Негізгі мазмұнға
Logo

Шығыс елдеріндегі са ...

    • Қазақша ‎(kk)‎
    • Русский ‎(ru)‎
    • English ‎(en)‎
  • Log in
SYSTEMS.ENU Орау Expand
PLATONUS.ENU DIRECTUM.ENU MAIL.ENU MY.ENU MOODLE.ENU MOOC.ENU
SYSTEMS.ENU Орау Expand
PLATONUS.ENU DIRECTUM.ENU MAIL.ENU MY.ENU MOODLE.ENU MOOC.ENU
  1. Курстар
  2. Дистанционное обучение
  3. Факультеты
  4. Факультет международных отношений
  5. Кафедра Востоковедения
  6. Шығыс елдеріндегі саяси үдерістер (Абжаппарова Б.Ж.)/2022-2023/1 семестр
  7. Ислам және шығыс елдеріндегі қазіргі қоғамдық саяси үрдістер
  8. Лекция
  • More

Лекция

Completion requirements

Ислам және шығыс елдеріндегі қазіргі қоғамдық саяси үрдістер.

Қазіргі таңда саясат, экономика, халықаралық қатынастар мәселесіне елеулі ықпал етіп отырған ислам факторы күрделі саяси мәселелер қатарына шығып отыр. Діни ілім ретінде пайда болу кезеңінен бастап, ислам діні ғасырлар бойы саяси ойдың, саяси доктриналардың қалыптасуының маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып келеді.

Ислам факторы дегеніміз – бұл миллиардтан астам мұсылмандарды біріктіріп отырған ислам әлемі. Әлемдік саясаттағы ислам факторы – бұл ислам дінінің, оның ішінде радикалды ислам ағымдарының халықаралық үдеріске ықпалының артуы. Сонымен қатар, өркениет аралық байланыстағы ислам мәдениетінің артуы. Халықаралық қатынастардағы ислам факторы – бұл халықаралық қатынастардағы исламдық полюсінің қалыптасу үрдісі. Дж. Эспозито пікірінше, «ислам идеологиясы, ұрандары және акторлары мұсылман елдерінің саясатында нық орын тепкен» ХХІ ғасырдың басынан діни дәстүрлер түрлі саяси мақсаттарға жету жолында жиі пайдаланып келеді. Қазіргі таңдағы ислам, мұсылман елдерінің сыртқы және ішкі саясаттарын жүзеге асыру барысында және саясаттарын анықтауда сүйенетін маңызды идеологиялық факторға айналды. Мұндай үрдістер әсіресе араб мемлекеттерінің ұстанымдарынан, сыртқы және ішкі саясаттарының ерекшеліктерінен айқын көрінеді.

Қазіргі таңдағы араб елдері – бұл Солтүстік Африка және Батыс Азия территорияларын қамтыған ортақ геосаяси, мәдени және діни кеңістік. Барлық 22 араб елдері – бұл халықаралық қатынастардағы айрықша рөлі бар, ерекше сыртқы саясаттары қалыптасқан, сыртқы саяси бағыттарының қалыптасуы және сыртқы саяси шешімдердің қабылдануымен ерекшеленетін мемлекеттер болып табылады. Араб елдерінде мұсылмандық ынтымақтастық тұжырымдамасына негізделген діни-саяси жүйе дамыған. Олар, әлемдік деңгейде осы тұрғыда өзіндік сыртқы саяси бағыт ұстанады.

ХХІ ғасыр бастауында, ислам және мұсылман қауымы қайта құруларды, өзгерістерді басынан кешіріп отыр. Исламды ұстанып отырған елдердің демографиялық және қаржылық қарқыны, Парсы шығанағы елдерінің мұнай газ саласындағы жетекші рөлі, араб елдерінің сыртқы саяси шешімдерінің қабылдануындағы исламның рөлін жоғарғы деңгейге шығарып отыр. Бұл елдердегі мемлекеттік және әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуы, олардың әкімшілік, әскери және өндірістік технологияларды қолайлы пайдалана білуі, араб елдерінің әлемнің қазіргі дамуындағы іргелі орталықтарының біріне айналдырып отыр. Барлық араб елдеріне, биліктің орталықтандырылуы, мемлекет басшысының кең өкілеттігі, патерналистік әлеуметтік саясат жүргізуге деген ұмтылыс, саяси жүйедегі армияның айрықша рөлі, діни қауымдық бірегейлік, исламның ішкі, сыртқы саяси бағыттағы күшті ықпалы тән.

