Негізгі мазмұнға
Logo

Электронды оқыту жүй ...

    • Қазақша ‎(kk)‎
    • Русский ‎(ru)‎
    • English ‎(en)‎
  • Log in
SYSTEMS.ENU Орау Expand
PLATONUS.ENU DIRECTUM.ENU MAIL.ENU MY.ENU MOODLE.ENU MOOC.ENU
SYSTEMS.ENU Орау Expand
PLATONUS.ENU DIRECTUM.ENU MAIL.ENU MY.ENU MOODLE.ENU MOOC.ENU
  1. Курстар
  2. Дистанционное обучение
  3. Факультеты
  4. Факультет информационных технологий
  5. Кафедра Информатика
  6. Электронды оқыту жүйесінің (e-Learning) педагогикалық технологиялар
  7. Дәріс 1 (апта 1)
  8. Практикалық жұмыс 1
  • More

Практикалық жұмыс 1

Completion requirements
Opened: сенбі, 18 сәуір 2020, 12:00 AM
Due: сенбі, 25 сәуір 2020, 12:00 AM

Delphi XE7 ортасында жобаларды құруға арналған тәжірбиелік жұмыстар

 

2.4.1 DELPHI XE7 ортасында алғашқы жоба құрастыру

 

Мақсаты: DELPHI XE7 ортасында жаңа жоба құрастырып үйрету

 

Есептің қойылуы:

DELPHI XE7 ортасында y=х2+1 есебіне программа құрастырыңыз.

Жұмыс реті:

1.       File->New->VCL Forms Application ->Delphi  командасы арқылы Delphi XE7 программасын жүктеңіз.

2.       Delphi XE7 ортасын жүктегеннен кейін Tool Palette терезесінің Standard бөлімінен мына компоненттерді таңдаймыз.

 

Label     Edit    Button

 

·         Label компонентін таңдаңыз да, Object Inspector терезесінің Properties парағынан Caption қасиетіне келіп  Label1 орнына х=  жазасыз, ал у= үшін осы амалды Label2 үшін қайталайсыз.

·         Edit компонентін таңдаңыз да, Object Inspector  терезесінің Properties парағынан Caption қасиетіне келіп Text орнын өшіріп, х= жанына орналастырасыз, у= үшін Edit2 компонентіне осы амалды қайталайсыз.

·         Button компонентін таңдаңыз да, Object Inspector терезесінің Properties парағынан Caption қасиетіне келіп Button1 орнына “есепте” деп жазыңыз.

 

Осы қызметтердің қысқаша түрі:

Компонент

Қасиеті

Оқиғасы

Label1

Caption- х= 

-

Label2

Caption- y= 

-

Edit1

Text- тазартыңыз

-

Edit2

Text- тазартыңыз

-

Button1

Caption-Есептеңіз

OnClick

 

Нәтижесінде пайда болатын Form  терезесінің түрі мынадай (сурет 25):

 

Сурет 25 - Form  терезесіне компоненттерді орналастыру үлгісі

y=х2+1 - функциясын есептеу үшін Button1 компонентіне келіп тышқан пернесін екі рет шертесіз, сонда алдыңызға OnClick оқиғасы пайда болады.

 

 procedure Tform1.Button1Click(Sender: TObject); 

//             оған келесі программа кодын жазасыз.

var a,b:integer;

begin

a:=strtoint(Edit1.text);           //Edit1 компонентіне х мәнін енгізу.

b:=sqr(a)+1;

Edit2.text:=inttostr(b);        //Edit2 компонентіне у мәнін шығару.

end;

Ескерту: «//» -белгісі түсініктемені білдіреді. Программа соңында процедурадан тыс  end. бар екенін ұмытпаңыз.

 

F9 пернесі немесе Run->Run командасы арқылы программаны орындалуға жібересіз.

 

Өздік жұмыс:

‘+’ , ’-‘ , ’*’  ,’/’- амалдарын орындайтын калькулятор программасын құрастырыңыз.

 

Бақылау сұрақтары:

1.                Delphi терезесінің интерфейсі туралы айтып беріңіз.

2.                Object Inspector терезесінің атқаратын қызметі қандай?

 

Әдістемелік нұсқау

Бірінші тарау мен 2.1-2.3 бөлімдерде келтірілген теориялық материалдармен танысып, y=х2+1- функциясын есептеу программасын құру.

 


  • 1.docx 1.docx
    18 сәуір 2020, 6:46 PM
Data retention summary
Мобильдік қосымшаға өту
Яндекс.Метрика