туғызып отыр. Болжау деректері бойынша әлеуметтік қамтамасыз етілуге құқықты болатын 65 жастан астам азаматтардың саны 2025 жылы қазіргі 13%-дан 19%-ға дейін өсіп, оларға кететін шығыстар 78 триллион иеннен ($750 миллиардқа таяу) 155 триллион иенге дейін ($1,2 триллионға таяу) ұлғаймақ. Жапония демографиясындағы келеңсіз ахуалдың басты себебі, мамандардың есебінше кеш некелесу болып табылады. Мәселен, әйелдер бүгінде тұрмысқа 28 жаста шығады, ал 1988 жылы тұрмысқа шығудың орташа жасы 26 жасты құраған болатын. Тіптен көптеген жапондықтар отбасын құру идеясының өзіне үрке қарайды. Демографтардың болжамы бойынша халықтың бұлай азаю қарқыны кезінде жүз жылдан соң қазіргі 127 млн. жапоннан 40 млн. қалмақ.
Шығыс Еуропа елдерінде 2025 жылға қарай халықтың 20-25% ы 65 жаста және одан жоғары болмақ. Бұл туралы Бүкіләлемдік банктің өңірдегі демографиялық үрдістер туралы баяндамасында айтылады. Мәселен, болжамдар бойынша Словенияда 47 жас орташа жасты құрамақ. Сөйтіп, Словения әлемдегі ең «кәрі» елдің бірі болады.
Біріккен Араб әмірліктерінің (БАӘ) тұрып жатқан төрт миллион жергілікті тұрғындардың 825 мың адамы генетикалық аурулар проблемасына кезікті. Генетикалық аурулар БАӘ-де жақын туыстар арасындағы некелердің таралуынан туындап отыр, қазіргі кезде ол барлық неке санының 3,5%-ын құрайды. БАӘ-де тіптен олар мұсылман болса да, шетелдіктермен некеге тұруды мемлекет қолдамайды. Туыстық некелердің барлық келеңсіздіктеріне қарамастан жергілікті медиктер қалыптасқан жағдайды қиын деп бағалап отырған жоқ. Олардың пікірінше гендерлік аурулар пайызы салыстырмалы түрде аз, ал егер медициналық мекемелер тарапынан тиісті назар аударылатын болса мұндай аурулар санын барынша азайтуға болады.
Сингапур бала туудың төменгі деңгейіне және жас білікті мамандардың елден кетуіне байланысты демографиялық дағдарыс қарсаңында тұр. Арал қала – мемлекеттің халқы 4,5 миллион адамды құрайды, олардың 76%-ы 15-тен 64 жас аралығында. 4,2 млн. адам шегінде халықты толықтыруға арналған қажетті бала туушылық – жылына 50 мың нәрестені құрайды. Қазіргі кезде өсім 36 мың нәресте шегінде.
2050 жылға қарай Еуропадағы ең кәрі ел Испания болмақ, бұл Еурокомиссияның Eurostat статистикалық қызметі жариялаған есепте айтылған. Ғасыр ортасында Испанияның әрбір үшінші тұрғыны зейнеткерлік жаста болмақ. Бала туудың және ұзақ өмір сүрудің төменгі деңгейі, испандықтардың 37,5%-ы 65 жастан жоғары болуына әкеледі. Қазір орташа өмір ұзақтығы ерлерде 81,8 жас, әйелдерде – 85,7 жасты құрайды.
Люксембург тұрғындары 27 елдің ішінде ең жас ел болмақ; 2050 жылға қарай бұл ел халқының тек 22,1%-ы 65 жастан жоғары болады. Греция мен Португалия халқының да зейнеткерлік жастағы пайызы жоғары болады: тиісінше 32,5 және 31,9%.
Халық саны 300 млн. адамнан астам болып отырған АҚШ-та демографиялық ахуал қолайлы. АҚШ-тың халық санағы бюросының (US Census Bureau) деректері бойынша АҚШ-та әрбір 7 секундта бір нәресте дүниеге келсе, әрбір 13 секундта өлім тіркеліп, әрбір 31 секундта елге жаңа эмигрант келеді. Осылайша ғалымдардың есебінше АҚШ халқы әрбір 11 секундта бір адамға толығып отырады. АҚШ халық саны жағынан Қытай мен Үндістаннан кейін әлемде үшінші орын алады және үнемі халық өсімі тіркеліп отырған батыстағы жалғыз ел болып саналады. Мәселен, 100 млн. тұрғын 1913 жылы тіркелсе, екінші 100 миллионыншы кезеңге 52 жыл, үшіншісіне 39 жыл қажет болды. Көрсеткіштер болжамы бойынша халық саны АҚШ-та 2041 жылы 400 млн. адамға жетпек.
Халықтың қартаюы мен бала туудың төмендеуімен байланысты жалпы әлемдік демографиялық үрдіс елдің даму деңгейіне қарай әртүрлі болады.