ГЛОССАРИЙ
Адамзат – жерді мекендейтін адамдар жиынтығы
Антропология - ежелгі адамды зерттейтін ғылым саласы
Аргиппейлер - Сарыарқаның солтүстік батысын мекендейтін тайпа
Аримаспылар - Сарыарқаның шығысын мекендейтін тайпа
Архантроп - ежелгі адам
Археология — көне затты зерттейтін ғылым саласы
Аймақ-территориялық болыс
Аборигендер- елдің түпкілікті халықтары
Артиллерия – қару-жарақпен қамтамасыздалған әскери рота.
Атаман – казак аудандары мен казакәскерлерінде әскери-әкімшілік шеннің атауы.
Алғашқы қауымдық құрылыс – адамзат дамуының алғашқы қадамы, ол қауымдық құрылысқа дейінгі табиғатқа тәуелденген адамдардың ұжымы. Адамзаттың қалыптасуымен сол кездегі қоғам бірнеше кезеңнен тұрады: алғашқы қоғамдық құрылыс - өмір сүруге ізденіс жолындағы адамдар тобы; аналық және аталық ру – бірнеше тайпалардың бірігуі.
Архантроптар – (гр. тілінен аударғанда архайос - өте ертедегі, көне, ежелгі) - өте ертедегі адамдар.
Аскатаг – Шу мен Талас өзендерінің аралығында, Қырғыз Алатауының орта етегінде мекен еткен сақ тайпалық одағына кірген тайпа атауы.
Аримаспы – (грек тіл. аrima- жалғыз, spi- көз) Геродоттың айтуынша бұл тайпаның аты емес, тек сол халықтың ерекше белгісінің атауы. Аталған тайпаның «жалғыз көзді» аталуы адамдарының бет жүзін жартылай бояп немесе таңбалап жүретіндігінде болса керек дейді.
Агриппей – (agrippei ,agrippaioi)термині – жергілікті жердегі «тұлпар мінген», «шауып жүретін», «тұлпар өсірушілер» деген мағына береді.
Абилер – көшпелі скифтер, «аби – белгілі қонысы жоқ» - деген ұғымды білдіреді.
