- Мұғалім: Сәрсеке Гүлнәр Әдебиетқызы
- Manager: Мамаева Гүлнар Бейсенқызы
- Manager: Маликов Куанышбек Турарбекович
- Manager: Сарекенова Қарлығаш Құрманғалиқызы
Қазақ лингвофольклортануы – фольклор тілін, тілдік құрылымның ауызша поэтикалық тілдегі қолданысы мен қызметін зерттейтін филологиялық пән. Лингвофольклортану фольклор тілін зерттейтін арнаулы ғылыми пән ретінде халықтық-поэтикалық тілдің табиғаты туралы жаңа білім қорын жинақтаумен қатар ауызша поэтикалық тілді зерттеудің әдіснамалық-әдістемелік жолдарын іздестіреді. Бұл – фольклорлық мәтінді, нақтырақ айтқанда, фольклорлық мәтіндер корпусын филологиялық әдістермен зерттеу.
Пәннің мақсаты:
Лингвофольклортанудың қамтитын мәселесі өте мол, бірақ көздейтін бір ғана басты мақсаты тілдік айғақтар арқылы фольклор болмысын түсіндіру, талдау болып саналады.
Пәннің міндеттері:
- лингвофольклортану пәнінің негіздерін, негізгі бағыттарын білу;
- фольклордың лескика-фразеологиялық мәселелерін талдау;
- фольклорлық шығармалардың грамматикасын бағамдау;
- фольклорлық шығармалардың стилистикалық мәселелерін таразылау;
- фольклорлық мәтін мәнділіктерін, фольклордағы интертекстуалдылық құбылыстарды ұғындыру.
Пререквизиттер: қазақ фольклоры, әдебиеттану, тіл біліміне кіріспе, қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологияясы, қазақ тілі морфологиясы, қазақ тілі синтаксисі
Пәннің постреквизиттері: қазақ тілінің тарихы, әдебиет теориясы, стилистика мен тіл мәдениеті, мәтінтану.- Manager: Жакупов Жантас Алтаевич