Аталған курста Қазақ философиясының қайнар бұлақтары болып саналатын аңыз, әңгіме, ертегі, қиссалардың дүниетанымдық қырлары баяндалады. Тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі философиялық ойдың даму бағдары мен қазіргі қазақ философиясының негізін қалаушы ғалым-зерттеушілердің еңбектері де берілген. Аталмыш дәрісте студенттердің өзіндік жұмыстары үшін қазақ ойшылдарының еңбектерінен үзінді және оған қосымша талдау сұрақтары да берілді.   

Қазақ философиясы курсы философия білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студент, магистрант, докторант, ғалымдарға және қазақ философиясына қызығушылығы бар барша оқырманға арналады.