Лекция
Этникалық мәселелер мен трибализм.
Шығыстың Этникалық мәселелері, қақтығыстары
Этникалық қақтығыстарды шешу жолдары
Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық.
Этникалық қақтығыстар - қандай да бір аумақта, көпэтникалы мемлекеттерде этностардың арасындағы әртүрлі себептерден туындаған қақтығыс. Басқа қақтығыстарға қарағанда зардабы ауыр, шешілуі қиын.
трибализм Трайбализм, рушылдық – қоғамдық жікке бөлінушілікті тудыратын этнос ішіндегі ру-тайпалар мен жеке адамдар бойындағы тайпалық, рулық сезім, құбылыс. Трайбализм негізінен билікке таласушылықты, сепаратизмді қоздыратын құбылыс ретінде саяси мәдениеті төмен, демократиялық институтттары нашар дамыған елдерге (Азия, Африка елдері, т.б.) тән.
Топтардың арасындағы қақтығыстар
Саяси қақтығыстар: билік, ықпал ету, үстемдік ету, беделге ие болу жолындағы күреске қатысты;
Әлеуметтік-экономикалық немесе еңбек пен капитал, кәсіподақтар мен жұмыскерлер арасындағы;
Этникалық – этникалық қауымдастықтың құқықтары мен мүдделері жолындағы болып бөлінеді.
Осының ішіндегі ең маңыздысы этникалық қақтығыстар болып саналады
Этникааралық қақтығыстардың шығу себептері
этнос құндылықтарын кемсіту нәтижесінде туындаған жанжалдар аса ауыр әрі эмоционалды бояуы қанық болады
Этникааралық қақтығыстардағы құндылықты ерекшелік мәдени, тіл, дін, басқа да әлеуметгік-мәдени айырмашылықтардан туындаған қақтығыстарда айшықты болады
Этникалық қақтығыстар тұрмыстық деңгейде де шығуы мүмкін. Ол түйсікте жатқан басқа этносты жаратпау социо-психологиялық факторы негізінде туындайды.
Ұзақ қайшылықтан кейін себебі қандай болса да, қақтығысушы этностардың бір-біріне өшігуі бұқаралық сипат алады.
Этникалық қақтығыстардың тарихи себебі этнос жадында сақталып қалған өткендегі өкпе, реніштен туындайды. Олар өздігінен өзі тікелей себеп бола алмайды. Егер қақтығыс пісіп-жетілсе немесе қақтығыс шыққан болса, этнос санасындағы барлық өкпе-наз "ақтарылады" және "отқа май құяды
Қақтығыстардың шығу себебі қандай болмасын, олар нақтылы мақсатты көздейді, біреудің мүддесін білдіреді (кейде, тіпті қақтығысқа қатысушылар оны байқамауы да мүмкін).
Этникалық қақтығыстарды шешудің негізгі стратегиялық жолдары: макродеңгейде
құқықтық механизмдерді қолдану;
келіссөздер;
ақпараттық жол.