Негізгі мазмұнға
Logo

Шығыс елдеріндегі са ...

    • Қазақша ‎(kk)‎
    • Русский ‎(ru)‎
    • English ‎(en)‎
  • Log in
SYSTEMS.ENU Орау Expand
PLATONUS.ENU DIRECTUM.ENU MAIL.ENU MY.ENU MOODLE.ENU MOOC.ENU
SYSTEMS.ENU Орау Expand
PLATONUS.ENU DIRECTUM.ENU MAIL.ENU MY.ENU MOODLE.ENU MOOC.ENU
  1. Курстар
  2. Дистанционное обучение
  3. Факультеты
  4. Факультет международных отношений
  5. Кафедра Востоковедения
  6. Шығыс елдеріндегі саяси үдерістер (Абжаппарова Б.Ж.)/2022-2023/1 семестр
  7. Саяси жүйелердің демократизациялануы мен либерализациялануы
  8. Лекция
  • More

Лекция

Completion requirements

Демократия мәселесі – қазір негізгі тақырыптардың бірі. Оның себебі, саяси ғылымның, яғни саясаттанудың кілті саяси билік болатын болса, ал қоғамдағы саяси биліктің сапасы, әсіресе қазіргі кезеңде, демократияның деңгейімен тікелей байланысты. Осы жағдай қазір дүние жүзіндегі көптеген елдердің саяси өмірінен байқалып отыр. Мысалы, қазіргі кезеңде көптеген мемлекеттердің саяси өміріндегі ең жиі айтылатын сөздің бірі - “демократия”. Мұның себебі неде? Демократия туралы мәселенің өте маңызды болуына бірнеше себептер бар. Біріншіден, қазіргі кезеңде демократия дүниежүзілік жалпы адамзаттың рухани құндылығы болып табылады. Ол халықтар арасындағы бірлестіктің, қауымдастықтың дамуына зор әсер етеді. Екіншіден, әрбір мемлекеттегі саяси биліктің сапасы қоғамдағы демократияның деңгейіне байланысты. Үшіншіден, демократия көптеген шығыс мемлекетінің мақсаты мен болашағы. Демократияның ерекше маңызды болуының тағы да бір себебі, оның әрбір адамға тиімді, пайдалы болуында. Бұны демократияның нег негізгі ұстанымдарынан (шарттарынан) байқауға болады. Демократияның негізгі ұстанымдары: 1. Демократия ұжымдық шешімді қолданады. 2. Мемлекеттік билік органдарына азаматтардың, әлеуметтік топтардың арасынан ең таңдаулылары, ең қалаулылары сайланады. 3. Билікке сайланғандар сайлаушылардың алдында есеп береді. 4. Әрбір азаматтың билікке сайлануына (өзін-өзі ұсынуына) мүмкіндік беріледі. Демократиялық ұстанымдардың әрбір адам үшін тиімділігі осында. Енді “демократия” деген ұғымның ежелгі және теориялық мағынасына көшелік. Демократия деген сөз гректің “demos” –халық және “kratos” – билік деген сөздерінен құралған. Яғни, халық билігі деген мағынаны білдіреді. Бірақ бұл ұғымды ертедегі гректер өздерінің қоғам, мемлекет құрылыстарымен байланыстырған. Себебі ежелгі гректердің, римдіктердің мемлекеті негізінде бір қала көлемінде ғана болды. Осыған байланысты мемлекеттің толық құқықты азаматтары шешім қабылдау үшін бір алаңға жиналып шешім қабылдауына мүмкіншілігі болды. 

Ол уақытта қазіргідей мемлекет пен қоғамның арасында басқа саяси субъектлер болған жоқ. Қазіргі жағдай басқа. Қазір мемлекет пен қоғам арасында көптеген демократиялық институттар бар, мысалы, әртүрлі қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, сайлау комиссиялары және т.б. Қазіргі кезеңдегі демократияның ұстанатын басты мақсаты – билікті қалыптастырудың көзі халық болуында. АҚШ-тың он алтыншы президенті Авраам Линкольндің айтуы бойынша: “Демократия: халық үшін сайланған халық билігі”. Қазір ежелгі антикалық уақытпен салыстырғанда демократия түсінігінің ауқымы да, мазмұны да біраз кеңейді. Демократия қазір тек қана сайлау мәселесімен шектелмейді. Қоғамдағы көптеген саяси процестер, саяси құбылыстар, саяси қарым-қатынастар демократиялық ұстаным негізінде сипатталады. Мысалы, мемлекеттің сипаты (типі, режимі) демократиялық бағамен белгіленеді. Қоғамдық құрылымның мақсаты, идеалы, яғни қоғамның даму бағыты – ол да демократия түсінігімен бағаланады. Қоғамда азаматтардың теңдігі, құқығы, еркіндігі бар ма, жоқ па? Бұл да демократиямен сипатталып, бағаланады.

