Түсініктеме хат 

1.      Пәннің қысқаша сипаттамасы

  «Абайтану мәселелері» – филология факультетінің студенттері үшін негізгі пәндердің бірі. Абайтану пәні Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын, кемелдену арналарын, рухани нәр алған қайнарларын сөз етеді. Абайдың қазақ әдебиетіне әкелген жаңалықтары, лирикасы, Абай мектебі , Абай дәстүрі, ақындық айналасы сынды ұғымдар жете талданады.

Пәннің мақсаты:

-         Абайдың шығармашылық өмірбаянымен таныстыру;

-         Абайдың ұлы әдеби мұрасын оқыту;

-         Абай шығармаларының жазылу тарихын терең саралау;

-         Абайдың қоғамдық және көркем көзқарасының қалыптасу жолын анықтау;

-         Абайдың көркем ойлау жүйесінің қалыптасу жолын зерделеу;

-         Абайтану ілімінің зерттелу тарихымен таныстыру;

 

Пәннің міндеттері:

-          ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи жағдай мен ұлттық руханиттың даму бағытына баға беру;

-         Ұлттық көркем ойлау жүйесінің даму бағыты мен ерекшеліктерін саралау;

-          Абайдың азаматтық және ақындық көзқарасының қалыптас жолдарын сабақтастыра талдау;

 

-          Өмірлік және көркем дәстүрдің арасындағы байланыстар мен қайшылықтарды ажырату;

 

-          Абайдың өмірлік және көркемдік көзқарасы мен ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының арсындағы қайшылықтардың себебін ашу;

-         Абайдың шығармашылық жолының кезеңдерін анықтау.