«Шешімді қабылдауды
қолдаудың математикалық
және инструментальды құралдары» электрондық
оқулығы шешім қабылдау міндеттерін математикалық тұрғыдан
тұжырымдау, баламаларды
бағалау, оңтайлы
шешімдерді анықтау және оларды бағдарламалық құралдар
арқылы негіздеу әдістерін меңгеруге арналған. Оқулықта
шешім қабылдау теориясының негіздері, математикалық модельдеу, статистикалық талдау, көпкритерийлі оңтайландыру,
иерархияларды талдау әдісі (Саати), TOPSIS,
ELECTRE, PROMETHEE әдістері, сызықтық және динамикалық бағдарламалау,
тасымалдау және тағайындау есептері, ойындар теориясы, болжау және имитациялық модельдеу қарастырылады.
Теориялық материалдар практикалық тапсырмалармен ұштастырылып,
баламаларды салыстыру, тәуекелді бағалау, сезімталдықты талдау және қабылданған
шешімдердің тиімділігін
тексеру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Есептерді шешуде Excel, Solver, Python, R және
MATLAB сияқты инструментальды
құралдарды қолдануға
ерекше назар аударылады. Электрондық оқулық
білім алушылардың аналитикалық ойлау қабілетін дамытып, математикалық әдістер
мен есептеу құралдарын
пайдалана отырып, негізделген шешім қабылдау құзыреттерін
қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Оқулық жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларға және
шешім қабылдау әдістерін тәжірибеде қолдануға қызығушылық
танытатын мамандарға арналған.