Практикалық жұмыс 1
Delphi XE7 ортасында жобаларды құруға арналған тәжірбиелік жұмыстар
2.4.1 DELPHI XE7 ортасында алғашқы жоба құрастыру
Мақсаты: DELPHI XE7 ортасында жаңа жоба құрастырып үйрету
Есептің қойылуы:
DELPHI XE7 ортасында y=х2+1 есебіне программа құрастырыңыз.
Жұмыс реті:
1. File->New->VCL Forms Application ->Delphi командасы арқылы Delphi XE7 программасын жүктеңіз.
2. Delphi XE7 ортасын жүктегеннен кейін Tool Palette терезесінің Standard бөлімінен мына компоненттерді таңдаймыз.
Label Edit Button
· Label компонентін таңдаңыз да, Object Inspector терезесінің Properties парағынан Caption қасиетіне келіп Label1 орнына х= жазасыз, ал у= үшін осы амалды Label2 үшін қайталайсыз.
· Edit компонентін таңдаңыз да, Object Inspector терезесінің Properties парағынан Caption қасиетіне келіп Text орнын өшіріп, х= жанына орналастырасыз, у= үшін Edit2 компонентіне осы амалды қайталайсыз.
· Button компонентін таңдаңыз да, Object Inspector терезесінің Properties парағынан Caption қасиетіне келіп Button1 орнына “есепте” деп жазыңыз.
Осы қызметтердің қысқаша түрі:
Компонент |
Қасиеті |
Оқиғасы |
Label1 |
Caption- х= |
- |
Label2 |
Caption- y= |
- |
Edit1 |
Text- тазартыңыз |
- |
Edit2 |
Text- тазартыңыз |
- |
Button1 |
Caption-Есептеңіз |
OnClick |
Нәтижесінде пайда болатын Form терезесінің түрі мынадай (сурет 25):
Сурет 25 - Form терезесіне компоненттерді орналастыру үлгісі
y=х2+1 - функциясын есептеу үшін Button1 компонентіне келіп тышқан пернесін екі рет шертесіз, сонда алдыңызға OnClick оқиғасы пайда болады.
procedure Tform1.Button1Click(Sender: TObject);
// оған келесі программа кодын жазасыз.
var a,b:integer;
begin
a:=strtoint(Edit1.text); //Edit1 компонентіне х мәнін енгізу.
b:=sqr(a)+1;
Edit2.text:=inttostr(b); //Edit2 компонентіне у мәнін шығару.
end;
Ескерту: «//» -белгісі түсініктемені білдіреді. Программа соңында процедурадан тыс end. бар екенін ұмытпаңыз.
F9 пернесі немесе Run->Run командасы арқылы программаны орындалуға жібересіз.
Өздік жұмыс:
‘+’ , ’-‘ , ’*’ ,’/’- амалдарын орындайтын калькулятор программасын құрастырыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Delphi терезесінің интерфейсі туралы айтып беріңіз.
2. Object Inspector терезесінің атқаратын қызметі қандай?
Әдістемелік нұсқау
Бірінші тарау мен 2.1-2.3 бөлімдерде келтірілген теориялық материалдармен танысып, y=х2+1- функциясын есептеу программасын құру.
- 18 сәуір 2020, 6:46 PM