Ал енді осы белгілердің барлығын: азаматтардың теңдігін, құқығын, әділеттілікті, еркіндікті, әр адамның өзі қабілетін іске асыру мүмкіншілігін, яғни, демократиялық ұстанымдарды қоғамда қалай орнықтыруы қажет, ол үшін қандай жолдарды пайдалану керек? Бұның негізгі жолы – мемлекет билігін демократиялық жолмен қалыптастыру. Бұл жоғарыда аталған құндылықтарды ұйымдастыруға қабілеті бар билік жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Яғни, халыққа қажетті тәртіптілікті билік арқылы орнықтыру. Егер халықта сондай мүмкіншілік болса, бұл - демократияның бірінші белгісі. «Қазіргі кезеңдегі демократия дегеніміз не?» – деген сұраққа жоғарыда келтірілген пікірлердің барлығын қорытып айтатын болсақ, «қоғамдық билікті халық сайлайтын, теңдік, құқықтық, әділеттік, еркіндік ұстанымдарына негізделген мемлекеттік құрылыс», – деп жауап беруге болады. Демократияға байланысты тағы да бір түсінікті анықтап алғанымыз жөн. Ол демократия мен бостандықтың ара қатынасы туралы мәселе. Мысалы, көпшілік “демократия” деген не? - деген сұраққа көп жағдайда “демократия – ол еркіндік” деп жауап береді. Осы дұрыс па? Демократия – тек қана еркіндік пе? Егер олай болатын болса, демократия әркімді күнделікті міндетінен, тәртіптен, жауапкершіліктен босатып жібере ме? Демократия ондай еркіндікке қарсы. Сонда, демократия қандай еркіндікті жақтайды? Бұл мәселені анықтап алу үшін, біріншіден, демократияның шешім қабылдау тәсілі есте болуы керек. Демократиялық шешім қабылдау дегеніміз ол көпшіліктің пікірі арқылы шешім қабылдау. 

Яғни, еркіндік тек ғана шешім қабылдағанша ғана құқылы. Ал шешім қабылдағаннан кейін көпшіліктің шешімі барлығы үшін заң. Азшылық дауыс берген уақытта қарсы болса да, көпшіліктің шешімін орындау оларға да заң. Бұл демократияның тәртібі, заңы, мәдениеті, сонда ғана демократия көпшілікке қажет тәртіпті орнатуға мүмкіндік береді. Ал кейбір азаматтардан өз міндеттерін, жауапкершіліктерін талап ету немесе талап етпеу демократияның қызметі емес. Бейберекетсіздік, анархиялық бостандық – ол демократияның ұстанымына жатпайды. Сонымен, демократияның мақсаты – қоғамда өлшемсіз, ретсіз бостандық орнатып, билікті әлсірету, бәсеңдету емес, көпшілік үшін қажетті тәртіп орнату. Демократия – ол бостандықтың өзі емес, демократия – бостандықты орнатудың жолы. Демократия мәселесіндегі маңызды сұрақтың бірі – демократиялық мемлекет қандай болуы керек? Демократиялық мемлекеттер бір түрде, бір ғана жолмен орнықпайды. Бірақ демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың бәріне ортақ белгілері бар. Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілері: 1. Саяси биліктің негізгі органдарының сайлануы. 2. Шешім қабылдаудағы азшылықтың көпшілікке бағыну тәртібін ресми мойындау. 3. Азаматтардың жалпыға бірдей сайлау құқығының болуы. 4. Сайлауда бір орынға бірнеше үміткердің болуы (балама сайлау). 5. Саяси, экономикалық, рухани әртүрлілік. 6. Саяси биліктің үш тармағының болуы. 7. Қарсылықты (оппозицияны) заңдылық ретінде мойындау. 8. Саяси биліктің заңға бағынышты болуы. 9. Қоғамдық-саяси шешімдер қабылдаудағы жариялылық. 10.Азаматтардың заң алдындағы теңдігі.

