Кейс № 1.
Жағдай:
Бухгалтерия бөлімінде бір кабинетте екі қызметкер жұмыс
істейді. Бірі жас, екіншісі зейнет жасына жақын, бірақ екеуі де
жақсы маман. Бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істегеніне
қарамастан, жасы үлкен қызметкер кішінің жұмысына
үнемі араласады: оған ақыл-кеңесін береді, оның
құзыреттілігінің жоқтығын үнемі айтып,
қателерін көрсетеді. Сонымен қатар, зейнеткерлік
жастағы әйел жас маманның қалай киінетініне үнемі
назар аударады, оны өзінше «дұрыстауға» тырысады. Осылайша,
зейнет жастағы қызметкер мұны жаман ниетсіз жасайды, демек,
ол өзінің «тәжірибесі жоқ» әріптесі үшін
алаңдайды.
Кейс
сұрақтары:
1.
Мұндағы қақтығысты басқару үшін
қандай әдіс ең тиімді болады?
2. Қай
әдісті пайдалану туындаған қақтығысты одан
әрі ушықтырып жібереді?