RAD Studio XE7 ортасында ЦБР құрастыру.

RAD Studio XE7 ортасында ЦБР құрастыру.

Карелхан Нурсауле - - келді
Number of replies: 0

Дәріс 6

 

Тақырыбы: RAD Studio XE7  ортасында  ЦБР құрастыру.

Оқытудың әдістемесі мен формасы: Баяндау, дәріс

 

RadStudio XE7 платформасы Windows, Android, iOS, Mac OS X, гаджеттерге өзара байланысқан қосымшалар құруға арналған орта.

 RadStudio XE ортасында параллель есептеулер қолданып құрастырылатын қосымшаның артықшылығы - құрылғылар әртүрлі (компьютер, планшет, ұялы телефондар) болса да, олардың процессорларының барлық ядроларының мүмкіндігін бірден қолданып параллель жұмыс істету мүмкіндігі.

RadStudio XE7 ортасында электронды білім беру ресурстарын құрастыру үшін ортаның қызметін толық меңгеру қажет және ортаның электронды білім беру ресурстарын құруға арналған компоненттері және олардың қасиеттері мен оқиғаларын қолдана білу керек. 

RAD Studio XE7 ортасы URL – де құжаттарды жариялауға және дайындауға ыңғайлы бағдарламалардың бірі болып саналады. RAD Studio XE7 ортасы  Web – құжатын дайындауда және өзгертуде  стандартты мүмкіндіктерді және де арнайы функцияларды орындайды. Онымен қоса бұл ортада  студенттердің  білімін бекітуге және тексеруге арналған электронды тапсырмаларды, анаграммаларды,  тесттерді,  кроссвордтарды құрастыру жеңіл болады.

 

 

Сурет 1 - RAD Studio XE7 платформасының мүмкіндіктері [3]

 

 

RAD Studio XE7  ортасында программа құру екі процестің тығыз байланысуынан тұрады.

1.        Программаның визуалды көрінісін құру процесі.

2.        Программаға қажетті қызмет атқаратын кодты жазу процесі.

 

Form терезесі программаның сыртқы көрінісін бейнелейтін болса,программалау код терезесі ол көріністің атқаратын қызметін анықтайды. Ондай қызмет программаның кодын құру және өзгерту  арқылы жүзеге асады. Яғни, программалау код терезесінде әр компоненттің қызметіне сәйкес код жазамыз. Бұл код арнайы ережелер және программаның жұмыс алгоритмінің сипатталуы бойынша құрастырылады. Осы код жазу ережелерінің жиынтығын программалау тілі деп атаймыз.

Embarcadero Delphi XE7 Architectортасында Паскаль программалау тілінің жаңартылған нұсқасы Object Pascal программалау тілі қолданылады.  Паскаль тілін 1970 жылы Швецария ғылымы Н. Вирт ұсынған. Уақыт өте келе Borland корпорациясының программисттері бұл тілді алдымен Turbo Pascal, сосын Borland Pascal, соңында Object Pascal деп атаған. Delphi-дің визуалды ортасы программалаудың өте көп аспектісіне ие болса да, осы ортада жұмыс істейтін кез-келген программистке Object Pascal программалау тілін білу қажетті шарт болып есептелінеді. Программалау код терезесі алғашында тек Windows терезесінің толық түріндегі бос форманың қалыпты қызметін атқаратын кодтан тұрады. Программист жұмыс істей келе программаға қажетті қызметті жасау үшін толықтырулар енгізеді.

Embarcadero C++ Builder XE7 Architectортасымен жұмыс істеу үшін С++ программалау тілі қолданылады.  Қазіргі кездегі программалау тілінің арасында ең көп тараған тілдердің бірі -  С++  әмбебап программалау тілі. Бірақ, оны жүйелік программаларда, транслятор, операциялық жүйелерді  жазу кезінде қолдану жақсы жетістіктер береді.  С++ программалау тілін 1972 жылы Bell laboratories фирмасының қызметкері Денис Ритчи ойлап тапты. Тіл жүйелік программаларға арналған деп саналған. С++ мүмкіндігінің үлкен болғандығы -  программаларды жазуға да пайдалануға болады. С++ тілінде жазылған программалар, әр түрлі компьютерлердегі программалардың бір-біріне ауыстырған кезде бір операциялық жүйеден екінші операциялық жүйеге ауыстыруға жеңіл болып келеді. Сонымен қатар Си тіліндегі программалардың орындалу жылдамдығы Ассемблер тіліндегі программалардан кем емес. С++ тілінің компиляторы қазіргі кездегі барлық операциялық жүйеде жұмыс істей береді.  Embarcadero C++ Builder XE7 ортада жұмыс істейтін кез-келген программистке C++ программалау тілін білу қажетті шарт болып табылады. Сондықтан, С++ пен Object Pascal тілдерінің қайсысын жетік білесіз, соған сәйкес C++ Builder XE7 (сурет 10)немесе Delphi XE7 (сурет 11) орталарының біреуін таңдап жұмыс істей беруіңізге болады.

 

Сурет 10 - Embarcadero Delphiс XE7 Architect   ортасының программалау код терезесі

 

Сурет 11 - Embarcadero  C++ Builder  XE7 Architect  ортасының программалау код терезесі