Есептің шарты.
Білім беру ұйымы үш жобаның бірін таңдауы керек. Жобалар сапа, тиімділік және құн бойынша бағаланады. Әр критерийдің салмағы мен жобалардың
бағалары төмендегі
кестеде берілген.
|
Критерий |
Салмағы |
A жобасы |
B жобасы |
C жобасы |
|
Сапа |
0,5 |
8 |
9 |
7 |
|
Тиімділік |
0,3 |
7 |
8 |
9 |
|
Құн бойынша үнемділік |
0,2 |
9 |
6 |
8 |
Бағалардың барлығы 10 балдық
шкала бойынша берілген. Үш критерий бойынша ең тиімді жобаны анықтау қажет.
Шешуі.
Жобаларды салыстыру
үшін салмақталған
қосынды әдісін қолданамыз. Әр жобаның бағасын тиісті критерий салмағына көбейтіп, алынған мәндерді қосамыз.
Жалпы бағалау
формуласы:

A жобасы:
SA=0,5*8+0,3*7+0,2*9
SA=4+2,1+1,8=7,9
B жобасы:
S_B=0,5*9+0,3*8+0,2*6
S_B=4,5+2,4+1,2=8,1
C жобасы:
![]()
![]()
Нәтижелерді салыстырамыз:
|
Жоба |
Жиынтық бағасы |
|
A |
7,9 |
|
B |
8,1 |
|
C |
7,8 |
Нәтижені талдау.
Ең жоғары жиынтық баға B жобасына тиесілі — 8,1 балл. Сондықтан берілген критерийлер мен олардың салмақтары жағдайында
B жобасы оңтайлы деп таңдалады. Бұл мысал көпкритерийлі оңтайландырудың
бірнеше көрсеткішті бір жиынтық бағаға біріктіруге мүмкіндік беретінін көрсетеді.