Глоссарий
1. Алаш козғалысы - XX ғасырдын алғашкы ширегінде Ресей империясының отарлык билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттык қозғалыс. Сол кезде қазақ қоғамы үшін халкының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайык жана күрес құралдары, әдіс
- айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат мүдделерді түсіндіретін, жеткізетін саяси әлеуметтік күшке сұраныс үлкен еді. Ол күш сан жағынан аз болғанымен, тез ысыла бастаған, ұлттык интеллегенция, қазақ оқырмандары болатын, олар осы қозғалыстың негізін қалады. Алаш қозғалысы 1917 жылы ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылы көктемде және жазда қазақ комитеттерінің пайда болуы, күзге қарай Алаш партиясының және Алашорда өкіметтерінің кұрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болды.
2. Алаш партиясы - Қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы /1917- 1920жж./. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен жалпы қазақ съезі саяси партия құру туралы мәселе қарады, шешім қабылданды.
3. Алашорда /Ұлт Кеңесі/ өкіметі - Екінші жалпықазақ съезінде /1917 ж. желтоқсан /өмірге келді, құрылды. Ұлттық Кеңес мүшелері түгелге дерлік Алаш партиясы атынан қатал күрделі жағдайда жұмыстар жүргізді. Қым-қиғаш азамат соғысының сұрапыл күндерінде Алашорда өкіметі халқының ертеңгі нұрлы болашағы үшін жұмыстар атқарды. Алашорда - Алаш автономиясының өкіметі ретінде /1917 жылғы желтоқсан - 1920 жылдар/ аралығында Қазақстанды Ресей орталығындағы жеңіске жеткен «социалистік» революциядан қорғау мақсатында іс- шаралар жасап, оны қорғауға тырысты. 1918 жылы 18 қаңтарда қызылдар жасағы Орынборды басып алғаннан соң, Алашорда біртұтас қазақ автономиясын құрып үлгермей, бірлігінен айырылып қалды. Семей және Орал өңіріне Шығыс және Батыс бөлімдері болып бөлініп кетті. Ендігі жерде негізінен Алашорданың уакытша тұратын орны - Семей қаласы болып белгіленді. Ә.Бөкейханов және оның серіктері Кеңес өкіметін танымай, өз өкіметінің жұмыстарын орындауға бел буды. Алашорда азамат соғысы жылдарында Кеңес кұрылысына жау күштері жағында болды. Алаш қозғалысына қатысқандарға /1919-1920 жж./ кешірім жасалғанымен олар түгелге дерлік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды.
4. Аграрлық мәселе - жер иелену; жерді пайдалануға байланысты мәселелер; өнеркәсіпке қарағанда ауыл шаруашылығы өндірісінің басымдылығын сипаттайтын мәселелер.
5. Ақ гвардия - Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде Кеңес республикасына, большевиктерге қарсы күрес жүргізген құрамалар. Ақтардың әскери күші Қызыл гвардияға (Кеңес тәртібіне) қарсы күрес жүргізді.
6. Азамат соғысы - Бір мемлекеттің аясындағы, ішіндегі әлеуметтік күрестің неғүрлым өткір формасы, бір-бірімен жауласушы жақтардың (азаматтардың) өкімет билігі үшін күресі.
7. Анархия - өкімет билігінің жоқтығы; стихиялық, берекесіздік, ұйымдаспағандық т.б.
8. Автономия (өзін-өзі басқару) - Мемлекеттің белгілі бір аймағындагы кең көлемді ішкі басқару; бірыңғай заң (конституция) негізінде басқарылатын мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі.
9. Апогей - Қандай да бір құбылыстың гүлдену, шарықтау шегі.
10. Анархизм - белгілі бір мемлекеттік билікті, ұйымдасқан саяси күресті жоққа шығаратын анархияны насихаттайтын қоғамдық саяси ұйым.
11. Антанта - құрамында Ұлыбритания, Франция, Ресей енген әскери одақ. Блок 1904-1907 жылдардан бастап қалыптаса бастады, алғашқы жаһандық соғыста Германия бастаған Үштік одаққа қарсы соғысты.
12. Авантюризм - кездейсоқ табысқа жету есебімен, тәуекелге бел бұған әрі күдікті іс.
