Түсініктеме хат
1. Пәннің қысқаша сипаттамасы
«Абайтану мәселелері» – филология факультетінің студенттері үшін негізгі пәндердің бірі. Абайтану пәні Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын, кемелдену арналарын, рухани нәр алған қайнарларын сөз етеді. Абайдың қазақ әдебиетіне әкелген жаңалықтары, лирикасы, Абай мектебі , Абай дәстүрі, ақындық айналасы сынды ұғымдар жете талданады.
Пәннің мақсаты:
- Абайдың шығармашылық өмірбаянымен таныстыру;
- Абайдың ұлы әдеби мұрасын оқыту;
- Абай шығармаларының жазылу тарихын терең саралау;
- Абайдың қоғамдық және көркем көзқарасының қалыптасу жолын анықтау;
- Абайдың көркем ойлау жүйесінің қалыптасу жолын зерделеу;
- Абайтану ілімінің зерттелу тарихымен таныстыру;
Пәннің міндеттері:
- ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи жағдай мен ұлттық руханиттың даму бағытына баға беру;
- Ұлттық көркем ойлау жүйесінің даму бағыты мен ерекшеліктерін саралау;
- Абайдың азаматтық және ақындық көзқарасының қалыптас жолдарын сабақтастыра талдау;
- Өмірлік және көркем дәстүрдің арасындағы байланыстар мен қайшылықтарды ажырату;
- Абайдың өмірлік және көркемдік көзқарасы мен ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының арсындағы қайшылықтардың себебін ашу;
- Абайдың шығармашылық жолының кезеңдерін анықтау.
- Manager: Абилхамитқызы Рысгуль -