Пәннің мақсаты студенттерге ҚР-да мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінің қазіргі жағдайы туралы және  мемлекеттік басқару жүйесін ұйымдастыру мен қызмет етуінің теориялық, әдістемелік және құқықтық негіздерін меңгерту.

Пән бойынша күтілетін оқу нәтижелері (ОН): - Мемлекеттік және жергілікті басқарудың теорияларын меңгеру; - Мемлекеттік және жергілікті басқарудың қағидалары мен қызметтерінің аражігін ажырата білу; - мемлекеттің және жергілікті биліктің  әлеуметтік-экономикалық жауапкершілігі мен қызметтерін зерделеу; - мемлекеттік және жергілікті билікті ұйымдастыру және реттеудің құқықтық негіздерін білу.