13. Анархист - анархизмнің жақтасы, анархистік ұйымның мүшесі.
14. Амнистия - жоғарғы өкімет орындарының адамдардың белгілі бір топтарын сот жазасынан ішінара немесе толық босатуы.
15. Әскери коммунизм - Кеңес мемлекетінің Азамат соғысы жылдарындағы (1918-1920жж.) әлеуметтік экономикалық саясаты.
16. Бірінші дүниежүзілік соғыс - 1914-1918 жж. аралығында /Антанта- Үштік Одақ/ оны жақтаушылардың арасында болған соғыс.
17. Билік - Ерік, бедел, күш, құқықтарды пайдалана отырып, адамдарға әсер ете білу қабілеті, саяси үстемдік, саяси органдар жүйесі, саясатты жүзеге асыру құралы.
18. Буржуазия - кейінгі ортағасырлар кезеңінде пайда болып, буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде үстем тапқа айналған әлеуметтік топ.
19. Буржуазиялық революция - басты міндеті феодалдық құрылыспен оның сарқыншақтарын жою, буржуазиялык билік орнату, буржуазиялық мемлекет құру үшін жасалынатын төңкеріс.
20. Большевиктер - Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының фракциясы.
21. БОАК - Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті.
22. Гегемон - басшы, кесем
23. Гегемония - басшылық жағдай, қозғалыс күрес барысындағы басшылықты қолға алу үшін саяси күштерді пайдалану.
24. Дүниежүзілік соғыс - Дамыған капиталистік елдердің ықпал ету аймақтары, шикізат көздері, дүниежүзілік үстемдік жолындағы қарама- қайшылықтардың шиеленісу нәтижесі.
25. Диктатура (шектеусіз билік) - Жеке адамның, топтардың, таптардың ешқандай шектеусіз үстемдік етуі. Көсем бастаған адамдардың белгілі бір тобының саяси экономикалық, идеологиялық салалардағы билікті жүзеге асыруы.
26. Декрет - Мемлекеттік жоғары органдардың заңдық күші бар құжаты (Бітім туралы, Жер туралы декрет т.б.).
27. Директория — кейбір уақытша өкіметтердің атауы.
28. Декларация /жариялау/ - Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағыты, партиялар мен халықаралық ұйымдардың бағдарламалық ережелері жөніндегі ресми мәлімдеме.
29. Дискредитация - әлдекімге, әлде нәрсеге деген сенімге, әлде кімнің атақ-абырой, беделіне нұқсан келтіру
30. Ереуіл - жұмысшылардың, қызметшілердің ұжымдарының белгілі экономикалық және саяси талаптарының қанағаттандыру барысында наразылық көрсетуі (жұмыстарын тоқтатуы, шерулерге шығуы т.б.), еңбек ету барысындағы дауларды реттеуге
31. арналған шаралар.
32. Жұмысшы депутаттарының Кеңестері - өзін-өзі басқару ұйымдарын құру нәтижесінде, халық бұқарасының құруы негізінде пайда болған, сайланбалы саяси жұмысшы органдары, Жерді национализациялау - өтемсіз тартып алу, немесе толық, ішінара сатып алу арқылы жерді жеке меншіктен мемлекеттік меншікке айналдыру.
33. Империя - император басқаратын монархиялық мемлекет, бірорталықтан басқарылатын, экономикалық саяси дербестігінен айрылған аумақтардан құралған мемлекет; өнеркәсіптің тұтас бір саласына, қандай да бір қайраткерлікке бақылауды жүзеге асыратын ірі монополия.
34. Кеңестер - 1905-1917жж. төңкеріс жылдарында пайда болған (жұмысшылар мен қызметшілердің Кеңестері, шаруа депутаттарының кеңестері, солдат (матрос) депутаттарының кеңестері) тәрізді саяси сайланбалы ұйымдар.
35. Халық Комиссарлары Кеңесі (ХКК) - Кеңес мемлекетінің 1917-1946 жылдар аралығындағы жоғарғы атқарушы және жарлық етуші органы, өкіметі.
