Қақтығыстың ажырамас элементтерінің бірі – оның нысаны. Нысан қақтығыстың нақты себебі, мотиві және қозғаушы күші болып табылады. Қақтығыс нысандары үш түрге бөлінеді:

  1. Бөліске салуға немесе бірлесіп иеленуге болмайтын нысандар (мысалы, ел президентінің лауазымы);
  2. Қақтығыс тараптары арасында әртүрлі пропорцияда бөлінетін нысандар (мысалы, парламенттегі орындар);
  3. Тараптар бірлесіп пайдалана алатын нысандар (мысалы, ортақ сайлау алаңы немесе әлеуметтік бағдарламалар).

Қақтығыстың негізгі себептеріне ақпараттың жеткіліксіздігі, мінез-құлық ерекшеліктері, құндылықтардағы айырмашылықтар, құрылымдық факторлар, ресурстардың шектеулілігі, тапсырмалардың өзара тәуелділігі, мақсаттардың сәйкес келмеуі, идеялар мен құндылықтардағы айырмашылықтар, өмірлік тәжірибе мен білім деңгейінің әртүрлілігі және нашар коммуникациялар жатады.