АЛҒЫСӨЗ
Математикалық статистика –
статистикалық мәліметтер бойынша зерттелінді
құбылыстың ықтималдық моделін құратын
математикалық әдістер туралы ғылым. Бұл ғылыми
және практикалық қорытындылар жасауға арналған
статистикалық мәліметтерді қолдану мен жүйелеу
мақсатындағы математикалық әдістерді жасаушы сала. Ол
кездейсоқ құбылыстардың ықтималдық моделін
құру мақсатындағы бақылаулар мен
тәжірибелер нәтижесіндегі
деректерге анализ жасау, оларды сипаттау, өңдеу
әдістерін жасайтын математика бөлімі. Сонымен қатар,
математикалық статистика модельдер
құру, гипотезалар тексеру және болжам жасау әдістерін
де қамтиды.
Математикалық статистика
ықтималдықтар теориясына негізделген сала болғанымен
оған қандай да бір мағынадағы кері есептерді
қарастырады. Атап айтқанда, ықтималдықтар теориясында
құбылыс өзінің ықтималдық моделімен алдын
ала берілсе, математикалық
статистикада зерттелінді құбылысты сипаттайтын
математикалық моделдің ең болмағанда бір параметрі
белгісіз болып, тәжірибелердің ақырлы санында пайда
болған мәліметтер қоры
негізінде зерттелінеді.
Бұл оқу құралы
Математикалық статистиканың негізгі есептерінің бірі – белгісіз параметрлерді бағалау
тақырыптарына арналған. Статистикалық талдау мен
математикалық модельдеудің негізінде, белгісіз шамаларды
анықтаудың теориялық және практикалық жолдары
қарастырылады. Оқу құралында классикалық
бағалау әдістері, олардың қасиеттері, қолдану
салалары мен тиімділігі жан-жақты баяндалған.
Оқу құралы ретінде бұл
еңбек жоғары оқу орындарының студенттері мен
магистранттарына, сондай-ақ зерттеушілер мен мамандарға
арналған. Әрбір тарау нақты мысалдармен, есептермен және
түсініктемелермен толықтырылып, оқырманның материалды
терең игеруіне жағдай жасайды.
Оқу құралы статистикалық
бағалау теориясын меңгеруде сенімді көмекші болады деген
үміттеміз.
Оқулық бойынша ұсыныстар мен
сын-пікірлер зор ілтипатпен қарсы алынып, оларды zhubanysheva_azh@enu.kz,
galija_1991tau@mail.ru пошталарына жіберулеріңізді сұраймыз.