Кейсті талдау алгоритмі

1-қадам. Қақтығыс субъектілерін анықтаңыз.

·       Қақтығысып отырған негізгі тараптар кімдер?

·       Қақтығысқа жанама әсер етушілер бар ма?

2-қадам. Қақтығыс объектісін анықтаңыз.

·       Тараптар нақты не үшін күресіп жатыр?

·       Бөлісе алмай отырған ресурс, мәртебе немесе құқық қандай?

3-қадам. Қақтығыстың даму кезеңін белгілеңіз.

·       Қақтығыс әлі жасырын ба?

·       Әлде ашық қарсылық байқала ма?

·       Эскалация белгілері бар ма?

4-қадам. Мақсаттар мен мотивтерді ажыратыңыз.

·       Қатысушылар не қалайтынын анықтаңыз.

·       Олардың жасырын немесе жария мотивтерін сипаттаңыз.

5-қадам. Қақтығысты шешу жолдарын ұсыныңыз.

·       Қандай басқару әдісі тиімді болады?

·       Делдалдық қажет пе?

·       Қалайша екі тараптың мүдделерін ескеруге болады?