ГЛОССАРИЙ
Аймақ-территориялық болыс
Аборигендер- елдің түпкілікті халықтары
Артиллерия – қару-жарақпен қамтамасыздалған әскери рота.
Атаман – казак аудандары мен казакәскерлерінде әскери-әкімшілік шеннің атауы.
Алғашқы қауымдық құрылыс – адамзат дамуының алғашқы қадамы, ол қауымдық құрылысқа дейінгі табиғатқа тәуелденген адамдардың ұжымы. Адамзаттың қалыптасуымен сол кездегі қоғам бірнеше кезеңнен тұрады: алғашқы қоғамдық құрылыс - өмір сүруге ізденіс жолындағы адамдар тобы; аналық және аталық ру – бірнеше тайпалардың бірігуі.
Архантроптар – (гр. тілінен аударғанда архайос - өте ертедегі, көне, ежелгі) - өте ертедегі адамдар.
Аскатаг – Шу мен Талас өзендерінің аралығында, Қырғыз Алатауының орта етегінде мекен еткен сақ тайпалық одағына кірген тайпа атауы.
Аримаспы – (грек тіл. аrima- жалғыз, spi- көз) Геродоттың айтуынша бұл тайпаның аты емес, тек сол халықтың ерекше белгісінің атауы. Аталған тайпаның «жалғыз көзді» аталуы адамдарының бет жүзін жартылай бояп немесе таңбалап жүретіндігінде болса керек дейді.
Агриппей – (agrippei ,agrippaioi)термині – жергілікті жердегі «тұлпар мінген», «шауып жүретін», «тұлпар өсірушілер» деген мағына береді.
Абилер – көшпелі скифтер, «аби – белгілі қонысы жоқ» - деген ұғымды білдіреді.
Әскери қызметкерлер – бұл адамдардың түрлі мемлекеттік қызметтегі ХІV – ХVІІІ ғасырлары бай жағында (байлар, шенеуліктер) жақын жерлерді иеленіп, үлкен басқарушы қызметін атқарып, онда садақшылар, пулиметшілер болған.
Әдет-ғұрып дегеніміз-үрпақтан ұрпаққа берілетін мәдени құбылыс
Барщина – орыстың " еңбекпен өтеу салығы " деген сөзі, шаруаның феодал иелігіне тегін істелетін еңбек
Братчина – шіркеу мерекесіне байланысты жасайтын той
Басқақ – монғол – татар хандарының уәкілі, жаулап алған жерлерді, алым – салықты басқарып отырған. Русь жеріне басқақтар ХІІІ ғасырдың ортасында келді. Бұндай басқақтық басқаруды ХІV ғасырдың ортасында Иван І Калита кезінде болдырмаған болатын, оны орыс князьдарына берілді.
Бекініс – көп уақытқа салынған қорғаныс іргетасы
Бәбіш Молда - сақтардан қалған ескерткіш
Бек — жеке тайпа көсемі
Византия – Рим империясының шығысында ІV ғасырда пайда болған мемлекет. Астанасы – Константинополь. Русь мемлекетінде Царьград деп атаған.
Вотчина – феодалдардың ата – бабасынан мұраға қалған жері.
Гвардия- әскердің іріктелген бағытталған бөлігі. Ресейде бірінші гвардиялық
Государство ( мемлекет) – тұрақты халқы бар, жері, әскери қоғамдық тәрбиесі бар саяси институт.
Гарнизон – бекіністе не арнанйы қалада орналасқан әскери бөлімше.
Гуньмо – «Күн бегі», үйсін билеушілерінің лауазымы.
Генцид – қандай да болмасын ұлттың этникалық немесе діні топтарды толық немесе жартылай жойып жіберу.
Гетто – белгілі бір ұлттың, нәсілдің өкілдерінеркін түрде орналасқан аймағы.
Генезис-шығу тегі
Ғұндар – қытай деректеріндегі «хунну», «сюнну» - деп аталған халық атауы. Б.э.д ІІІ ғасырдың соңында мекен еткен тайпалар.
Дайлар -грек жазбаларындағы көшпелі тайпа
Дромос - обаның іргесін сағанаға жер астымен келетін арнайы жол
Дипломатия- ресми қауым-қатынас жүйесі
Дриопитектер – (drio – «тоғай, ну орман», pithecos- «маймыл»).Яғни мағынасы орман маймылдары.
