Негізгі мазмұнға
Logo

Шығыс елдеріндегі са ...

    • Қазақша ‎(kk)‎
    • Русский ‎(ru)‎
    • English ‎(en)‎
  • Log in
SYSTEMS.ENU Орау Expand
PLATONUS.ENU DIRECTUM.ENU MAIL.ENU MY.ENU MOODLE.ENU MOOC.ENU
SYSTEMS.ENU Орау Expand
PLATONUS.ENU DIRECTUM.ENU MAIL.ENU MY.ENU MOODLE.ENU MOOC.ENU
  1. Курстар
  2. Дистанционное обучение
  3. Факультеты
  4. Факультет международных отношений
  5. Кафедра Востоковедения
  6. Шығыс елдеріндегі саяси үдерістер (Абжаппарова Б.Ж.)/2022-2023/1 семестр
  7. Шығыс елдеріне ҒТР экологиялық, экономикалық, әлеуметтік зардаптары
  8. Лекция
  • More

Лекция

Completion requirements

Шығыс елдеріне ҒТР экологиялық, экономикалық, әлеуметтік зардаптары

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс жағдайы ғылыми-техникалық революция түсінігімен айқындалады. Ғылыми-техникалық революция қоғамдағы өндірістік күштердің сапалы дамуы, оның ғылыми білім жүйесіндегі жаңалықтар негізінде ауысуы.

Ғылыми-техникалық революция екі кезеңнен тұрады:

XX ғ. 50-ші — 70-ші жылдар соңы XX в. (өзгерістердің басты қозғаушы күші — өндірістік процестерді автоматизациялау);

70-ші жылдар соңынан бастап қазіргі кезеңге дейін (өзгерістердің басты қозғаушы күші — микроэлектрониканың дамуы, компьютерлерді ендіру, технологиялық революция).

Ғылыми-техникалық революцияның басты бағыттары:

1)өндірісті автоматизациялау и компьютеризациялау;

2) жаңа ақпараттық технологияларды ендіру;

3) биотехнологиялық зерттеулер;

4) жаңа конструкциондық материалдарды жасау;

5) жаңа энергия көздерін игеру;

6) коммуникация мен байланыс құралдарындағы революциялық өзгерістер.Ғылыми-техникалық революцияның әлеуметтік зардаптары:
     1) күрделілігіне байланысты еңбектің мазмұны өзгереді, қол еңбегін ығыстырып, жұмысшылардың біліктілігіне және біліміне талап күшейеді;    
     2) ғылымға кететін және өндірістің ғылымды талап ететін салаларына жұмсалатын қаржы көбейеді;      3) қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгереді, жоғары білімді адамдар саны артады;      4) әлеуметтік бағыттылық пен экономикалық даму артады;    5) халықтық еңбекпен қамтылуы күрделене түседі;
    
     6) экологиялық проблемалар да артады.Жиырмасыншыжәне жиырма бірінші  ғасырдың басындағы ең басты мәселелердің бірі қоршаған ортаны қорғау болып саналады. Барлық экологиялық мәселелерді әрбір аймаққа қатысты өзектілігіне байланысты локальды, Жер бетіне қауіп әкелетін ғаламдық деп бөлуге болады. Атмосфераға, суға, топыраққа жыл сайын 980 миллион тонна қалдықтар оның ішінде токсиндік заттар бар, олар адамдар мен жануарларға онкологиялық тағы басқа ауруларға душар етеді. Озон концентрациясы атмосфераға соңғы 25 жылда  25% пайызға төмендеді. Экологиялық жағынан Африканың жартысы, Азияның үштен екі бөлігі қолайсыз экологиялық аймақта тұрады.  

ХХ ғ. ғылыми-техникалық революция өндірістік күштердің қарқынды дамуымен, жаңалықтарымен ерекшеленді. Бұл ядролық физика, молекулярлық биология, химия, космос кеңістігін игеруге ғана емес, ірі қалалардың өсуі, қала халқының санының артуына әсер етті. 

Өнеркәсіп өндірісі жүз мыңдаған есе, адамзаттың энергияны тұтынуы 1000 есе, оның жылдамдығы 400 есе, ақпартаттарды беру жылдамдығы миллионы есе артты.

Адамзат ғылыми-техникалық прогресті жеделдету үшін қажеттіліктің барлығын биосферадан алады. Сондықтан табиғатқа құл ретінде қарап, қанау үсінде. Адам өзін жердің қожайыны ретінде сезінді. Адамға таза су да жетіспеуде. Сондықтан ХХ ғасырда экология ғылымы пайда болды. 


This lesson is not ready to be taken.
Data retention summary
Мобильдік қосымшаға өту
Яндекс.Метрика