9. ҰЙЫМДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛГОРИТМДЕРІ

 

9.1 Ұйымдағы қақтығыстарды басқарудың негізгі құқықтық институттары.

9.2 Еңбек даулары жөніндегі Комиссия ұйымдағы қақтығыстарды басқарудың негізгі органы ретінде.

9.3 Ұйымдағы қақтығыстарды құқықтық реттеудегі аралық, әлемдік және азаматтық соттардың рөлі.

9.4 Еңбек инспекциясы еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау жүйесі ретінде.

9.5 Татуластыру комиссиясы.

9.6 Еңбек төрелігі.

9.7 Ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі делдал, мемлекеттік органдар.

9.8 Еңбек мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі.

9.9 Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы жұмыс берушілердің мүдделерін қорғау институты ретінде.

 

9.1 Ұйымдағы қақтығыстарды басқарудың негізгі құқықтық институттары.

Қазақстанда қақтығыстарды басқару Еңбек кодексі бойынша реттеледі. Ұжымдық еңбек даулары мынадай реттілікпен шешіледі: жұмыс беруші (жұмыс берушілер бірлестігі (қауымдастығы, одағы)) шешу мүмкін болмаған жағдайда – татуластыру комиссиясы, онда келісімге қол жеткізілмеген кезде – еңбек төрелігі, ол реттемеген мәселелер бойынша – соттар қарайды.

  Жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері – бұл кәсіподақтармен, мемлекеттік билік органдарымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қарым-қатынастарда болатын және өз мүшелерінің мүдделерін білдіру және құқықтарын қорғау үшін жұмыс берушілерді ерікті негізде біріктіретін коммерциялық емес ұйым.

Жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, жұмыскерлер мен жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі (қауымдастығы, одағы) арасындағы келісімдердің, ұжымдық және еңбек шарттарының, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша талаптары жұмыскерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) қалыптастырылады және бекітіледі.

Жұмыскерлер жиналысы, егер оған ұйым жұмыскерлерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.

Конференция, егер оған хаттамалық шешімдерге сәйкес жұмыскерлер сайлаған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.

Жұмыскерлер жиналысының (конференциясының) шешімі, егер олар ұсынған талаптарды қатысушылардың кемінде үштен екісі қолдап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Жұмыскерлер жиналысын (конференциясын) өткізу мүмкін болмаған кезде, жұмыскерлердің өкілді органының өзі ұсынған талаптарын қолдауға жұмыскерлердің кемінде үштен екісінің қолтаңбасын жинап, өз шешімін бекітуге құқығы бар.

Жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, жұмыскерлер мен жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі (қауымдастығы, одағы) арасындағы келісімдердің, ұжымдық және еңбек шарттарының, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша талаптары жұмыскерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) қалыптастырылады және бекітіледі.

Жұмыскерлер жиналысы, егер оған ұйым жұмыскерлерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.

Конференция, егер оған хаттамалық шешімдерге сәйкес жұмыскерлер сайлаған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.

Жұмыскерлер жиналысының (конференциясының) шешімі, егер олар ұсынған талаптарды қатысушылардың кемінде үштен екісі қолдап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Жұмыскерлер жиналысын (конференциясын) өткізу мүмкін болмаған кезде, жұмыскерлердің өкілді органының өзі ұсынған талаптарын қолдауға жұмыскерлердің кемінде үштен екісінің қолтаңбасын жинап, өз шешімін бекітуге құқығы бар.

Жұмыскерлердің талаптары жазбаша нысанда жазылады және жұмыс берушіге, жұмыс берушілер бірлестіктеріне (қауымдастықтарына, одақтарына) жиналыс (конференция) өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш күн мерзімде жіберіледі. 

 Көрсетілген талаптарды әртүрлі жұмыс берушілердің жұмыскерлері қойған жағдайда, бұл талаптарды кәсіптік одақтардың салалық немесе аумақтық бірлестіктері не жұмыскерлер уәкілеттік берген өзге де жеке жәнезаңды тұлғалар ұсынуы мүмкін.

 Жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі (қауымдастығы, одағы) жұмыскерлердің талаптар қою жөнінде жиналыс (конференция) өткізуіне кедергі келтіретін қандай да болсын араласуға бармауға міндетті.

 Жұмыскерлердің талаптарын шешу мүмкін болмаған кезде, олар татуластыру рәсімдері тәртібімен қаралады. 

Тараптар ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген сатысында делдалға жүгіне алады. Делдалдық рәсім татуластыру комиссиясындағы, еңбек төрелігіндегі татуластыру рәсімдеріне қарағанда дербес болып табылады және солармен қатар жүргізілуі мүмкін.

Жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері өздеріне мынадай  міндеттемелерді қабылдайды:

·      Халықаралық еңбек ұйымының № 87 «Ұйымдарда құқықтарды қорғау және ассоциациялардың еркіндігі туралы», № 135 «Кәсіпорында еңбек ететін өкілдердің құқықтарын қорғау және оларға ұсынылған мүмкіндіктері туралы» Конвенцияларына сәйкес ұйымдарда жұмыскерлер өкілдерінің еркін қызметі үшін жағдай жасауға жәрдемдесу.

·      Еңбек қатынастарын және кәсіпорындардың өндірістік қызметін реттеу мәселелері бойынша еңбек ұжымдарымен тұрақты кездесулерді ұйымдастыру бойынша шараларды қабылдау.

·      Жұмыс берушілердің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тұрақты іс-шараларды жүргізу.

·      Жұмыс берушілердің арасында еңбек заңнамасын оқыту және түсіндіру, еңбек қақтығыстарында келіссөздер жүргізе білу дағдыларын дамыту және консенсусқа қол жеткізу бойынша оқыту тренингтерін өткізу.

·      Ұжымдық еңбек дауы туындаған кезде татуластыру рәсімдерін сақтау бойынша шаралар қолдану.

 

9.2 Еңбек даулары жөніндегі Комиссия ұйымдағы қақтығыстарды басқарудың негізгі органы ретінде.

Жеке еңбек даулары ҚР ЕК 159-бабына сәйкес жұмыс берушілер -  шағын кәсіпкерлік субъектілерінің және ұйымның атқарушы органы басшыларының қатысуын қоспағанда, келісу комиссиясымен қаралуы тиіс.

Жеке еңбек дауын шешу жөніндегі келісу комиссиясы  тұрақты қызмет атқаратын орган болып табылады және заңды тұлға мәртебесіндегі әрбір білім және ғылым ұйымдарында, сондай-ақ заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінде құрылып, кәсіподақ комитеті мен ұйым әкімшілігі өкілдерінің бірдей санынан жасақталады. Әрбір тараптан өкілдер саны еңбек ұжымының санына байланысты белгіленеді. Комиссия мүшелерінің нақты саны, оның жұмыс тәртібі, мазмұны мен шешімдер қабылдау тәртібі ұйым басшысы мен кәсіподақ комитетінің арасында жазбаша келісім бойынша белгіленеді, болмаса ұжымдық шартпен анықталады.

Комиссия құрамының үйлесімді теңдігін қалыптастыру мақсатында төмендегідей теңдік ұсынылады:   

- 50 адамға дейін қызметкерлер саны бар еңбек ұжымдарында – әрбір тараптан екі өкілден;

- 50-ден  150 адамға дейін қызметкерлер саны бар еңбек ұжымдарында – әрбір тараптан үш өкілден;

- 150 адамнан астам қызметкерлер саны бар еңбек ұжымдарында – әрбір тараптан төрт өкілден.

Кәсіподақ мүшелерінің қатарынан кәсіподақ өкілдері комиссияға кәсіподақ комитетінің қаулысымен, ал әкімшілік өкілдері – ұйым басшысының бұйрығымен бөлінеді.

Келісу комиссиясының құрамына сайланған қызметкерлерге комиссия жұмысының уақытында орташа жалақылары сақталады.