Дайлар – ежелгі грек жазушыларының мәліметі бойынша, Каспий теңізінің шығыс жағын мекендеген көшпелі сақ тайпаларының бірі.
Демография – халықтың саны мен өлім-жітім мөлшерін анықтайтын ғылым саласы.
Диаспора - өз елінен тыс басқа мемлекетте тұрақты тұратын этникалық топ.
Диқан баба- Қазақтар егіншіншіліктің тәңірі-
Жылнамалар – ХІ – ХVІІІ ғасырдағы Ресейдегі тарихи хроникалар. Ауызша немесе жазбаша әрбір жылға жазылған.
Жұт -малдың жаппай қырылуы
Жүз- Қазақ халқына ғана тән бірлестік. Ол бірнеше ру, тайпадан тұрған
Жайлау- Өріске арналған территория
Иероглифтер - тасқа немесе батпаққа жазылған көне жазу әріптері
Исседондар – Исеть (Обь) өзенінің алабында өмір сүрген кет тілдес халық деген де болжам бар. Көне авторлардың мәліметтеріне қарағанда исседондардың бір бөлігі Шу мен Амудария алқабына келіп қоныстанған. Б.э І ғасырында Птоломей исседондарды скифтік (батыстық) және серекілік (алтайлық) деп екі топқа бөледі.
Идеолгия – таптар мен әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін философиялық, моральды, эстетикалық діни көзқарас түрі.
Интернационализм – халықтың араласу бірлестігі.
Интервенция – басқа бір мемлекеттің ішкі жағдайына езушілдік арқылы бір немесе бірнеше мемлекеттің араласуы.
Империя (лат. – билік, күшті, мемлекет)- басында император отырған монархиялық мемлекет. Империяны орталықтандырудың және жалпы билік етудің қатаң саясаты сипаттайды. Ресейде империя 1721 жылы жарияланды.
Иммиграция- көшіп кету
Интервенция- бір ел екінші елдің билігіне күш көрсетіп
Кроманьон - Францияда табылған көне адам сүйегі
Көзе — саздан жасалған қыш адам
Категория – ұғым.
Конфликт – қарама қарсы күштердің көзқарастардың олардың мүдделерін бір біріне қайшылықты сол арқылы шиеленістердің күресте пайда болуы.
Көтеріліс – жаппай қаруланған қозғалыс.
Көпес – жеке меншігі бар саудагер.
Көпестер – алыс жерлердегі теңіз жолымен басып жүрген орыстар.
Король – мемлекетті монархиялық басқарушы.
Католик шіркеуі – гректің « әлемдік » бүкіл дүниежүзілік сөзінен шыққан.
Кириллица – славян алфавиті. ІХ ғасыр басы – Х ғасырда дамыды. Кирилл мен Мефодий грек алфавитінен алған.
Казачество – ( түрікше – азат елдер ) ХІV – ХVІІ ғ.ғ. азат елдер, бас бостандығы бар елдер, жұмысқа жалданып, шекарашы аудандарға Донда, Волга, Урал, Терек, Польшада және Днепрде азаматтық борыштарын өтеген. Өз - өздеріе басқару орталықтарын құрып, сиаршын сайлаған. Казачествоның жартысы бұрынғы қашқан шаруалар. Соғыс кезеңінде оларды шекараны күзетуге қолданды. Біріккен Казачество бөлімі Ұлы Отан соғысына қатысты. ХХ ғ. 90 жылдары Казачество құрылды.
Католизм – ( гр. – бәріне ортақ, бәрін басып алу ) христиан дініндегі 2 бөліктің бірі. Саяси және мәдени кезеңіндегі Рим империясының Батыс және Шығыс болып бөлінуі шіркеулерге әсерін тигізбей қойған жоқ. 1054 ж. Батыс және Шығыс шіркеулерінде қарама – қарсы көзқарас пайда болып екінші бөлінуге әкеледі. Батыс шіркеуі католик деп аталса, ал шығыс – православиялық. Бұған қарамастан католик шіркеуі бәр жерге қажет деп саналады.
Кананизация – ұлылардың қатарына қосу.
Князьдықтар - өздік және вассалдық мемлекетшығыс славяндарда VІІІ ғасырда пайда болған. Әр князьдықтың өз князі болған.
Крещение ( шоқындыру ) – христиан дініне кірген адамды шіркеуге қабылдау рәсімі.
