Кейс.

Жағдай:

Мектеп директоры мен мұғалім арасында қақтығыс туындап, нәтижесінде соңғысы жұмыстан кеткен.

Таңғы уақытта жаңа ғана бірінші сабаққа қоңырау соғылды. Химия пәнінің мұғалімі Әлия Орынбасарқызы төртінші қабатқа көтеріліп, оны 8-сынып оқушылары күтіп тұрған кабинетіне барды. Сол жерде мектеп директоры да тұрды, ол оған: «Неге кешігіп, оқушыларды күттіресің?! Сабақ басталғанға дейін 15 минут бұрын келу керек. Сабақтан кейін менің кеңсеме кел» деп ескертті.

Сабақ біткен соң, Әлия Орынбасарқызы директордың кабинетіне кіріп: «Оқушылардың көзінше маған сөгіс айтпауыңыз керек еді, бұл әрекетіңізбен менің беделімді түсіресіз», – деді.

Директор: «Сабаққа кешігіп келу арқылы оны өзіңіз бұзасыз және оқушыларға қандай үлгі көрсетіп жатырсыз?!» деп сұрақ қойды.

Әлия Орынбасарқызы: «Сіз менің кішкентай балам бар екенін және оны балабақшаға апаруым керек екенін жақсы білесіз. Жұмысқа орналаса отырып, мен осыны ескеруді және маған алғашқы сабақтарды бермеуді өтіндім. Сіз менің жағдайым түсіністікпен қараймын деп уәде бергенсіз!».

Директор: «Мен әркімнің мүддесін ескере алмаймын, сіздің отбасылық мәселелеріңіз маған қатысты емес. Бұл сіздің жеке мәселелеріңіз. Өтінемін, енді сабаққа кешікпеңіз».

Әлия Орынбасарқызы: «Сіз осылай ойлайсыз, мен сіздің басшылығыңызбен жұмыс істей алмаймын деп ойлаймын. Тоқсан біткенше менің орныма басқа адамды тауып беруіңізді сұраймын!».

Директор: «Жарайды, мен сені ұстамаймын!»

Осыдан кейін тоқсанның соңына дейін жұмысын аяқтаған Әлия Орынбасарқызы өз еркімен жұмыстан кетті.

Кейс сұрақтары:

1. Қақтығыстық жағдайдың туындауына қандай себептер әсер етті?

2. Конфликтологиялық талдау әдістерін берілген жағдайда қалай қолдануға болады?