Еңбек даулары жөніндегі комиссия мүшелерін (егер олар кәсіподақ мүшелері болса) жалдаушының бастамасымен жұмыстан шығаруға және тәртіптік жаза қолдануға тек кәсіподақ комитетінің алдын ала келісімімен ғана жол беріледі.

Келісу комиссиясын 3 жылға дейінгі мерзімге, яғни ұжымдық шарттың немесе әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің әрекет ету мерзіміне құрған жөн. Осы мерзім ішінде тараптар өз өкілдерін комиссия құрамын қалыптастыру үшін белгіленген тәртіпте алмастыра алады, барлық өкілдердің өкілеттіктері комиссияның құрылған мерзімінің аяқталуымен бірге аяқталады.  

Комиссиялар сондай-ақ әкімшілік аумақтық бірліктер – аудандардың, қалалардың, облыстардың деңгейлерінде әлеуметтік әріптестік тараптарының келісімдерімен құрыла алады. Олар нақты ұйымдардың келісу комиссиялары сияқты сол негіздерде құрылады және жұмыс жасайды.    

Комиссия мүшелерін оқыту аса маңызды болып табылады. Келісу комиссиясының тараптары комиссия мүшелерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері, келіссөздер жүргізе білуді дамыту және еңбек дауларында бәтуаластыққа келу жөнінде жыл сайынғы оқытудан өткізуге міндетті.

Қызметкерлер келісу комиссиясына:

1) еңбекке ақы төлеу;

2) басқа жұмысқа ауыстыру және басқа жұмыс орнына көшіру;

3) еңбекке ақы төлеу, соның ішінде лауазымдарды қоса атқару, уақытша орнында жоқ қызметкерді ауыстыру кезінде, үстеме жұмыс, түнгі уақыт, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін еңбекке ақы төлеу; 

4) қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесімен көзделген қызметкерге тиесілі сыйақы мөлшері мен оны алу құқығы;

5) жәрдемақылар төлеу мен кепілдіктер беру;

6) қызметкердің жалақысынан ұсталынған ақшалай соманы қайтару;

7) еңбек демалыстарын беру;

8) арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғау құралдарын беру, емдеу-профилактикалық тамақтану;

9) амалсыз бос жүрген уақытына жалақы төлеу немесе заңсыз ауыстырумен байланысты төмен ақы төленетін жұмысты орындаған уақытына жалақысының айырмасын төлеу;

10) еңбекке ақы төлеу жүйесімен көзделген үстеме ақыларды қосқанда жалақыны өндіру;

12)  тәртіптік жаза қолдану;

13) еңбек шартын жасау немесе өзгерту туралы мәліметтер еңбек кітапшасында қате немесе нақты жазылмауы туралы, егер бұл жазбалар бұйрыққа (өкімге) немесе заңмен көзделген өзге құжаттарға сәйкес келмесе;

14) жұмысқа қайта алу, жұмыстан шығару күнін және себебінің тұжырымын өзгерту;

15) келтірілген материалдық шығынды өтеу;

16) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін қадағалау;

17) аттестаттау комиссиясы шешімінің күшін жою туралы еңбек даулары жөнінде жүгіне алады.

Келісу комиссиясына түсетін арыздарды қабылдауды жұмыс беруші жүргізеді, жұмыс берушінің есебінен және оның бланкілерінде еңбек даулары бойынша комиссияның атынан азаматтармен және ұйымдармен қатынас хаттар жүргізіледі (шақыртулар жіберу, жауаптар беру және т.б). Комиссия жұмысы жөніндегі барлық шығындарды жұмыс беруші өтейді.

159-баптың 4-тармағына сәйкес, келісу комиссиясына түскен арызды комиссия түскен күні міндетті түрде тіркеуі тиіс.

Комиссия отырыстары комиссия мүшелері, мүдделі қызметкер, сондай-ақ куәгерлер және шақырылған мамандар мен сарапшылар отырысқа қатыса алатындай ыңғайлы уақытта өткізілуі тиіс.

 

9.3 Ұйымдағы қақтығыстарды құқықтық реттеудегі аралық, әлемдік және азаматтық соттардың рөлі.

