RAD Studio XE7ортасы электронды оқытуды ұйымдастыру жүйесі ретінде. RAD Studio XE7 құрастыру ортасының терезелері.

RAD Studio XE7ортасы электронды оқытуды ұйымдастыру жүйесі ретінде. RAD Studio XE7 құрастыру ортасының терезелері.

Карелхан Нурсауле - - келді
Number of replies: 0

Дәріс 5

 

Тақырыбы: RAD Studio XE7ортасы электронды оқытуды ұйымдастыру жүйесі ретінде. RAD Studio XE7 құрастыру ортасының терезелері.

Оқытудың әдістемесі мен формасы: Баяндау, дәріс

 

Компьютерліктің техниканың дамуы -  білім беруді  қызықты, әрі ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Білім берудің  әртүрлі формаларын қолданып оқу процесін  ұйымдастыруды дамытуға болады. Қазіргі таңдағы қолданушыларға электронды білім беру басылымдарын әр түрлі құрылғыларда қолдану және олардың жүктелу уақытының  жылдамдығының аз болуы аса маңызды. Осыған орай электронды білім беру ресурстарын құрастыруда оқытушының педагогикалық шеберлігі мен оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескеретін, сонымен қатар жүктелетін аппараттың барлық мүмкіндіктерін қолданып жылдам жүктелуін  қамтамасыз ету қажет. Осындай талаптарды орындай алатын электронды білім беру ресурстарды RadStudio XE7 ортасында параллель есептеулер қолданып құрастыруға болады.

Қазіргі кездегі RAD Studio XE7 ортасы (сурет 1)  қарқынды қолдануда. Бұл ортада Embarcadero Delphi XE7 Architect  пен бірге  Embarcadero C++ Builder XE7 Architect  ортасымен жұмыс істеу мүмкіндігі бар.

RAD Studio XE7 ортасы экранда бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс жасай алады. Терезелер бір-бірімен жартылай немесе түгелдей жауып тұрып орын ауыстыра алады. Ол басында офис программалардың жұмысына үйреніп қалған қолданушыларға күрделі сияқты болғанымен, жұмыс істей келе бұл сезім жойылып, әр терезе анықталған тапсырманы шешу үшін қолданатындығы тіпті ыңғайлы екендігін байқайсыз. RAD Studio XE7 құрастыру ортасын жүктесеңіз, алдыңызға мынадай терезелер шығады(сурет 2).

 

Сурет 2 - RAD Studio XE7 ортасы

 

RAD Studio XE7 құрастыру ортасының терезелерінің атаулары:

1.           Негізгі терезе

2.           Form

3.           Structure

4.           Object Inspector

5.           Программалаукод

6.           Tool Palette

7.           Project Manager

8.           Model View

9.           Data Explorer

RAD Studio XE7 жүйесінде болашақ жобаны құрастыру үшін басты қызметті негізгі терезе іске асырады. Негізгі терезеде мәзір, пиктографиялық батырмалар орналасқан. 

Form терезесі болашақ жобаның бейнесін безендіруге арналған терезе.

Structure терезесі формадағы компоненттер арасындағы байланысты топ-тобымен жинақы түрде көрсетіп, қажетті компонентті тез іздеп табуға арналған.

Object Inspector терезесі объектілердің қасиеттері мен оқиғаларын өзгерту үшін арналған.

   Программалау код терезесі әр компоненттің қызметіне сәйкес қажетті программаның  кодын жазуға арналған.

   Tool Palette терезесі программаның элементтерін жасауға арналған объектілер - компоненттерден тұрады. Программаға қажетті құрал жабдықтардың барлығы осы терезеде орналасқан.

   Project Manager жобаларды топтастыруға арналған терезе.

Model View жобаның моделін көруге арналған терезе.

Data Explorer  деректер қорымен жұмыс істеуге қажетті терезе.

Бұл терезелердің орналасуын курсормен өзгертуге болады, ондай өзгертулер программаның қызметіне еш әсер етпейді. Кейбір жағдайда пернетақтамен де өзгертуге болады. Мысалы, егер сізге форманың астында көрінбей тұрған  Программалау код терезесі қажет болса, F12 пернесін басу арқылы оны форманың алдына шығара аласыз. Ал шыққан соң форма терезесіне қайта оралғыңыз келсе, ол пернені қайталап басасыз. Осылайша F12 пернесі арқылы  Form және     Программалау код терезесін кезекпен көре аласыз.

 

Негізгі терезе

RAD Studio XE7 жүйесінде болашақ жобаны құрастыру үшін басты қызметті негізгі терезе (сурет 3)  іске асырады. Ол терезе әрқашан экранның жоғарғы жағында орналасады.

