Өзіңізден сұраңыз:
· Қақтығыс кімдердің арасында?
· Ашық па, әлде жасырын ба?
Жауап:
· тұлғааралық
қақтығыс;
· жасырын қақтығыс;
· ұйымдастырушылық
қақтығыс элементтері бар.
Мәтіннен негізгі себептерді табыңыз:
✔ жұмыс
уақытын тиімсіз пайдалану;
✔
әріптестерді жұмыстан алаңдату;
✔
қызметкердің мінез-құлқының
ұжымға кері әсері;
✔
қызметкерлердің мәселені ашық айта алмауы.
Дәріс материалы бойынша төмендегілерді
қарастырыңыз:
· еңбек тәртібі ережелері;
· ұйымның ішкі нормативтік актілері;
· лауазымдық нұсқаулық;
· корпоративтік этика кодексі;
· тәртіптік жаза шаралары.
Өзіңізден сұраңыз:
«Бірден жаза қолдану керек пе, әлде алдын
алу шараларын қолданған дұрыс па?»
Дұрыс жауап:
Алдымен:
· әңгімелесу;
· түсіндіру;
· ескерту.
Кейін:
· тәртіптік шаралар.
Мысалы:
Бұл қақтығысты
құқықтық реттеу ұйымның ішкі
еңбек тәртібі ережелерін сақтау, қызметтік этика
нормаларын түсіндіру және қажет болған жағдайда
тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану арқылы жүзеге
асырылады.