Князь – князьдықтың басшысы.Ресейде үлкен князьдер,ұлы князь деп атаған.
Кабала – ( араб тілінен аударғанда міндеттілік ) біреуден қарыз алумен байланысты қойылатын міндет, яғни белгілі уақытта қарызды қайтармауына байланысты.
Крепостное право – феодалдық мемлекеттегі құқықтық нормалардың сабақтастығы, шаруалардың феодалдардан бағыныштылығын бекітіп, анағұрлым толық нышаны: жерге және феодалға бағынушылығын бекіту.
Коллегиялар- Ресейдегі орталық ұйымдар мемлекеттің жеке тармақтарын басқарған. Оларды Петр I XYIIIғ басында бұйрықтардың орнына жасаған. Бастапқыда 1718 жылы 14 желтоқсандағы указ бойынша 9 коллегия құрылған: Әскери, Берг, Дивизиен, Шетелдер ісінің, Адмиратейская, Мануфактур және т. б. XYIII ғ алғашқы ширегінің аяғында 13 коллегия болған. Коллегия президенттері Петр I ең жақын жақындастары болған. Коллегиялар жұмыстарында император мен Сенатқа бағындырылды.
Қаған – ежелгі түрік халықтарының, мемлекеттік лауазымын атаған ( авар, печенег,хазар, т.б. ). ХVІІІ ғ. аяғы – ІХ ғ. басында шығыс славяндарда, ХІІІ ғ. – да монғолдарда.
Қоғамды модернизациялау- (фр- қазіргі заманғы) түрлі жаңашылдық пен жетілдірулерді енгізу арқылы әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени, діни- салттық және қоғамның басқа өмір негіздерін жаңарту.
Қаңлылар- б.э.д. ІІ ғасырда Қытайдың Канцзюй жазба деректерінде кездеседі. Б.А. Литвинский пікірінше иран тілді сақтардың ұрпағы деп саналып, ол қаңлы атын сақ тайпаларының бірі, «былғары киімді әлде (сауытты) адамдар» деген мағына береді дейді.
Құрбандық шалу-құдайға арналған құрбан салты
Лать – жауынгердің ( рыцарьдың ) сақтық ( қорғаныс ) металл киімі (сауыты).
Меч – екі жағы өткір жүзді және томпақ келген немесе эфестен тұратын суық қару, қылыш.
Мануфактура – ( лат. – қол + өндірісі ) капиталистік қоғамда қалыптасқан қолөнер. ХVІІІ ғ. ортасында Ресейде белең ала бастады.Алғаш мануфактура Ресейде Олонецки металлургиясында пайда болады. Еуропада мануфактура жолдамалы жұмысшылармен меншік кәсіп орындарынан құрылады. Жалпы бұл мануфактура сауда мен ақша айналымының жүруіне әсерін тигізді.
Манифест – салтанатты түрде жоғарғы биліктің жазбаша түрде жазған үндеуі.
Меркантилизм – ( лат. – сатушы, саудагер ) алғашқы капитализмде саяси экономикалық кезең, онымен қоса мемлекет ауыл шаруашылығымен қарым – қатынас нығайтты, өнімдерді тасуғы шет кендерімен теңесуге, жер көлемін кеңейтті. Ресейде Алексей Михаиловичпен царь шаруашылықтарда меркантелизм саяси элементтері қарала бастады. І Петр көбірек осы саяси меркантелизмді жақтаған. Ол мынандай принципті ұстанды: « арзанға сатып алу, қымбатқа сату ».
Мәдениет – ( лат. - өңдеу, тәрбиелеу, дамыту) халықтың материалдық және рухани жағынан дамығанын көрсететін тарихи сана.
Миниатюра – түрлі түсті немесе бір түсті сурет қолжазба кітаптардың беттерін әшекелеуге қолданылған. Ежелгі Русьте кітап миниатюрасына краскалар қолданылып, пергаментте жасады. Кейіннен техниканың дамуына байланысты гуашь, акварельдермен қағазда жасады. ХVІ ғасырдың басында кітаптар басыла бастағаннан кейін миниатюра сирек кездесетін болды. ХVІІІ ғасырда портрет миниатюрасы кеңінен тарады, оны лупа арқылы іске асырады. Портретті ұзақ сызықшалармен май, эмаль, гуашь, акварельді пайдаланып ағаш, металл, піл сүйегімен пергаментке немесе қағазға салады.
