Бұл оқу құралында ұйымдағы қақтығыстарды басқарудың теориялық және қолданбалы сұрақтары қарастырылады, ол ұйымдардағы қақтығыстар мен стресстерді басқару туралы жалпы түсінік қалыптастыруға бағытталған, атап айтатын болсақ, оқу құралында ұйымдағы қақтығыстың негізгі құрылымдық элементтеріне, қақтығыстардың себептерін жүйелі талдауға, қақтығыстардың типологиясы мен динамикасына, қақтығыстарды зерттеу әдістеріне, ұйымдағы қақтығыстарды басқару нысандары, әдістері мен тәсілдеріне, қақтығыстарды басқарудың құқықтық,  әлеуметтік – психологиялық алгоритмдеріне, ұйымдастырушылық мүмкіндіктеріне, ұйымдағы қақтығыстарды басқарудағы басшының рөліне назар аударылған.

Ұсынылып отырған оқу құралының негізгі міндеті білім алушыларға «Қақтығыстарды басқару» туралы білімді меңгеруге көмектесу.

Оқу құралы он екі жеке теориялық тақырыптан тұрады. Оқу құралының мазмұны пәнді жан – жақты және терең меңгеруге ықпал ететіндей құрылымдалған.

Оқу құралы жоғары оқу орындарының "Экономика", "Менеджмент", "Мемлекеттік және жергілікті басқару", "Әлеуметтану" білім беру бағдарламалары білім алушыларына, пән оқытушыларына және қақтығыстарды басқару мәселелері қызықтыратын мамандарға арналған.