Негізгі мазмұнға
Logo

Шығыс елдеріндегі са ...

    • Қазақша ‎(kk)‎
    • Русский ‎(ru)‎
    • English ‎(en)‎
  • Log in
SYSTEMS.ENU Орау Expand
PLATONUS.ENU DIRECTUM.ENU MAIL.ENU MY.ENU MOODLE.ENU MOOC.ENU
SYSTEMS.ENU Орау Expand
PLATONUS.ENU DIRECTUM.ENU MAIL.ENU MY.ENU MOODLE.ENU MOOC.ENU
  1. Курстар
  2. Дистанционное обучение
  3. Факультеты
  4. Факультет международных отношений
  5. Кафедра Востоковедения
  6. Шығыс елдеріндегі саяси үдерістер (Абжаппарова Б.Ж.)/2022-2023/1 семестр
  7. Қазіргі кезеңдегі Шығыстағы тарихи үдерістердің ерекшеліктері
  8. Лекция
  • More

Лекция

Completion requirements

№ 1 дәріс Қазіргі кезеңдегі Шығыстағы тарихи үдерістердің ерекшеліктері.

Шығыс елдерінің мемлекеттілігінің қалыптасуы ұзақ кезеңнен өтті.Алғашқы мемлекеттер ежелгі дүние мен орта ғасырда пайда болды.ІІ дүние жүзілік соғыстан кейін қазіргі саяси құрылым қалыптасты.Шығыстың саяси құрылымының қалыптасуы мен дамуы Батыс үлгісінен өзгеше еді.Қазіргі Шығыстың саяси құрылымына отарлық саясаттың тигізген зардабы көп.Оның басты себебі капиталистік қатынастардың метрополия (Батыс) мен тәуелді елдерде (Шығыс) біркелкі дамымауы болатын

      Бұл себептерге толығырақ тоқталсақ,біріншіден, Шығыста дәстүрлі өндірістің эволюциялық дамуы отарлаудың салдарынан тоқтап қалды немесе сырттан таңылған шаруашылықтың жаңа түрімен айналысуға мәжбүр болды.      

       Екіншіден,отарлық жүйе әкелген өндіріс тәсілі, мәдениет, саяси құрылым жергілікті халыққа жоғарыдан таңылды.Отарлық әкімшіліктің қоғамдық өмірге әкелген өзгерістерін жергілікті билік тікелей жүзеге асырды. 

      Үшіншіден,егер Батыс Еуропа елдерінде феодалдық қоғамнан,бытыраңқылықтан  және өз ара қырқысудан абсолюттік орталықтануға өту біркелкі ұлттық-этникалық құрамның қалыптасу жағдайында өтсе,көптеген Шығыс елдерінде оларды отарлық жүйеге тарту кезеңі басқа бейнеде өтті.Белгілі бір отарлық кеңістікке даму деңгейі әр түрлі аймақтар енгізілді.Этникалық жағынан да өзгеше болды.

      Төртіншіден,отаршылдықтан азат болған елдерде аралас кәсіпшілік пайда болды.Оның мәні:

          -қазіргі кәсіпшіліктің түрлері(шет елдік кәсіпшілік пен жергілікті жұмыс күші.)

         -ұлттық кәсіпшілік.,

        -сауда-өнеркәсіпшіліктің ұсақбуржуазиялық түрі.,

         -ұлттық интеллигенция.,

         -қоғамдық-саяси қозғалыстардың қазіргі түрлері.

       Бұл айтылғандар көп укладты қоғамның қалыптасуына жағдай жасады.Мұның барлығы шығыстық қоғамның мемлекеттік және саяси қалыптасуының ерекшеліктерін болуын әкелді.Саяси тәуелсіздік алу дамудағы маңызды тарихи кезеңі болды.Алайда,тәуелсіздік шығыс елдерінің отрлықтың кесірінен болған артта қалушылықты жоя алмады.Шығыс елдеріндегі саяси құрылым,азаматтық қоғамның қалыптасуы жоғарыдан мемлекеттік аппараттың көмегімен болды.

Мемлекет дегеніміз белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Дәстүрлі қоғам көбінесе ауылдық қоғам, индустриалды емес, бүгінгі индустриалдық қоғамға қарсы, өндіру мен мәдени мұраларды сақтайтын қоғам.

 Дәстүрлі қоғам - саяси, әлеуметтік және мәдени дамуы дәстүрлі құндылықтарға, салт-санаға, ата-баба мұраларына негізделетіндігімен ерекшеленетін әлеуметтік орта. 

 

 

Дәстүрлі қоғам адами қызметтің дағдыларын, қарым-қатынас жасаудың, тұрмыс кешудің, мәдени өнегенің пішімдерін кайталап отыруға негізделеді. Мұндай қоғамда дәстүр өмірлік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жалғаудың, индивидтердің жеке дамуын өзіне бағындыратын әлеуметтік сабақтастықтың басты құралына айналдырады. Дәстүрлі қоғамда әлеуметтік жаңалықтар эволюциялық жолмен біртіндеп жүзеге асады. Ұрпақтар сабақтастығы, олардың арасында қарама-қарсы себеп-салдарлардың болмауы, сан ғасырлық мәдени құндылықтарды ардақ тұтып, рухани-имандық қасиеттерді қастерлеу Дәстүрлі қоғамның жағымды қырлары болып табылады. Кейде 


This lesson is not ready to be taken.
Data retention summary
Мобильдік қосымшаға өту
Яндекс.Метрика