Глоссарий
Фазалық кеңістік - Фазалық кеңістік немесе Г-кеңістік деп 2s-өлшемді абстрактты кеңістікті, демек тік бұрыш құрайтын (декарттық) остері бойынша саны s 𝑞𝑖-жалпы координаталар және саны s оларға түйіндес 𝑝𝑖-импульстер бағытталған кеңістікті түсінеміз;
Фазалық нүкте (кескіндеуші нүкте) - Жүйенің механикалық күйі фазалық кеңістікте
белгіленетін нүкте;
Лиувилл теоремасы – Лиувилл теоремасына сәйкес жүйенің фазалық кеңістігінің көлемі жүйенің барлық өзгерістерінде тұрақты болады.
Кездейсоқ оқиға – тәжірибе кезінде орындалуы немесе орындалмауы мүмкін оқиға;
Айқын оқиға – орындалатыны белгілі оқиға.
Статистикалық ансамбль – жүйенің берілген макроскопиялық күйін қанағаттандыратын барлық мүмкін микроскопиялық күйлер Гиббс ансамблі немесе статистикалық ансамбль деп аталады.
Канондық ансамбль– бөлшектер саны тұрақты жүйе күйін сипаттайтын ансамбль.
Үлкен канондық ансамбль – энергиясы, импульсы және импульс моменті тұрақты берілген жүйе күйін сипаттайтын ансамбль.
Бірінші Бриллюэн аймағы – толқындық вектордың мәнінің 0-ден π/d-ге дейінгі аймағы.
Кері тордағы Вигнер-Зейтц ұяшығы сияқты анықталады;
Ферми жазықтығы – электрондардың максимал толқындық векторларының ұштарынан тұрғызылған кері кеңістіктегі жазықтық. Ферми жазықтығындағы электрондардың энергиялары максимал мәнге ие.
Фермиондар – спиндері жартылай бүтін бөлшектер (квазибөлшектер). Фермиондар – кварктер, протондар, нейтрондар, лептондар (электрон, мюон, нейтрино), жартылай өткізгіштегі квазибөлшектер – кемтіктер жатады. Фермиондар Ферми-Дирак статистикасына бағынады.
Бозондар – спиндерінің мәні бүтін бөлшектер, Бозе-Эйнштейн статистикасына бағынады. Бір кванттық күйде бірдей бозондардың шексіз саны орналаса алады. Бозондар – фотондар, фонондар, глюондар, 𝑊± және Z-бозондар, Хиггс бозоны.
Релаксация – тепе-тең күйден шыққан макроскопиялық жүйенің қайтадан термодинамикалық тепе-теңдікке қайту процесі;
Кюри температурасы – заттың спонтанды магниттелуі жойылатын фазалық өту температурасы;
Фонон – энергияның белгілі аз мәніне еселі болатын (квантталатын) кристалдық тордағы атомдардың тербеліс энергиясы;
Температура – дененің (термодинамикалық жүйенің) қызу (немесе суықтық) дәрежесін сипаттайтын физикалық шама.
Қысым – аудан бірлігіне перпендикуляр түсірілген күшке тең физикалық шама.
Берілген нүктеге түсірілетін қысым жазықтықтың элементар ауданына түсірілетін күштің нормал құраушысының Fn сол элементар ауданға қатынасымен анықталады: 𝑝 = 𝑑𝐹𝑛.
𝑑𝑆
Идеал газ – молекулалары бір-бірімен әсерлеспейтін материялық нүктелер жүйесі
ретінде қарастырылатын газ.
Молекула-кинетикалық теорияның негізгі
теңдеуі: 𝑃 = 1 𝑛𝑚(𝑣2⟩.
3
Макроскопиялық күй – қысым, температура және көлеммен сипатталатын газ күйі.
Микроскопиялық күй – жүйедегі барлық бөлшектердің кеңістіктегі орындарымен және жылдамдықтарымен сипатталатын газ күйі.
Квазистатикалық процесс – жүйенің тепе-тең күйінің шексіз аз шамаға өзгеру процесі.
Квазистатикалық күй – жүйе күйінің әрбір шексіз аз өзгерісінен кейін орнығатын күй