«Интеллектуалды ақпараттық жүйелер» пәні бойынша әзірленген электрондық оқулықта шешім қабылдау теориясының негіздері, математикалық модельдеу, көпкритерийлі оңтайландыру және оңтайландырудың математикалық әдістері қарастырылады. Оқулық үш модульден тұрады және 15 лекцияны қамтиды. Материалда Саати, TOPSIS, ELECTRE, PROMETHEE әдістері, сызықтық және динамикалық бағдарламалау, ойындар теориясы, болжау әдістері мен Монте-Карло әдісінің теориялық негіздері жүйелі түрде баяндалады.

Электрондық оқулықтың мақсаты — білім алушылардың интеллектуалды ақпараттық жүйелер саласындағы теориялық білімдерін қалыптастыру, математикалық әдістерді практикалық есептерді шешуде қолдану дағдыларын дамыту және негізделген шешім қабылдау қабілетін жетілдіру. Оқулықта теориялық материалдар, практикалық мысалдар, бақылау сұрақтары мен тест тапсырмалары берілген. Электрондық оқулық жоғары оқу орындарының білім алушыларына, сондай-ақ шешім қабылдау мен оңтайландыру әдістерін меңгеруге қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.