Қытай тілінің тондары, 4 тон
Тақырыбы: Қытай тілінің тондары: 4 түрлі тон
Мақсаты: Қытай тілінің тондарына жалпы шолу жасау. Оқулықтарды, презинтацияларды, қытайдың өлең жырларды қолдана отырып қытай тілінің тондарын жан жақты тану.
Дәріске қатысты сұрақтар: Қытай тіліндегі тондардың шығу тарихы? Қыта тілінің тондық ерекшеліктері қандай? Қытай тілінің тондары деген не?
Дәрісті өту барысы: 1 сағат
Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз. Екпін түскен
буын басқа буындардан негізгі үш түрлі тәсіл арқылы ажыратылады.
1) Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы
ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін
деп аталады.2) Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы
(высота тона) арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиілеуіне
негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп
аталады. Екпіннің бұл түріне ие тілдер : қытай, корей, дүнген, япон, серб,
литва және т.б. тілдер. 3)Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің
құрамындағы дауыстың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті
екпін деп аталады.
Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға
түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс
тіліндегі екпін – жылжымалы екпін.
Кейбір тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде, екпін көбінесе арнаулы бір
буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді. Екпін белгілі бір буынға
телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады. Түркі
тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, екпін көбінесе сөздің соңғы буынына
түседі. Бірде екпін сөздің семантикалық жігін ажыратса, бірде грамматикалық
жігін ажыратып тұрады. (Мысалы, орыс тілінде замок (қорған) – замок
(құлып), мука (азап) - мука (ұн) деген сөздер мағыналары жағынан бір-
бірінен екпіннің қай буынға түсуіне қарай ажыратылады. Тіл-тілде сөз
екпінінен басқа фразалық екпін де болады. Кейбір сөз тіркестерінің
құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен дараланбай,
айтылу жағынан жігі жымдасып, бір ғана екпінге ие болды. Мұндай сөз
тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады. Акцентуациялық жақтан
жігі ажырамай, бір ғана екпінмен айтылып, ритмикалық бір бүтін топ құрған
сөз тіркесінің құрамындағы екпін түспеген сөз екпінді өз бойына тартқан
сөздің алдында тұрса, проклитика деп аталады да, соңында тұрса энклитика
деп аталады. Жөн-жосық, кем-кетік, көл-көсір, мал-мүлік тәрізді қос сөздер
мен ән салу, қол қою тәрізді сөз тіркестерінің әрқайсысының алдыңғы
сыңарлары дербес екпінге ие бола алмай, проклитикаға айналып тұр. Тіл –
тілде энклитикаға айналатындар көбінесе көмекші сөздер. Мысалы, сен ғана,
үйге дейін, алыс па, жақын ба, айта ғой тәрізді тіркестердің құрамындағы
ғана, дейін, па, ба, ғой деген шылау сөздер өз алдына дербес екпінге ие
бола алмай, энклитикаға айналған. Түркі тілдерінде күшейткіш үстеулер мен
қос сөздердің құрамындағы күшейткіш буындар екпінді өз бойына тартып,
өзінен кейінгі сөзді энклитикаға айналдырады. Мысалы, қазақ тілінде өте
жақсы, тым биік, аса зор тәрізді сөздердің тіркестеріндегі өте, тым, аса
деген күшейткіш үстеулер екпінді өз бойына тартып, өзінен кейінгі сөздерді
энклитикаға айналдырып тұр. Логикалық екпін. Сөзде белгілі бір буынның
екпін түсіп, ерекшеленіп айтылатыны сияқты, кейде сөйлемде бір сөзге
айрықша назар аударылып айтылатыны бар. Сөйлемдегі айрықша назар аударылып
айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда, ерекше
әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп аталады.Түркі
тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, логикалық екпін көбінесе
баяндауыштың алдындағы сөзде болады.
Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның
саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты
фонема болса, сонша буын болады деген сөз.
Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе
грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады.
Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып
келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде
аралас буынды сөздер кездесетін болса, ондаолар кірме сөз болғаны.
4. Қытай тілінде төрт түрлі ырғақ бар
|
Ырғақтар |
Мысалдар |
Аталуы |
Аудармасы
|
|
|
|
1- ырғақ |
mā 妈 |
түзу ырғақ |
Ана |
|
|
|
2- ырғақ |
má 麻 |
өрлемелі ырғақ |
Кендір |
|
|
|
3- ырғақ |
mǎ 马 |
құбылмалы ырғақ |
Ат |
|
|
|
4- ырғақ |
mà 骂 |
құлдиламалы ырғақ |
Янаттау |
|
|
|
5- ырғақ |
ma 吗 |
бейтарап ырғақ |
Сұраулық демеулік шылау |
|
妈 骂 马 吗?
mā mà mǎ ma? Анам атты янаттады ма?
5. Ырғақтар бойынша оқып жаттығыңыз
bā bá bǎ bà |
bū bú bǔ bù |
kē ké kě kè |
qī qí qǐ qì |
xiē xié xiě xiè |
mēi méi měi mèi |
guān guán guǎn guàn |
xī xí xǐ xì |
duī duí duǐ duì |
mīng míng mǐng mìng |
tiān tián tiǎn tiàn |
yī yí yǐ yì |