Негізгі мазмұнға
Logo

Шығыс елдеріндегі са ...

    • Қазақша ‎(kk)‎
    • Русский ‎(ru)‎
    • English ‎(en)‎
  • Log in
SYSTEMS.ENU Орау Expand
PLATONUS.ENU DIRECTUM.ENU MAIL.ENU MY.ENU MOODLE.ENU MOOC.ENU
SYSTEMS.ENU Орау Expand
PLATONUS.ENU DIRECTUM.ENU MAIL.ENU MY.ENU MOODLE.ENU MOOC.ENU
  1. Курстар
  2. Дистанционное обучение
  3. Факультеты
  4. Факультет международных отношений
  5. Кафедра Востоковедения
  6. Шығыс елдеріндегі саяси үдерістер (Абжаппарова Б.Ж.)/2022-2023/1 семестр
  7. Тарихи процестің діни-идеологиялық аспектілері
  8. Лекция
  • More

Лекция

Completion requirements

Тарихи процестің діни-идеологиялық аспектілері.

Идеология дегеніміз

адамдар арасындағы қатынастар мен өмір салттарын реттейтін жүйелер болып табылады

Кезінде елімізде Кеңестік социалистік идеология атеистік сипаттағы дүниетанымды бекітіп, оны мемлекеттік идеологияда басымдықта ұстап, дінді кертартпа, сарқыншақ дүниетаным ретінде таныды. «Дін халық үшін апиын» деген ұстаным басқарушы биліктің, коммунистік идеологияның негізгі қағидасы болатын. 

Міне, енді заман өзгерді және дінге, діни сенімге деген көзқарас түзелді.

ХХ ғасырдың 50-нші жылдары болған халықаралық саяси сахнасындағы Таяу Шығыс аймағындағы жанжалдар араб мемлекеттер лигасында «Некбат Фаластын» (Палестинаны азат ету) қозғалыстарын жандандырылуы мен радикалды ағымдардың таралуына елеулі сылтау болды. Бүкіл мұсылман әлеміне тигізген «соққы» жағдайын өзгертіп ислам халифатын құру идеясын ұстанған «Мұсылман бауырлар» және Хизб-ут-Тахрир аль ислами радикалды ұйымдардың үгіт насихат жұмыстары белсенділік таныта бастаған.  Бүгінгі таңда белсенділігін жоймаған ұйымдардың идеологиялық негіздерін исламтанушы ғалымдар қатты сынға алуда. Ұйым бағдарламасында көрсетілген негіздер бойынша әрбір қоғамда адамдар екі қалың қабатта ішінде өмір сүреді. Бірі сенім, екіншісі идеология. Идеология адамдар арасындағы қатынастар мен өмір салттарын реттейтін жүйелер болып табылады. Егер мұндай қоғамда іштен өзгерістер керек болса, онда шабуылды сыртқы, яғни идеологиялық қабаттан бастау керек. Демек, саяси төңкерістердің алғашқы сатысы идеялық қақтығыстардан басталады. Осы тұрғыдан Хизбут-Тахриршылар төңкерісті үш сатыға бөліп қарастырған екен.  Біріншісі идеялардың үгіт насихаты, екіншісі мәдени саяси тетіктері арқылы қоғамда сіңісіп кету, үшіншісі билікті түбегейлі тамырымен құлату арқылы билік тізгінін қолға түсіру. Радикалды сипаттағы идеяларды Орталық Азия мемлекеттерінің тәуелсіздігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдағы этникалық келісімге және тұрақтылыққа қауіп төндіреді.Осы мәселе қазіргі таңға дейін негізгі проблеманын бірі болып табылады. 

Фундаментализм  исламдағы консервативті ағым ретінде араб-мұсылман елдерінде әлеуметтік өміріне тигізіп жатқан әсері айтарлықтай жоғары деп бағалауға болады. Оған дәлел ретінде ХІХ ғасырдың 80 жылдары Иран ислам мемелекеті ретінде бой көтерген. Кейінгі кезде  бірқатар солтүстік Африка елдерінде діни ұрандар алға тартылып қантөгіс оқиғалар көрініс тапты. Осылайша радикалды ағымдардың саясатқа араласуы дінді саяси билікке жету құрал ретінде айналып кеткенін байқауға болады. Қазіргі сунит негіздегі фундаменталистер билік пен заңның негігі көзі ретінде Аллахтың мойындалуын алға тартып, заң мен саясат Құранға бағынуын талап етіп, мұсылман қағидалардан шықпауы тиіс деген пікірді ұстанады. Мұхаммед пайғамбар кезіндегі  мұсылман қағидаларын жаңғырылуы негізінде нағыз ислами тәртіп орнату басты мақсатқа айналған болатын. Бұл мақсатты насихаттаушысы «Мұсылман бауырлар» фундаменталистік ұйымның өкілі Сейид Кутуб. Батыс қоғамы ұстанып жатқан жаңашыл құндылықтарды қатты сынға ала отырып, тек ислам ғана адамзат өмірін реттеуші бағыт ретінде қызмет атқара алатынын айтады.

