Кейс. «Жоба жетекшісі кім болады?»

Жағдай

Университетте ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру үшін жұмыс тобы құрылды. Топ құрамына екі тәжірибелі оқытушы енгізілді. Кафедра меңгерушісі жоба жетекшісі қызметіне жас оқытушыны тағайындады.

Бұл шешіммен келіспеген екінші оқытушы өзінің тәжірибесі мен ғылыми дәрежесі жоғары екенін айтып, жобаны басқару құқығы өзіне берілуі тиіс деп есептеді. Біртіндеп олардың арасындағы келіспеушілік күшейіп, жоба жиналыстарында ашық пікірталасқа ұласты. Нәтижесінде топ мүшелері екіге бөлініп, жұмыс қарқыны төмендеді.

 

Кейс сұрақтары

1.    Қақтығыстың объектісі қандай?

2.    Қақтығысқа қатысушы негізгі және жанама тұлғаларды анықтаңыз.

3.    Қақтығыс дамуының қай кезеңінде тұр?

4.    Қақтығыс субъектілерінің мақсаттары мен мотивтерін сипаттаңыз.

Қақтығысты шешудің қандай жолдарын ұсынуға болады?