Аралық сот –заңды тұлғалардың және азаматтардың өзара экономикалық (шаруашылық) шарттары бойынша дауларды шешетін мемлекеттік емес сот органы.

Аралық соттар жүйесі тараптардың өзара ерік білдіруі (аралық келісім) негізінде құқық қолдану қызметін (азаматтық-құқықтық дауларды шешу) жүзеге асыратын азаматтық қоғамның өзін-өзі реттеу институты болып табылады. Дауларды баламалы реттеудің бір түрі.

Аралық соттар екі түрлі болады. Біріншіден, белгілі бір дауды шешу үшін дау тараптары құрған аралық сот (лат. ad hoc-жеке жағдай үшін). Екіншіден, азаматтық құқықтық қатынастар субъектілері өз келісімімен болашақта осы тараптар арасында туындауы мүмкін туындаған дауды немесе дауларды қарауға және шешуге бере алатын, оны құрған заңды тұлғалар жанынан құрылатын және тұрақты негізде әрекет ететін аралық сот.

Әдетте, аралық сотта келесілер қаралады:коммерциялық даулар,залалдарды өтеу туралы мәселелер,қарыз мәселелері,құрылыс даулары,беделді немесе сауда маркасын қорғауға қатысты мәселелер.

Азаматтық сот ісі мүліктік дауларды, еңбек дауларын, жер, отбасылық және мұрагерлік істерді жалпы юрисдикция соты немесе Дүниежүзілік сот Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде анықталған істің юрисдикциясына байланысты қарастырады.

Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қақтығысты шешу құралы мүдделі Тараптың өтініші (шағымы) болады.

Азаматтық процесте Тараптар (әдетте қақтығысушы Тараптармен сәйкес келетін талапкер және жауапкер) тең процедуралық құқықтарға ие, бұл қақтығысты жан-жақты қарау және әділ шешім қабылдау кепілдіктерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге, бұл тек құқықтық теңдік, ол, әрине, нақты теңдікке сәйкес келмейді.

Азаматтық процесс қақтығыстарды консенсуалдық шешу (бітімгершілік келісім жасасу) үшін жеткілікті қолайлы жағдайлар жасайды. Татуласу келісімін оған қатысушылардың қақтығысты тікелей реттеуіне жатқызуға болмайды, өйткені оны сот тексереді және бекітеді, яғни ол сот билігінің актісі болып табылады. Ол заңға қайшы келмеуге немесе біреудің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.

Арбитраждық соттың ұйымдағы қақтығысты шешу құралдарының ерекшелігі, олар заңды тұлға, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, төрелік іс жүргізу құқығының басқа субъектілері құрылмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қамтамасыз ету нысандарын көрсетеді. Оларды қолданудың нәтижесі аталған адамдардың бұзылған және даулы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға тиіс.

Заңды қақтығысты шешудің құралы–белгілі бір ережелерге сәйкес сотқа берілетін талап арыз.

Арбитраждық соттың істі қарау тәртібі азаматтық процеске жақын, алайда айырмашылықтар да бар. Атап айтқанда, оларға мыналарды жатқызуға болады:

1)     қақтығысты сотқа дейін реттеу рәсімі жиі қолданылады;

2)     дауласушы тараптар төреліктен кез келген дауды (мемлекеттік органмен жасалған даудан басқа) өздерінің қалауы бойынша аралық сотқа бере алады;

3)     арбитраждық сот істі қараған кезде тараптарға ымыралы шешім табуға көмектесуге міндетті.

 

 

 

 

9.4 Еңбек инспекциясы еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау жүйесі ретінде.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Мемлекеттік еңбек инспекторларына:

1) ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы;

2) бас мемлекеттік еңбек инспекторлары – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары;

3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының басшысы;

4) мемлекеттік еңбек инспекторлары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының лауазымды адамдары жатады.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен қорғалады және ҚР Конституциясын, ҚР заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

 Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген адамдар ҚР заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

ҚР еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау және бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін бақылаудың өзге де түрлері шеңберінде мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін тексерулер жұмыс берушіге алдын ала хабарламай жүргізіледі және ҚР мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тіркелуге және есепке алуға жатпайды.