Ислам экстремизмі деген термин мағаналық жағынан қате ұғым екендігін көптеген ғалымдар айтып, жоғарыда келтірілген радикалды акттер саяси экстремизм сынды ұғымға көбірек келетінін анықтайды. Сондықтан бұл мәселені зерттеші ғалымдар мен тілшілер ислам экстремизмнен қауіп-қатерлер жайында жазғанда халық санасында исламға қарсы пікір қалыптастырады. 

Орталық Азия аймағындағы халықтың ғасырлар бойы тұрмыс-тіршілігі ислам дінімен тығыз байланысты екендігі айқын. Отырықшылдықта болған өзбек, тәжік қоғамында әлеуметтік мәдени, сондай-ақ саяси өмірін реттеуші күш ретінде қызмет атқарды. Ал көшпелі қазақ, қырғыз, түркімен отырықшыларға қарағанда кеңінен етек жайған жоқ. 

2000 жылдары Өзбекстанның Ислам Қозғалысы сынды ұйым сол кездегі бар саяси тәртіпті күшпен жою ниеттерінен көруге болады. Мұндай қозғалыстар азаматтық бағынбау шараларын, террористік акт ұйымдастыру ақылы саяси тұрақсыздық жағдайын туғызудың жатықтыру құралдырын «Террор энциклопедиясы» сынды  басылымдарды жарыққа шығарады.  Орталық Азия аймағында исламның саяси сиапатқа ие болуы бұл мемлекеттердің полиэтникалық екендігмен түсідіруге болады. Коммунистік интернационализм күйрегенннен кейін этникалық негізге адамдарды бөлмейтін ислам Орталық Азия мемлекеттерінде біріктіруші идеологиялық қызмет атқарды. Осылайша ислам этностардың қоғамдық қатынастарды реттеуші күшке ие бола бастады. Қазіргі таңда ислам мемелекеттік құрылыс факторы болмағанымен кейбір саясаткерлер бұл тетікті пайдалана бастады. Орталық Азиядағы саяси исламмен байланысты процестерді талдай жағдай өрбудің негізгі нұсқаны айшықтауға болады. 

Біріншісі Тәжіксаннан өрбитін аймақтық-рулық нұсқа. Саяси исламның негізі әлеуметтік базасы ол Тәжікстанның тәуелсіздік алғаннан кейін билікке келмеген аймақтық элита саяси күшке ие ислам діндарларынан көмек іздеген. Осылайша ислам насихаты кейбір аймақтық топтардың мүдделерін алға тартуымен пайдаланды. Нәтижесінде тәжік қоғамында басталған шиеленістер ішкі этникалық қақтығыстарға әкеліп азаматтық соғысқа ұласты. 

Оппозиция сипаттағы билік нұсқасы исламның саяси мағынаға ие болуы режимге қарсы форманың бірі болып көрініс табады

Қазіргі заманда дінді «мемлекеттік» деген мәртебеге көтерген елдер көп болмаса да, олардың жалпы қатары бар екенін, тіпті кейбіреулерінің біршама ықпалды елдер екенін айта кету керек. Мәселен, әлемдегі Иран Ислам Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Сауд Арабиясы Корольдігі сияқты елдерде діндер өздерінің қызметін мемлекеттік ресмиленген құқықтық деңгейде атқаруда. Дегенмен, әлемдегі өркениетті елдердің көбісі өздерін «зайырлы мемлекеттерміз» деп жарялаған және олар өздерінің заң жүйесінде азаматтық құқықтарды негізгі басымдылық ретінде бекіткен. Кезінде елімізде Кеңестік социалистік идеология атеистік сипаттағы дүниетанымды бекітіп, оны мемлекеттік идеологияда басымдықта ұстап, дінді кертартпа, сарқыншақ дүниетаным ретінде таныды. «Дін халық үшін апиын» деген ұстаным басқарушы биліктің, коммунистік идеологияның негізгі қағидасы болатын. Міне, енді заман өзгерді және дінге, діни сенімге деген көзқарас түзелді. 

Егер ғылым негізінен білімге, дәлелдеуге арқа сүйенсе, дін болса сенім арқылы догмалық тұжырымдарын өз жақтастарының санасына ұялатады, насихаттайды. Осы жерде әріптестеріміз атап көрсетіп жүргендей діннің ішіндегі өкілі тұрғысындағы көзқарас пен сырттай бейтарап зерттеуші тарапындағы ғылыми-зерттеу негізіндегі пайымдаулардың біршама айырмасы бар екенін айта кету керек. Осы айырмашылықты анықтап, олардың сәйкес келіп түйісетін жерін көрсету қазіргі зертеушілерге өзіндік парыз деуге болады. Себебі, адамзаттың болашағында, түбінде дін, ғылым және мәдениет өзара ықпалдасып, ортақ адами мүддеге қызмет ете бастауы тиіс. Сонда көптеген қоғамдағы, мемлекеттегі дүниетанымдық және гуманитарлық қайшылықтар мен мәселелер ұтымды шешіле бастары анық. Мемлекет үшін дін әлеуметтік институт ретінде сонда нағыз гуманистік тұрғыны орнатушы тірекке айналары сөзсіз. 


This lesson is not ready to be taken.
Data retention summary
Мобильдік қосымшаға өту
Яндекс.Метрика