Парсы Шығанағындағы араб монархияларының мұнай көзіне бай қолайлы жерге орналасуы, Египет сияқты мемлекеттің Суэц каналы арқылы теңіз сауда жолдарына бақылау жасауы, аталған мемлекеттердің халықаралық аренадағы рөлін арттыра түседі. Ал Палестина, Судан, Йемен, Ирак, Ливан сияқты мемлекеттердің территориялық-географиялық орналасу жағдайлары аймақтағы қақтығыстарға әкеліп соқтырып отыр.

Осы мәселелердің жиынтығы, араб елдерінің сыртқы саясатындағы ислам факторының рөлінің кейбір астарларын қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде, Таяу Шығыстағы қауіпсіздік және әріптестік мәселелерін зерттеу барысында және осы үрдістегі араб елдерінің рөлін анықтаудың өзектілігін арттыра түседі.

Сыртқы саяси шешімдеріне, сыртқы саяси бағыттарына исламның ықпалы бойынша араб мемлекеттерін төмендегідей түрде топтауға болады:

Мұсылман әлемінің тарихи орталығы болып саналатын – Катар, Біріккен Араб әмірліктері, Кувейт, Бахрейн, Сауд Арабиясы сияқты Арабия жарты түбегінің мұнай монархиялары. Бұл монархиялардың барлығында ислам діні мемлекеттік идеологияның негізі болып жарияланған, мұсылман институттары мемлекеттік құрылымда қамтылған, саяси партиялар мен ұйымдардың жоқтығы сыртқы саяси шешімдерді қабылдау үдерісінде мемлекет басшылары-монархтардың рөлін арттырады. Бұл мемлекеттер ислам фундаментализмі идеяларының қайнар көзі ретінде халықаралық аренада жетекші ислам орталығы рөлін атқаруға ұмтылып отыр.

Нарықтық экономика жолымен дамып, әлемдік интеграциялық жүйеге тартылуға ұмтылып отырған – Марокко, Иордания, Египет сияқты араб мемлекеттері. Бұл елдердің сыртқы саяси бағыты негізінен, экономикалық мүдделермен ұштасқанымен, сыртқы саясатында және ішкі дамуында исламның ықпалы байқалады. Бұл  мемлекеттердің  барлығы халықаралық мұсылман ұйымдарында елеулі рөл атқарады. Марокко және Иордания сияқты мемлекеттерде ислам қағидаттары сыртқы саясаттың негізі ретінде жарияланған.

Ялта-Потсдам жүйесі кезеңінде социалистік даму жолын таңдаған – Сирия, Алжир, Йемен сияқты араб мемлекеттерінің сыртқы саясаты негізінен сыртқы факторларға тығыз байланысты. Социалистік даму жолында болған кезеңінен бастап мемлекеттердің сыртқы саясатында батыс әлеміне және Израиль мемлекетіне қатысты ерекше ұстанымдар қалыптасқан.

Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі араб әлемінің ерекшелігі – жетекші полюс мемлекеттің жоқтығы. Ресей шығыстанушысы Г.Г. Косач пікірінше, араб геосаяси кеңістігі «көп қабатты және көп құрылымды, ондағы орталық жетекші буынның орны анықталмаған. Сонымен қатар бұл кеңістік шартты түрде және тұрақсыз. Онда, өзара бәсекелестегі «күш орталықтары» қалыптасқан». Жетекші орталықтар ретінде Сауд Арабия, Египет елдерінің саяси ұмтылыстары байқалып келеді. Сонымен қатар, басқа да араб елдері Катар, Кувейт, Алжир маңызды халықаралық мәселелерді шешуде алдыңғы орынға шығуға талпынып отырғанын байқаймыз.

Араб қоғамында ислам дінінің айрықша орны бар. Дін қоғам және мемлекеттің барлық салаларын реттеуге араласып, сыртқы саяси бағыттарына да елеулі ықпалы бар факторға айналып отыр. Мысалы, Арабия жарты түбегінде орналасқан араб елдерінің ішінде Сауд Арабиясының экономикасына, сыртқы саясатына, әлеуметтік дамуына ықпал етіп, оның саясатын, мұсылман орталығына айналуын қамтамасыз етіп отырған фактор. Бұл мәселеде, ислам діні тиімді идеологиялық фактор ретінде қолданылады.


This lesson is not ready to be taken.
Data retention summary
Мобильдік қосымшаға өту
Яндекс.Метрика