 

 

9.5 Татуластыру комиссиясы.

Татуластыру комиссиясы жұмыс берушi мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан тепе-теңдік негізде тараптардың бірлескен шешімімен құрылған орган болып табылады.

Татуластыру комиссиясын құру туралы шешiм жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі (қауымдастығы, одағы), олардың өкілдері өз шешімін жұмыскерлердің (олардың өкілдерінің) назарына жеткізген не хабарламаған не ұжымдық келіссөздер барысында келіспеушіліктер хаттамасын жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданады. Ұйымда жұмыскерлердің бірнеше өкілдері болған кезде, олар комиссия жұмысына қатысу үшін бірыңғай өкілді орган құрады.

Жұмыс берушi, жұмыс берушiлер бiрлестiгi (қауымдастығы, одағы) татуластыру комиссиясының жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасайды. Татуластыру комиссиясы жұмыскерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) талаптарын олар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде қарайды. Татуластыру комиссиясының талаптарды қарау тәртiбi, қараудың көрсетiлген мерзiмiн ұзарту тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады және хаттамамен ресiмделедi.

Татуластыру рәсiмі процесінде татуластыру комиссиясы жұмыскерлермен (олардың өкiлдерiмен), жұмыс берушiмен, жұмыс берушiлер бiрлестiгiмен (қауымдастығымен, одағымен) (олардың өкiлдерiмен), мемлекеттiк органдармен және өзге де мүдделi адамдармен консультациялар жүргiзедi.

Комиссияның шешiмi тараптар келiсiмiнiң негiзiнде қабылданады, тараптардың өкiлдерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi, тараптар үшiн мiндеттi күшi болады және татуластыру комиссиясының шешімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындалады. Тараптардың біреуі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, басқа тарап хаттамада тиісті жазба жасайды. 

Татуластыру комиссиясында келiсiмге қол жеткiзiлмеген кезде оның жұмысы тоқтатылады, ал дауды шешу үшін еңбек төрелігі құрылады.

 

9.6 Еңбек төрелігі.

Еңбек төрелігін ұжымдық еңбек дауының тараптары татуластыру комиссиясының жұмысы тоқтатылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құрады.

Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қарау тәртібі тепе-теңдік негізде тараптардың келісімімен айқындалады. Еңбек төрелігі кемінде бес адамнан тұруға тиіс. Еңбек төрелігінің құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу үшін еңбек төрелігі жөніндегі кеңестің өкілі, қажет болған кезде басқа адамдар қосылуға тиіс.

Татуластыру комиссиясының мүшелері жұмыскерлердің қаралып отырған талаптары бойынша еңбек төрелігінің құрамына кіре алмайды.Еңбек төрелігінің төрағасын төрелік мүшелері өздерінің арасынан сайлайды.Еңбек төрелігі ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауының тараптары өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болған кезде басқа да мүдделі адамдар өкілдерінің қатысуымен де қарайды.Дауды қарау рәсімін еңбек төрелігі айқындайды және ол ұжымдық еңбек дауы тараптарының назарына жеткізіледі.

Еңбек төрелігінің шешімі ол құрылған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей төрелік мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Еңбек төрелігі мүшелерінің дауыстары тең бөлінген кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Шешім уәжді болуға, жазбаша нысанда жазылуға және оған төрелік мүшелерінің барлығы қол қоюға тиіс.

Татуластыру комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптары келісімге қол жеткізбеген кезде, ҚР заңдарымен ереуілдер өткізу тыйым салынған немесе шектелген ұйымдарда еңбек төрелігінің құрылуы міндетті. Еңбек төрелігінің шешімі ұжымдық еңбек дауы тараптарының орындауы үшін міндетті болады. Еңбек төрелігінің шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, тараптардың дауды шешуді сот тәртібімен жүзеге асыруға құқығы бар.

 

9.7 Ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі делдал, мемлекеттік органдар.

Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау тәртібі ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісуі бойынша айқындалады.Тараптар делдал ретінде өздеріне қатысты тәуелсіз ұйымдар мен тұлғаларды айқындайды. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық, өңірлік комиссиялар ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісімімен ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі жұмысқа орталық және жергілікті атқарушы органдардың, қауымдастықтардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен жұмыскерлерін, жұмыс берушілерді, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тарта алады.

Делдалдарды тарту жағдайларының бәрінде олардан делдалдық етуге жазбаша келісім алынуға тиіс.Тараптардың ұжымдық еңбек дауы бойынша келісімге қол жеткізуінің келесідей салдарлары бар:     

1. Ұжымдық еңбек дауының тараптары арасында дауды делдалдың қатысуымен немесе онсыз шешу туралы келiсiмге қол жеткiзiлген барлық жағдайларда аяқталмаған татуластыру рәсiмдерi тоқтатылады, ал тараптар арасындағы келiсiмнiң шарттары дауды шешудiң шарттары болып есептеледi.Ұжымдық еңбек дауының тараптары қол жеткiзген келiсiмдер жазбаша нысанда ресiмделедi.

2. Тараптар арасында даудың шешілуі туралы келісімге қол жеткізу, егер ереуіл жарияланған болса, оның тоқтатылуына алып келеді.

 

9.8 Еңбек мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі.

Кәсіподақ – ҚР азаматтарының еңбек, өндірістік-кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек және әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшін ерiктi түрде құрылатын, тiркелген мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiк;

Кәсiподақтар өндiрiстiк–салалық қағидат бойынша құрылады.

Кәсiподақтар жарғыларды, құрылымды өз бетінше әзірлейді және бекітеді, қызметтің басым бағыттарын айқындайды, кәсіподақ органдарын құрады, қызметті ұйымдастырады, жиналыстар, конференциялар, съездер және ҚР заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған басқа да іс-шаралар өткізеді. Кәсіподақтар өз қызметінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардан, саяси партиялардан, жұмыс берушілер мен олардың бірлестіктерінен тәуелсіз болады, олардың бақылауында болмайды және оларға есеп бермейді.

 

9.9 Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы жұмыс берушілердің мүдделерін қорғау институты ретінде.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жыл 9 қыркүйек күні ҚР Үкіметі және «Атамекен» Одағы» қазақстандық үкіметтік емес ұйымның бірлескен шешімімен құрылған.

2015 жыл 27 наурызда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып ресми қайта тіркелді (ҚР ҰКП-ның 27.01.2015 жылғы кезектен тыс ІІ Съезінің шешімімен).

 ​«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылуында бизнес-қоғамдастықты ұйымдастырудың континентальді моделі негізге алынды. Кәсіпкерлердің жалпыға ортақ мүшелігінде палатаның континентальді (еуропалық) моделі негізделген. Бұл модель Франция және Германияда әзірленген және бүгінде көптеген еуропа елдерінде сәтті жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Еуропалық Одақтың 19 миллион кәсіпорнының ішінде 15,5 миллион кәсіпорын жалпыға ортақ мүшеліктің бизнес-ортасында жұмыс істеуде.

 «Атамекен» құрылымында үкіметтік және орындаушы органдар: Съезд, Төралқа, Басқарма, Ревизиялық комиссия,өңірлік палаталар және кәсіпкерлер кеңестері құрылған.

 «Атамекенде» 126 қауымдастық (одақ) аккредиттелген. Қазіргі таңда аталған 116 қауымдастыққа аккредиттеу туралы куәліктерін дайындау және беру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының міндеті – еліміздің барлық аймағында кәсіпкерлік секторын дамыту, кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекеттік саясатты құруда және жүзеге асыруда бизнес өкілдерінің мүдделерін ескеру үшін институционалдық мүмкіндіктер жасау. Аймақтық бизнес өкілдері мен жергілікті әкімшіліктер арасындағы өзара тиімді байланыс тетіктерін жетілдіру.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, тұрақтылықты нығайтуға, елде ұлттық, сондай-ақ шетел инвесторларының бизнес жүргізуіне қолайлы жағдайларды дамытуға бағытталған.