Кейс.

Жағдай:

Сіз жақында адам ресурстары жөніндегі менеджер болып тағайындалдыңыз. Сіз әлі компания қызметкерлерін жақсы білмейсіз, қызметкерлер сізді әлі де көзбен танымайды. Сіз бас директормен кездесуге барасыз. Темекі шегетін бөлменің жанынан өтіп бара жатып, темекі шегіп, бірдеңе туралы жан – жақты әңгімелесіп отырған екі қызметкерді байқайсыз.Бір сағатқа созылған кездесуден қайтып келе жатып, темекі шегетін бөлмеде тағы сол қызметкерлердің сөйлесіп тұрғанын көресіз.

Кейс сұрақтары:

1. Сіз бұл жағдайда қандай әрекет жасайсыз және не себепті?

2. Осы жағдайда туындайтын қақтығысты қай түрге жатқызар едіңіз?