Макромет - үлкен тастардан жасалған құралдар
Мегалит - үлкен тастардан үй жасау
Массагет - гректердің сақтарға қойған атауы
Матриархат-аналық қауым
Менталитет – 1) ондағы бағыт мүшелік құрылымы, 2) адамдардың, топтың, халықтың дүниетанымы және өмірге саясатқа, билікке қатынасы, 3) рухани өмірдің ерекшеліктері.
Миграция – белгілі бір мемлекет ішінде халықтың еркін көшіп-қонуы.
Модернизпция – жаңа зертеулер жағдайына байланысты жаңару.
Мәдениет-белгілі бір елдің қол жеткен жетістігі
Мезолит – орта тас дәуірі.
Микролит – (гр. микро - өте ұсақ, кішкентай) ұсақ тастар.
Массагеттер – Каспий сырты мен Арал теңізінің жағалауларын мекендеген тайпалар тобының ортақ атауы. «мас», «сака» және «та» деген сөздерден құралып, «ұлы сақ (скиф)ордасы» деген мағына береді.
Менгирер - тас дауалдың маңайығідағы ірі бағандар
Миф- аңыз
Магия- сиқырлау
Моногамия- бір ердің бір эйел алуы
Наразылық- кез-келген бір нәрсеге кері әсері
Неонтроптар – жаңа адамдар. Сана – сезімі жетілген, ми құрылысы мен көлемі қазіргі адамдарға өте жақын, қазіргі келбеттес адамдар.
Неолит – (неос- жаңа) жаңа тас дәуірі.
Палеонтроптар – ертедегі адамдар, архантроптардан кейінгі адамдар топтамасы.
Ордендік шығу – Алтын Орданың орыс жерлерінен алым алуы (ХІІІ-ХҮғғ.) өлшемі әртүрлі: Алымды бәр жерлерден, тұрғындардан алған. Дін басшыларынан басқа оны басқақтар жинап отырған.(ХІХ ғ басы содан орыс князьдары алған).
Орталықтандырылған мемлекет – ертеде құлаған мемлекеттерді бір орталыққа біріктіру процесі.
Отряд- арнайы әскери топ.
Саясат – қоғамдық топтардың өз мүдделері үшін күресте көздеген мақсаттары мен міндеттері; бұл мүдделерді қорғап сақтауда қолданылатын әдістер мен амалдар.
Ополчения - әскерге адамдардың бірігуі, соғыстағы адамдар, әскери міндеттегі (тәуелсіз шаруалар, дворяндар, қалалықтар)
Приказы – орталық басқару органдары.
Поляндар – славян жерлерінің оңтүстігін еж Киев маңында мекендеген тайпалар.
Помощник – патша сарайында немесе патша әскерінде қызмет істеген адам.
Посадник – қаланы арнайы басқаратын адам.
Поместье – жер иелері, басқарушылар, Ресейдегі ХҮ ғ. мемлекеттік эскери міндеттер. Поместьені сатуға, ауыстыруға, мұраға қалдыруға рұқсат етілмеді. Жер иеліктері помещиктерге тәуелді болды.
Погост – князь белгілеген «Урок» - данын төлеуші ауылдық қауым орталығы.
Парапитек – (грекше para- жанында, жақын pithecos-маймыл).Египет жерінде табылған адамға жақын маймыл адамдар.
Плезиантроп – ( грек тілінен аударғанда plsios- «жақын», «көршілес», anthropos- «адам») яғни адамға жақын деген мағынада.
Параантроп – (гекше para- «қасында, жанында», anthropos- «адам») адамдардың қасында мағынасында.
Палеолит – гр. тілінен аударғанда ежелгі, көне тас. Ежелгі тас ғасыры б.э.д 2.6 млн. – 700 мың жыл бұрын аралықты қамтиды.
Парадарайя – «теңіздің ар жағындағы сақтар».
Тиграхауда – «шошақ төбелі бөрік киетіндер»
Телантроп – ( гр. тілінен аударғанда «мақсат») яғни эволюция процесінде мақсатына жеткен адам.
Род құдайы – славяндар аспан құдайын атаған.
