Фонетика және фонология атауына кіріспе
Қытай тілі Қытай – Тибет тобына жатады. Қытай тілінің басты ерекшеліктері: 1) Қытай тілінде төрт үн бар, мағына үн (тон) арқылы анықталады; 2) әрбір иероглиф бір буын болып есептеледі; 3) жалаң буынды сөздер жиі кездеседі, күрделі сөздер көп түбірден құралады, бірақ морфологиялық түрлену болмайды; 4) сөздердің орын тәртібі мен шылаулар қолданысы негізінде грамматикалық мағына айқындалады. Қытай тілінің диалектілері мұнан 2500 жыл бұрын байқалса, қазір ұсақ диалектілер көп болғанымен, негізінен, үлкен жеті топқа бөлінеді. Олар: Солтүстік, У, Шияң, Гань, Кыжия, Юэ және Минь. Қытайдың әдеби тілі Солт. диалекті негізінде қалыптасқан.
1. Фонетика - гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп
қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл
ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын,
олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді.
Фонетиканың зерттейтіндері – тілдің барлық жағдайларында және
қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу
түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар.
2. Фонетика ғылым ретінде жалпы фонетика және жеке фонетика (нақтылы
тілдің фонетикасы) болып бөлінеді.
«Жалпы фонетика» тіл дыбыстарының тіл жүйесінде өмір сүру жағдайларын
зерттеуден басқа, оларды сөйлеудің түйдегінде зерттейді, басқаша айтқанда,
ол бірінші жағынан, фонетикалық құбылыстардың бір-бірімен байланыстарын
және екінші жағынан фонетикалық құбылыстар мен фонетикадан тыс
құбылыстардың себепті байланыстарын қарастыра отырып, тіл дыбыстарының
динамикасын зерттейді.
«Жеке фонетика» белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс
заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық,
статикалық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді.
Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық
құрамын қарастырады да, ондағы фонемалар жүйесін және фонемалардың ішкі
өзара байланыстарын белгілеп айқындайды. Тарихи фонетика белгілі бір тілдің
даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және
өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат етеді.