 

Сурет 3 - Негізгі терезе

Негізгі терезеде мәзір, пиктографиялық батырмалар орналасқан. Терезенің негізгі мәзірі жобаны басқару үшін қажетті құралдармен жабдықталған. Мәзір командалары басқа программалардың қызметіне ұқсас болып келеді. Негізгі мәзірден басқада кез-келген тақтаны терезеден алып тастауға, не экраннан бөлек терезеге жіберуге болады.  Ол үшін тақтаны тышқан көмегімен алып негізгі терезенің шекарасынан шығарып тастау керек. Тақтадағы батырманың мәндерінің құрамын өзгерту үшін тышқанның оң жақ пернесін тақтаға апарып басасыз.  Сонда алдыңызға көмекші мәзірдегі барлық тақталардың аттары  шығады.                   

 

Form терезесі

Formтерезесі (сурет 6) болашақ программаның бейнесі болып келеді. Басында бұл терезе компоненттерсіз бос болағанымен, үстіңгі бөлігінде тақырыптық жол; жүйелік мәзірді шақыру батырмасы; терезені жасыру; терезені кішірейту, үлкейту немесе қалпына келтіру; терезені жабу батырмаларынан және оның барлығын қамтитын жиектен тұрады. Терезенің барлық жұмыс аймағы координаттық торлар түріндегі нүктелермен толтырылған. Ол қажетті компоненттерді вертикаль және горизонталь сызық бойымен тегіс орналастыруға арналған. Бұл нүктелер программаның бейнесін құрастыру кезінде ғана көрінгенімен, орындалу барысында көрінбейді.

 

Сурет 6 - Form терезесі

 

 

1.3  Structure терезесі

 

RAD Studio XE7  ортасының Structure терезесі  Delphi 1-7 орталарының  нұсқаларында TreeView терезесі деп аталған. Ол формадағы компоненттер арасындағы байланысты топ-тобымен жинақы түрде көрсетіп, қажетті компонентті тез іздеп табуға арналған. Бұл терезедегі кез-келген компоненттерді белгілегеннен кейін тышқан пернесін бір рет шертсек, форма терезесінде сәйкес компонент қосылады да, бұл компоненттің қасиеті Object Inspector терезесінде көрсетіледі. Ал тышқан батырмасын 2 рет шертсек, онда көптеген компоненттердің OnClick (ондай қасиеті жоқ кейбір компоненттерде басқа оқиға пайда болады) оқиғасын өңдеу үшін программа код терезесі шығады. Ол терезедегі компоненттердің орналасуы жетекші программадағы (Explorer) файлдардың орналасуына ұқсас иерархиялық тұрғыда болып келеді. Бір компоненттің ішіне бірнеше компонент орналастырсаңыз, онда ол компоненттер орналасқан компонентке топтасып тұрады. Егер компонеттің жанында “+” белгісі тұрса, сол компонеттің ішінде тағы басқа да компоненттер бар және олар көрінбей тұрғандығын білдіреді. Мысалы, GroupBox1 жанында “+” тұр.  Ал егер компоненттің жанында “-“ белгісі тұрса, сол компонеттің ішінде басқа да компоненттер бар және олар көрініп тұрғандығын білдіреді. Мысалы, Panel жанында “-“ тұр. Оның ішіндегі компонеттер Edit1 және Label1(сурет 7). 

 

Сурет 7 - Structureтерезесі

 

 

 Object Inspector терезесі

 

RAD Studio XE7  ортасының келесі терезесіОbject Inspector (сурет 1).  Бұл терезе объектілердің қасиеттері мен оқиғаларын өзгерту үшін арналған. Object Inspector терезесінде екі парақ бар.

1.             Properties (свойства)- қасиеттері

2.             Events(события)- оқиғалары

 

Сурет 8 - Object Inspector терезесінің Properties парағы

 

RAD Studio XE7  ортасы қосылғанда Object Inspector терезесінің Properties парағы шығып тұрады. Ол парақта ағымдағы компоненттің қажетті қасиеттерінің тізімі алфавит бойынша орналасқан. Программаны жобалау процесінде компоненттердің қасиеттері Object Inspector көмегімен келтіріледі. Объект қасиеттері арқылы компонеттің атауын, өлшемін, түсін, орналасқан орнын және т.б. өзгертуге болады. Кейбір компоненттің қасиетін программист форма терезесінде өзгерте алады. Ол үшін компоненттің орналасқан орнын тышқанмен жылжытып өзгертуге болады. Әр қасиеттің мәнін ауыстыруға болады, ол үшін  Object Inspector терезесіндегі қажетті жолына, жаңа жолды енгізу арқылы  немесе қолайлы мәндердің ашылған тізімде керекті мәнді таңдау арқылы жасауға болады. Кейбір қасиеттер ішінде көмекші қасиеттер бар. Мысалы Font қасиетінің ішінде жазбаның өлшемі, стилі, түсі, гарнитурасы,  т.б. қасиеттері бар. Ондай қасиеттердің жанында көп нүкте белгісі тұрады. Нақты компонентке арнайы жасалған және стандартты редакторлар көмегімен осындай қасиеттерді өзгерту ыңғайлы болып табылады. Мысалы, форма терезесіне қолданылатын негізгі қасиеттер төменде келтірілген (кесте 1).

