Жеңіл тон, тондар модуляциясы
Тақырыбы: Жеңіл тон, тондар модуляциясы
Мақсаты: Қытай тіліндегі жеңіл тонға жалпы шолу жасау. Оқулықтарды, презинтацияларды, қытайдың өлең жырларды қолдана отырып қытай тілінің жеңіл трндарын жан жақты дәлелдеу.
Дәріске қатысты сұрақтар: Қытай тілінің жеңіл тонының шығу тарихы? Қыта тілінің жеңіл тондық ерекшеліктері қандай? Модуляциясы деген не?
Дәрісті өту барысы: 1 сағат
Бір процесс түрі – жазу формасы. Жазудың қытайша жүйесі б.з.д. ІІ ғасырдан радикалды құрылымдық өзгерістерге ұшырамады. Бәрі бір негізде болған сөздер веньянь жазуы үшін қолайлы иероглифтер де болды. Байхуаның таралуы мен сөздердің фонетикалық өзгеріске көптеген ескі фонетикалық ерекшеліктер жоғалды және бұл веньянь тілінде қытай диалектісін қолданушылар сөйлемейді. Осылайша байхуаны көптеп қолдану жазбада қосымша себеп тудырады – иероглифтерді оқу қиындығынан бөлек – жазбаны фонетикалық жүйесін жасау. 1910 жылдан осы күнге дейін сауаттылық үшін түрлі науқандық күрестер жүргізілуде, әдетте путунханы оқыту мен бірыңғайлы сандарды оқуға үйрету бар. Осы мақсатта иероглифті оқуды жазу үшін 37 ұлттың фонетикалық белгілер жүйесін қолданды. Путунха мемелекеттік тілген айналғанна кейінгі процесстерде түрлі мемлекет басшыларының тілге әсерін тигізгеннен кейін бұл тіл пекин диалектілерімен тығыз байланысты жоғалтады. Жазба тіл көне қытай тілінен ажыратылып, XX ғасырда әдеби тіл қызметін атқарған, wenyan өз күшін жоғалта бастады. Б.з.б. І мың жылдық қарсаңында жаңа бір жазба тіл пайда болды. Ол ауызекі тіл сипатын бейнелеген – байхуа (қарапайым түсінікті тіл). Солтүстік байхуа – жалпы халықтық қытай тілі. (жалпы түсінікті тіл). XX ғасырдың І жартысында путунхуа түгелімен дерлік жазбаша қатынас құралы болып, wenyan-ды ысыра отырып, халықтық әдеби тіл болды. Қазіргі қытай тілінде екі тілдік форма бар, олар – ауызша және жазбаша. Грамматикалық және лексикалық қатынас халықтық әдеби тіл – қытай тілі солтүстік диалектіге бағытталған. Оның фонетикалық формасы пекиндік дыбыстау арқылы жасалған. Атақты қытай тілінің «Канси» сөздігінде 47 мыңнан астам таңба бар. Бірақ күнделікті тұрмыста қолданатын иероглиф саны – 3000-ға жуық.
Дәріс № 7
Тақырыбы: f s sh h m l h Инициалдары - Ләмдемдер
Мақсаты: Қытай тілінің ләмдемдеріне жалпы шолу жасау. Оқулықтарды, презинтацияларды, қытайдың өлең жырларды қолдана отырып қытай тілінің ләмдемдерін жан жақтылыталдау.
Дәріске қатысты сұрақтар: Қытай тілінің ләмдемдерінің ешығу тарихы? Қыта тілінің ләмдемдік ерекшеліктері қандай?
Дәрісті өту барысы: 1 сағат
Анатомия-физиологиялық аспект. Адамның тілі – ең алдымен биологиялық
құбылыс, яғни ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв
жүйесінің қызметінің нәтижесі. Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға
арналған арнайы органдар жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін
жаралған органдар (мәселен, өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т.б) қосымша
атқарады.
Тіл дыбыстары және олардың жасалуын түсіну үшін, дыбыстау мүшелерінің
әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе,
кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы,
тіл, кішкене тіл т.б. Бұларды сөйлеу аппараты деп те атайды. Дыбыстау
өкпедегі ауаның сыртқа шығу кезінде ауа жолына орналасқан дыбыстау
мүшелерінің белілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне, яғни қимыл-әрекетіне
негізделген. Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып екіге бөлінеді.
Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл, қозғалыс жасайды. Олар: тіл, ерін,
жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т.т. Бұлардың ішінде тілдің орны
ерекше.
Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы (желбезек сияқты)
жиырылып, келіп тұрады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де,
одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды.
Дауысты дыбыстар, аты айтып тұрғандай, осы дауыстан (тоннан) жасалады. Ал
дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі: үнділерде – көбірек, ұяңдарда –
азырақ болады да, ал қатаңдарда, мүлдеи болмайды оның есесіне қатаңдар
салдырдан жасалады. Салдыр фонациялық ауаның ауыз қуысында тосқауылға
ұшырауынан пайда болады.
Акустикалық аспект. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты
физикалық құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-бірінен ырғағы, күші, әуені,
созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді. Дыбыстың ырғағы тербелістің жиілігіне,
ал дыбыстың күші тербелістің қарқынына байланысты.
Лингвистикалық аспект. Қарым-қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы
ғана өмір сүреді. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық,
құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы дыбыстардың
адамдардың қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвитикалық
мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық
аспектісі келіп шығады. Мұны фонология деп атайды. Алғашқы екеуін осы
лингвистикалық аспектінін табиғатын дұрыс танып, білуге көмектесетін жолдар
түрінде қараса да болады.
Қысқасы, лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан,
фонемалардың қызметі тұрғысынан қарайды.