Россиядағы абсолютизм (абсолютті монархия)- XYIIғ аяғы -XYIII ғ басында қалыптасқан. Бұл уақытта диоряндық рөлі біршама күшейді, саудагерлік қалыптасты, Земский соболарды шақырутоқтады, аристократияның ықпалы төмендеді, билеудің бұйрық ету жүйесіне тыйым салынды, дворяндық- бюрократтиялық ұйымдар (сенат, коллегиялар) құрылды, шіркеу мемлекетке бағындырылды, тұрақты армия мен флот ұйымдастырылды. Мұның бәрі Ресейдегі императордың шексіз билігі бар шенеунік- дворяндық монархияға айналдырды.
Ремесло –(қолөнер) өндірістік бұйымдардың қарапайым жасалуы.
Реформа- (лат. - өзгертудемін) өзгерту, жаңарту, қайта құру қоғамның өмір сүру негіздерін сақтай отырды, қоғамдық өмірдің әйтеуір бір жағын (ережелер, ұйымдар және т.б.).
Россия – ел, мемлекет оның халқының көп бөлігін орыстар құрайды. Оның аты ХҮ ғ. аяғымен ХҮІІІ ғ. Русь деп атаған.
Ру – бір атадан тарайтын ,ортақ атауы бар, қандас туыстардың ұжымы. Руластық әке немесе шеше жағынан анықталатын болған. Мемлекет құрылған кезде бытырап, кеткен тайпаларға біріккен.
Самодержавие- Ресейдегі монархтялық билеу формасы. Ол бойынша жоғарғы билікті ұстаушы патшаға, императорға- заң жүзінде жоғарғы құқықтар жатты, жоғарғы билікте, жоғарғы сотта. Самодержавие тарихында екі этап көрінеді. XYI- XYII ғғ, онда монарх өз құқықтарын боярлық думамен және боярлық аристократиямен бірге жүзеге асырды. XYIII- XX ғғ басында - абсолютті монархия. Самодержавие 1917 ж Ақпан революциясына дейін өмір сүрді.
Сақ – парсы деректерінде сақтарды «турлар» деп атаған. Мағынасы «еңіреген ерлер» немесе «желдей жүйрік аттылар». Ал грек авторлары оларды «азиялық скифтер» деп атаған.
Саясат - үлкен әлеуметтік топтар, таптар ұлттар және мемлекеттер арасындғы қатынас шеңберіндегі қызмет.
Homo erectus – «тік жүретін адам» өмір сүрген уақыты ш.а. 1,5 млн. – 200 мың жыл..
Homo sapiens – «саналы адам».
Homo habilis – «шебер адам». Алғаш рет ғылымда 1963 жылы Оңтүстік Африкада, Танзания жеріндегі Олдувай шатқалынан табылған. Оны тапқан Лики деген ғалым, калийаргон әдісімен есептегенде оның жасы 1,8 млн. жыл болып шыққан.
Homo morgens – «ойынпаз адам».
Хаомоварга – «хаома сусынын жасайтын сақтар» деген мағына береді.
Ұлт – аумақтық, территория жағынан алынған мәдениеті, тұрмыс ерекшеліктерінен көрінетін психологиялық қалыптасқан орталыққа байланысты адамзаттың тарихи қалыптасқан бірлестігі.
Ұлттық тіл – халықтың ұлт болып қалыптасқанда пайда болғандағы тіл.
Ұлтшылдық – ұлттың жекешілігіне, артықшылығына, басқа ұлттарға сенбеушілікке ұлтаралық дауға бағытталған саясат немесе идеология.
Феноменология - әдеттен тыс ерекше факт немесе құбылыс.
Үйсіндер – қытай шежірелеріндегі (б.э.д ІІ ғ) «сэ», «у-сунь», «ю-сунь» сөзінен шыққан тайпа атауы. Негізгі территориясы: Іле, Шу мен Талас алқабы. Астанасы – Чигучен (Қызыл аңғар) қаласы.
Этногенез – тайпаның шығу тегі, халықтың пайда болу процесі.
Энеолит – грекше халколит деп аталатын мысты тас дәуірі.
Шанью - ғұн билеушісінің лауазымы.
Шаруалар – шаруашылықтары жеке меншікке негізделіп, егіншілікпен айналысатын ұсақ өндірушілер тобы.
Шаруалар соғысы - крепостниктің езушіліктің күшеюіне байланысты ХVІ-ХVІІІ ғ.ғ. Батыс Европа мен Ресейде болған шаруалардың үлкен көтерілісі.
Шеп – қозғалысқа қарсы тұрғызылған қорғаныс.
Яксарт- Сырдарияның көне атауы.