 

Кесте 1-Формаға қолданылатын негізгі қасиеттер

Қасиет

Қасиетінің сипаттамасы

Name

Форманың атауы. Программа жазғанда қателік болмау үшін ағылшын әрпімен жазған дұрыс

Caption

Форма тақырыбың көрініс мәтіні. Қазақ немесе орыс тілінде жазуға болады

Width

Форма ені

Height

Форма биіктігі

Top

Форманың жоғарғы шекарасынан экранның жоғарғы шекарасына дейінгі аралық

Left

Форманың сол жақ шекарасынан экранның сол жақ шекарасына дейінгі аралық

BorderStyle

Форманың сыртқы шекарасының түрі: қалыпты күй(bsSizeable), жіңішке күй(bsSingle)  ешқандай мән қолданылмаған күйі (bsNone), форманың  тақырыптық жолында кішірейту не үлкейту батырмалары мен жасыру батырмалары жоқ тек жабу батырмасы бар түрі. Онымен қоса форманың алдындағы графиктік бейнесі де көрінбейді (bsDialog)

BorderIcons

Терезені басқару батырмасы. Мұнда негізгі төрт қасиет бар: biSystemMenu, biMinimize, biMaximize, biHelp. Мұндағы: biSystemMenu - жүйелік мәзір, biMinimize - терезені жасыру, biMaximize - терезені кішірейту не үлкейту, biHelp - анықтама батырмалары. Егер бұл қасиеттердің мәні true болса, онда ол батырмалар формада бар. Керісінше жағдайда формада көрінбейді

Color

Форма фонының түсі

Font

Форма қарібін өзгерту. Мұнда Charset, Color, Height, Name, Pitch, Size, Styleшрифт қасиеттері бар

Visible

Формада орналасқан компоненттің көріну белгісі. Егер Visible қасиетінің мәні true болса, онда көрінеді, ал егер false болса, онда көрінбейді

Басқа компоненттерде аталған қасиеттер сәйкесінше қолданылады. Бірақ, әр компоненттің өзіндік қасиеттері ерекше қолданылады. Мысалы, форманың немесе Label компонентінің Caption қасиеті, Edit  компонентінің Text қасиетімен бірдей. Edit  компонентінде Caption қасиеті жоқ.

Екінші Events (сурет 9) бетте компоненттің оқиға реакциясын анықтауға қажет кейбір параметр жиыны бар. Егер қажетті  оқиғаға келіп тышқанның пернесін екі рет шертсеңіз, алдыңызға программалау код терезесіндегі сәйкес процедура қосылады.

 

Сурет  9- Object Inspector терезесінің Events парағы

 

Object Inspector терезесінің Events парағында орналасқан жиі қолданылатын оқиғалардың тізімі мен оның атқаратын қызметтері (кесте 2).

 

Кесте 2-Формада қолданылатын оқиғалар

Оқиға

Оқиғаның  атқаратын қызметтері

OnActivate

Объект белсенді болғанда

OnCanResize

Өлшемдерді өзгерткен кезде

OnContextPopup

Контекстік мәзірді шақырғанда

OnClick

Компонент үстінде бір рет шерткен кезде

OnClose

Жабу кезінде

OnDblClick

Компонент үстінде тышқан батырмасымен  екі рет шерткенде

OnChange

Графикалық объектіні өзгерткен кезде

OnKeyDown

Пайдаланушы кез келген пернені басқанда

OnKeyPress

Пайдаланушы символдық пернені басқанда

OnKeyUp

Пайдаланушы кез келген пернені жіберген кезде

OnMouseUp

Компонент үстінде тышқан батырмасымен шерткен кезде

OnMouseMove

Компонент үстінде тышқанмен курсорды жылжытқанда

OnPaint

Графикалық объекті өзгерткенде

OnProgress

Графикалық объекті өте баяу өзгерткен кезде

OnStartDrag

Пайдаланушы объекті бір жерден екінші жерге қойғанда

OnEnter

Енгізу кезінде

OnExit

Шығу кезінде

 

Қолданылған әдебиеттер

1.        Карелхан Н.,  Серік М.,   Альжанов А.К.  RadStudio ортасында программалау мен параллель есептеулер. Алматы: ССК, 2017ж, -168 б.

2.        Жақыпбекова Г.Т.Flash-те мультимедиалық технологияларының негіздері [Текст] : оқу құралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. - Алматы : ССК, 2019