Аптаның тақырыптары
-
-
Құрметті білім алушы!
"Білім берудегі бұлттық технологиялар" пәні бойынша бұл қашықтан оқыту курсы күндізгі бөлім студенттеріне арнап әзірленген. Курста білім беру бағдарламасы бойынша аудиторияда оқылатын дәрістер мен орындалатын практикалық жұмыстар, СӨЖ және рейтинг тапсырмалары келтірілген. Білім алушылар денсаулығына байланысты немесе карантин жағдайында қашықтан білім алу қажеттілігі туындағанда немесе өз бетімен пәнді меңгеруде осы курстан өте алады. Тапсырмалардың бағалары Платонус жүйесіне қойылатындықтан, курста баға қою қарастырылмайды.
Өздік жұмысты орындауға түсіндірме
Білім алушының өздік жұмысы, бұлтты сервистерді қолдану арқылы және бұлтты платформалар негізінде өз бетімен құрылған электронды білім беру ресурсын әзірлеу барысындағы білім алушының шығармашылық жұмысын қамтамасыз ететін жоба жұмысы болып табылады. Жобаның мәні - бұлтты платформалар негізінде, бұлтты сервистер құралдарымен электронды оқыту ресурсын әзірлеу.
-