Демократия – дамып келе жатқан саяси үрдіс. Жоғарыда келтірілген мәліметтер бұған жеткілікті дәлел бола алады. Бірақ қазіргі кезеңнің өзінде демократияның даму жолында көптеген проблемалар мен қиыншылықтар кездеседі, олардың алуан түрлі болатыны сондай, әрқайсысын жеке, нақты талдап толық түсінудің өзі мүмкін емес. Сол себептен бұл проблемаларды жүйелеп зерделейтін болсақ, негізгілері ретінде төрт проблеманы атауға болады. Бірінші, демократияның теориялық проблемалары. Демократия – тарихи құбылыс. Бұл құбылыстың даму жолында алуан түрлі теориялар қалыптасты: антикалық теория, жаңа дәуірдің классикалық теориясы, соңғы ғасырлардың даму тәжірибесі. Осы теориялардың қалыптасуына мыңдаған жылдар бойы озық ойлы, данышпан ойшылдар ерінбей еңбек етіп, әрқайсысы өз үлестерін қосты. Адамзат тарихында оларды оқып-білу арқылы саяси білім мен тәжірибе жинақталды. Сондықтан демократияның теория ретінде қалыптасуы мен 39 дамуының негізгі кезеңдерін танып – білуде өткен замандардағы ғұлама

ғалымдардың, данышпан ойшылдардың саралы саяси ой-пікірлерін оқып- үйренудің маңызы зор. Бірақ өкінішке орай, осы теориялық білімді игеру барысы қанағаттанарлық дәрежеде деп айту қиын. Бұл пікіріміздің дәлелі барлық ойшылдардың тұжырымдамаларын талдап бір ғана ақиқатты табу мүмкін емес екенін ескеру. Бұған бір ғана ойшылдың демократия туралы көзқарасын келтірсек, соның өзі де жетіп жатыр. Мысалы, Платон демократияны дамыту жөнінде мынадай ескерту жасаған: “Егер мемлекетте бұрын демократия болмаған болса, елге демократияны бір мезгілде, кенеттен енгізуге болмайды. Ал демократияны кенеттен жариялаған жағдайда, қоғам төмендегідей дағдарыстарға ұшырайды: 1) охлократияға (тобыр, жиынның билігі); 2) хаосқа, (ретсіздік, бейберекеттік); 3) заңсыздыққа; 4) олигархтардың, лепірмелердің, көпірмелердің диктатурасына”. Саяси теориядағы осындай тұжырымдардың бар екендігіне мойын бұрмай бұрынғы КСРО мемлекеттік саяси билігі 1987 жылы демократияны кенеттен жариялап жіберді де, 3 жылдың ішінде Кеңестер Одағы толық демократияға жетеді деп уәде берді. Бірақ іс жүзінде олай болмады, ел жоғарыда көрсетілген дағдарыстарға ұшырап, қарапайым халық басынан көптеген тар жолдар мен тайғақ кешулер өткерді. Аяғында КСРО-ның өзі ыдырап кетті. Сонымен қатар тәжірибеде теорияның жолдарын ұстанып демократияны бірте-бірте тұрақты түрде енгізген мемлекеттер де бар. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі фашистік режимнен демократиялық режимге ауысқан Германия, Италия. 1978 жылдан бастап осы күнге дейін Қытай халық республикасы да демократиялық процестерді енгізіп келеді. Осының арқасында Қытай заман талабына сай жаңаруға, қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік алып, қарқынды өркендеуін қамтамасыз етуде. Міне, демократия саласындағы теорияны толық игерудің маңыздылығы осында. Демократиялық мемлекет орнату үшін жүйелі түрде саясат теориясын игеру, саяси процеске қатысу жолдарын арнайы оқып-үйрену, іс жүзінде тәжірибе жинақтау керек. Демократия дамуының келесі, екінші проблемасы – олигархия. Олигархия дегеніміз - билік ең бай адамдардың шағын тобының қолында болатын мемлекеттік басқару түрі. Олигархия көбінесе қоғамның ауыспалы кезеңдерінде пайда болып, революциядан, әртүрлі соғыстардан кейін, мемлекеттегі саяси режимінің алмасуына байланысты шығады. Осы кезеңдерде қоғамдағы экономикалық қиыншылықтар күшейеді. Бұл жағдай билікке таласты шиеленістіреді, себебі билік әрбір адам үшін өз тұрмысын жақсартудың көзі болып есептеледі. Осы таласта жеңіске жетіп билікке келетіндер бай адамдар тобы (олигархтар) болады. Қоғамды олигархиядан тазарту жолы – мемлекеттің экономикалық жағдайын жақсартып, кедейшілікті азайту. Олигархиядан құтылудың ең басты шарты – орташа тапты қалыптастыру


This lesson is not ready to be taken.
Data retention summary
Мобильдік қосымшаға өту
Яндекс.Метрика