ГЛОССАРИЙ
Реформа (лат. refōrmāre – қайта құру, жаңғырту) — өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.
Әлеуметтік реформа – қалыптасқан әлеуметтік құрылысты сақтай
отырып, халықтың тұрмысын жақсарту үшін белгілі бір дәрежеде өзгерістер
жасау.
Империя (лат. – билік, күшті, мемлекет)- басында император отырған монархиялық мемлекет. Империяны орталықтандырудың және жалпы билік етудің қатаң саясаты сипаттайды. Ресейде империя 1721 жылы жарияланды.
Россия – ел, мемлекет оның халқының көп бөлігін орыстар құрайды. Оның аты ХҮ ғ. аяғымен ХҮІІІ ғ. Русь деп атаған.
Самодержавие- Ресейдегі монархтялық билеу формасы. Ол бойынша жоғарғы билікті ұстаушы патшаға, императорға- заң жүзінде жоғарғы құқықтар жатты, жоғарғы билікте, жоғарғы сотта. Самодержавие тарихында екі этап көрінеді. XYI- XYII ғғ, онда монарх өз құқықтарын боярлық думамен және боярлық аристократиямен бірге жүзеге асырды. XYIII- XX ғғ басында - абсолютті монархия. Самодержавие 1917 ж Ақпан революциясына дейін өмір сүрді.
Шаруалар – шаруашылықтары жеке меншікке негізделіп, егіншілікпен айналысатын ұсақ өндірушілер тобы.
Шаруалар соғысы - крепостниктің езушіліктің күшеюіне байланысты ХVІ-ХVІІІ ғ.ғ. Батыс Европа мен Ресейде болған шаруалардың үлкен көтерілісі.
