ГЛОССАРИЙ
Азык-түлік салығы
1921-1923 жж. РКП(б) X съезінің шешіміне сәйкес шаруа қожалықтарынан азык-түліктей алынды. Бүл азық-түлік салғыртын алмастырды. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы актісі. Азық-түлік салығы шаруалардың материалдық мәртебесін күшейтіп, астық және басқа өнімдерді өндіруді арттырды.
Азык-түлік салғырты
(продовольственная разверстка) - 1919-1921 жж. Кеңес өкіметінде ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау жүйесі. РКФСР Халык комиссариатының 11.01.1919 ж. декретімен шаруалар мемлекетке басы артық астық және өнімдерді тұрақты бағамен беруге міндетті болды. Азық-түлік салғырты соғыс коммунизм саясаты елдегі әскери экономикалық қиын жағдайларға байланысты енгізілген.
Алаш қозғалысы
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық күресі
Большевиктер
саяси партия. 1903 жылы Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының ІІ съезінде ұйымдастырушы мәселелерге қатысты тартыста В.И.Лениннің басшылығында жақтаушылар көпшілік дауыс алғанына байланысты осылай аталып кетеді. Марксизм идеяларымен қаруланған бұл партия кейін коммунистік деп аталды.
Буржуазиялык революция
феодалдық құрылысты немесе оның қалдықтарын жоюды алдына мақсат етіп қоятын революция; тәуелді және отар елдерде ұлттық тәуелсіздікті алуға бағытталған.
Жаңа экономикалық саясат
ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды.
Идеология (грек, idea үғым, түсінік. Logos соз; үғым, ілім)
саяси, құқықтық, өнегелілік, діни, эстетикалық және философиялық көзқарастар мен идеялардың жүйесі, онда адамдардың шындық болмысқа қатынастары танылады және бағаланады.
Индустрияландыру
халық шаруашылығының барлық салаларында ірі машина өндірісін құру процесі.
Революция (лат. revolutio бұрылыс, төңкеріс)
бір формациядан екіншісіне тез секіріп өтетін түбегейлі төңкеріс, қандайда бір табиғат, қоғам, сана құбылыстарын күрт өзгерту. Мұндай секірістер эволюциядан да, реформадан да өзгеше ерекшеліктерге ие.
Реформа (лат. reformо қайта жасау, жаңарту)
қолданыстағы әлеуметтік, қоғамдық өмірдің қандайда бір жақтарын жаңарту, өзгерту, қайта құру; кез келген мазмұндағы жаңа өзгерістер түрінде болады, бірақ реформа деп әдетте прогрестік қайта жаңаруды айтады.