36. Контрреволюция - әлеуметтік революцияның нәтижесінде кұлатылған таптың немесе басқа да әлеуметтік топтардың күні біткен қоғамдық және мемлекеттік құрылысты қалпына келтіру немесе сақтап қалуға бағытталған күресі. Контрреволюцияның формалары мен әдістері әртүрлі: қастандықтар, бүліктер, Азамат соғысы, саботаж, диверсиялар, блокада, шетелдік интервенция т.б.
37. Коррупция (сатып алу) - зандылықты бұзу жолымен лауазымды адамның өзінін қызмет ету жағдайын, жеке басының баюы мақсатында пайдалануы.
38. Қос өкімет - Ақпан төңкерісінен соң (1-2 наурыз - 5 шілде, 1917 ж.) Ресейде екі өкімет билігінің қатар өмір сүруі. Екі диктатураның жеке дара билігі үшін күресуі. Уақытша өкімет - буржуазия мен помещиктердің бір бөлігінің диктатурасын жүзеге асыратын билік. Бұл Өкімет Парламенттік монархияны орнатқысы келді. Жұмысшылар мен солдат депутаттарының кеңестері, өз мақсатын жұмысшы табымен шаруалардың революцияшыл демократиялык диктатурасымен демократиялық республика орнату деп жариялаған өкімет.
39. Қазақ комитеттері - Ұлттық қоғамдық саяси ұйым. Ол ақпан төңкерісінен кейінгі Ұлт-азаттық қозғалыстың даму нәтижесінде қалыптасып, мемлекеттік еркінділікке, ұлттык мемлекет болуға ұмтылған халықтың алғашқы қадамы болатын.
40. Милитаризм - әскери күш-қуатты арттыру, қауырт қаруланумен соғысқа дайындықтағы белсенділік саясаты.
41. Мобилизация - мемлекеттің қарулы күштерінің, азаматтық қорғанысымен халық шаруашылығының немесе қарулы күштерінің белгілі бір бөлігінің әскери жағдайға көшірілуі; запастағы әскери міндеттілерді әскерге шақыру;
42. Национализациялау — жеке меншіктен еріксіз түрде айыру, өтемсіз тартьп алу, толық немесе ішінара сатып алу, кооперациялау арқылы ұсақ меншікті коғамдастыру жолымен жеке меншік кәсіпорындар мен экономика салаларын мемлекет қарамағына көшіру.
43. Пролетариат — капиталистік қоғамдағы негізгі таптардың бірі, өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктену құқығынан айрылған жалдамалы жұмысшылар табы; өмір сүруінің жалғыз қайнар көзі өзіндік жұмыс күшін меншік иелеріне сату болып табылады.
44. Партия (бөлік, топ) - идеялары, көздеген мақсаттарының ортақтастығы негізінде біріккен адамдардың тобы.
45. Реквизиция (талап ету) - мүлікті мемлекеттік меншікке немесе уакытша пайдалану үшін еріксіз тартып алу.
46. Реабилитация - бастапқы кұқықтар мен бастапқы жаксы беделді қалпына келтіру.
47. Революция – төңкеріс, бетбұрыс - қоғамда, экономикада, дүниеге келген көз-қарастарда, ғылымда, мәдениетте, сапалық өзгерістердің жүзеге асуы.
48. Революциялық ахуал - төңкерістің болу мүмкіндігін қалыптастыратын экономикалық, саяси және өмір жағдайларының жиынтығы.
49. Самодержавие – төңкеріске дейінгі Ресейдегі патшаның шектеусіз жоғарғы билігімен осындай билікке негізделген басқару жүйесі.
50. Таптар - қоғамдағы мүліктік құкықтық, саяси жағдайына, қоғамдык өндіріс жүйесіндегі алатын орнына қарай ерекшеленетін, үлкен әлеуметтік топтар.
51. Шовинизм - ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі.
52. Элита - қоғамның қандайда бір бөлігінің, топтарының неғұрлым көрнекті өкілдері.
53. Эссерлер - Социалист революционерлер партиясы, көп санды және ықпалды революцияшыл партиялардың бірі.
54. Экспансия - ықпал ету аймағын кеңейтуге, бөгде аумақтарды басып алуга, басқа елдерді экономикалық және саяси жағынан бағындыруға бағытталған саясат.
55. Эмиссар - саяси тапсырмалармен басқа елге жіберілген адам.
